мүмкінік береді. Телефон станциясындағы дәл сондай жиілікті айырым абоненттік
сымның басқа жағында жоғары және төменгіжиілікті сигналдарды бөледі.
Дыбысты сигнал телефонды желіге, ал цифрлы сигнал DSLAM (Digital Subscriber
Line Access Multiplexer) қатынас мультиплексоріне бағытталады. Бұдан провайдер желісі
арқылы Интернетке өтеді.
Қатынас мультиплексоры – барлық DSL-абоненттерін бір жоғарыжылдамдықты желіге
қосатын, телефон компаниясының ғимаратында орнатылған механизм.
ADSL – экономды технология. Қарапайым жағдайда аналогты өткізу қабілеті бар бөлінген
арнаға қарағанда, желі пайдаланушығ арзан түседі.
ISDN-технологиясы
Бөлінген телефонды желі – екі абонентті үнемі қосатын телефонды байланыс желісі.
Бөлінген желінің едәуір таралған технологиясы болып ISDN (Integrated Services Digital
Network) табылады. ISDN – ақпаратты жіберудің цифрлы түрінің стандарты. ISDN-
желісінің негізгі компоненті - 64 Кбит/с өткізу қабілеттілігі бар бірбағытталған bearer-
арнасы немесе В-арна. Бұл арнамен цифрлы ақпарат жіберіле алады. Өткізу жолын
кеңейту үшін В-арналар екі-екіден топтасады да, арналар тобына ақпарат алмасуды
басқаратын D-арнасы (16 Кбит/с) қосылады. Ақпарат алмасу кәдімгі мыс сымның
көмегімен атқарылады. Модемнің орнына ISDN-адаптерді орнатқан пайдаланушылар 128
Кбит/с дейін баратын жылдамдықтағы Интернетке қол жеткізе алады.
ISDN-адаптерлерін кейде ISDN-модемдері деп атайды. Бұл терминді дұрыс деуге
болмайды, өйткені ISDN-адаптерлер модуляция және демодуляция функцияларын
атқармайды, ISDN-желісі алдынан-ақ цифрлы болып табылған. ISDN-арнасын телефон
компаниясы береді. ISDN-желісімен телефонмен сөйлесу және сол уақытта Интернетке
ақпарт жіберуге болады.
Төменде әртүрлі технологиялар бойынша Интернетке қатынасудың максималды
жылдамдықтары келтірілген.
Қатынасу технологиясы
Максималды жылдамдық
Коммутируемая телефонная линия
56 Кбит/с
ISDN
128 Кбит/с
Кабельді телевидение
36 Мбит/с
ADSL 2
1 Мбит/с (запрос), 10 Мбит/с (ответ)
2,4 ГГц диапзонындағы радиоарна
До 54 Мбит/с
Серікті қатынас
Жүйеге байланысты бірнеше Мбит/с
Т1
1,544 Мбит/с
ТЗ
44,74 Мбит/с
GSM-data
9,6 Кбит/с
GPRS
160 Кбит/с (теоретикалық максимум)
UMTS
2,048 Мбит/с
Бақылау сұрақтары:
1. DSL – технологиясымен ақпаратты жіберудің ерекшелігі неде?
2. ISDN– технологиясымен ақпаратты жіберудің ерекшелігі неде?
3. ADSL – технологиясымен ақпаратты жіберудің ерекшелігі неде?
4. ISDN және DSL технологияларын қолдану үшін қандай құрылғы қажет?
Дәріс 5.
Интернеттегі web серверлер. Web – сервер жұмысының механизмі. Статистикалық
және динамикалық беттер.
CGI технологиясы. Скриптер.
Браузердің адрестік жолындағы қажетті URLді теріп болған соң, браузер
пайдаланған протокол (HTTP) жөнінде мәлімет және сервер атын алады. Сервер атын IP-
адреске ауыстыру үшін браузер DNS серверіне- жүгінеді. Алынған IP- адрес негізінде
браузер ізделінді Web- сервермен байланыс орнатады және HTTP протоколын пайдалана
отырып ізделінді ресурсты сұрайды. Сервер браузерге серверде сақталатын HTML бетін
жібереді. Браузер HTML- тэгтерін оқу нәтижесінде сіздің компьютеріңіздің экранында бет
ашалады, одан сіз өз сұранысыңыздың нәтижесін көраласыз. Әдетте қарапайым Web
беттерде тек текст қана емес графиктерден де тұрады, яғни әр түрлі типтегі бірнеше
файлдан тұрады. Браузер ол файлдарды тану үшін, сервер қандай файлды (HTLM
форматындағы текст немесе JPG форматындағы графика және т.б) жіберу керек жөнінде
мәлемет береді содан соң файл мазмұны жіберіледі. Әдетте, Web беттер көптеген
файлдардан түрғанына қарамастан бір рет сұраныс уақытысынды Web сервер тек қана бір
файлды жібереді. Яғни, html текст алып одан графикалық элементке сілтеме тауып,
браузер серверге жаңа сұраныс жібереді ( html текст келген серверге ғана жіберу міндетті
емес). Әрбір жаңа файлды көшіріп алу үшін браузер жаңа HTTP сұранысын жіберу керек.
Бұнда қазіргі серверлермен браузерлер көп потокты режімде жұмыс істейтіндіктен бір
мезгілде бірнеше сұраныс орындалуы мүмкін. Егер берілген адресте сұранып отырған
ресурс жоқ болса онда Web сервер мұнандай мәлімет береді 404/File not found ( файл
табылмады).
Статистикалық және динамикалық беттер.
Статистикалық беттер Web сервер каталогында орналасқан файлдардың нақ копиясы
болып табылады және өңдеуші өзі онда бір нәрсені ауыстырмайынша өзгермейді.
Дегенмен беттер динамикалық түрде қалыптасады, яғни дискідегі дайын файлдан емес,
белгілі бір программада сұраныстың өңделу уақытында. Осындай беттердің
қалыптасуының бірнеше әдістері бар.
Тікелей Web серверде сұранысқа сәйкес қалыптастыру.
Web беттерді динамикалық қалыптастырудың мүмкіндігін жүзеге асыру үшін серверге
мынадай бағыт берілуі керек, қандай файлдар «кәдімгі» болады, ал қандайы оның
программалық өңделуіне нұсқаулары болады. Бұл жағдайда бетті сервердің өзі
құрастырады ( арнайы командалар көмегімен немесе ішкі бағдарлама). Беттердің
динамикалық қалыптастыратын командасы болатын программа мәтіні скрип деп аталады.
Тұтынушы компьютерінде қалыптастыру.
Бұл жағдайда программа мәтіні динамикалық web- парағын қалыптастыру үшін алдымен
тұтынушының локальдық компьютеріне беріледі, бұнда браузер web- парағын алу және
өңдеу үшін оған сәкес заттар шақыру керек. Динамикалық беттерді қалыптастыру үшін
бірнеше технологиялар бар.
CGI- технологиясы.
Біздің сұранысымызға сәйкес дайындалған динамикалық беттер «жылдам қалыптасты».
Мысалы кез-келген пікірлер кітабы сізге белгілі бір форманы көрсетеді бұнда сіз өз
мәтініңізді қосасыз, келесіде осы бетті ашсаңыз онда жаңа хабарлама тұрады. Web-
парағына динамикалық мазмұнды қосуға мүмкіндік жасайтын технологиялардың бірі CGI
(Comman Gateway Interface) болып табылады. Ол сол немесе басқа URL мен
статистикалық документі емес программаны түсінуге мүмкіндік жасайды нәтижесінде
нақты уақытта мәліметтер қалыптастырады. Мысалы егер сіз белгілі бір районда ауа
райынын дер кезіндегі мәліметінін бергіңіз келсе онда сіз әр бір ретте жаңа бетті
құруыңыз керек. Бұл CGI технологиясының негізінде жүзеге асыруы мүмкін. Серверде
жұмыс істеу бастағанда CGI программасы қосылады, ол цифрлы өлшеуіш құралына
айналып температура,қысым және т.б мәліметтер береді. Әр кезде осы адрестен мәлімет
алу үшін байланысқаныңызда сіз сол уақыттағы мәліметті аласыз. Басқа мысал: егер сіз
ізденіс жүйесінен белгілі мәлімет алғыңыз келсе онда CGI программасы жұмысының
нәтижесін ізделінді адрестер жыйынтығы түрінде аласыз.
CGI программасын нақты уақыттағы Web сервердің бір бөлігі ретінде қарастыруға
болады. Сервер тұтынушының сұрағын CGI программасына береді ол оларды өңдеп
жұмыс нәтижесін тұтынушы экранына қайтарып береді. Клиент үшін адресте URL