ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
1 дәріс. Мемлекеттік қызмет түсінігі
Мемлекет қызметін ұйымдастырудың басты, негізгі талаптары Қазақстан Республикасы
Конституциясында қарастырылған (33-бап), сонымен қатар Қазақстан Республикасы
Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар
Жарлығында толық түрде қарастырылған. Бұл Жарлық мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың
негізін, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайларын және мемлекеттік қызмет аясындағы
қарым-қатынастардың реттелуін анықтайды.
Мемлекеттік қызметтің азаматтардың еңбек іс-әрекетінін бір турі болып келетіні сөзсіз.
Сондықтан да мемлекеттік қызмет жалпылай ұйымдастыруға тән барлық қасиеттерге негізделеді.
Мемлекеттік қызмет деп әлеуметті пайдалы, объективті қажет және басқарылу персоналының
ұйымдасқан нысанындағы қызметін айтамаыз.
Мемлекетті басқару органдарында басқару қадрларын жинаудың, басқару функциялары мен
өкілеттіктердің лауазымды тулғалар арасында бөлінудің арнайы тәсілдері, мемлекет және еңбек
процесін басқару, басқару органдарының жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасақталған. Бұл
тұрғыдан мемлекеттік қызмет еңбек құқығының жалпы нормаларына негізделеді.
Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс-әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық,
біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп - еңбек қызметінің кең
саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен
қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметініңтар саласы. Бұнда
мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқаруы ушін өзінің бұл сала бойынша алған терең, жан-
жақты білімін қолдана алады. Ал біліктілік болса, белгілі бір қызметкердің қандай да дәрежедегі
ауыр қызметті атқара алатынын анықтайды. Біліктілік -біліктілік класстарымен анықталады.
Мемлекеттік қызметтің тагы бір белгісі - мемлекеттік қызметкердің басқару органы қызметіне
тікелей қатысуы. Бұл Дегеніміз-азаматты басқару органының құрамына, яғни штатқа және
мемлекеттік органның басқару қызметіне гқгізілуін айтамыз.
Лауазымды тұлғаның басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағынуы - мемлекеттік қызметтің
келесі белгісі болып табылады. Ішкі еңбек тәртібінің мазмұнын құрайтын лауазымды тұлғалардың
бірлескен басқару қызметін, ұжымның нақты және дұрыс жұмыс
істеуін қамтамасыз ететін, басқару органының осындай режимін анықтайтын нормалар құрайды.
Ішкі еңбек тәртібі заңдармен, ішкі еңбек тәртібінің типтік ережелерімен және осының негізінде
қабылданған басқару органының жергілікті ішкі тәртіп ережесімен реттеледі. Мемлекеттік басқару
органының ішкі еңбек тәртібінің айрылмас элементі болып субординация жүйесі, яғни лауазымы
бойынша төменгі мемлекеттік қызметкерлер лауазымды жоғары қызметкерлерге толық есеп
беруімен айқындалады. Басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағыну - әрбір лауазымды
тұлғаның міндеті болып саналады.
Мемлекеттік қызметтің тағы бір ерекшелігі жалақы болып табылады. Мемлекеттік қызметкерге
жалақы: еңбекті бағалауда барлығына ортақ критерийлерге негізделе отырып, жалақы еңбектің
сапасы мен мөлшеріне сәйкес төленеді. Жалақы алдың-ала қабылданған нормалар негізінде
өндіріледі; жалақының негізгі бөлігі басқару органының штат кестесімен анықталады, ал
қосымшасы -мемлекет қызметкерінің біліктілік деңгейіне және басқа жағдайларға (біліктілік
класстар үшін мемлекеттік қызметте істеген жылдары үшін төлемдер, сыйақы және т. с. с.)
байланысты анықталады, төленетін ақша мөлшері жағынан шектелмейді, бірақ заңда көрсетілген
минимальды мөлшерден төмен болмауы тиіс.
Мемлекеттік қызмет дегеніміз - мемлекеттік органдарда және олардың аппараттарындағы
Конституцияның негізінде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік
қызметтер мен мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған азаматтардаң кәсіби қызметі. Келтірілген
анықтама бойынша мемлекеттік қызметтің кәсіптік қызмет ретіндегі жалпы белгілерін былайша
айқындаймыз:
2 дәріс. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары.
Қоғамда басқару функцияларын орындаумен қатар арнайы адамдар тобы мемлекеттік қызметтің
ерекше кәсіптік қызметі ретінде айқын, белгілі қағидаларға негізделеді. Ал қағидалар орындалуын
өз кезегінде жалпылай мемлекеттік қызмет институтының қызметімен кепілденген талаптар
түрінде түсіндіріледі. Бұның өзінде мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мемлекеттік басқарудың
ерекше қағидаларына сонымен қатар лауазымды тулғалардың кәсіптік қызметінің мағынасын
көрсететін мемлекеттік басқарудың ереше қағидаларына да негізделеді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет келесі қағидаларға негізделеді:
1.
Заңдылық. Бұл қағида барлық мемлекет қызметкерлерінің алатын орны, лауазымы,
рангісінен тәуелсіз Конституцияны, зандарды, Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлықтарының талаптарын, міндетті ережелерін мултіксіз сақтау, бұзбаумен анықталады.
Мемлекеттік басқару процесінде заңдылық қағидасының талаптары, басқару актілерінің
шығарылуы, басылуы кезінен бастап жүзеге асырылады. Мемлекетті басқару аппараты жуйесінде
басқару актісінің заңды күші сол актіні қабылдаған органның орны мен өкілеттілігінің көлемімен
анықталады.
2.
Мемлекеттік қызмет жуйесінің біртұтастығы. Мемлекеттік биліктің заң шығарушы,
атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлінуіне қарамастан Қазақстан Республикасының
мемлекеттік қызмет жүйесі біртұтас. Мемлекеттік билік өзінің мәні, құрылысы және қоғамда
әрекет етуінің біртұтастығымен түсіндіріледі. Мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы
мемлекет аппаратындағы еңбек бөлінісіне қарамастан барлық мемлекеттік органдар өз қызметтері
мен екілеттіктерін мемлекет атынан жузеге асырады. Қазақстан Республикасы Конституциясы
мемлекеттік билік тармақтарының, заң шығару, атқарушы және сот билігіне бөліну қағидасын
бекітіп, сонымен қатар тепе-теңдік және тежемелік қағидасын да берік ұстанады. Осыған
байланысты мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы қағидасы барлық мемлекеттік билік
тармақтарын біртұтас мемлекет механизміне біріктіретін берік негіз ретінде түсіндіреді.
3.
Заңды қуқықтары, ерісіндігінін және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері
алдында приоритеті бар. Бұл қағида азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынас
аумағындағы маңызды ресми бағыт болып келеді. Қазақстан Республикасы Конституциясы
азаматтардың құқықтары мен бостандығын басты орынға қояды. Адамға құқық пен бостандық
туғанынан беріледі. Олар абсолютті және ажыратылмайтын болып танылады, зандар және басқа
нормативтік құқықтық актілердін мазмұны мен қолдануын анықтайды.
4.
Қол жетерлік қағидасы, яғни азаматтар қабілетіне, кәсіптік дайындығына сәйкес
мемлекеттік қызметке түсуге бірдей құқылы. Бұл туралы Конституцияның 33-бабында нақты
жазылған. Осы қағида бойынша жалғыз ғана шек қоятын -ол кандидатқа қойылатын жас мөлшері,
яғни мемлекет қызметкерінің жасы 63 жастан аспауы керектігі бекітілген.
5. Азаматтардың мемлекеттік қызметкер қызметіне кандидатураларды жинау, іріктеу қатаң
ерікті негізде жүзеге асырылуға міндетті. Ешкім де мәжбүрлеу тәртібінде мемлекеттік қызметке
азаматты тағайындай алмайды. Басқаша айтқанда мемлекетік қызметке тұру күрделі заң
құрылысының болуын, яғни бр мезгілде екі фактінің болуын талап етеді: қызметке тағайындау
актісінің болуы және азаматтың бұл қызметке тұруга байланысты алдын ала келісімі.
6. Шешімдерді орындау міндеттілігі. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар лауазымды
түлғаларының өз өкілеттілігі аясындағы қабылданған шешімдерін төмечгі сатыда тұрған
мемлекет органдары қызметкерлері үшін орындау - міндет. Бұл қағида мемлекеттік органдардыц
«вертикальды» багыну жүйесін, экономика әлеуметтік сфера және әкімшілік-саяси құрылыс
салаларында қажетті басқаруды орталықтандыруды айқындайды. Мемлекеттік басқару органдарының
жалпы жүйесін біріктіреді, сөйтіп мемлекет аппаратының қызметінде жалпы мемлекеттік
мүдделер есебін жргізу қамтамасыз етіледі.
7. (Мемлекет қызметкерінін бақылауға тәуелділік және есептілік қағидасы.
Барлық мемлекеттік органдар мен мемлекетгік қызметшілер халық алдында және өзінен жоғары
түрған лауазым немесе жоғары тұрған орган алдында жауапты.
8. Кәсіпқойлығы және қузырлығы. Мемлекеттік қызметке орналасқан азамат өзінің қызметтерін
орындау үшін арнайы білімі, тәжірибесі және қабілеті болуы қажет.
ұсыныс - сәйкес органның немесе лауазымның басқа бір сәйкес органға немесе лауазымға
жасаған ұсынысы арқылы мемлекеттік қызметке алынады
3 дәріс. Мемлекеттiк қызметтiң принциптерi
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет:
1) заңдылық;
2) қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына
бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет
мүдделерi алдындағы басымдығы;
5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол
жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша
жоғарылатылуға тең құқығы;
6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;
7) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiліктiлiгi;
8) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу;
9) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде
қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төменгi
мемлекеттiк органдардың қызметшілерi үшiн мiндеттiлiгi;
10)
мемлекеттiк
қызметшiлердiң
бақылауда
болуы
және
есептiлiгi;
11) мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн қызметтi
қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
12) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;
13) мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше
маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу;
14) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше
орындамағаны және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
15) мемлекеттiк қызметшілердiң бiлiктiлiгiн арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне
негiзделедi.
Мемлекеттiк органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық мiндеттерiн атқарған кезде заңдардың талаптарын
басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бiрлестiктер мен олардың органдарының
шешiмдерiне байланысты болмайды.
Мемлекеттік қызмет туралы заң барлық мемлекеттiк қызметшiлерге қолданылады, бұған
Қазақстан Республикасының Конституциясында, конституциялық заңдарында немесе өзге де заң
актiлерiнде олар үшiн өзгедей құқықтық мәртебе белгiленген жағдайлар қосылмайды.
Техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыратын және мемлекеттiк органдардың жұмыс
iстеуiн қамтамасыз ететiн адамдар мемлекеттiк қызметшiге жатпайды. Мұндай адамдардың
тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
4 дәріс. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық
бөлiмшелерi
Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) Қазақстан
Республикасының Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн, мемлекеттiк қызмет
саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты iске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган, оған
мынадай өкiлеттiктер жүктеледi:
1) мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру және оның тиiмдiлiгiн арттыру саласында мемлекеттiк
бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
2) мемлекеттiк қызметтi жүзеге асыру үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру
жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде заңдарда белгiленген тәртiппен
нормативтiк құқықтық актiлер қабылдау;
3) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдар санаттарына үлгiлiк бiлiктiлiк талаптарын әзiрлеу
және бекiту;
4) мемлекеттiк қызмет қызметшiлерi жөнiндегi республикалық деректер базасын
қалыптастыруды қоса алғанда, мемлекеттiк қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингiн жүргiзу,
сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарына орналастыру үшін кадрлар резервiн
қалыптастыру;
5) мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру, оларды әлеуметтiк-
құқықтық қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
6) Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер лауазымдарының тiзбесiн және осы Заңға сәйкес
өзге де актілердi әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсыну;
7) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлер даярлау, қайта даярлау
және бiлiктiлiгiн арттыру, оның iшiнде шетелдерде де, мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiру;
8) мемлекеттiк бағдарламалар бойынша мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру мен
орналастыруды және мемлекеттiк қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлау мен олардың
бiлiктiлiгiн арттыруды үйлестiру;
8-1) мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлерден сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
жасағаны үшiн берiлген тәртiптік жазаны мерзiмінен бұрын алып тастауға келiсiм беру;
9) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызмет саласындағы заңдарды сақтауын
бақылауды жүзеге асыру;
10) мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымды атқаруға арналған конкурстарды өткiзу тәртiбiн
белгiлеу, сондай-ақ конкурстардың дұрыс өткiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру;
10-1) кандидаттың қойылатын біліктілік талаптарына сай келуі бөлігінде мемлекеттік
әкімшілік лауазымға тағайындауға келісу;
11) мемлекеттiк органдардың осы Заңды және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi бұза
отырып қабылдаған шешiмдерiнiң күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзу;
12) мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың қолданылу
мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың iс-әрекетi мен
шешiмiне жасалған шағымдарын қарау;
13) осы Заң бұзылған жағдайда сотқа жүгiну;
14) мемлекеттiк қызмет мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттардың жобаларын
дайындауға қатысу;
14-1) мемлекеттiк органдар көрсететiн қызметтердiң сапасын арттыру жөнiнде ұсыныстар
әзiрлеу;
15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру
жүктеледi.
2. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi органдардың бiрыңғай жүйесін уәкiлеттi орган мен
оған
бағынысты
аумақтық
бөлiмшелер
құрады.
Аумақтық бөлiмшелер өз қызметiн уәкiлеттi орган белгiлеген құзырет шегiнде жүзеге асырады.
2-1. Уәкiлеттi органның облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада тәртiптiк
кеңестерi болады, олар туралы ереженi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Президентi бекiтедi.
3. Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң шешiмдерi бұйрықтар нысанында
ресiмделедi.
Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi
Мемлекеттiк органдардың кадр қызметi өз құзыретi шегiнде:
1) мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне
байланысты шешiмдерiн ресiмдейдi, қызметшiлердiң жеке iстерiн жүргiзедi, мемлекеттiк
қызметшiлердiң еңбек кiтапшаларына (қызмет ету тiзiмдерiне) қажеттi жазбалар енгiзедi;
2) мемлекеттiк қызметшiлердiң заңда белгiленген шектеулердi қабылдауы туралы келiсiмін
жазбаша нысанда белгiлейдi (өзiне қабылдаған шектеулердi бұзған жағдайда құқықтық салдарлар
туралы хабардар етедi);
3) мемлекеттiк қызметшiлерге олардың құқықтық жағдайының мәселелерi жөнiнде ақыл-
кеңес бередi, мемлекеттiк қызметте болумен байланысты шектеулердiң сақталуын бақылайды;
4) уәкiлеттi органға ұсыну үшiн бос лауазымдар тiзiмiн, бос лауазымдарды толтыру
жөнiнде өтiнiмдер және өзге де қажеттi ақпарат дайындайды;
5) мемлекеттiк қызметшiлердi оқытуды, қайта даярлауды (қайта мамандандыруды) және
олардың
бiлiктiлiгiн
арттыруды
ұйымдастырады;
6) заңдарда белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
5 дәріс. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы және міндеттері
Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметiн саралау
1. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының құрамына мемлекеттiк қызметшiлердiң
саяси және әкiмшiлiк лауазымдары кіредi.
2. Саяси лауазымдарға:
1)
Қазақстан
Республикасының
президентi тағайындайтын мемлекеттiк
саяси
қызметшiлер, олардың орынбасарлары;
2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Палаталары және Парламент Палаталарының
Төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттiк саяси қызметшiлер, олардың
орынбасарлары;
2-1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратын басқаратын мемлекеттік саяси
қызметші,
оның
орынбасарлары;
3) Конституцияға сәйкес Президент пен Үкiметтiң өкiлдерi болып табылатын мемлекеттiк саяси
қызметшiлер;
4) орталық атқарушы органдарды басқаратын мемлекеттiк саяси қызметшiлер (басшылар)
олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады.
Саяси лауазымдарға Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін өзге лауазымдар
да жатқызылуы мүмкін.
3.
Мемлекеттік
әкімшілік
қызметшілер
үшін
лауазымдар
санаттары
белгіленеді. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттар бойынша тізілімін
уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
4. Мемлекеттiк саяси қызметшілер үшiн лауазым санаттары белгiленбейдi.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары
Мемлекеттiк қызметшiнiң:
1) Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және
заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;
2) өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға
қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге;
3) белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен
материалдар алуға;
4) лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына
қарамастан, ұйымдарда болуға;
5) басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк
мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге;
6) жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар
және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына;
7) өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге
де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
8) тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және
бiлiктiлiгiн арттыруға;
9) өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға,
қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге;
10) бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып,
қызметi бойынша жоғарылауға;
11) қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн
талап етуге;
12) еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс
iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына;
13) әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға;
14) мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға;
15) зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға;
16) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi
жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
нұсқаулықтарда көрсетiледi.
6 дәріс. Мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулер
Мемлекеттiк қызметшiнiң:
1) өкiлдi органдардың депутаты және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшесi
болуға;
2) педагогтiк, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтi қоспағанда, басқа да ақылы
қызметпен айналысуға;
3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, соның iшiнде, егер коммерциялық ұйымды
басқаруға тiкелей қатысу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оның қызметтiк мiндетiне
кiрмейтiн болса, ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, коммерциялық ұйымды басқаруға
қатысуға;
4) үшiншi тұлғалардың істерi бойынша өзi қызмет iстейтiн не өзiне тiкелей бағынысты
немесе өзiнiң бақылауындағы мемлекеттік органда өкiл болуға;
5) өзiнiң қызметтiк iс-әрекетiн материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық
қамтамасыз ету құралдарын, басқа да мемлекеттiк мүлiк пен қызметтiк ақпаратты қызметтiк емес
мақсатта пайдалануға;
6) ереуiлдердi қоса алғанда, мемлекеттiк органдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және
қызметтiк мiндеттердi орындауға кедергi келтiретiн әрекеттерге қатысуға;
7) лауазымдық өкiлеттiгiн орындауға байланысты азаматтар мен заңды тұлғалар көрсететiн
қызметтi жеке мақсатына пайдалануға құқығы жоқ.
Мемлекеттiк қызметшi белгiленген тәртiпке және заңдарға сәйкес, қызметке кiргеннен
кейiн бiр ай iшiнде мемлекеттiк қызмет өткеру уақытына өзiнiң меншiгiндегi коммерциялық
ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлестi (акциялар пакеттерiн) және осы адамдарға заңды
тиесiлi ақшаны, сондай-ақ мүлiктiк жалға берілген өзге де мүлiктi қоспағанда, пайдалану табыс
алуға әкеп соғатын өзге де мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға беруге мiндеттi. Мүлікті
сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға тиіс.
Мемлекеттiк қызметшiнiң сенiм бiлдiрiлген басқаруға берiлген мүлiктен, соның iшiнде
сыйақы, дивидендтер, ұтыстар, мүлiктi жалға беруден және басқа да заңды көздерден түскен
табыс нысанында табыс алуға құқығы бар.
Заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiге өзiнiң жақын
туыстары ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алған балалар, ата-анасы бiр
және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi
(зайыбы) атқаратын қызметке тiкелей бағынысты лауазым атқаруына болмайды.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң жақын туыстары мен жекжаттарына (жұбайлардың аға-
iнiлерiне, апа-сiңлiлерiне, ата-аналары мен балаларына) қатысты лауазымдық өкiлеттiктерiн
жүзеге асыруына Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен шектеулер көзделуi мүмкiн.
Мемлекеттiк қызметке:
1) белгiленген тәртiппен әрекетке қабілетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп
танылған;
2) сот белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдар атқару құқығынан айырған;
3) бiлiктiлiк талаптарында тиiстi қызметтердi атқару үшiн денсаулық жағдайына арнаулы
талаптар белгiленген реттерде медициналық мекеменiң қорытындысына сәйкес лауазымдық
өкiлеттiктi орындауға кедергi келтiретiн науқасы бар;
4) өзiнiң мәртебесiн және соған негізделген беделiн жеке басылық, топтық және өзге де
қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi ықтимал әрекеттерге жол бермеу мақсатында
өзiне заңмен белгiленген шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;
5) жұмыстан босату түріндегі тәртіптік жазаны қоспағанда, мемлекеттiк қызметке кiрер
алдында екi жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке
тартылған;
6) мемлекеттiк қызметке кiрер алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн
сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
6-1) мемлекеттiк қызметке кiргенге дейiн үш жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық жасағаны үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;
6-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
6-3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан босатылған;
7)
мемлекеттiк
қызметке
кiру
уақытына
өтелмеген
немесе
заңда
белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар адамдарды қабылдауға болмайды.
5. Аталған мәлiметтердi табыс етпеу немесе бұрмалау мемлекеттiк қызметке қабылдаудан
бас тарту үшiн негiз болып табылады.
7 дәріс. Мемлекеттiк саяси қызметке кiру
Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметке кiруi тағайындау не сайлау
негiзiнде,
сондай-ақ
Қазақстан
Республикасының
заңдарында белгiленген басқа да реттерде, тәртiп пен жағдайларда жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру құқығы
Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға
құқығы бар.
Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда,
конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуы ол тиісті бос тұрған
лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттік қызметшінің және
уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімімен конкурстық іріктеусіз ауысу
тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттiк қызметшiнiң сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен алынбаған тәртіптiк жазасы
болған жағдайда, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға ауысу тәртiбiмен орналасуына жол берiлмейдi.
Өз өкiлеттiгiн доғарған, терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, және қойылатын
бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн
мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының,
тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң,
судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртiбiн Қазақстан Республикасының
Президентi айқындайды.
8 дәріс. Жұмыс уақыты
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы осы Заңда көзделген
ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес белгiленедi.
2. Тұтас алғанда мемлекеттiк органның немесе оның жекелеген бөлiмшелерiнiң қалыпты
(үздiксiз) жұмысы әрi қарай жедел атқарылуына байланысты болатын шұғыл және күнi бұрын
болжанбаған жұмысты орындау үшiн орган басшысының жазбаша өкiмi бойынша жұмысы
Республиканың еңбек заңдарына сәйкес өтелетiн, демалыс және мереке күндерi қызметке келуге
мiндеттi жекелеген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер тартылуы мүмкiн.
Iссапарлар кезiндегi кепiлдiктер мен өтемақылар
Мемлекеттiк
қызметшілерге
Қазақстан
Республикасының
Үкiметi
белгiлейтiн тәртiппен қызметтiк, оның iшiнде шет мемлекеттерге, iссапарларға арналған
шығындары
өтеледi.
Мемлекеттiк қызметшілерге Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген iссапарда болған
уақытына тәулікақы алуға, көздеген жерiне барып-қайту жөнiндегi шығындарға, тұрғын үй-жай
жалдау жөнiндегi шығындарға кепiлдiктер мен құқығы тиесiлi болады.
Iссапарға жiберiлген мемлекеттiк қызметшілердiң iссапардың бүкiл уақыты бойы жұмыс
орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады.
Ротация
Мемлекеттiк қызметте мемлекеттiк саяси қызметшiлердi ротациялау жүзеге асырылуы
мүмкiн. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi ротациялаудың тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi
органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
Мемлекеттiк қызмет өткерудiң өзге де мәселелерi
Мемлекеттiк қызметтен өтудiң осы Заңмен реттелмеген өзге де мәселелерi Қазақстан
Республикасының заң актiлерiмен, уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызмет өткеру тәртібi туралы ережемен
реттеледi.
Мемлекеттiк қызметтің кадрлар резервi
Мемлекеттiк саяси және әкiмшiлiк лауазымдарға орналасу үшiн мемлекеттiк қызметтiң
кадрлар
резервi
қалыптастырылады.
Кадрлар резервiн қалыптастыру және олармен жұмысты ұйымдастыру тәртiбi уәкiлеттi органның
ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Мемлекеттiк қызметтiң
кадрлар резервi туралы ережемен реттеледi.
9 дәріс. Мемлекеттік қызметшілерді қамсыздандыру
Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу
1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне төленетiн ақы қызметтiк мiндеттерiн сөзсiз және
тиянақты атқаруы үшiн жеткiлiктi материалдық жағдайды қамтамасыз етуге, мемлекеттiк
органдарды бiлiктi және тәжiрибелi кадрлармен жасақтауға жәрдемдесуге, олардың адал да
бастамашыл еңбегiн ынталандыруға тиiс.
2. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан
Республикасының
Президентi
белгiлейдi.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының
Президентi бекiтетiн Еңбекке ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жалақысы республикалық және жергiлiктi
бюджеттердiң қаржылары есебiнен не Ұлттық Банк қаржысынан төленедi.
Бюджет қаржысының қысқаруы жалақыны, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де
кепiлдiктердi, жеңiлдiктердi және өтемақыларды қаржыландыруды азайту үшiн негiз бола
алмайды.
4. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң жалақысы мен оларға төленетiн басқа да
төлемдер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен индекстелуге тиiс.
Мемлекеттiк қызметшiлердiң демалысы
1. Мемлекеттiк қызметшiлерге сауықтыру үшiн екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде
жәрдемақы төленiп, ұзақтығы отыз күнтiзбелiк күнге ақы төленетiн жыл сайынғы демалыс
берiледi.
2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн демалыс
оларға бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн.
3. Мемлекеттiк қызметшiге жалақысы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн.
4. Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк орган басшысының шешiмi бойынша жыл
сайынғы немесе қосымша демалыстан шақыртылып алынуы мүмкiн. Пайдаланылмаған
демалыстың қалған бөлiгi мемлекеттiк қызметшiге тиiстi жылдың басқа кез келген уақытында
берiледi не келесi жылғы демалысына қосылады.
5. Мемлекеттік әкімшілік қызметші ауыстырылған жағдайда не мемлекеттік саяси
қызметшінің басқа мемлекеттік лауазымға тағайындалуына байланысты, егер мемлекеттік
қызметші бұрынғы жұмыс орнында демалысын пайдаланбаған болса, жаңа жұмыс орнындағы ақы
төленетін жыл сайынғы демалысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімі
аяқталғанға дейін берілуі мүмкін.
жүзеге асырылады.
10 дәріс. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы
Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң отставкаға
шығуы және қызметтен босатылуы
Отставка дегенiмiз мемлекеттiк саяси қызметшiнiң тиiстi мемлекеттiк лауазымдағы
мiндеттерiн атқаруды тоқтатуы, ол оның жазбаша арызы негiзiнде жүзеге асырылады.
Отставканы мемлекеттiк саяси қызметшiнi осы лауазымға тағайындаған (сайлаған)
мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам қабылдайды немесе одан дәлелдi бас тартылады.
Отставканы қабылдау немесе одан бас тартылу туралы шешiм жазбаша арыз берiлген күннен
бастап бiр ай мерзiмде қабылданады. Саяси қызметшi отставкадан бас тартылған жағдайда
қызметтiк өкілеттiгiн атқаруды жалғастыруға тиiс және оның Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген тәртiппен қызметтен босауға құқығы бар.
Мемлекеттiк саяси қызметшiлер Конституцияда, осы Заңда және Қазақстан
Республикасының өзге де заңдарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша отставкаға
шығады.
Лауазымдық өкiлеттiгiн өрескел бұзу, мемлекеттiк қызметте болуға лайықсыз қылықтар
жасау мемлекеттiк саяси қызметшiнiң отставкаға шығуы үшiн негiз бола алмайды, қайта
жұмыстан босату үшiн негiз болады. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi қызметтен босатудың
негiздерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық жасағаны
үшін бұрын жұмыстан босатылған адамды жұмысқа қабылдау мемлекеттік саяси қызметшілердің
мемлекеттік қызметін тоқтатуға негіз болып табылады.
Осы Заңның 7-бабының 2-тармағында аталған лауазымды адамдар отставкаға шығу
құқығы бар лауазымды адамдар және отставкаға шығуға мiндеттi лауазымды адамдар болып
табылады.
Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң
мемлекеттiк қызметтi тоқтатуының негiздерi
1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн:
1) олардың өз тiлегi бойынша жұмыстан босату туралы арыз беруi;
1-1) тараптардың өзара келісуі бойынша еңбек шартын жасасу жолымен олардың
мемлекеттік қызметте болу мерзімін бір жылға ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы;
2) еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген
негiздер бойынша келiсiм-шарттың бұзылуы;
3) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған
мәлiмет беруi;
4) осы Заңда белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамауы;
5) меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға бермеуi;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;
7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы;
7-1) соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi;
7-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық
бұзушылық жасағаны үшін бұрын жұмыстан босатылған адамды жұмысқа қабылдауы;
8)
осы
Заңда
белгiленген
жағдайларды
қоспағанда,
мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымды конкурстан тыс атқаруы;
9) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздемелер негіз болып
табылады.
2. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi босатуды мемлекеттiк органның мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымға қабылдауға құқығы бар тиiстi лауазымды адамы Қазақстан Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзедi.
3. Қызметтен заңсыз босатылған жағдайда мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң уәкiлеттi
органға шағымдануға, сондай-ақ өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға
құқығы бар.
4. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң ауысуы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшілердiң
жаңадан тағайындалған мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң бастамасы бойынша атқарып отырған
лауазымдағы мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы үшiн негiз бола алмайды.
11 дәріс. Мемлекеттік қызмет туралы заңдарды бұзу үшін
жауаптылық
Мемлекеттiк қызметшiлердiң жауаптылығы
Мемлекеттiк қызметшiлердiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше
орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра
пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сондай-ақ осы Заңда белгiленген,
мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн мемлекеттiк қызметшiге
тәртiптiк жазалар:
1) ескерту;
2) сөгiс;
3) қатаң сөгiс;
4) қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту;
5) атқаратын қызметiнен босату қолданылуы мүмкiн.
Тәртiптiк жазаны:
1) лауазымдық өкiлеттiгiне сәйкес осындай құқығы бар адамдар қолданады;
2) жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңында өзгедей жауаптылық көзделген
әрекет үшiн қолдануға болмайды;
3) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленетiн тәртiппен
қолданады.
Тәртiптiк лайықсыз әрекетке жол берген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнi оны
тағайындаған басшы белгiленген тәртiппен жауаптылығы туралы мәселе шешiлгенге дейiн
лауазымдық мiндеттерiн атқарудан уақытша шеттетуi мүмкiн.
Мемлекеттiк қызметшi өз iс-әрекетiнiң заңсыздығы үшiн жауап бередi. Атқару үшiн
алынған өкiмнiң заңдылығына күмәнданған жағдайда бұл жөнiнде ол өзiнiң тiкелей басшысына
және өкiмдi берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиiс. Лауазымы бойынша жоғары
тұрған басшы аталған өкiмдi жазбаша растаған жағдайда мемлекеттiк қызметшi, егер оны орындау
қылмыстық жазалануға тиiс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, оны орындауға мiндеттi.
Мемлекеттiк қызметшiнiң заңсыз өкiмдi орындауының салдары үшiн осы өкiмдi растаған басшы
жауап бередi.
Мемлекеттiк қызметшiлер қылмыс және өзге де құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген негіздер мен тәртiп бойынша тиiсiнше
қылмыстық, әкiмшiлiк, материалдық жауапты болады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа
жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк жаза қолдану
мерзiмдерi
1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай
туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптік жаза терiс қылық анықталған күннен
бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап
бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.
2. Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, бiрақ
адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде,
тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған
күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылуы мүмкiн.
12 дәріс. Мемлекеттік басқару органдары
Құрылысты мемлекеттік басқару органдары
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасы
мемлекеттік органдар жүйесі реформалаудың кезекті шаралары» атты Жарлығымен Қазақстан
Республикасы аумағындағы тұрғын үй, құрылыс министрлігі таратылып, оның функциялары,
мүлкін басқару өкілеттіктері мен қызметі экономика және сауда министрлігіне берілген болатын,
оның ішінде оның құрамына кіретін құрылыс және архитектура қала құрылысын басқару
агенттігіне берілді. Бұл Агенттік – құрылыс аумағы бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге
асыруды қамтамасыз ететін атқару билігінің республикалық органы болып табылады.
Агентттік тұрғын үй құрылысы аясында мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен қатар:
1. Архитектура - қала құрылысы қызметіне болжамдар және ғылыми зерттеулер жүргізу мен
мемлекеттік бағдарламаларды талқылау мен жүзеге асыруды ұйымдастырады.
2. Архитектура - қала құрылысы қызметі аясына қатысты жұмыстарын жүргізетін
мемлекеттік лицензияларды береді, тоқтатады немесе олардың күшін жояды.
3. Қазақстан Республикасы аумағы (территориясы) бойынша қала құрылыс қадастрын
жүргізеді.
4. Архитектура және қала құрылысы жергілікті органдардың өкілеттілігін анықтайды.
Заңдарда қарастырылған басқа да әрекеттерді атқарады.
1. Архитектура - қала құрылысы тұрғын үй саясаты және коммуналдық шаруашылықтары
бойынша заңдарды талқылауға қатысады, басқа да заң актілерін және заңға тәуелді
нормативтік актілерді қабылдауға ат салысады.
2. өз құзіреті бойынша заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді шығарады.
3. Қазақстан Республикасы құрылыс саласындағы техникалық нормалар жөніндегі барлық
субъектілердің жұмысын үйлестіру.
13 дәріс. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің санаттарына біліктілік талаптары
1) C-O-3 санаты үшін:
білімі - жоғары кәсіптік (заңгерлік);
мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, не мемлекеттік органдарда басшылық
немесе өзге лауазымдарда бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің, не осы санаттағы нақты
лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда үш жылдан кем емес, оның ішінде
бір жылдан кем емес басшылық лауазымдарда жұмыс өтілінің бар болуы, не мемлекеттік
тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттік
бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау
жөнiндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды (бакалавриат)
аяқтауы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік
қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы",
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005
жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
қызметшілерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi), осы
санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі
даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде
мемлекеттік тілді білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті
басқа да міндетті білімдер;
2) C-O-4 санаты үшін:
білімі - жоғары кәсіптік (заңгерлік);
мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымның
функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы, не
мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау және қайта даярлаудың
мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде
кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша
оқуды (бакалавриат) аяқтауы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік
қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң
қызмет этикасы ережелерi), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес
облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық
міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті
басқа да міндетті білімдер;
3) C-O-5 санаты үшін:
білімі - жоғары кәсіптік (заңгерлік). Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе
осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем
емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік
қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң
қызмет этикасы ережелерi), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес
облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық
міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті
басқа да міндетті білімдер;
4) C-O-6 санаты үшін:
білімі – жоғары (заңгерлік) немесе орта кәсіптік (заңгерлік).
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік
қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын, Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң
қызмет этикасы ережелерi), осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес
облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық
актілерін, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық
міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі.
14 дәріс. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшiлерiнiң АР-НАМЫС КОДЕКСІ
(Мемлекеттiк қызметшілердің қызмет этикасы ережелері)
Мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып
табылады және мемлекеттiк қызметшiлердің адамгершілiгiне және моральдық-этикалық бейнесiне
жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметшi өзiнiң барлық күш-жiгерiн, бiлiмi мен тәжiрибесiн атқаратын
кәсiби қызметiне жұмсайды, өзiнiң Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет
етедi деп сенiм бiлдiредi.
Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнің осы ар-намыс кодексi (Мемлекеттiк
қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) (бұдан әрi - Кодекс) "Мемлекеттiк қызмет туралы"
1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес туралы" 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы
қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
қызметшiлерi мiнез-құлқының негiзгi стандарттарын белгiлейдi.
Мемлекеттiк органдардың басшылары осы Кодекстiң мәтінiн мемлекеттік органдардың
ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерге орналастыруды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |