Білім, ғылым, техника және технологиялар
Қазіргі ғылымның жетістіктері және оның себептері. Әдіс мәселесі. Танымның негізгі әдістері. Ғылыми таным әдістері және және ғылыми ақиқат ерекшелігі. Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркациясы мәселесі. Ғылым құндылықтары. Ғылымды білім, қызмет және әлеуметтік институт ретінде талдау. Ғылымдардың классификациясы: Аристотель, әл-Фараби, Ф.Бэкон, Г.Гегель, О.Конт. Шоқан Уәлихановтың ғылым философиясы.
Қоғам өміріндегі ғылымның рөлін бағалаудағы қайшылықтар. Сциентизм және антисциентизм. Ғылым және техника. Ыбырай Алтынсариннің білім философиясы. «Білімді адам» моделі. Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі ғылымның даму болашағы мәселелері. Қазіргі ғылым және этика. Қазақстан ғылымы дамуының келешегі. Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының үлесі.
Жаңа дәуір философиясында ғылымның беделі тез көтерілді, ғылым практиканың қажетті құралына айналды. Ғылымды ең жоғары құндылық деп санау, Жаңа дәуір философиясының ең басты ерекшілігі. ХVI-ХVП ғасыр философиясында шындыққа механикалық тұрғыдан қарау үстем болды. Ол бірінші кезекте механиканың Жаңа дәуірдегі табиғаттанудың алдығы саласына айналуынан шықты.
Жаңа ғылым материалдық өндірістің тәжірибесіне сүйенді: И.Ньютон механиканың негізгі заңдарын ашты, Кеплер планеталардың қозғалу заңдарын ұсынды, Р.Бойль механиканы химияға қолданды, Т.Торичелли сынап барометрін, ауа сорғышын ойлап тапты, Гилберт магниттың қасиетін зерттеді және т.б.
Өнеркәсіпті және барлық материалдық өндірісті дамыту үшін сауда мен теңізде жузудің қажетін орындау үшін механика, астрономия, физика, анатомия және басқа табиғаттану ғылымдарының білімдерін жинау дамыту керек болды.
Философия мен ғылымды ортағасыр схоластикасында жоқ бағытпен дамытуға кіріскен алғашқы белгілі философ Френсис Бэкон (1561-1626). Ол философияның негізгі мақсаты объективтік шындықты танудың жаңа әдісін жасау деп санады. Новый Органон еңбегінде жаңа әдіс ретінде ол индуктивтік әдісті ұсынады, себебі ол тәжрибе мен эксперименттің негізі саналады. Логикалық қатынаста бұл біздің ойымыздың жеке фактілерді білуден заттардың бүкіл класс туралы білімге жету.
Индукция, философтың пікірінше, ой логикасы мен жалпы танымдағы кемшіліктер жөне қателіктерден қорғайды.
Ақиқатқа тез жету үшін Бэкон адам ақылында кездесетін жалған пікірдің әр түрлері, идолдардан құтылуды ұсынды. Ол идолдардың 4 түрін ажыратты.
Біріншісі, "тектік" елестер. Ол адам табиғатының өзінен, адам ақылы мен сезім органдарының жетілмеуінен шығады.
Екіншісі, "үңгір" елестері. Ол адамның қоршаған дүниені субъективтік түрде қабылдауымен байланысты.
Үшіншісі, "нарық" елестері (немесе базар алаңындағы), ол дұрыс емес, не дәл емес сөздердің нәтижесінен туады.
Төртіншісі, "театр" елестері. Ол беделге, соның ішінде дәстүрлі философиялық жүйелерге көзсіз сенуге негізделген.
Ф.Бэкон танымның жолындағы осы кедергілерді алып тастауды ұсынады, адам жанын ақиқатты игеруге икемдеуге шақырады. Елестерді жоюдың негізгі құралы тәжрибеге жүгіну және нақты деректерді ғылыми әдіспен талдау дейді.
Мұндай бағыты эмпиризм деп атайды. Мұның жалғасы Дж.Локктың сенсуалистік философиясы дамыды. Локктың пікірінше, жаңадан туған жанның санасы - таза тақта, ол тәжірбие арқылы толтырылады. Барлық білім тәжірбиеге сүйенеді. Тәжірбиенің екі түрі бар: ішкі және сыртқы. Сезім арқылы біз заттардың сапасын білеміз. Ол екеу. Біріншісіне денелердің түрі, саны, орны, қозғалысы, салмағы, көлемі жөне т.б. жатады. Екіншісіне денелердің иісі, түсі, дәмі т.б. жатады. Бұларды біз субъектік тұрғыдан қабылдаймыз.
Жаңа заманда рационалистік философия үстем бағытқа айналды, ол ақылдың аса маңыздылығын мойындады. Бүл кезең әйгілі ойшылардың бір тобын шығарды: Р.Декарт, Т.Гоббс, Б.Спиноза, Г.Лейбниц, Д.Локк.
Р.Декарт (1596-1650) рационализмнің негізін қалады, оны математикалық білімдердің логикалық сипатын бақылау нәтижесінде жасады. Математиканың ақиқаттарын ол аса дәлелді, жалпылық және қажеттілік қасиеттерге ие деп санады. Декарт сондықтан тану процессінде ерекше рольді дедукция әдісіне берді. Декарт шығармашылығында болмыс туралы оқу маңызды орын алады. Бұл ілімнің орталық ұғымы субстанция, оған о л барлық өмір сүрушілерді еңгізеді. Ол идеяда, физикалық затта болуы мүмкін. Бірақ сөздің қатаң және терең мағынасында субстанция дегеніміз құдай, ол мәнгі, аса құдретті, барлық заттарды тудырушы.
Барлық жаратылған дүниені Декарт екі түрлі субстанцияға бөледі: рухани және материалдық. Өзінің осы дуализміне теориялық тиянақсыздығына қарамастан, Декарт адам ақылының күшіне, философия мен тығыз одағына кәміл сенді.
Достарыңызбен бөлісу: |