Тақырыбы: Әлеуметтенуге әсер ететін макрофакторлар
Дәріс мазмұны:
1.“Тұлғаның әлеуметтік дамуы” түсінігі.
2. Адамды әлеуметтендіруге ықпал жасаушы факторлар.
3. Әлеуметтендірудің түрлері, кезеңдері
1. Егер де іштей жеке тұлға ортаға мәнді тәуелді болса, әлеуметтік педагогикада суреттелетін және түсіндірелетін адамдардың қарым- қатынасмен және өзара іс- әрекетімен байланысты оның мінез- құлқының түрлеріне жатады.
Әлеуметтенуді қоғамдық тәжірибені индивидтің меңгеру және белсенді өндіру үрдісі, соның нәтижесінде ол жеке тұлға болып қалыптасады және өмірге қажетті білімді, дағдыны меңгереді, демек, белгілі міндеттерді шешу барысындағы олармен қарым- қатынас және іс- әрекетжасау қабілеттілігі деп түйеді.
Әлеуметтену- бұл адамның қоғамдық өмірдің тәжірибесін меңгерудің жан- жақты үрдісі. Әлеуметтену адамның әртүрлі адамдармен өзара тиімді қарым- қатынасқа қажетті азаматтық қатынастардың мәдениетін, әлеуметтік нормаларды меңгеруін қамтиды. Сонымен қатар ол адамның қоршаған әлеуметтік шындықты белсенді танып білуін, дара және топтық жұмыстың дағдыларын меңгеруді, ол үшін қажетті қабілеттерді дамытуды қажет етеді.
Әлеуметтену ұғымы адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеру нәтижесі, сонымен қатар қызметі болып табылады. Жеке тұлға әлеуметтенудің негізгі қайнар көздеріне жанұя, мектеп, қоғамдық институттар мен ұйымдар, баспасөз, радио, теледидар жатады. Әлеуметтену үрдісі негізінен бір- бірімен қарым- қатынас арқылы іске асады.
2. Әлеуметтенудің жеке, бірақ өте қажетті қызметі- ұқсас. (ИДЕНТИФИКАЦИЯ) Балалар өсу және дамумен қатар ата- аналарға, жора- жолдастарына, қоршаған ортадағы адамдарға тән әртүрлі ережелерді, қатынастарды және көптеген тәрбиелейді. Сол адамдардан олардың көзқарасын және өмір тәжірибесін қабылдайды.
Кейбір жүргізілген эксперименттерде белгілі бір адамдар мен балаларды идентификациялауға мүмкіншілік жасайтын тетіктер мен шарттар ашып көрсетілді. Мысалы: идентификацияның нысаны көп жағдайда үлкендер болатындығы, оларға негізінен балалар көп еліктейтіндігі атап көрсетілді.
Отбасында ана ықпалды болған жағдайда, қыз балалар негізінен әкесіне емес, анасындай болуға еліктейді; ал ер балаларда ерлердің тәрбиелік қасиеттерін алудақайшы келетін дамудың белгігі қиындықтары пайда болуы мүмкін.Ал әкенің беделі басым болса, керісінше, қыздар көп жағдайда өздерінің әкелеріне ұқсауға ұмтылады. Сонымен қатар бір уақытта қыз балалардың бойларында анасына тән көптеген мәнез белгілері қалыптасады.
Әлеуметтенудің басқа да факторлары- еліктеу, сендіру, әлеуметтік фацилитация, басқаның айтқанына көнгіштік.
3.Еліктеу- бұл басқа адамдардың тәжірибесін жеке тұлғаның саналы немесе санасыз қайта жаңғыртуы, оның ішінде мұның қозғалысы, қылығы, сырт пішіні және іс- әрекеті.
Еліктеу тетігі туа біткен болып табылады. Еліктеу қозғалысының әртүрлі түрлерін жоғары сатыдағы жануарларда, алдымен адам тәріздес маймылдарда аңғаруға болады. Адамдарға бөбектік және мектепке дейін жас кезеңдерінде ерекше анық байқалады. Ерексек адамдарда басқалармен салыстырғанда дамуда қосымша рол атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |