2. Ғылыми ізденістің әдіснамасы
Әдіснаманың бірнеше белгілі термині бар.
Әдіснама – ұйымның құрылымы, логикасы туралы, ғылымның әрбір саласындағы әдістер мен құралдар қызметі туралы, оның теориясы мен тәжірибес туралы түсінік. Оқу процессіне сәйкес жоғары мектепте әдіснама ғылыми танымның принцитерінің, құралдарының, әдісері мен фомаларының жиынтығы деп түсіндіріледі.
Әдіснама – таным негіздері туралы оқу – зерттеуші ғылыми таным процессінде сүйенетін философиялық, дүниетаным көзқарастарын сараптап, бағалайды.
Әдіснама – зерттеудің әдістері мен тәсілдері туралы оқу ретінде танымның нақты әдістерінің маңызды сипатын қарастырады, олар зерттеудің жалпы бағытын құрайды. Мұндай әдістерге зерттеудің эмпирикалық және теориялық сатыларының әдістері мен тәсілдерін жатқызуға болады.
Ғылыми таным әдіснамасының мәні – ол ғылыми білімнің барлық көлемін жүйелеуге мүмкіндік береді және зерттеудің келесі тиімді бағыттарын әзірлеуге мүмкіндік береді. Ғылыми таным әдіснамасының негізгі міндеті – ғылымның дамуы жетістіктерін тәжірибелік мақсатта пайдалануға мүмкіндік беретін жинақталған ғылыми білімнің синтезі. Әдіснама әдістерді, құралдарды және тәсілдерді зерттейді, оның көмегі арқылы білімнің әртүрлі жүйесі жинақталып, құрылады.
Әдіснамалық аппарат:
ғылыми зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу принциптері;
ғылыми зерттеу әдістері мен оның стратегиясынанықтау әдістері;
ғылыми аппарат: ғылыми зерттеудің ұғымдық-категориялық негізі (өзектілігі, ғылыми жаңалығы, эвристикалық құндылығы, практикалық мәні, проблемтикасы, объект, зат, гипотеза, мақсат және міндет).
Таным әдіснамасының негізгі принциптері:
өзара келісілген болып табылатын теориялар мен тәжірибелер бірлігінің принципі;
осы және басқа құбылыстардың барлық факторларының есебін қажет ететін объективтілік принципі;
объективтік процесстер мен нақты тәсілдердің маңызды жағы мен заңдылыықтарын көрсететін нақтылық принципі;
ғылыми білімді таным объектісінің айырмашылықтары, сандық және сапалық өзгешеліктерін бейнелейтін ғылыми білімді қалыптастырудан тұратын даму принципі;
қатынастар мен олардың арасындағы байланыс есебінен құбылыстың шарттылығын қажет ететін заңдылықтар принципі.
Сонымен қатар әдіснамалық анализдің әртүрлі деңгейі бар, көбінесе:
динамикалық деңгей: ғылым нәтижелерінің дүниетанымдық интерпретациясы, ғылыми ойлаудың формалары мен әдістерін, оның категориялық бағытын сараптайды;
статистикалық деңгей: жалпы ғылыми сипатқа ие зерттеудің принциптері, бағыттары, формалары;
аналитикалық-синтетикалық деңгей, яғни нақты-ғылыми әдіснама – осы және басқа ғылым саласында қолданылатын зерттеудің әдістері мен принциптерінің жиынтығы;
Пәндік деңгей, яғни пәндік әдіснама – зерттеу әдістері мен принциптерінің жиынтығы тәріздес, ол ғылымның нақты саласында немесе ғылымдар тоғысқан ғылыми пәнде қолданылады; ғылыми пән ғылыми білімді ұйымдастырудың негізгі формасы болып табылады.
Пәнаралық деңгей – ғылыми ізденістің логикасына сәйкес әртүрлі ғылымдардың өзара әсерлесу шеңбері болатын пәнаралық кешенді зерттеудің әдіснамасы.
Әдіснамамен бірге ғылыми танымның негізгі элементі – ғылыми зерттеудің логикасы болып табылады, ол яғни ғылыми ізденісте белгілі бір жолды түсінеді. Ғылыми зерттеу белгілі сатылардың логикалық реттілігін қажет етеді, оның негізін рациноалды ойлау құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |