Инфекция көзі :
Микроб тасмалдаушылар
Аурудың жасырын түрімен ауыратын пациенттер
Ауруға келушілер
Жұқпалы ауру белгісі бар медицина қызметкерлері (тұмау, баспа және т.б.)
Таралу жолдары :
Ауа тамшы арқылы(аэрогенді)
Қатынас арқылы
Алиментарлық таралу (су, сапасы төмен тамақ).
Трансмиссивтік таралу.
Парентеральды таралу.
Аурухана ішіндегі инфекция келесі түрлерге бөлінеді:
Инъекциядан кейінгі
Операциядан кейінгі
Босанғаннан кейінгі
Эндоскопиялық зерттеуден кейінгі
Диализден кейінгі
Трансплантациядан кейінгі
Гемосорбциядан кейінгі және тағы басқалар.
Аурухана ішіндегі инфекцияның дамуы үшін “қолайлы” факторлардың орны ерекше:
Ауру салдарынан организмнің қорғаныш қабілетінің төмендеуі;
Антибиотиктерге сезімталдығы төмен микроб түрлерінің пайда болуы;
Пациенттердің арасында қариялардың көбеюі;
Инфекциялық қауіпсіздік ережелердің сақталмауы;
Емдеу поофилактикалық ұйымының материалдық техникалық базасының
аздығы, соның салдарынан бөлімшелерде пациенттің тығыз орналасуы;
Медициналық инструменттер және апппаратураның тозуы.
Аурухана ішілік инфекцияның алдын-алу мақсатында инфекциялық процесстің кезеңіне тосқауыл қойылуы қажет:
инфекция көзін жою
таралуына жол бермеу
организм шыдамдылығын артыру.
Емдеу профилактикалық ұйымда инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында келесі шараларды жүргізу қажет:
Емдеу - профилактикалық ұйымда санитарлық – гигиеналық тәртіпті сақтау.
Пациентті қабылдау ережелерін мұқият жүргізу (термометрия, мұрын қуысы, жұтқыншақтан стафилакокқа жұғынды алу, педикулезге қарсы күрес).
Жұмыс киімдерін ережеге сәйкес сақтау;
Бөлімшеде киім, төсеніш тазалығын сақтау.
Бұйрыққа сәйкес “жинағыш” құралдарды қолдану, залалсыздандыру және сақтау.
Пациент киімдерін және қолданылған кір киімдерді ережеге сәйкес сақтау.
Медициналық құралдар мен күтім құралдарын инструкциялық әдістемелік нұсқауларға сәйкес залалсыздандыру және зарарсыздандыру ;
Жұқпалы ауруларды оқшаулау, қатынаста болғандарға обсервациялық бақылау жүргізу.
Пациенттің тамақтануын бақылау, тағам қалдықтарын және ыдыстарды тазалаудан өткізу.
Өте қауіпті жұқпалы аурулар анықталған жағдайда ескертпе - кестеге сәйкес медициналық көмекті ұйымдастыру және хабарлау.
Емдеу - профилактикалық ұйымдардағы қоқыстарды жинау және жою ережесін сақтау.
Мейірбике күнделікті кәсіби қызметіне байланысты пациентке көмек көрсете отырып, жеке бас қауіпсіздігін сақтауды естен шығармауы тиіс. Аурухана ішілік инфекцияның медициналық қызметкерлер арасында болдырмау екі бағытта жүргізіледі.
Медициналық қызметкерлер “қатерлі” тобына вирусты гепатитке, грипке, қызамыққа қарсы егу жұмыстарын жүргізу (акшер-гинеколог, хирургтар).
Жеке бас гигиена ережелерін қатаң сақтау.
Уақытылы медициналық тексеруден өту.
Медицина қызметкерлерін диспансерлік бақылауға алу.
Медициналық киімдерді кию, резеңке қолғапты пайдалану.
Манипуляция алдында қолды ережеге сәйкес жуу.
Жұқпалы ауру белгісі бар қызметкерді жұмысқа рұқсат бермеу.
1. Битшеңдік.Науқастарды педикулезге қарау қажет. Бас пен киімнен шыққан биттер түрлі қауіпті жұқпалы аурулардың тасымалдаушылары болып есептеледі. Санитарлық жуып шаю бөлмесінде науқастың шашын тексереді. Егер бит немесе сірке табылса, ауруды шешіндірместен кушеткаға отырғызып, қолда бар ерітінділердің бірімен тазалайды, яғни дезинсекция (жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдайтын зиянды жәндіктерді жою) жүргізіледі.
2.№ 58 формадағы құжат
3.Санитарлық өңдеудің екі түрі бар. Олар: жартылай және толық.
4.5 жасқа дейінгі балаларға, емізулі әйелдерге, терісінді бөртпе аллергеиясы бар адамдарға және жүкті әйелдерге қолдануға болмайды
5. Қабылдау бөлімі (сырқатты қабылдайтын жер) аурухананың бір бөлімі, ол сырқаттарды қабылдауға, тіркеуге, тексеруге және санитарлық гигиеналық жуып шаюға арналған. Қабылдау бөлімшесінде алғашқы диагноз, алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсетіледі. Қабылдау бөлімшесі аурухананың жоспары мен құрылысына қарай орналасады. Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қабылдау бөлімі болады.
6. Антропометрия - науқас денесі мен жеке мүшелерін өлшеу арқылы адамның жетілуін анықтау. Аурухана бөлімшелеріндегі, емханалардағы, шипажайлардағы, демалыс үйлеріндегі мейірбикелер де қарапайым антропометриялық зерттеулер жүргізеді. Мейірбике сырқаттың бойын және көкірек шеңберін өлшейді.
7. Эвтаназия дегеніміз грекше жеңіл, бақытты өлім дегенді білдіреді. Айықпас дертке шалдыққан пациенттер өмірін жеңіл түрде қиналмай үзу болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |