3. Ғылыми зерттеу әдістері
Әдістеме - нақты материалды, оны өңдеуге және қажетті нәтижелерді алу үшін қолданылатын зерттеу еңбегінің жүйесі.
Әдіс – теориялық зерттеу немесе құбылыстарды (процесстерді) тәжірибелік іске асыру бағыты (әдіс, құрал).
Ғылыми зерттеуде қолданылатын әдістер тек заттың өзіне ғана емес, сонымен қатар зеттеудің деңгейіне де: эмпирикалық және теориялық деңгейге байланысты.
Зерттеудің эмпирикалық деңгейіне тән әдістер:
Бақылау;
Эксперимент;
Статистика.
Зерттеудің теориялық деңгейі үшін сараптама-синтез, индукция-дедукция, аналогия және т.б. әдістері қоланылады. «Ғылыми әдіс» және «ғылым әдіс» деген ұғымдарды бөліп қарастыру керек.
Ғылыми әдістерге қойылатын талаптар:
Детерминделген әдіс, яғни объект ретінде де, танымдық қызмет ретінде де заңдылықтармен негізделу;
Әдістің зерттеу мақсаты ретінде берілуі, яғни әдістің барлық компоненттерінің зеттеу мақсаттарына сәйкес келуі;
Әдістің нәтижелілігі мен сенімділігі, яғни жоғары деңгейдегі анықтылығымен нәтиженің болуы;
Тиімділік – мақсатқа аз күш жұмсау арқылы және максималды нәтижеге жету арқылы қол жеткізу;
Экономикалылығы, яғни қосымша күш енгізбеу арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізу;
Түсіну мен қолдануда қолжетімділігі.
Ғылыми таным әдістерінің әртүрлілігін шартты түрде үш деңгейге бөледі:
Эмпирикалық (бақылаулар, салыстырулар, өлшеулер, сауалнама, әңгімелесу, тест және т.с.с);
Эксперименталды-теориялық (физика-химиялық, органолептикалық, микробиологиялық), анализ-синтез, индукция-дедукция, модельдеу, гипотезалық, тарихи, логикалық, абстарктілеу, иделаизация, аксиоматика, жалпылау және т.б);
Мета-теориялық (диалектикалық әдіс, жүйелік анализ әдісі).
Ғылым әдісі – ғылыми және танымдық қызмет құрылымында танымдық процессті ұйымдастыру, ол нақты ғылыми ізденісті қарастырады: мәселелерді құрастыру, гипотезалар құру, эмпирикалық, гипотезаны теориялық және эксперименталды тексеру, қорытындылар және келесі әзірлемелерді болжау.
Жүйелік-құрылымдық зерттеу әдісі жалпығылымдық мәнгге ие боды және ол:
Кез келген объектілерді күрделі білім деп қарастырамыз, ол белгілі бір құрылымға ие және жалпы жүйелердің бөлігі болып табылады;
Объекті құрылымын тану;
Құрылымдық қатынсатар мен ішкі байланыстар заңын анықтау, олардың құрылуын тек сапалы түрде ғана емес, сонымен қатар сандық түрде анықтау.
Әдіснамалық дайындықты ұйымдастыру мен ғылыми ізденісті меңгеруге қабілеттілік бағалаудың келесідей белгілеріне ие: білім сапасы (толықтығы, тереңдігі, жүйелелігі, оперативтілік, иілгіштік, жалпылық, нақтылық, анықтық); қолданыстағы себеп (тұрақты танымдық қызығушылықтар, құрылымдар); өзіндік білім алудың әртүрлі формаларында білім мен үйренуді өзіндік меңгеру дағдысы (тыңдау, бақылау, эксперимент және т.б); танымдық іс-әрекетті өздігінен ұйымдастыру (өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бақылау); зерделі қызметтің операциясын орындай білу, соның ішінде маңыздыларын сараптау, салыстыру, ерекшелеу, себепті-тергеулі байланыстарды жүйелеу, дәлелдеу, жалпылауға, дәлелдеуге қабілетін көрсету, гипотеза құру және т.б; өзіндік бағаның толықтығы мен критикалық бағалау.
Ғылыми зерттеу кезінде ғылыми зерттеудің бағдарламасы анықталуы тиіс, онда: зерттейтін құбылыс, зерттеудің көрсеткіштері мен сипаттары, қолданылатын әдістер; осы және басқа әдістерді зерттеудің жалпы әдістемесінің құрамы ретінде қолдану реттілігі.
Зерттеу әдістемесі нақты міндетті шешуде өзінің даралығына қарамастан, тұрақты құрылымға ие, оның негізгі компонентері:
Теориялық-әдістемелік бөлім, оның негізінде зерттеу әдістемесі құрылады.
Тарихи-теориялық, құбылыстардың, процесстердің зерттеулерін олардың арасындағы байланыс пен өзара тәуелділік есебінде қарастырады.
Тәжірибелік, яғни зерттеу нәтижелерін ғылыми зерттеудің логикалық аяқталуы ретінде жалыплау, олардың аргументтілігі.
Зерттеу тәсілдері – осы және басқа мәселелерді шешетін құрал, оқылатын құбылыстың заңдылықты байланысы ашылады. Құбылысты зерттеудің сәттілігі әдісті дұрыс таңдауға байланысты. Әдістеме оқылатын зерттеудің нақты тапсырмаларына жауап беру керек және құбылыстың ерекшелігін нақты көрсету керек, ол басқа ғылымдардан механикалық әдістемесін алмау керек. Қойылған мәселені нәтжелі шешу үшін зерттеудің таңдалған тақырыбына жауап беретін нақты әдістемені қолданудың мәні бар.
Осылайша, әдістердің жіктелуі танымдық қызметтің сипаты бойынша келесідей бейнеленуі керек:
Танымдық қызмет сипаты бойынша әдістердің жіктелуі;
Зерттеуді ұйымдастыру әдісі бойынша әдістердің жіктелуі;
Кешенді зерттеу тәсілдері күрделі бүтіндік объектінің құрылымдық-функционалды байланыстарын ашады.
Сарапшылық бағалар әдісі – сарапшылар тобының ойларын анықтау және өңдеу негізінде болжамдық ақпаратты алу.
Комиссияның әдісі сарапшылардың жеке ойларының жиынтығы негізінде объективті және негізделгендері таңдалатындығынан тұрады.
«Ми шабуылы» әдісі – жаңа идеялардың шығармашылық генерациясы (эксперттер тобы), олардың сараптамасы, бағасы (аналитик топтары) және ең тиімдісін таңдау.
Эвристикалық болжау әдісі нақты теориялық негіздемемен, сарапшылардың құзіреттілігін анықтаумен және алынған ақпаратты өңдеу алгоритмімен ерекшеленеді.
Тәуелсіз сипаттамаларды, олардың анализі мен синтезін жалпылау әдісі барысында барлық қажетсіздері алынып тасталады.
Эмпирикалық мәліметтерді сапалы өңдеу әдісі – берілген критерийлер негізінде жіктеудің, дифференциацияның, категориялаудың іртүрлі тәсілдері.
Сандық әдіс құбылыстар мен олардың арасындағы байланыстың сандық сипатын көрсетеді.
Зерттеудің эмпирикалық әдістері – бақылау, диагностикалау, тәжірибе кезіндегі ғылыми дәлелді алу әдістері.
Теориялық зерттеу әдістері оқылатын құбылыстар арасындағы тәуелділікті анықтайды.
Болжау әдісі – зерттеушінің танымдық әрекетін объективті шындықты орнатуға бағытталған ережелердің, талаптардың жүйесі.
Ақпараттық әдіс - таңдалған мәселеге қатысты монографиялық баспалардан, мақалалардан, әртүрлі ғылыми көздерден тез және тиімді ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Морфологиялық талдау әдісі – мәселені құрамдарға бөлу, оның әрқайсысында шешудің бірнеше әдісі бар, ал нәтижесі барлық шешімдердің мүмкін нұсқаларының жиынтығы.
Сұрақтар:
Ғылымға түсінік беріңдер.
Таным процессінің құрылымы қандай?
Ғылыми зерттеу қандай сатыларға бөлінеді?
Ғылым теориясының құрылымын сипаттап бер.
Әдіснамаға анықтама бер.
Әдіснаманың қандай деңгейлері бар.
Әдіс пен әдістеменің анықтамасы.
Достарыңызбен бөлісу: |