Резина аяқтарын орнату
Үстелге орнату үшін жалғауыштың астыңғы бетіне резина аяқтарын бекітіңіз.
Жалғауышты қабырғаға бекіту
DES-1005D қабырғаға орнатуға болады. Ол үшін корпусының төменгі бөлігінде бекітуге арналған екі ағытпасы бар. Алдыңғы панель көрсеткіштер күйін дұрыс көруге болатындай бұрылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Компьютерді DES-1005D қосу
Компьютерге DES-1005D қосжұпты тік немесе айқасатын 3,4,5 санаттағы UTP/STP кабелі арқылы қосуға болады. 100 Мбит/с жылдамдықта жұмыс істеу үшін тек 5-ші санаттағы кабель пайдаланылады. RJ-45 10Mбит/с портымен жабдықталған компьютер DES-1005D 5 портының кез келгеніне жалғана алады.
Компьютер қосылып тұрған порт көрсеткішінің күйі компьютерге орналастырылған желілік бейімдеуіш мүмкіндігіне тәуелді. Егер компьютерді қосқаннан кейін көрсеткіш жанбаса, дұрыс қосылғандағын, содан кейін компьютердің желілік бейімдеуішін, кабель мен компьютердің өзін тексеріңіз.
1. “100LINK/ACT,10LINK/ACT” көрсеткіші 100 Мбит/с қосылуында жасыл түспен жанады немесе 10 Мбит/с сары түспен жанады.
DES-1005D концентраторын қосу
Концентратор (10 or 100BASE-TX) DES-1005D 3, 4, 5-санаттағы UTP/STP қосжұпты немесе қиылысатын кабель арқылы қосылуы мүмкін. 100 Мбит/с жылдамдықта жұмыс істеу үшін тек 5 санаттағы кабельді пайдалану керек. Концентратордың кез келген портын DES-1005D кез клген портына қосуға болады.
DES-1005D басқа құрылғыларға қосу
DES-1005D басқа жалғауышқа немесе басқа желілік құрылғаға (маршруттаушыға, көпірге және т.б.) 3, 4, 5-санаттағы UTP/STP қосжұпты немесе қиылысатын кабель арқылы қосылуы мүмкін. 100 Мбит/с жылдамдықта жұмыс істеу үшін тек 5 санаттағы кабельді пайдалану керек. Кез келген (MDI-X) DES-1005D портын басқа жалғауыштардың немесе басқа желілік құрылғылардың кез келген (MDI-X) портына 10 мбит/с немесе 100 Мбит/с кез келген портына қосуға болады.
Қосымша ақпарат
Желі немесе жалғауышты баптау туралы қосымша ақпаратты компакт-дискідегі пайдаланушы Басшылығынан қараңыз. Онда, желіні баптауға және пайдалануға қосуға ережелер тізімі, сұлбалар, көптеген ұғымдар мен мысалдардың түсініктемелері бар.
Қосымша ақпаратты http://www.dlink.com сайтынан алуға болады. Басқа елдерде D-Link Web-сайттарына сілтемелер пайдаланушы Басшылығының соңындағы D-Link офистер тізімінде берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |