Ойық коррозия кезіндегң ресурстарды болжау. Коррозияның осы түрі, өзінің дамуының тұрақсыздығынан, біршама қиын болжанатын және нақты байқалған ақаулардың қауіптілік дәрежесінің бағалау үшін күрделі болып табылады. Кейде коррозиялық үдеріс тоқтайтындығынан, ойық іс жүзінде өспейді. Жиі ақаудың ойықтық коррозиясының дамуы қандай да бір анықталған өлшемге жеткеннен кейін біршама тоқтап қалады немесе жоспары (ауданы бойынша)өспейді де, оның дамуы әрі қарай тек тереңдігі бойышша ғана өседі.
Соңғы уақытына дейін ойық коррозиялы ақаулы объектінің нақты қалдық беріктігін бағалау үшін гидравликалық сынақ қолданылды. Сонымен қатар, құрамында H2S бар газды, сондай-ақ күкіртті мұнай тасымалдалдайтын объектілерде сумен сынаудан кейін қалатын судың қалдығы, кейін ойықтық коррозияның қарқынды дамуының негізгі себебі қызметін атқаруы мүмкін.
Құбырларда ойықтық ақаулардың қауіптілік деңгейін бағалау үшін әлемік тәжірибеде 1980 жылдың ортасында американдық және канадалық мамандармен жасалған және B31G сыни шамасы ретінде таныс, есептеу әдісі кең қолданыла бастады.
B31G сыни шамасы бойынша есептеу әдісі бастапқы мәліметтердің азғана мөлшеріне негізделеді – ақаудың екі өлшеміне (құбырөткізгіш өсі бойлығымен ұзындығына және қабырғаның номиналь қалыңдығына қатысты тереңдігіне) және материалының механикалық сипаттамасына – ең аз ағымдық шегіне.
Оқшаулау жағдайына байланысты ресурсты бағалау. Агрессивті ортада жұмыс жасайтын оқшауланған бүркеменің жағдайы, жабдық ресурсын анықтайтын маңызды фактор болып табылады. Ең бірінші бұл фактор болаттан жасалған жер асты мұнай және газ құбырлары мен қоймалары үшін маңызды. Оқшаулау тұтастығын, ресурстың тез таусылуына әкелетін, коррозия қарқыны бұзады.
Оқшауланған бүркеменің жағдайының бағалауы келесі параметрлермен жүргізіледі: бүркеменің сыртқы түрімен, бүркеменің сипатымен, негізгі материалымен адгезиясымен (байланысу беріктігімен), оқшаулау мен негізгі металл арасындағы өтпелі кедергінің шамасымен.
Болжаумен қалдық ресурсы анықталуы мүмкін, оқшауланған бүркеменің күйінің кешендік интегралды көрсеткіші, өтпелі кедергі шамасы болып табылады.
Оқшауланған бүркеменің өтпелі кедегісі деп құбыр-бүркеме-электролит тізбегіндегі бүркеме аудан бірлігінің электрлік кедергісін айтады. Өтпелі кедерінің R мөлшері электрлік әдіспен немесе мегомметр, мысалы, М1101М типіндегі немесе басқа килоомды шкалалы және кернеуі 100 В басқаларымен, анықталады. Сонымен қатар диагностикаланатын газ құбыры орналасқан жердің өзіндік электрлік кедергісі де анықталады.
Бүркеменің оқшаулану жағдайы іс жүзіндегі өтпелі кедергіні Rф құбыр-грунт жүйесіндегі соңғы өтпелі кедегінің сыни мәнімен RK салыстыруда бағаланады Газ құбырының диагностикаланатын аймағындағы өтпелі кедегінің сыни мәні RK былай есептеледі:
мұндағы — грунттық өзіндік электрлік кедергісі, Ом-м; D — құбырдың сыртқы диаметрі,м; S — құбыр қабырғасының қалыңдығы, м; Н — жердің бетінен құбырдың жоғарғы жасаушысына дейінгі тереңдік, м.
Теңдікті 0,5- ке дейінгі дәлдікпен теңсіздктің оң және сол жағының теңдігін қамтамасыз ететін RK, мәнін таңдау әдісімен шешеді. Егер өтпелі кедергінің іс жүзіндегі мәні сыни шамадан кем болса (Rф< RK), газ құбырының берілген аумағында оқшау бүркемесінің толық ескіргені шығады. Егер 2RK > Rcp > RK болса, онда бүркеме қоғау қасиеттері шегінде жатады. Егер Rф>2RK және газ құбырының тек қана белсенді емес қорғанысы болса, онда оқшауланған бүркеменің қалдық қызмет мерзімі есептелінеді.
Өтпелі кедергі бойынша оқшауланған бүркеменің қалдық қызмет мерзімін есептеуді мына формула бойынша жүргізіледі:
мұндағы — ескіру уақыты тұрақтысы, ж:
мұндағы Тф — диагностикалау басталғанға дейінгі құбырларды пайдаланудың іс жүзіндегі уақыты,г; Ro — газ құбырларының құрылысы бітіп, пайдалануға берген кездегі оқшаулау бүркемесінің өтпелі кедергісі. Ол газ құбырының берілген ауданын қабылдау-тапсыру сынағы нәтижесі бойынша қабылданады немесе РД 12-411—01 бойынша ең аз нормативтік мән пайдаланылады (9.1- кестеде).
9.1- кесте. Оқшауланған бүркеменің өтпелі кедергісі
Бүркеме негізі
|
Өтпелі кедергі R0, Ом – м2
|
Битумды мастиктер
|
|
Полимер орам материалдар
|
105
|
Полиэтилен экструдированный
|
|
Шыныэмаль
|
103
|
Газ құбырының диагностикаланған аймағында Тост есептік қалдық қызметінің уақыты аяқталған кезде оқшауланған бүркеменің өтпелі кедергісінің төмендеуі рауалы шектеуден шығып кетеді деп күтіледі және алдағы коррозияға қарсы шаралар, соның ішінде белсенді және белсенді емес электр-химиялық қорғаныстарды қолданумен, жөнінде шешім қабылдануы тиіс. Экономикалық тиімсіздікте қосымша қорғаныс шараларының тиімділігі газ құбырының қызметінің қалдық қызметі, оқшаулаудың қорғаныс қасиетін ескермегенде, ортаның агрессивтілік қарқыны нәтижесіндеқұбырдың қабырғаларының болжаулық азаюын ескере есептелінеді.
Негізгі әдебиеттер : 1
Қосымша әдебиеттер: 9
Бақылау сұрақтары:
1. Қалдық ресурстың математикалық күтілімі қалай анықталады?
2. Қалдық рксурстың бағалауға қандай тәсілдер қолданылады?
3. Механизм жағдайы қандай сыни параметрлермен анықталады?
4. Оқшауланған жағдайға байланысты қалдық ресурс қалай бағаланады?
Достарыңызбен бөлісу: |