Дәріс №13. Тақырыбы: Көп кестелік байланыс орнату.
Дәрістің мақсаты: Жаңа мағлұматтармен, анықтама-терминдермен таныстыру, түсінік беру, мамандық бойынша машықтық бағдарлау.
Дәріс жоспары:
Кестелер байланысын орнату жолдары.
Төмендегі атрибуттары анықталған кестелер арасында байланыс орнату керек болсын.
Студент(студенттік билет нөмірі, студенттердің аты-жөні, туған мерзімі, т.б.)
Мамандық(студенттік билет нөмірі, мамандық нөмірі, топ шифры, т,б,)
Факультет(факультет нөмірі, факультет атауы, деканның аты-жөні)
Кафедра(кафедра нөмірі, кафедра атауы, кафедра меңгерушісінің аты-жөні, факультет атауы, мамандық нөмірі)
Оқытушылар(оқытушылар нөмірі, оқытушылар аты-жөні, қызметі, кафедра нөмірі)
Староста(топ шифры, староста аты-жөні)
Кілттік атрибуттар бола алатын өрістер қалың һәріппен боялған. Әр кестенің кілттік атрибуттарын тағайындау керек (DataBaseDesktop терезесінде әр кесте үшін Restructure командасын орындап, структурада кілттік атрибуттың турасына, яғни Key бағанына * мәнін қою керек, Save батырмасын басамыз. Барлық кестенің ішінде басшы кесте ретінде «Студент» кестесін тағайындайық. Қалған кестелер осы кестеге бағынышты болып табылады. Олардың байланыс атрибуттарын анықтаймыз (сурет).
DataBaseDesktop терезесінде әр кесте үшін Restructure командасын орындап, байланыс атрибутын индекстейміз. Ол үшін Restructure терезесінде тұрып, байланысқа түсетін атрибутты белгілеп, Table Properties = Secondary Indexes – Define – шыққан терезеде байланысқа түсетін атрибутты белгілеп, терезенің оң жақтағы Indexes Field бөлігіне сүйреп апарып – ОК, сосын құрылатын индекстік файлды сақтаймыз.
Кестелер арасындағы байланыс сызбасы
Дельфиде жаңа жоба құрамыз (сурет). Оған қажетті компоненттерді әр кесте үшін орнатамыз: Table, DataSource, DBGrid, DBNavigator.
Әр компоненттің қасиеттерін тағайындаймыз.
Table1 компонентінің қасиеттері:
DataBaseName – Primer
TableName – student
Active – True
Datasource1 компонентінің қасиеттері::
DataSet - Table1
Кестелер арасындағы байланыс жобасы
DBGrid1 компонентінің қасиеттері:
Datasource – Datasource1
Table2 компонентінің қасиеттері:
DataBaseName – Primer
TableName – mamandik
MasterSource – DataSource1 (себебі бұл кесте 1-ші, яғни «студент» кестесімен байланысады)
MasterFields … пернесін басып, шыққан терезеде байланысатын кестелердің атрибуттарын белгілеп, Add - ОК
IndexName – nb (индекстік файл атауын көрсетеміз)
Active – True
Datasource2 компонентінің қасиеттері:
DataSet - Table2
Дәл осылай қалған кестелерді байланыстырып, жобаны орындауға жібереміз (F9- Run). Өзгертулерді, жобаны толық сақтаймыз.
Өзін өзі бақылау сұрақтары
Байланыс деген не?
Байланыстың қандай түрлері бар?
Байланысты қалай орнатуға болады?
Басшы кесте деген не?
Бағынышты кесте деген не?
Кілттік өріс деген не?
Кілт бойынша байланысты орнату байланыстың қай түріне жатады?
Кілттік емес өріс бойынша байланыс орнатылса байланыстың қай түріне жатады?
Байланысты орнатуға көмектесетін өрістерге қандай шектеулер бар?
Индекстік өріс пен кілттік өріс арасында қандай байланыс бар?
Достарыңызбен бөлісу: |