|
Дәріс 1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі Жоспары: Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі. Білімнің әлеуметтік мәні. «Білім берудің»Қазіргі кездегі орта білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар
|
бет | 5/60 | Дата | 12.07.2023 | өлшемі | 202,17 Kb. | | #43124 |
| Д ріс 1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы р лі ЖоспарыҚазіргі кездегі орта білім берудің дамуындағы негізгі тенденциялар.
Қазақстан білім жүйесі дамуының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқу орындарының жаңа жүйесін таңдауда негізгі басымдылық бастуыш мектептерге бағытталды. Мектеп кұрылымымен қатар республикада қарастырылып отырған кезенде орта кәсіби мектептің одан әрі кеңеюіне және жоғары мектептің қалыптасуына бағытталған үлкен жұмыс жүргізілді.
Өкінішке орай, кеңес кезіндегі (1920 – 1950) білім беру жүйелерінің дамуы қазақстандық тарихи-педагогикалық эдебиеттерде бір жақты жағдайда қарастырылған. Ол жылдардағы арнайы педагогика партияның саясаты мен идеологиясына бағынышты болатын. Сондықтан, буржуазиялық ұлтшылдық деген жолмен кінә тағылған ғылыми және педагогикалық зиялы қауым өкілдерімен күрес жүргізілді. Қазақ тілінің білім беруде, ғылымда қажеттілігінің мойындалмауы, ұлттық өзіндік мәдени, салт-дәстүрлеріндегі ерекшеліктері ескеріліп, оған мән берілмеуі қазақ халқының сеніміне, рухани-адамгершілік көзқарасының дамуына кері әсерін тигізгені бүгін мәлім болып отыр.
Білім берудің қоғамдық функциясына байланысты ол жаңа ұрпаққа қоғамдық тәжірибені тапсырубарысында әлеуметтік қуалаушылықтың құралы болып табылады. Адамға байланысты білім беру – бұл адамды жеке тұлға ретінде дамыту, тәрбиелеу және оқыту деп түсіндіріледі. Білім бәру мақсат-міндеттері пекдагогикалық процесс негізінде жүзеге асырылады.
Дәріс 2 Педагогикалық кәсіп пен іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы
Жоспары:
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы.
Педагогикалық мамандықтың өзгешілігі, оның гумманистік сипаты.
Мұғалім еңбегінің профессиограммасы –мұғалім тұлғасының моделі ретінде.
Білім беру деңгейлері бойынша педагог қызметінің квалификациялық сипаттамасы.
Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандарты педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар жүйесі ретінде.
Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында анықталған қазіргі заман мұғаліміне қойылатын кәсіби талаптар және оның құқықтары мен міндеттері.
Кәсіби-педагогикалық білім берудің үздіксіздідігі – қазіргі заман мұғалімін дайындаудың негізгі талабы ретінде.
Қазақстан Республикасының педагогикалық білім берудің модернизациялау.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|