Дәріс тезистері 1 тақырып Биологияны оқыту әдістемесі ғылым және пән



жүктеу 1,26 Mb.
бет4/5
Дата06.01.2018
өлшемі1,26 Mb.
#7131
1   2   3   4   5

Пысықтау сұрақтары:

1. Оқушылар жетістігін тексерудің кандай маңызы бар?

2. Сіз білім тексерудің қандай түрлерін білесіз?

3. Биологиядан оқушылардың білімін тексерудің ағымдық бакылау түрі қандай?

4. Мерзімдік бакылаудың кандай түрін білесіз?

5. Алдын ала тексеру мен қорытынды тексерудің рөлі қандай?

9 тақырып Биологиядан оку-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары. Биология сабақтарының ерекшеліктері

Мақсаттар:

  • экскурсияны өткізу әдістемесімен, оның білімдік және тәрбиелік маңызымен
    таныстыру

  • экскурсия өткізу жоспарларын құрастыруға үйрету
    Жоспар:




  1. Биологияны оқыту формалары жүйесіне жалпы сипаттама

  2. Биология сабақтарында оку-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру түрлері

1 Оқыту -оқу материалдарының белгілі мазмұнымен жұмыс істеуде оны меңгеру мақсатында және таным әрекетінің тәсілдерін меңгеру мақсатындағы оқушы мен мүғалім арасындағы қарым-қатынас үрдісі. Оқыту үрдісін жүзеге асыру үшін, оны ұйымдастыру керек.

Оқушылармен белгілі білім жүйесін және біліктілікті игеру үрдісі, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқыту үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады.

Белгілі дәрежедегі білім жүйесі мен біліктілікті игеру, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту оқу үрдісін ұйымдастырудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады. Биологияны оқыту әдістемесінде көп түрлі формалар қалыптасқан: сабақтар және онымен байланысты міндетті түрдегі танымжорықтар, үй жұмыстары, сабақтан тыс жұмыстар және міндетті емес сыныптан тыс сабақтар (жекелеген, топтық немесе үйірмелік және жаппай). Осылардың барлығы бірге орта мектепте биологияны оқыту формаларының жүйесін береді, осыларды байланыстыратын негізгі бөлшегі болып, оқытудың негізгі формасы - сабақ тұрады.



Биологияны оқытудың теориясы мен практикасында оқушылар еңбегімен байланысты оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру формаларының әр түрлерін қолдану қажеттілігі негізделген.

Осы уакытқа дейін сыныптағы сабақ - оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы екенін айттық, өйткені пәндерден берілетін материалдардың көбі осы сабақтар түрінде өтеді. Биологиядан және экологиядая берілетін білім жүйесі мен біліктілікті игеру үшін оқытудың басқа да формаларының маңызы зор.

2 Оқу-тәрбие міндеттерін шешу оқушылардың танымдық әрекетін дұрыс ұйымдастыруды талап етеді, ол таным әрекетін белсендіру деген сөз.

Таным әрекетін белсендіру - бағытталған педагогтық іс-әрекет. Мұнда мұғалім оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға жан-жақты әсер етуі қажет. Ол балалардың талпынысын, жігерін туғызып, оқуға жағымды қарым-қатынас қалыптастыру сияқты белсендіру құралы.

Сабақта мүғалімнің жетекші рөлі оқу бағдарламасында көрсетілген оқыту

мазмұнын-меңгеруге бағытталған оқушылардың дербес әрекеттері арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Ұстаздың міндеті: оқушы әрекетін жоспарлау, ұйымдастыру және өзі делдал ретінде көмектесіп осы әрекетті бағыттау. Сөйтіп балаларды оқи білуге үйрету арқылы бірте-бірте саналы және дербес түрде

білім-білік игеруге қалыптастыру болып табылады. Ұстаз шеберлігінің мәні оқушының оқу материалының «алдынан шығуы» кезінде және және оқушымен оку мазмұны арасындағы жемісті таныстық мезгілінде оңтайлы делдал болуында.

Оқушылардың топтық, жалпысыныптық, жекелеген жұмыстарын ұйымдастыру. Оқу-тәрбие міндеттерін шешу оқушылардың таным әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Оқьпу шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал ететін, қызығушылығын дамытатын, ұжымды ұйымшыл ететін, жеке тұлғаның өзін танытуына ықпал ететін оқушылардың ұжымдық әрекетінің негізінде құрылады. Оқытудың ұжымдық сипаты оқушылардың жекелеген мүмкіндіктерін ескеруді талап ететін жіктелген ыңғайлы қарастырады. Сынып тобы шегінде жіктеп оқытуды жүзеге асыруға оқушылардың жұмыс әрекетін ұйымдастырудың, жекелей, топтық және жалпысыныптық түрлерін жүргізу жолдары ықпал етеді. Жалпысыныптық және топтық әрекетті ұжымдық жұмыс түріне жатқызады, өйткені осы кезде оқушылар бірге жұмыс істеудің ортақ мақсатын сезініп, өзара жұмыстарды бөлісіп, жауапкершілікті сезініп топтың әрекетін өздері бақылап отырады.

Биологияны және экологияны оқытуда тегіс қамтитын, жалпысыныптық жұмыс түрі (фронталдық) жиі қолданылады, өйткені мұғалімнің басқаруымен барлық сынып ортақ тапсырманы шешуде жұмыс атқарады. Бұл кезде, әрине, жұмыс барысы кезеңдерге жіктеледі. Жұмыстың бір кезеңі аяқталған соң, барлық оқушылар келесіге көшеді. ал мұғалім олардың әрекетін бақылайды.

Жалпысыныптық жұмыс үрдісі кезінде әрбір оқушы тұтас ұжымның бір мүшесі ретінде еңбек етеді, өйткені әркімнің жұмыс қарқыны мен пәрменділігінен барлық сыныптың тапсырманы орындау сәттілігі байланысты болады.

Жалпысыныптық жұмыс әртүрлі дидактикалық мақсаттар үшін
пайдаланылады: жаңа материалды оқу үшін, білім тексеру барысында, оны
бекітуде. Сонымен жалпысыныптық жұмыс өсімдіктер мен жануарлар
систематикасынан, цитологиялық, гистологиялық, анатомиялық-морфологиялық оқу материалынан микропрепараттар даярлау мен оларды көру кездерінде жүргізіледі.

Әдебиеттер тізімі: 1, 171-177 бет

Пысықтау сұрақтары:

1Биология сабағының негізгі кезеңдерін атаңыз?

2Неге сабақ - оқытудың негізгі формасы деп есептеледі?
10 такырып Пәнді оқыту

Мақсаттар:

- кластан тыс жұмыстардың формалары және түрлері туралы білімдерді бекіту,

ауызша журнал өткізу сценарийін құрастыруға үйрету

Жоспар:


  1. Оқыту құралдарының жүйесі

  2. Биологиядан көрнекі құралдар, олардың түрлері және жүйесі

1 Оқыту құралдары - оқыту міндеттері мен мақсаттарына сәйкес оқыту әрекетінің пәрменділігінің көтерілуіне әсер ететін әртүрлі заттар, кұбылыстар деректер және оқытушы бағдарламалар. Осы себепті оқыту құралдарының негізгі үш түрін бөліп қарастыруға болады: табиғи (натуралды) нысандар мен үрдістер, нақты нысандар мен үрдістерді алмастырушы көрнекі (суретті) белгілер, сөздік немесе вербальды құралдар.

Осындай үш түрге бөлу таным теориясы тұжырымдамасына және ойлаудың

даму сатыларына сәйкес. Алғашқы кезеңде нақты нысандармен, нақтылы жағдайда тікелей практикалық әрекет жасау жүретін көрнекілік, әрекеттік, практикалық ойлау, жетекші болып саналады. Екінші кезең оқушылар тәжірибелерімен жинакталған, нақты заттармен емес, түсініктер мен қабылдаулардың бейнелі түйсінуі арқылы міндеттерді шешу жүзеге асырылатын кернекі-бейнелі ойлау . Үшінші, жоғарғы кезеңде ойлау әрекетінің жетекші рөлі болып абстракциялық-теормиялык ойлау есептеледі.

Оқытудың барлық құралдары оқу танымдық әрекетті ұйымдастырудың және

биология мазмұнының басқаша көрсетілуін береді.



Табиғи немесе нақты нысандар - оқушылар тікелей сабақ үстінде немесе топсеруендер кезінде пайдаланатын және карым-қатынаста болатын микропрепараттар, тірі немесе сақталынған ағзалар, кіші немесе үлкен және ағзадан жоғарғы биологиялық жүйелер (орман, көл, т.б.). Оқылатын нысандардың нақты қасиеттері тек қана көру арқылы ғана емес, иіс сезім, есту және сипап сезу мүшелерімен де қабылдана алады.

Нақты нысандар мен үрдістерді алмастырушы көрнекі (суретті) белгілерге


сурет салынған кестелер мысалға, жасуша құрылысы, ағзалар, экожүйелер,
заттар айналымы жөніндегі суреттер жатады. Осыған сызбанұскалар, фотосуреттер үрдістер мен нысандардың материалданған нобайлары, мысалы, ДНК нобайы, жүрек жобасының нобайы, қазба жануарлардың қақпішіндері жатады. Көрнекіліктің ерекше тобы болып компьютерлік мультимедиялық (көпканалдық) оқыту құралдары есептеледі.

Сөздік немесе вербальды құралдар - олар кітаптар, оның ішінде оқулық, мұғалімнің сөзі, кино немесе теле көрсетілімдерді түсіндіретін дикторлық мәтін, компьютермен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдар (бейнекадрлар, нобайлар, жетістікті тексеруге және бақылауға арналған бағдарламалар), тестілер және жұмыс дәптерлері.



Биологияны оқытудағы көрнекі құралдардың маңызы ерекше, өйткені тірі табиғатты кандай да бір көрнекіліксіз оқыту аса қиын. Биологияны оқытуда көрнекі құралдарды олардың сипатына және маңызына карай екі топқа бөлуге болады: негізгі және көмекші. Негізгілердің ішінде нақты (табиғи), суретті және сөздік құралдар, ал көмекші құралдар ішінде - оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ) және зертханыде - оқытудың техникалыкалық құралдар (ЗҚ).

Өз кезегінде, биология сабағында пайдаланылатын табиғи көрнекі құралдар тірі және тірі емес немесе препаратталған болып екіге бөлінеді. Суретті құралдарды салынған (жазыкы) және көлемді деп екіге бөледі. Табиғи құралдар. Табиғи көрнекі құралдар болып арнайы таңдап алынған өсімдіктер

(бөлме өсімдіктері, оқу-тәжірибе алаңынан немесе танымжорықтан әкелінген), тірі табиғат мүйісіндегі аквариумдегі, инсектариидегі, террариумдегі және тордағы жануарлар саналады.

Табиғи препаратталғандарға гербарийлер, ылғалды препараттар, микропрепараттар, коллекциялар, омыртқалы жануарлардың қаңкалары мен олардың бөлшектері, тұлыптар, практикалық жұмыстарға арналған таратпа материалдар жатады.

Таратпа материалдар ретіндегі көрсетілетін тірі өсімдіктер жануарларды алдын ала дайындап алган дұрыс. Бұл нысандарды таңдап бағдарламаға, жергілікті жағдайға және табиғатты қорғау талаптарына байланысты болады. Табиғатта нысандарды жинағаннан басқа, мысалы өсімдіктерді, таратпа материалдар дайындау үшіп оқу-тәжірибе алаңында арнайы себуге болады, ал оку-тәжірибе алаңында өсімдіктерге түс: зиянкестерді зоологиядан таратпа материал ретінде колдануға коллекция жинап алуға болады.

Гербарийлермен және коллекциялармен жұмыс істегенде материалдардың тірі ағзалар жөнінде толык мәлімет бермейтіндігін ескеру қажет. Сол себепті оларды басқа да, оқылатын ағзалардың қасиеттерін түсінуге көмектесетін құралдармен бірге пайдаланған орынды.

Технологиялық коллекциялар табиғи материалдардан алынған өнімдерді көрсетеді, мысалы, «Тас көмір және оны өңдеу өнімдері», «Астық тұқымдастар. Олардан алынатын жармалар» т. б.



Омыртқалы жануарлардың құрылысын оқып үйрену үшін сабақтарда препаратталған қаңқалар (балықтардың, бақаның, кесірткенің, жыланның, тауықтың және мысықтың) және олардың бөлшектері пайдаланылады. Сабаққа жануарлардың тұлыптары да пайдаланылады. Жануарлар тұлыптарына ерекше күтім керек, әйтпесе олар кеуіп кетуі немесе каракүйе түсіп жарамсыз болуы мүмкін. Олар арнайы қораптарда не шыныланған шкафтарда сақталуы керек, сонда өздерінің табиғи түр-түстерін жоғалтпай үзақка шыдайды, тек сабақтарда көрсету үшін ғана алып пайдалану керек, тұлыптарды биология кабинетін безендіруге пайдаланған дұрыс емес екенін мектеп тәжірибесі көрсеткен сондықтан олар тек кабинеттің екінші, препараторлық (ұстаздың жұмыс бөлмесінде) бөлмесінде сақталуы керек.

Бейнелі құралдар алуан түрлі болады. Оларға көлемді нақпішіндер мен нобайлар; салынған немесе құрастырылған таблицалар, географиялық карталар ғалымдар портреттері, дидактикалық таратпалы материалдар жатады.

Нақпішіндер - бұл табиғи нысанды дәл көшірме етіп жасаған құралдар. Фабрикадан жасалып шықкан муляждар: «Гибридтік және полиплоидтық өсімдіктер жемістерінің жиынтығы», «Қалпақшалы саңырауқұлақтардың жемісті денесі» т. б. Олар табиғи нысандардың көлемін, формасын, түр-түсін көрсетеді. Осындай нақпішіндерді табиғи нысанды көрсету мүмкіндігі жоқ кезде пайдаланады.

Нобайлар табиғи нысандардыц бейнелері болып табылады, бірақ олар нысанның тікелей көшірмесі емес, олардың басты қасиеттерін сызбанұсқалар түрде көрсетеді.

Нобайлар жазықтықтық және көлемді, статистикалық және динамикалық болуы мүмкін. Мысалы, жүрек қақпакшаларының жұмысын көрсететін немесе қоңыздың ішкі кұрылысын көрсететін нобай сияқты жазықтықты. Жүректің фабрикада дайындалған көлемді нобайы оның ішкі және сыртқы кұрылысымен толық танысуға мүмкіндік береді. Көпшілік қозғалмайтын нобайлар бөлшектеніледі. Бұл мүшенің сыртқы және ішкі құрылысын (мысалы, гүл құрылысының, көздің, құлақтың, адам бүйректерінің нобайлары) оқуға мүмкіндік береді.

Динамикалық нобайлар әдетте ағзада жүретін үрдістермен таныстырады. Оларға магнитті «Белок биосинтезі», «Мендель заңдары», «Мүктердің көбею циклі», «Биогеоценоз нобайы» сияқты нобайлар жатады.

Биологияны оқытуда кестелер жиі қолданылады. Олар бедерлі және баспалық болады.

Бедерлі кестелер - пластиктен жасалған жануарлардың түрлі-түсті бейнелерін береді. Онда аз ойықтармен ағза контуры, мүшелер жүйесі, мүшелер бөліктері бөлініп көрсетіледі. Осындай кестелер ұзақ пайдалануға жарайды, жуып тазалауға жеңіл, бірақ олардың көлемділігіне байланысты сақтау орны кең болуы керек.



Әдебиеттер тізімі: 1,200-206 бет

Пысықтау сұрақтары:

1. Оқыту құралдары қандай топтарға бөлінеді?

  1. Көрнекіліктің қандай түрін негізгі деп атайды?

  2. Көмекші көрнекі құралдар деп қандай құралдарды айтамыз?

4. Биологияны оқытуда көрнекі құралдардың маңызы неге зор?

5. Биологияны оқыту әдістемесінде тірі көрнекі кұралдарға неге көп көңіл бөледі?
11 тақырып Биологияны оқыту жүйесіндегі кластан тыс жүмыстардың маңызы

Мақсаттар:

- сабақ-семинарларды өткізу әдістемесімен таныстыру,



- сабак-семинарлардың негізгі қызметтері және оның өткізу формалары туралы ұғым беру

- дидактикалық мақсаттар және міндеттерді ескере отырып семинарларды жоспарлауға үйрету

Жоспар:

1 Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, формалары мен түрлері

2 Сыныптан тыс жұмыстардың мазмүны және оны ұйымдастыру

3 Сыныптан тыс жаппай жұмыс



1 Биологиядан сыныптан тыс жұмыс сабақтан тыс уакытта

ұйымдастырылып, негізінен тек биологияға қызығушылық танытатын оқушыларды ғана қамтиды. Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны оқу (бағдарламасы шеңберімен шектелмей, одан кең көлемді қамтып, көбінесе биология пәні ұстазының әсерімен болатын оқушылардың қызығушылығымен анықталады.

Биологиялық сыныптан тыс жұмыстан сабақтан тыс, бірақ мектептен тыс мекемелер (жас натуралистер стансасы, үкіметтік емес ұйымдар шаралары, оқушылар сарайы т.с.с.) өткізетін жұмыстарды ажырата білу керек. Мектептен тыс мекемелер үшін сабақтың арнайы бағдарламасы шығарылады.

Бақыланатын құбылыстардың нақтылығы, бақыланғанды қысқаша жазып алу қажеттілігі, тиісті қорытынды жасау, сонан соң сол туралы сабақта немесе үйірме отырысы кезінде әңгімелеу - осының бәрі оқушының ойлауының, бакылағыштығының дамуына себін тигізіп, бұрын олар көңіл қоймай жүрген мәселелеріне де көңіл аударуларына себеп болады.

Биологиядан жүретін сыныптан тыс жұмыстар тек бақылаулар және тәжірибелермен ғана шектеліп қоймайды. Онда көрнекі құралдар даярлау, биологиялык олимпиада, көрмелер, қабырға газеттерін шығару, табиғатта қорғауда қоғамдық пайдалы жұмыстар т.б. елеулі орын алады.

Топтық эпизодтық жұмыс әдетте жаппай мектептік шараларға дайындық және оны өткізу, мысалы: «Құстар күні», «Денсаулық аптасы» т.б. кезінде ұйымдастырылады. Осы жұмысты жүзеге асыру үшін мұғалім, биологияға қызығатын оқушылар тобын таңдап алып оларға қажетті материал табуды, қабырға газетін шығаруды, баяндама, көркемөнер ұйымдастыруды т.б.тапсырады.

Топтық эпизодты жұмыс ұстаздың жергілікті табиғатты оқып үйренумен шұғылданғысы келуімен байланысты мәселелер, мысалы жергілікті өзен, суларды мекендейтін құстардың түр кұрамын анықтау, сол өлкедегі ағаштар мен бұталарды есепке алу, өсімдіктердің «биологиялық сағаттарын» анықтау т.б. Топтық эпизодты жұмыстар қажеттілігі әдетте мектепке үйірме жұмыстарының болмауы себепті туындайды.

Сыныптан тыс жұмыстардың негізгі бағыттары әртүрлі болады. Биологиядан сыныптан тыс жұмыстың нәтижесі көбінесе оның мазмұны мен ұйымдастырылуына байланысты. Сыныптан тыс жұмыс оқушыларда қызығушылық тудырып, оларды әртүрлілігімен тартуы тиіс. Осылай болуы, оны мектепте оқылатын биология пәндерінің қосымша сабағы ретінде, сыныптағы сабақ, зертханалық т.б. сабақтар сияқты өткізбеуге байланысты. Биологиядан сыныптан тыс жұмыс белгілі бір дәрежеде оқушылар үшін міндетті оқу сабақтарынан бір демалыс ретінде болуы керек.

Жалпы орта мектептердегі биологиядан сыныптан тыс жұмыстардан

жинақталған тәжірибенің көрсеткеніндей негізінен ұстаздың жетекшілігімен

жүргізілетін дербестік, өз бетімен практикалық сипаты басым оқушылар

жұмысынан тұруы тиіс, олар: дербес бақылаулар мен тәжірибелер, дене еңбегі, анықтамалармен, ғылыми-көпшілік әдебиеттерімен, журналдармен жұмыс.

Биологиядан сыныптан тыс жұмыстардың негізгі мазмұнын қоршаған тірі табиғатпен, орман шаруашылығының, ауыл шаруашылығының әртүрлі салаларымен, оқушылардың коғамдық пайдалы еңбегімен, табиғатты қорғау,

табиғатты қорғау мәселелерін тұрғындарға насихаттау, көрнекі құралдарды дайындау сияқты мәселелермен байланыстырған тиімді болады. »

3 Өсімдіктер әлемін оқытумен байланысты мектеп практикасында кең таралған сыныптан тыс жаппай жұмыстар ішіндс әсіресе биологиялық мазмұндағы ғылыми-танымдық кештерді айтуға болады.

Ботаникалық кештер. Практика көрсеткендей 5-6 сынып оқушыларымен бір оқу жылында ботаникалық мазмұндағы екі-үш кеш өткізуге болады. Олардың білім берудегі және тәрбиелеудегі тиімділігі келесі жағдайлармен аныкталады. Өсімдіктер әлемін оқытумен байланысты ғылыми-танымдық кештерді мектептің натуралистік жұмысының жалпы жүйесінің маңызды бір бөлігі деп жоспарлап, оны басқа жұмыстар түрлері және формаларымен бірлікте жүргізу керек. Осы кештердің ұйымдастырылуы мен мазмұны биологияны оқытуда оқушылар қызығушылығын арттыруға ықпал етуі керек. Кештердің тақырыптары мен оларды оқыту әдістері көптүрлі, бірақ барлық жағдайда олар биологияны оқытудың оқу-тәрбие міндеттерін, оқушылардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін, сонымен қатар мектептің табиғи және өнеркәсіптік айналасын ескеруі тиіс.

Ботаникалық олимпиадалар. Басқа да биологиялық пәндер тәрізді

ботаникалық олимпиадалар да үш тур бойы өтеді:



  1. мектеп олимпиадасы,

  2. аудандық,

  3. қалалык немесе облыстық.

Оған катысуға 5-ші сыныптан бастап барлық оқушылар

тартылады. Үйірмешілер бұл кездерде тек оған қатысушы ғана емес, ұйымдастырушы ретінде де болады. Олар биология мүғалімдеріне көмектесіп, олимпиадаға қажетті құралдар мен материалдар, табиғат бүрышын дайындасады, өткізу кезінде кезекшілік етеді, сонымен қоса қазылар алқасы құрамына кіреді.

жүктеу 1,26 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау