Нақты және идеал физикалық есептер. Барлық физикалық заңдар мен заңдылықтар, формулалар мен қатынастар, үрдістердің, құбылыстардың және заттардың нақты қасиеттеріне емес, олардың идеалды нобайларына сүйеніп тағайындалғанынесте ұстау өте маңызды.
Нобайларнақты физикалық денелерді, құбылыстарды, үрдістерді идеалдау арқылы алынады. Бұл кезде біз физикалық нысандардың көптеген қасиеттерін ескермей, нақты жағдайда ең маңызды болатын қасиеттерін ғана ескереміз. Сондықтан, физикалық заңдар мен формулаларды тікелей тек идеалды физикалық нысандарға ғана қолдануға болады. Яғни, нақты нысандардың сипаты, тек жуық түрде анықталады.
Физикалық заңдар, формулалар, принциптерге сүйеніпқарастырылатын нысандардың сипаттары мен қасиеттері белгілі бір деңгейде идеалданған есептерді ғана дұрыс шығаруға болады. Мұндай есептер идеал есептер деп аталады.
Мысал: 1К-ге изобаралы қыздырғанда, 1моль идеал газ қандай жұмыс атқарады?
Нысан: идеал газ
Тұжырым: изобаралы қыздыру.
Сипаттамалар: а) нақты
сандық және айқын – ν = 1моль
сапалық және айқын – Δр =0
ә) нақты берілмегендер
сандық – R=8.31Дж/(моль*К)
Талап: жұмыс А-ның сандық мәнін табу.
Идеалдау: 1) ν = 1моль – заттың дәл мөлшері берілген.
есеп шартында берілген газ, табиғатта кездеспейтін – “Идеал газ”
Қыздыру изобаралық, яғни Δр =0. Қыздырғанда, молекуланың кинетикалық энергиясы Ек артады, сондықтан газ қысымы да арту керек.
Бірақ мектеп физика курсында шығарылатын есептерде, нақты физикалв-ық құбылыстар мен үрдістер қарастырылады. Мұндай есептер нақты физикалық жағдайлардың, таңбалы нобайлары болып табылады. Осыған ұқсас есептерді нақты немесе практикалық есептер деп атайды.
Мысал: Автомобиль 1 км жол жүргенде оның жылдамдығы 36км/сағ-тан 72км/сағ-қа дейін артқан болса, ол қандай үдеумен қозғалған.
1. Нысан: автомобиль.
2. Тұжырым:
а) жол – 1км
ә) жылдамдық– 36км/сағ-тан 72км/сағ-қа дейін артады.
Сипаттары:
а) нақты сандық және айқын.
S=1км; v0=36 км/сағ , vс=72 км/сағ.
б) нақты берілмеген сандық t (автомобильдің қозғалу
уақыты)
4. Талап: үдеу |а| -ның сандық мәнін табу.
5. Идеалдау: Есептің мақсатына сәйкес, нақты нысанға әсер ететін әр түрлі әрекеттерді (Fүйк) және траекторияның түрін қарастырмауға болады. Бұл есепте қозғалысты түзу сызықты және бір қалыпты үдемелі деп есептеп, үйкеліс күші Fүйк-ті ескермейміз.
Кез келген нақты берілген есептің, идеальды нобайын жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |