. Әлеуметтік норма-нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілген мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте жатыр. Көптеген жағдайларда ауытқыған мінез-құлық әлеуметттік санкцияға жатқызылады. Тәртіп бұзуға, адамдар арасынадағы қатынасқа (өтірік, дөрекілік) байланысты түзетулер девиацияның әлсіз және кездейсоқ формаларын қоғамдық пікір тіркейді және қатысушыларлың өз арасында жағдайға байланысты түзетулер енгізіледі. Девиацияның тұрақты формаларын жазалау әдістері мен құралдары ауытқулардың қауіптілік деңгейіне байланысты анықталады.
Мұнда девиация дегеніміз кең мағынадағы әлеуметтік құбылыс екендігі ескеріледі(қоғамдық орын мен отбасындағы дөрекіліктен бастап, адам өлтіруге дейінгі) Сондықтан мінез құлықты кең және шағын мағынада алып қарастырады.
Тар мағынада алғандағы девиантты мінез-құлық қылмыстық жазалауға жатпайтын,яғни құқық бұзушылық болып есептелмейтін ауытқулар ретінде түсініледі.
Кең мағынада алғанда девиантты мінез-құлыққа қарсы барлық формалар ретінде түсініледі. Осылайша, адамның өзін-өзі өлтіру-девиация, ал біреуді өлтіру қылмыс болып есептеледі. Құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы немесе қылмыстар делинквентті мінез құлық деген атқа ие болады. Бұл екі мән де социологияда да, құқық социологиясында да қолданылады. Маңызды қылмыстардың барлығы саналы түрде жасалған-жасалмағанына қарамастан, құқыққа қарсы әрекет санатына жататын болса, делинквентті мінез-құлыққа жатады. Мұндай мінез құлыққа ұрлық, алаяқтық, тонау,пара, құжаттарды қолдан жасау, өндірістік шпионаж жатады.
Заңды социологияда халықтың мінез-құлыққа жақын санатын, яғни қатерлі тобы бөліп көрсете алады. Оларға, мысалы қаңғыбастар, маргиналды топтасулар жатады. Потология-әлеуметтік ауытқулардың келеңсіз формалары болып саналады, оған: қылмыс, маскүнемдік,нашақорлық, жезөкшелік жатады. Бұл формалар дисфункционалды, оларға қоғамға бүтіндей және нақты жеке тұлғаға зиян әкеледі.
Құқық бұзу мен оның неғұрлым ауыр формасы-қылмыс өзінің әркелкілігімен, сондай-ақ қоғамдағы келеңсіз көрінісімен тіпті қауіптілімен ерекшеленеді. Бұл құбылыстарға социологиялық тұрғыда қарау дегеніміз олардың табиғатын,себебің және қайта өндіру мен қызмет ету механизмін, тарихи шарттасқан қоғамдық құбылыстармен байланысын, сондай-ақ оларды жеңу жолдарын айқындау.
Достарыңызбен бөлісу: |