Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



жүктеу 5,63 Mb.
Pdf просмотр
бет34/176
Дата20.01.2018
өлшемі5,63 Mb.
#7677
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   176

72 
 
арасындағы  қатынас  арқылы  жүзеге  асырылады.  Мұнда  мұалім  хабарлама  беруші 
модератордың қызметін атқарады [5]. 
Сабақтың  басы диагностика сәтінен  басталады.  Бұл  сәтте  оқушылар  өздерінің  жаңа 
тақырыпқа  байланысты  (мысалы,  Аңырақай  шайқасы  жайлы)  ойларын,  пікірлерін,  әдеби 
кітаптардан  оқығандарын,  теледидардан  көргендерін,  естігендерін,  басқа  пәндерден 
білетіндерін ортаға салады. Мұғалім азғантай уақыт ішінде алдында отырған оқушылардың 
осы  тақырып  төңірегінде  не  білетіндігін  немесе  білмейтіндігін  аңғара  алады.  Одан  кейін  –
 ізденіс  тенденциясы сәті.  Мұнда  балалар  жұппен  немесе  топпен  жұмыс  істей  отырып, 
тақырыпты  тереңірек  түсіну  үшін  өз  беттерінше  оқулықпен  немесе  басқа  қосымша 
әдебиеттермен жұмыс істейді. 10-15 минуттан кейін тұсау кесер сәтінде әрбір топ белгілі бір 
сұрақтар бойынша өз мәліметтерін қорғайды. Осыдан кейін барып мұғалім әлі де жеткіліксіз 
жағдайлардан  интерактивті  тақта  арқылы  сызба,  слаид,  бейне  роликтер,  лабораториялық 
жұмыстарды көрсетіп ақпарат береді. Ал, жаңа тақырып толық түсіндіріліп біткеннен кейін 
пікір-сайыс,  сияқты  интерактивті  әдістер  арқылы  сабақты  бекітіп,  пысықтауға  болады. 
Нәтижесінде - 45 минуттың 5-7 минутын ғана алып, қалған уақытты оқушылардың ізденуіне, 
танымдарын  арттыруына  арнайды.  Өзара  интерактивті  негізде  оқу  мақсаты  –  білу  емес, 
үйрене бiлу, оқушылардан, шешу үшiн кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелердi 
неге  беретiндiгiн  сұрағанда,  олар:  өзіне  деген  сенiмге  тәрбиелейдi;  шешендiк  өнерiн 
жетiлдiредi  танымның  мәнiн  түсiнуге  көмектеседi  (яғни,  кейде  абсолюттi  шындық 
болмайтынын);  сыни  ойлау  дағдыларын  дамытады;  өз  пiкiрiне  деген  құқығын  түйсiнуi 
артады;  пiкiрлердiң көптiгiн  түсiнесiң  және  т.б.  деп  жауап  берген.  Жоғарыда  аталғандарды 
"үйрене бiлу” деген ұғыммен жинақтауға болады. Яғни, үйрене бiлу – қажеттi дағды, өйткенi 
ол интеллектуалды тәуелсiздiктiң негiзi болып табылады және барлық дамыған және дамушы 
елдердегi  азаматтар үшiн қажет. Екінші  жағынан, құстың қос қанаты сияқты оқушының да 
екі  сүйеніші  бар:  бірі  –  оқи  алуы  болса,  екіншісі  –  оқығысы  келуі.  Бірінші  тірек  баланың 
дербестігін  құраса,  екіншісі  белсенділікті,  қызығушылықты  тудырады.  Өзара  әрекеттесуге 
бағытталған  үрдiс  барысында  бала  iстеп  жатқан  iсiнің  мәнiне  енедi.  Оқушыларға  дайын 
жауаптары  бар  тапсырмалар  бергенде,  олардың  танымдық  белсендiлiк  деңгейi  жоғары 
болмайды.  Ал,  өз  ойын  тиянақтап,  оны  қорғау  кезiнде  танымдық  белсендiлiк  деңгейi  күрт 
артады. Әрекеттесу үрдісінің негізгі мәні өзара тәжірибе алмасу болмақ. Өйткені, сыныптағы 
оқушылардың  белгілі  бір  салада  ортақ  білімдері  бар  болғанымен,  олардың  тек  өздері  ғана 
білетін білімдері де бар екені айқын. Білім сапасының артуында азда болса өзгерістің болуын 
төмендегі мониторингтен көруге болады. 
Білім сапасын көтерудің екінші бір үлкен мәселесі – бағалау. Бағалаудың көпшілікке 
белгілі екі түрі бәрімізге аян. Ол – оқушыны бағалау және оқушының өзін-өзі бағалауы.  Бұл 
бағалаудың рөлі білім сапасын көтеруде өте мәні зор. Бұл әдіспен оқушылар өз білімін өздері 
бағалауына  да  болады,  осылайша  алған  білім,  білік,  дағдылары  бойынша  бағаланады. 
Бағалаудың  өзін-өзі  бақылау,  жұптық  өзара  бақылау,  топтық  өзара  бақылау  кезеңдері 
сабақты бекітуде біршама көмегін тигізеді. 
Бұл  бақылауларды  мына  бағалау  белгілері  арқылы  іске  асыруға  болады.  Өзіндік 
немесе жұптық бағалау: 
1) менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары;  
2) бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орта, жоғары;  
3) бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орта, жоғары және т.б. 
Ал, топтың өзара бағалауында: 
*  топ  ұжымының  татулығы,  белсенділігі,  өзара  әрекет  әдебі,  топтық  араласу  стилі: 
төмен, орта, жоғары; 
*  жаңа  тақырыпты  өмірмен  байланыстыра  айтуы  (қосымша  материалдар,  БАҚ 
жаңалықтар): төмен, орта, жоғары;  
* сөйлеу шешендігі, мәдениеті, т.б.: төмен, орта, жоғары. 
Бұл бақылаулар оқушыларды өздеріне және өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді. 
Онда  біреуді  бағалау  үшін  өзінде  тиісті  білім  болуы  қажеттігі  туады.  Бұл  бақылау  мен 


73 
 
бағалау баланың бойында мына қасиеттерді қалыптастырады: еріктілік, еңбек сүйгіштік, өз 
күшіне  сенуі,  адалдық,  жолдастық  қасиеттер,  сөз  қоры,  ғылыми  ақпараттарды  ақтаруы, 
өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті, т.б. [6]. 
Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларды қолдану, инновациялық бағытта 
жұмыс  жасау  заман  ағымының  басты  талабы.  Оқу  үрдісінде  осындай  жаңарған  озық 
тәжірибелерді  белсенді  пайдалану  соңғы  жылдары  айтарлықтай  оң  тәжірибе  беріп  отыр. 
Бүгінде  қоғамның  жеке  тұлғалы,  дамыған  адамын  тәрбиелейтін  маманға  өзінің  үздіксіз 
шығармашылық  ізденуі,  оқытуда  жаңа  педагогикалық  технологиялар  мен  инновациялық 
әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет.  
Сондықтан,  қазіргі  таңда  үздіксіз  білім  беру  жүйесінде  білім  беруді  дамыту, 
дүниежүзілік  білім  беру  кеңістігіне  кіру  мақсатында  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі 
құрылып жатқандықтан, педагог іс-әрекетінің жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі 
күннің өзекті мәселесі.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Қазақстан Республикасының Білім Заңы. 2007ж.  
2. Г.Н.Александрова. Управление самообразованием педагогов в условиях внедрения новой 
технологии учебной и педагогической деятельности. //Директор школы, 2012, №5. 
3. О.Тілеукенов. Ұлт мектептерінің білім сапасын арттырудағы проблемаларды шешу 
жолдары. //Мектеп директоры, №1, 2013. 
4. Р.Жашиев. Қазақ мектебі ХХІ ғасырға өз бет-бейнесімен кіруі тиіс. //Ұлт тағлымы, №4-5, 
2011. 
5. Г.Ю.Ксензова. Оценочная деятельность учителя. Москва, 2011. 
6.М. Қалиева. Білім беру итехнологиялары және оларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары. 
Алматы, 2012 
 
 
ӘОК 37.013.2 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
 
Валиева Адия Алмасқызы 
 Жетісу орта орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,  
Алматы облысы Ескелді ауданы, 
Jetisu-jetisu@mail.ru
 
 
Оқытудың  жаңа  ақпараттық-  коммуникациялық  технологияларын  меңгеру  –  қазіргі 
заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін 
дамытуда  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологиялардың  маңызы  зор.  Білім  беруді 
ақпараттандыру  және  пәндерді  ғылыми  –  технологиялық  негізде  оқыту  мақсаттары  алға 
қойылуда.  Ақпараттандыру  технологиясының  дамуы  кезеңінде  осы  заманға  сай  білімді,  әрі 
білікті  жұмысшы  мамандарын  даярлау  оқытушының  басты  міндеті  болып  табылады. 
Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны 
меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.  
Қазіргі  таңда  елімізде  білім  беру  жүйесінде  жаңашылдық  қатарына  ақпараттық 
кеңістікті  құру  енгізілді.  Ақпараттандыру  жағдайында  оқушылар  меңгеруге  тиісті  білім, 
білік,  дағдының  көлемі  күннен  күнге  артып,  мазмұны  өзгеріп  отыр.  Білім  беру  саласында 
ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  арқылы  білімнің  сапасын 
арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан 
әрі жетілдірілуде.  
Білім  –  болашақ  бағдары,  кез-келген  маман  даярлайтын  оқу  орынның  басты 
міндеттерінің  бірі  –  жеке  тұлғаның  құзіреттілігін  дамыту.  Құзірет  –  оқушының  жеке  және 
қоғам  талаптарын  қанағаттандыру   мақсатындағы  табысты  іс-әрекетіне  қажетті  білім 


жүктеу 5,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   176




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау