Дәріс №1 Пәнге кіріспе. Отандық тарихты оқудың


Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу



жүктеу 230,02 Kb.
бет31/41
Дата05.10.2022
өлшемі230,02 Kb.
#39522
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Д ріс №1 П нге кіріспе. Отанды тарихты о уды

1.Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу.
Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жас мемлекет шұғыл шешуді қажет ететін көптеген киыншылықтарға тап болды. Олардың ең күрделісі экономикалық сала еді. Еліміз 1990 жылдардың басында қарама-қайшылықты әрі өзекті мәселелермен бетпе-бет кездесті. Келеңсіз құбылыстар үсті-үстіне бой көрсетті. Экономикалық дағдарыс терең тамыр жайып, қоғамдық өмірдің барлық саласына әсер етті. Бұрынғы Кеңес басшылығының уәдешіл әлеуметтік саясаты экономиканы дағдарысқа қаусап күйреуге әкеп соқтырды. 1989-1990 жылдары өндірістік инвистиция тоқтады. Өндіріс көлемі абсолютті түрде құлдырап, Қазақстан экономикалық дағдарысқа ұшырады. Жаңа заман талабына сай келмейтін жоспарлы экономика түбегейлі өзгерісті қажет етті. Қазақстан 1990-1991 жылдары Беларусьпен, Әзербайжанмен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Ресей Федерациясымен және Украинамен экономикалық шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы әртүрлі келісімдерге қол қойды. Қазақстан экономикасының нарықтық моделін құру кезінде көптеген қиыншылықтар болды. Тек қана экономикалық жүйені ғана емес, мемлекеттік құрылымды да заман ағымына сай бейімдеу қажет болды. 1991 жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%-ға, 1993 жылы — 28%-ға, 1994 жылы 48%-ға, ал 1995 жылы — 45-ға жетті. Өнеркәсіптің құлдырауы 1993 және 1994 жылдары да тоқтамады. 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 16,1%- ға азайды. Ал 1994 жылы 1992 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 39%-ға, халық тұтынатын тауарлар 41%-ға кеміді. Дегенмен 1995 жылы өнеркәсіп өнімінің төмендегеніне қарамастан, оның жекелеген салаларында 1994 жылмен салыстырғанда біраз өсім байқалды. Жалпы ауылшаруашылық өнімі 1992-1998 жылдары аралығында 55 пайызға қысқарған, астық өндіру 30 миллион тоннадан 12 миллион тоннаға азайған. Аграрлық сектордың басты бір саласы - мал шаруашылығы едәуір төмендеді. Малдың саны азайып кетті. Мал мен құстың кемуі негізінен осы салаға деген көзқарастың нашарлауынан болды. Малға қажетті жем-шөп аз дайындалды. Жекешелендіру нәтижесінде жеке шаруаларға бөлініп берілген малдар сатылып кетті, немесе ауыл тұрғындарына керекті тауарларға ауыстырылды. Егер 1991 жылы 9,8 млн. бас ірі қара болса, 2002 жылы 4,4 млн. бас қана қалды, тиісінше қой мен ешкі 35,7 млн. бастан, 10,4 млн. басқа дейін, жылқы 1,6 млн. бастан 1,0 млн. басқа дейін азайып кетті.
1990 жылы Дәулет Сембаевтың басшылығымен Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды. Жас және білікті мамандарға сенім артып, басшылық оларды нарықтық статегияны әзірлеуге шақырды. Қазақстанға кеңесші ретінде американдық экономист Ч.Бэнг пен египеттік заңгер доктор Хасан шақырылды. Белгілі «500 күн» бағдарламасының авторы Г.Явлинский де біршама уақыт қазақстандық басшының штаттан тыс кеңесшісі болды. Мемлекет алдында жаңа экономикалық стратегияны әзірлеу міндеті тұрды.
Нарықтық экономикаға көшкеннен бастап Қазақстанда жемқорлық құлашын кеңге жайды. Қазақстанда ТМД-да алғашқы болып жемқорлыққа қарсы заңнамалық жүйе жасалды. Қоғамдағы әлеуметтік зұлымдықпен күресу және мемлекеттік қызметкерлердің моральдық-өнегелік келбеті мен іскерлік сапаларына талапты күшейту, әкімшілік қызметкерлердің тәртібі мен жауапкершілігін арттыру мақсатында ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» және 2006-2010 жылдарға арналған заңдары, ҚР Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 «ҚР мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс Кодексі туралы» жарлығы т.б. құжаттар қабылданды.
Нарықтық қатынастардың дамуында жеке меншік қатынасы басты рөл атқарады. Қазақстанда жекешелендіру төрт кезеңде жүрді. 1991-1992 жылдары жекешелендірудің бірінші кезеңі ынталандыру сипатында өтті. 1993-1995 жылдары жекешелендірудің екінші кезеңі «ҚР мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жөніндегі ұлттық бағдарламаның қабылдануымен» басталды. Жекешелендірудің үшінші кезеңі 1996-1998 жылдары секторлық бағдарламаларға көшу болды. 1999 жылдан басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасып отырған төртінше кезең мемлекеттік меншікті реттеу мен жүйелеуге қатысты мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттілікті бөлудің жаңа әдістерімен сипатталады.
Нарықтық экономикаға көшудің құқықтық негізін құру мақсатында Республика Парламенті көптеген заңдар мен нормативтік актілер қабылдады. Олар: «ҚР-ндағы меншік туралы», «ҚР-ндағы шетел инвесторлары», «ҚР-ндағы кәсіпкершілікті дамыту және шаруашылықтағы қызмет бостандығы» және «ҚР-ндағы банктер мен банктік қызметтер туралы» т.б. маңызды заңдар.


2.Президенттің ел халқына Жолдауы: «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» және оның маңызы. Президенттің Қазақстан халқына жолдауы, Астана қаласы, 2004 жылғы 19 наурыз.

«Күн тәртiбiндегi мәселе әлемдiк қоғамдастықта Қазақстанның бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы, бiздің экономикамыздың бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы және қазақстандық ғалымдардың, менеджерлердің, бизнесшiлердің, мамандардың, жұмысшылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы болып отыр.


Бұл мiндеттi шешу үшiн бiздiң экономикалық, сондай-ақ әлеуметтiк салаларда да еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзiрлеуге кiрiсуiмiз керек» – деп елбасы төмендегі мәселелерге жеке-жеке тоқталды.

жүктеу 230,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау