Қатты денелер
Аморфты және кристалды денелер
Зат молекулаларының кинетикалық энергиясының олардың өзара әрекеттесуінің потенциал энергиясына қарағанда азаюы белгілі бір жағдайларда қатты күйдің пайда болуына әкеп соғады. Қатты денелер өздерінің физикалық қасиеттері, құрылымы жағынан бірінен-бірінің үлкен айырмашылықтары бар екі топқа, яғни кристалды және аморфты болып екіге бөлінеді.
Аморфты денелер сұйықтар сияқты молекулааралық әрекеттесуле-рі бойынша тек бергі реттілікке ие болады. Аморфты дененің жақсы мысалы ретінде шынына айтуға болады. Мысалы, шыныны қатты суытылған, тұтқырлығы өте жоғары сұйық ретінде қарастыруға болады. Қатты аморфты денелер изотропты болады, яғни олардың қасиеттері барлық бағытта бірдей болады. Аморфты денелердің қасиеттерін сұйықтар сияқты теориялық тұрғыдан сипаттаудың бүгінге дейін қабылданған бірден-бір ілімі болмай отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |