Әдебиеттер:
1.Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана:
Елорда, 2000, - 532 б.
2. Қазақ әдеби тілінің анықтамалығы / Құрастырған: С.А.Итеғұлова, А.Қ.Қожахмет. -
Астана: Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру
әдістемелік орталығы, 2016. – 150 б.
3. Уәли Н. Графика. Орфография. Орфоэпия – Алматы 2018, – 250 б
№15 дәріс
Тақырыбы: Сөз сазы ережелерін игеруде ескерілетін жайттар
Мақсаты: Сөз сазы ережелерін түсіндіру, мәлімет беру.
Жоспар:
1.Ырғақ
2.Дауыс тембрі
Қазақ тілінде сөздерді дұрыс айтудың (дыбыстаудың) негізгі-негізгі
заңдылықтарын, яғни сөз сазы ережелерін саралап көрсетпес бұрын, осы
қағидаларды жақсы түсініп, дұрыс игеруге қатысты бірқатар жайттарды әңгімелеу
қажет. Олардың бірі – сөйлеу үстінде сөздердің екіден-үштен топтасып, бір
деммен айтылатындығы.
Сөйлеу актісінде айтылуы жағынан сөздердің бір-біріне ететін ықпалы,
дыбыстық өзгерістері бір деммен топтасқан сөздердің11 ара-жігінде және өн
бойларында пайда болады. Сондықтан, ең алдымен, «бір деммен топтасқан
сөздер» дегеніміз не, яғни сөздер қандай жағдайда бір деммен, бір ырғақпен, бір
ритмикаға топтасып айтылатындығын біліп алған жөн. Өйткені сөйлеу барысында
қатар айтылатын кез келген сөздер бір-біріне әсер етіп, дыбыстық өзгерістерге
ұшыратпайды, белгілі бір тіл заңдылығымен ғана топтасатын сөздердің
аралығында немесе өн бойларында фонетикалық құбылулар пайда болады.
Қазақ тілінде сөйлем ішіндегі сөздер дауыс ырғағы жағынан әрқайсысы
бөлек-бөлек айтыла бермейді, көбінесе екі-екіден немесе екі-үштен бір ырғақты
топ құрап, бір деммен үндесіп, үйлесіп айтылады. Мысалы, анықтауыш пен
анықталатын сөздер бір ырғақпен жымдасып, дыбыстары бір-біріне ықпалын
тигізіп айтылады: айдыңгөл (жазылуы: айдын көл), сұлұуғыз (сұлу қыз), қарөлең
(қара өлең), ағайдын (ақ айдын), саратан (сары атан). Сол сияқты екі сөзден
тұратын күрделі етістіктер де бір ырғақты топ құрайды: келеғалды(жазылуы: келе
қалды), алалмады (ала алмады), жетіппарды (жетіп барды), қолғойдұ (қол қойды).
Бұл айтылғандарға мәтін арқылы мысал берелік. Мысалды жазуда әр топтың жігін
бір тік сызықшамен, сөйлем аяқталып, толық тыныс (пауза) болған жерді қос тік
сызықшамен (ажыратып көрсеттік, демек, бір тік сызықшаның ішінде тұрған
сөздер ырғақты бір топ болып саналады. Топ құрайтын сөздер шартты түрде
қосылып жазылып, дыбысталу қалпы транскрипцияланып көрсетілді. Мысалы:
Құйрұғұжоқ / жалыжоқ/
Құлаңғайтып / күңгөрөр //
Айағыжоқ /қолұжоқ/
Жылаң ғайтып / күңгөрөр //
«Асанқайғы толғауынан» деп айты лып жүрген бұл сөздердің жазылуы:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ
Құлан қайтіп күн көрер.
Аяғы жоқ, қолы жоқ
Жылан қайтіп күн көрер.
Прозаға қарағанда, өлең тіркестеріндегі сөздердің топтарын ажырату
оңайырақ, өйткені өлеңнің өзі ырғаққа құрылатындықтан, ондағы сөздердің
топтасуы өз-өзінен шығып тұрады, оның үстіне бұған әр тармақтың ара-жігі,
ұйқас дегендер де көмектеседі.
Қара сөзбен келген текстерде де сөздер топтарға жіктеліп айтылады.
Мысалы, «Қарагөз» драмасындағы Сырымның мына монологіндегі сөздер
былайша топтасады:
Қырықкүн // қаралығайғымен / жылаумен / кырықкүнөттү // алдағашан /
өлөрмін / итөмүрден / кетермін / дебедім // әлігүнгө / менарсыз / тірімін //
кімдігүтөм / нені / медеуғылам / нетілеймін //.
Бұл текстің жазудағы түрі: Қырық күн! Қаралы қайғымен, жылаумен
қырық күн өтті. Әлдеқашан өлермін, ит өмірден кетермін деп едім. Әлі күнге мен
арсыз тірімін! Кімді күтем, нені медеу қылам, не тілеймін ?
Ырғақтық-мелодикалық
топтардың
ара-жігінде
әрдайым
айқын
сезінерліктей дауыс кідірісі (пауза) бола бермейді, анық пауза көбінесе сөйлемнің
соңында, бірыңғай мүшелердің арасында, оңашаланған не айқындалған
мүшелердің айтылуында, тағы сол сияқты синтаксистік жіктердің аралығында
болады. Мысалы, жоғарғы тексті терең паузаларға қарай ажыратсақ, былайша
белгіленер еді! (бұл жерде паузалардың ара-жігіне үш тік сызықша қойылды):
Қырықкүн /// қаралы қайғымен /// жылаумен қырықкүн өттү /// алдағашан өлөрмін
/// ит өмүрден кетермін дебемім /// әлігүнгө /// менарсыз /// тірімін /// кімдігүтөм ///
нені медеуғылым /// нетілеймін ///.
Мұндағы бірінші пауза (қырық күн дегеннен дейінгі) – өз алдына сөйлем
іспетті. Сырым бұл монологінде «қырық күн» деп бөліп айту арқылы Қарагөздің
қазасын, ол қазаның халық дәстүрі бойынша белгілі бір меже-мерзімі өткенін
(қырқы өткенін) білдіреді де сол уақыттың ішіндегі өзінің жан күйінішін
баяндайды. Қаралы қайғымен, жылаумен дегендердің арасындағы пауза бірыңғай
мүшелерді ажыратады. Қырық, күн өтті дегеннен кейінгі пауза сөйлемнің
соңындағы дауыс үзілісін танытады. Келесі екі пауза тағы да бірыңғай мүшелерді
ажыратады да деп едім дегеннен кейін сөйлем аяқталады. Ал мен арсыз дегеннің
екі жағынан паузаның болуы оның орны ауысқан, логикалық екпін түскен
бастауыш екеніне байланысты. Тірімін, кімді күтем, нені медеу қылам, не
тілеймін дегендердің арасындағы пауза олардың бірыңғай баяндауыштар
екендігіне байланысты.
Міне, сөйлем ішінде осы тәріздес ырғақтық топтардың ара-жігінен өзге
тұстарда да паузалар болады екен. Бұл паузалардың басым көпшілігі ырғақтық
топтардың жігіне сай келеді.
Сөйлеу үстінде сөздер мынадай сәттерде бір ырғақпен айтылып, топ
құрайды.
1.Анықтауыш пен анықталатын сөздер бір деммен айтылады да бір топқа енеді.
Мысалы, қалқан құлақ, шегір көз, қара қарындаш, ақ ерке, тас жол, аямас жау,
алты ай, қара аспан, ақ орамал, екі қап дегендердің алдыңғы сөздері (қалқан,
шегір т.б.) – заттың түрін, түсін, сипатын, қасиетін, тегін білдіретін
анықтауыштар, соңғылары – анықталып тұрған сөздер. Мұндай бір ырғақты сөз
топтарының компоненттері (құрамды бөлшектері) бір-біріне ықпалын тигізеді,
сондықтан олардың жазылуы мен айтылуы бірдей түсе бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |