Дәріс тақырыбы: Әлеуметтену және бірегейлік. Девиация және әлеуметтік бақылау: Дәріс жоспары



жүктеу 34,74 Kb.
бет7/19
Дата25.03.2022
өлшемі34,74 Kb.
#37906
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Д ріс та ырыбы леуметтену ж не бірегейлік. Девиация ж не леум

Идентификация - бұл жеке адамның өз ортасындағы немесе басқа орталардағы әлеуметтік нормаларын, құндылықтары мен қасиеттерін бойына сіңіру процесі.

Тұлғаның əлеуметтенуі қоғам мен жеке адамның əлеуметтенуінің бірігуінен құралады. Яғни, қоғам  адамды  қалыптастыратын  болса,  онда адам да қоғамды қалыптастырады. Тұлға қоғамға сөзсіз тəуелді. Ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Бірақ,оның өзіндік тəуелсіздігі бар ма? Керісінше əсердің болуы мүмкін бе? Əлеуметтену процесінің осы принципті, негізгі сұрағына жауап беруде əлеуметтанудың классиктері Э. Дюркгейм мен М. Вебер қарама-қарсы көзқарастарды жақтайды. Дюркгейм əлеуметтік шындықты жеке шындықтан жоғары тұратын автономды шындық ретінде қарастырады. Ол «жеке деректерге» «əлеуметтік деректерді», «жеке санаға», «ұжымдық сананы» қарсы қояды. «Ұжымдық түсініктерді жеке түсініктерден шығаруға болмайтындығы сияқты, қоғамды да жеке адамдардан, тұтасты бөліктерден, қиынды-қарапайымнан шығаруға болмайды», - деп есептейді. Осы  сұраққа  байланысты  М. Вебердің көзқарасы тікелей қарама-қарсы бағытты  бейнелейді.  Ол  қоғамның  дамуында жеке адамдардың іс-əрекеттеріне маңызды орын беретіндердің қатарында. М. Вебер əлеуметтік іс-əрекеттің субъектісі ретінде қоғамды немесе ұжымдықтың басқа да түрлерін қарастырған Дюркгеймнен айрықша, субъект ретінде жеке адамның саналы түрде алдына қойған мақсатына жетуге бағытталған іс-əрекетін айтады.

Тұлғаның əлеуметтену процесінің механизмдеріне танымдық, бейімделу, интеграциялық механизмдерді жатқызуға болады. Т. Парсонс əлеуметтенудің маңызды механизміне тұлғаның өзін үлкендермен теңдестіре қарауын жатқызады. Осы мағынасында əлеуметтенудің танымдық механизмі ретінде еліктеу мен теңдестіруді қарастыруға болады. Əлеуметтенуді тұлғаның əлеуметтік жүйеге бейімделу процесі ретінде қарастыра отырып, Т. Парсонс бейімделу механизміне де басты назар аударады. Бейімделу Парсонс бойынша институционализацияланған құндылықтарды қоғамның күтіліміне сай қабылдау ретінде түсіндіріледі. Ол конформизмді индивидтің табиғатының, оның бейімделу мүмкіндігінің көрінісі ретінде қарастыра отырып, оны əлеуметтік жүйенің қалыптасу заңдылығы ретінде түсіндіреді. Əлеуметтенудің интеграциялық механизмдері оның көзқарасы бойынша, ынтымақтастықтың белгілі бір деңгейіне жетудің тəсілі ретінде қарастырылады.

Қазіргі уақытта тұлғаның субъектілік сапаларының өзектендірілуіне байланысты əлеуметтенудің бейімделу механизмдерінің қатарына инициативаны да жатқызған жөн. Мұның себебі бейімделуді əлеуметтенудің белсенді механизмі ретінде қарастырумен тығыз байланысты.

Синергетиканың əдіснамалық рөлінің күшеюі əлеуметтенудің  интеграциялық механизмдері ретінде қолдау үлгісімен қатар қақтығысты қарастыруды талап етеді. Яғни бұл жерде қоғамдағы ынтымақтастықты қалыптастыруда қақтығыстардың да жағымды жақтарын, қызметтерін ескеру қажет. Тұлға қоғамға қақтығыстарға ұшырай отырып та ене алады.

Жоғарыда аталған əлеуметтенудің механизмдерінің мағынасын ашып көрсететін болсақ, онда олар төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады.




жүктеу 34,74 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау