Пікірді таңдап іріктеу. Мақсат неғұрлым көп пікір жинап, содан соң одан кейінгі кезеңде оның санын азайту, ол үшін оны іріктейді. Іріктеу мақсаты- қажет емес пікірлерді алып тастау. Көптеген фирмаларда мамандар жаңа пікірлерді қағазға түсіріп, жаңа тауар жөніндегі коммиссияға тапсырады. Онда тауар сипаты, мақсаты, нарық бәсекелестер, нарық көлемі,тауар бағасы, жаңалықты табуға жұмсалған жұмыс құны және оның мерзімі, құны және пайда нормасы көрсетіледі.
Пікір жақсы болғанның өзінде де ол осы фирма мақсатына, ресурстар мен стратегиялық қондырмаларға сай келе ме,соны анықтау керек. Көптеген фирмалар пікірді іріктеу және оны бағалау жүйесін дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |