Дәріс тезистері 1 тақырып Биологияны оқыту әдістемесі ғылым және пән



жүктеу 1,26 Mb.
бет2/5
Дата06.01.2018
өлшемі1,26 Mb.
#7131
1   2   3   4   5

Әдебиеттер тізімі: 1, 27-45 бет Пысықтау сұрақтары:

1. Жаратылыс тарихын оқыту әдістемесі римдік қай ғұламаның атақты
еңбегінде айтылған?

  1. В. Ф. Зуев оқытудың қандай әдістемелік проблемаларын шешті?

  2. А. Любен өзінің әдістемесінде оқуда қандай мәселелерге көңіл аударуды
    ұсынады?

4. Ф. Бэконның ғылыми танымының әдіснамасындағы негізгі ой- пікірлері
қандай?

5. А. Я. Гердтің әдістемесінің негізгі қағидалары қандай?
3 такырып Биологияны оқыту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері Мақсаттар:

- биология оқыту әдістемесі курсының негізгі мақсаттары мен оқыту процесінің негізгі принциптеріне және курстың көпдеңгейлі проектілеуге назар аудары. таныстыру

- орта және жоғары мектептерінде оқытудың тарихи қалыптасқан әртүрлі түрлері мен типтерін үйрену

Жоспар:

1 Биологияны оқьту әдістемесінің мақсаттары мен міндеттері

2 Биологияны оқыту әдістемесінің оқыту процесінің негізгі принциптері

1 Биологиялық білім - өсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен, зор құндылық деп түсінуді қалыптастырады. Биологияны оқу -биосфераны қорғау адамзаттың тіршілік етуі ғана емес, бүкіл тіршіліктің (оның ішінде адам да бар) сақталуы және дамуы үшін аса қажет жағдай екенін сезінуге әсерін тигізеді.

Биология ғылымының дамуындағы негізгі көкейкесті қоғам мен табиғат арақатынасындағы проблемалар. Ол- тіршілікті баға жетпес құнды байлық деп түсінетін экологиялық және эволюциялық тұрғыда ойлау стилі қалыптасқан адам тәрбиелеу. Сондықтан осы жағдайға адамның белсенді рөлін рухани деңгейге шығару, мәдениет әлеміне көтеру арқылы жету керек.

2 Биология пәнінің басты міндеттерінің бірі оқушыларға материалистік көзқарас, дұрыс мәнді ғылыми дүниетаным қалыптастыру. Өйткені пәннің мазмұны тіршіліктің пайда болуы, дамуы және мәні заңдары негізінде берік моральды, өмірдің мәні мен мақсатын дұрыс түсінетін, әртүрлі зиянды

қылықтар мен әрекеттерге төзе алмайтын ұрпак тәрбиелеу. Тек биология курсы пәндерін оқыту арқылы ғана, дұрыс ұйымдастырылған нақты мақсатты сабақтар өткізу, сабақ әдістерін жетілдіру нәтижесінде адамның табиғаттағы рөлін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өмірлеріне салауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады.

Биологиялық білім берудің мақсатын, тіршілік турасындағы осы білімнің құрылымын және жекелеген пәндерге жіктелуін (ботаника, зоология т.б.), ғылыми білімге тұтастық пен жүйеліліктің не беретінін біліп алмай оны (биологиялық білімді) жетілдіру жолдарын іздестіру мүмкін емес. Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптастыру үшін теорияның, әдіснаманың, әлем бейнесінің байланыс жолдарын, олардың өзара әрекеттесуі формалары мен тәсілдерін білу маңызды.



Әдіснамалық негізсіз биологияны оқу пәні ретінде дербестегі мәселесін шешу мүмкін емес, және басқа білім салаларымен оның кіріктірілуі мен реттелуінің мақсатқа сәйкестілігі мен мүмкіндігі төмен.

Әдебиеттср тізімі: 1, 10-12 бет

Пысықтау сұрақтары:

1.Оқыту әдістемесінің философиямен, психологиямен және дидактикамен байланысын түсіндіріңіз.

2. Ғылым ретінде биологияны оқыту әдістемесі зерттеудің қандай әдістерін пайдаланады?

3.Биология ғылымы мен мектеп биология пәнінің арасындағы айырмашылықтың негізін қалай түсіндіруге болады?

4. Оқыту әдістемесі қандай сұрақтарға жауап береді?
4 тақырып Мектепте биологиялық білім берудің ғылыми тұжырымдамасы

Мақсаттар:

- орта мектепте биологиялық білім мазмұнының негіздерімен таныстыру

- 12 жылдық мектебінде биологияның оқыту мақсаттарын және биологиялық
білімінің компоненттерін зерттеу

Жоспар:


  1. Биология мәдениет жүйесінде

  2. Биология және әлемнің ғылыми бейнесі

1 Биологиялық білім берудің құрылымы мен мазмұны әдіснамалық мақсат әсерінен, биология ғылымының құрылымынан және оның негізгі мен қолданбалық байланысын түсінуден, оқушылардың қызығушылығы мен элеуметтік тапсырыс әсерінен құралады. Әлеуметтік тапсырыс - ғылым мен мәдениет әлемінде, мемлекеттік және қоғамдык өмірдің әртүрлі салаларында, дене және ой еңбегіне қабілетті, білімді, саналы адамдар тәрбиелеу.

Осы уақытқа дейін қалыптасқан биологиялық білім беру негізінен дайын, білім игеру мен қолдануға бағытталған. Осындай тұрғыда болған білім беру тек



■ ■ .

Пысықтау сұрақтары:

  1. «Ғылым мәдениет жүйесінде» нобайын жүзеге асыруда биология пәнінің рөлі
    қандай?

  2. Өркениетті бейнелеуге бағытталған биологиялық білім берудің,
    тоқырауына қандай мысалдар келтіре аласың?

  3. Биологиялық білім беруді мәдениетке қайта бағыттаудағы басты ұстаным
    қандай болуы тиіс?


5тақырып Орта мектепте биология пәніндегі басты ұғымдар Мақсаттар;

- биологияның ғылыми түсініктері жүйесімен, олардың рөлімен және дамуының негізгі кезеңдерімен таныстыру

Жоспар:

  1. Теориялық және эмпирикалық ұғымдар

  2. Ұғымдарды дамыту теориясы

  3. Ұғымдарды дамыту әдістемесі

1 Ұғым – заттардың жалпы елеулі белгілері, нақты әлемнің құбылыстар көрінетін адамның ойлауының формасы. Ұғымдарды игеру, есте сақтау мен ойлаудың әртүрлі операцияларын қосады. Адам үғымдармен ойлайды. Олар адамға дүниені тануда көмектеседі. Ұғымдармен іс қылу оқушылардың ақыл есінің, дамуын ынталандырады, оларды ойлауға үйретеді, ізденісте болуға басқа жағдаятта жаңа ұғымдарды ашуда жігерлендіреді. Сондықтан дамытушы және тәрбиелей отырып оқыту жүйесінде ұғымдарды қалыптастыру мәселесі басты мәселелердің бірі.

Ұғым - білімнің жинақталған (негізделген, қорытылған) түрі және сонымен қатар биологияны меңгеру үрдісінде оқушылардың ойлау формасы.

Жекелеген деректерді, сыртқы белгілерді және қасиеттерді жазып алу оларды қорыту және жіктеу эмпирикалық ұғымдарға әкеледі, оның жай түсініктен айырмашылығы шамалы. Бұл деректі жазып алатын білім, ол тек құбылыстардың сипаттауын ғана береді, олардың мәнін ашпайды. Таным тарихында бұл білімдер мен практика бірте-бірте теориялық ұғым (білім) құрылатын қор болды.

Мектептегі биологиялық білім беруде әдетте барлық білім эмпирикалық ұғым қатарына шығарылады.

Ұғымды игеру дегеніміз- білмеуден білімге өтумен аяқталатынғылыми танымдық үрдіс. Бұл үрдіс бірқатар кезеңдерден өтеді. Танымның философиялық теориясы осы үрдістің әдіснамалық негізі ретінде білінеді, және оны былай сипаттайды: пайымдаудан абстрактылық ойлауға, одан практакаға міне, нақты шындықты тану жолы осындай.

Биологиялық теориялық ұғымдар. Биология пән ретінде логикалық ретпен дамитын және өзара байланыста болатын ұғымдар жүйесі болып есептеледі. Теориялық үғымдарды қалыптастыру кезеңдері мынадай: алғашқы тұтастық


абстракцияның құрылуы («жасушаның») - оның байланыстарын үзбей бақылау оларды абстрактылық анықтамаларда көрсету анықтамалар синтезі. Ұғым, сөйтіп теория сияқты болады. Сондықтан оның дамуы теориялардың алмасуы барысында жүзеге асады, өйткені оның мәнін (ұғымның) теория ашады. Мысалы, ген ұғымы әуелі абстракция (тұқым қуалау бірлігі) сияқты калыптасады, сонан соң хромосомалық теория деңгейінде нақтыланып содан әрі гендік деңгейге дейін дамиды.

Ұғымдарды дамыту дегеніміз - шын мәнінде білімді бірте-бірте толықтыру мәселесін береді, олай болса оқытудың қандай да бір кезеңінде оқу пәніндегі ұғым мазмұнын кеңейтеді, тереңдетеді. Биологиялық ұғымдарды дамыту қарапайымнан күрделіге карай немесе нақтыдан талданып қорытылғанға абстрактлыққа карай жүруі мүмкін.

Ұғымды дамыту - оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің жалпы үрдісінің негізгі қозғаушы күші. Ұғымның пайда болуы оқушылардың ойлануының дамуына негізделеді. Биология оқу пәні ретінде, логикалық ретпен дамып отыратын және өзара байланыста болатын ұғымдар жүйесі болып табылады.

Бұл ұғымдар қарапайым және күрделі, арнайы және жалпыбиологиялық болуы мүмкін.

Жалпыбиологиялыққа биологиялық заңдылықтар жөніндегі үғымдар: ағзалардың жасушалық құрылысы, мүшелердің формасы мен функциясының байланысы, ағзалардағы зат және энергия айналымы, өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі тудыруы (екі еселенуі), көбею, органикалық дүниенің дамуы т.б.

Оқыту міндеттері - ұғымдарды жоспарды тудыру мен оны дамыту болып есептеледі. Ұғымдардың көпшілік бөлігінің дамуы бағдарлама мазмұнына, тақырыптардың логикалық тізбектестігіне байланысты сиякты. Мысалы, жасуша құрылысы өсімдіктер, жануарлар, адам және жалпыбиологиялық тақырыптарда оқылады. Дегенмен осы өткен жылдарда анықталғандай осы ұғымның дамытылып жылжуында біраз ақтаңдақтар бар.



Мұғалім ұғымды жетілдірудің барлық жолдарын, оның бір-біріне араласуы, қосылуы жағдайларын білуі керек. Жалпыбиологиялық басты ұғымдарды ажыратып, олардың тақырыптан тақырыпқа, курстан курсқа қарай жылжуынүрделенуін) бақылап отырған дұрыс.

Мысалы, жасуша туралы ұғым, алтыншы сыныптың оқу курсының барлық тақырыптары арқылы өтеді. Жасуша жөніндегі тақырыптарда оқушылар жапырақтың қарапайым құрылысымен танысып, жекелеген ұлпалар жөнінде мағлұматтар алады. «Жемістер» және «Тұқым» тақырыптарында олардың түрлерімен, құрылыстарымен танысып қарапайым түсініктер алады. «Тамыр» тақырыбында құрылысы мен суды сору қызметі жөнінде мағлұмат алады, «Жапырақ» тақырыбында оның ішкі және сыртқы құрылысы жөнінде түсініктермен қаруланады.

Осы сыныпта берілетін зат алмасу «Фотосинтез», «Жапырақтың суда буландыруы» және «Өсімдіктердің тыныс алуы» деген тақырыптар күрделі де маңызды зат алмасу үғымы жөнінде мағлұмат береді, бұл тіршілігі әрекеттерімен және тіршілік жағдайларымен байланысты болғандықтан ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Осы жердегі ұстаздың міндеті ұғымдарды

дамытуда жалпы есімдіктерде қандай үрдістер жүретіндігі және оларды байланысының қандай жағдайларын түсіндіру.

Нәтижесінде оқушылар осы үрдістер мен тіршілік жағдайлар арасындағы байланысты жасай алулары керек.

Үғымның дамуына себін тигізетін: оқу материалын баяндау (беру логикасы; қорытындылауды талап ететін мәселелерді қою; анықтау, салыстыру, жіктеу сияқты қабілеттерді жаттықтыру; ескі білімді жаңамен байланыстыратын қайталау жүйесі, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар сұрақтар беру. Әдебиеттер тізімі: 1, 80-92 бет

Пысықтау сұрақтары:

  1. Ұғым дегеніміз не және оқытудың рөлі қандай?

  2. Теориялық ұғымдардың эмпирикалық ұғымдардан айырмашылығы неде?

  3. Күрделі ұғымның қарапайым үғымнан қандай айырмашылығы бар?

  4. Ұғымдарды дамыту дегеніміз не?

  5. Биологиялық ұғымдарды дамытуда ұстаздан қандай қабілеттер талап етіледі?


6 тақырып Оқушыларға тәрбие берудегі биология пәнінің басты

бағыттары

Мақсаттар:

- тәрбиелеп оқытудың жүйесімен оның мәні, маңызы, түрлерімен таныстыру,

- биология оқытуында тәрбиенің әртүрлі элементтерінің жүзеге асу үшін пәннің
спецификалық мүмкіншіліктерін пайдалануға үйрету,


Жоспар:

1 Мектептегі биология курсы жәнс тәрбие

2 Дүниетанымды қалыптастырудағы тәрбие

3 Адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық тәрбие және биоэтика

4 Экологиялық және патриоттық тәрбие

5 Дене тәрбиесі. Гигиена және салауаттылық

1 Тәрбие дегеніміз - жанүниенің байлығы, рухани байлық, ал тәрбиелеу -мақсатты бағытталған жан-дүниені байыту үрдісі (педагогикалық үрдіс). Адамды қоршаған дүние – табиғат әлемі, мәдениет әлемі оның жан дүниесінің байлығы, осы «байлықты аяқ асты ету» көпшілік пенденің қолынан келетін «өнер», ал оны бар болмысымен сезіну, онымен қауышу - жоғары дәрежедегі өнер, рухани құндылық деп ойлаймыз.

Тәрбиенің мақсаты - әртүрлі арнайы тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды, тәрбиеші күткен өзгерістерге жету. Ал тәрбиенің нәтижесі - әлемге, қоғамға жәнс өз-өзіне деген қатынастар жүйесіндегі адамның тұлғалық өзгерістері.



Орта мектептердегі биологиялық білім берудің маңызды міндеттерінің бірі оқушыларды өмірге дайындау, еңбекке, кәсіп (мамандық) таңдауға дайындау.

Еңбек тәрбиесінің проблемаларын әдіснамалық - тұғырнамалы негізде



шешкен орынды. Осы негізде еңбектің абиотикалық және биотикалық тұғырнамасы маңызды.

Биотикалык еңбек биологиялық үрдістерді ұдайы өндіруді қамтамасыз етеді, біздің планетамызда тіршіліктің пайда болып және нығаюына әсерін тигізеді.

Абиотикалык еңбектің негізінде адамды табиғатқа қарсы қою, оны бағындыру, еңбек сферасына тартылатын биологиялық жүйелер ерекшеліктерін (спецификасын) ескермеу жатыр. Осы еңбек сферасында (аясында) табиғат адамға қарсы әсер етеді. Бұл жағдайға қазіргі таңдағы жер-жерлерде күтпеген табиғат апаттарының болып жатқандығы айқын дәлел бола алады.

Биологияны оқытудағы аса маңызды міндет- ғылыми дүниетанымды қалыптастыру. Дүниетаным - әлемге және адамға деген жалпы көзқарастардың, адам мен әлем (дүние) қарым-қатынасына деген жалпы көзқарастардың жүйесі.

2 Дүниетаным жеке тұлғаның өмірлік бағдарламасын, арман-мұраттары


мен сенімдерін, мүдделері мен құндылықтарын анықтайды. Айналып келгенде

ол (дүниетаным) адамдардың жүріс-тұрыс бағытын қамтамыз етеді. А. Швей, «Дүниетанымсыз өмір - жоғарғы сезімді бағыт-бағдардың пагологиялі әлем бейнесін береді.

Дүниетану пәнін оқығаннан бастап балалар табиғат құбылыстарының өзара байланысын олардың пайда болу және даму себептерін түсініп биологияны оқыған кезден бастап табиғатта болып жатқан өзгерістердің дамудың себептерін бірте-бірте ұғына бастайды, табиғат заңдарың меңгеру арқылы өсімдіктер мен жан-жануарлар ағзаларының дамуындағы эволюциялық заңдылықтарды түсініп, табиғатта адамның өзі кейіннен пайда болғанын, оны да табиғаттың перзенті екендігін түйсіне бастайды.

Дүниетанымның теориялық ядросы – философия. Философиялық білімнің



жүйесі төрт топтық (төрт топқа жататын ) проблемалардан тұрады. «философиялық квадрат» - болмыс жөніндегі ілім; таным жөніндегі ілім; практика жөніндегі ілім; құндылықтар жөніндегі ілім.) Дүниетанымның негізі ретінде философияның барлық қырлары (жайлары), салалары бір-бірімен тығыз байланыста және бір-біріне кірігіп жатады.

3 Адамгершілік - ол адмның қадірлілік жағын және құқын сыйлау, тұлғаны;


сөзсіз құндылығын сыйлау, сонымен қатар адамдардың игілігі жөнінде сияқты

саналы көзқарастар жиынтығы, тұлға ретінде әр адамның мәнін тереңдігін көрсетеді. Адамгершілік ұғымы адамға деген құндылық жинакталған барлық түрін береді. Сонымен қатар қазіргі кезде, адамгершілік жөніндегі дәстүрлі ұғым табиғи құрамдаспен кеңейтілуде. Сондықтан «адамгершілік» сөзі тек «адам- адам» қарым- қатынасында ғана емес, «адам табиғат» қарым-қатынасында да қолданылады.

Өсіп келе жатқан жас жеткіншектерде адамгершілік көзқарастар дамыту өзінің ішкі дүниесін сезіну, сонымен қатар адам құндылығындағы оның әлеуметтік және биологиялық табиғатының бірлігін сезіну маңызды болып табылады. Бұл тұлғаның мәдениетіне және руханилылығына тікелей қатысты. Материалистік тұрғыдағыға қарағанда руханилық - ерекше, материалдық және, қоғамдық -тарихи практикасының жоғарғы жетістігі.

Қазіргі кезде руханилық түсінігі адамгершілік сияқты табиғи-әлеуметтік

қатынастармен тығыз байланыста қарастырылады.

4 Экологиялық тәрбие коғам мен табиғат ара катынасындағы қарама
қайшылықтың асқынуы экологиялық проблемалардың әлеуметті
экономикалық, жаратылыстану- ғылымилылық, техникалық, медициналық
құқықтық және адамгершілік салаларын қамтитын комплекстік экологияның
дамуына себін тигізді.

- Педагогикалық теория мен мектеп практикасының оқушылары экологиялық білім және тәрбие беру мәселесіне байланысты жаңа бағыт пайда болды. Оның мақсаты - оқушылар санасынан табиғатты түгел тұтынушылық мақсатта карауды ығыстырып, саналы қарауға тәрбиелеу, табиғи ортаны сақтау қажеттілігіне, шығармашылық жасампаздық кажеіттілігіне көздерін жеткізу.

Экологиялық білімнің кешенді сипаты білім жүйесіндегі оның орнын және, мақсатын айқындайды, мсктептегі оқыту мен тәрбиелеудің барлық салалары мен қырларын қозғайды. Экологиялық білім беру мен тәрбиенің мазмұны барлық пән арқылы жүзеге асырылады және табиғаттың біртұтастығы мен дамуы, табиғат пен қоғам тарихының өзара байланысы; еңбек үрдісі кезінде табиғаттың өзгеруі; ортаның адам денсаулығына әсері; табиғат жеке тұлғаны өнегелік-әсемдік дамуының қозғаушысы; «табиғат - қоғам - адам» жүйесін әсер етуді ұтымды ету сияқты ғылыми ой-пікірлер жүйесіне негізделеді.

Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу міндеттерін шешуде мына сияқты

түпкі негіздерге сүйену қажет: табиғи ортаны оқып үйрену мен оны жақсарту мақсатындағы оқыту үрдісі кезінде таным мен практикалық әрекеттердің бірлігін қамтамасыз ету; табиғат, адам және қоғамның өзара әрекеттесуі жөніндегі ғылыми білімдердің кіріктірілуі қажет; жергілікті және ауқымды экологиялық жағының қосымша, толықтыру тұрғыда екендігіне.

5 Биологияны оқытуда теорияның практикамен байланысының бір бағыты -


салауатты өмір салтын калыптастыру, ол әрбір жеке индивидтің өзінің

ағзасының қалыпты өмір сүруін қолдауды үйрететін мәдениеттің сол құрам бөлігін меңгеруі.

Салауатты өмір салты - ол оқушының және мәдениетінің, гигиеналық сауаттылығының және адамгершілігінің, имандылық пен руханилылығының, тіпті жыныс тәрбиесінің дұрыс жолға қойылуына бастайтын барлық тәрбие салаларының тоғысқан бірден-бір маңызды құрам бөлігі.



Әрбір оқушының денінің саулығы - оның дұрыс білім алып, үлгілі тәрбиелі болуының кепілі. Жеке тұлғаның білім игерудегі белсенділігі, шығармашылық әлеуеті оның денсаулығы мен қоршаған орта жағдайына (биосфера денсаулығына) тікелей байланысты екенін ғалымдар зерттеп дәлелдеген. Бұл статистиктердің адам денсаулығының, өлімінің (аз жасаудың) табиғаттағы деградациямен байланысты деген керсеткіштерімен сәйкес келеді. Олай болса денсаулық төмендеген жағдайда адамның білім игеру қабілеті, белсенділігі төмендейді.

Әртүрлі дене және психикалық кемшіліктері бар адамдар саны кобейетін болса, мемлекетіміз өркениетті дамуда әлем көшіне ілесе алмай қалуы мүмкін.



Себебі еліміз алдыңғы қатарлы мемлекеттер деңгейінде тек қана дені сау қабілеттілігі жоғары адамдар көптеп болса ғана көріне алады. Өйткені дені сау ұрпақ - білімді, тәрбиелі, ал тәрбиелі, білімді адам - интеллекті жоғары қоғамымыздың қайраткері.

жүктеу 1,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау