Дәріс 1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі Жоспары: Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі. Білімнің әлеуметтік мәні. «Білім берудің»


Дәріс 4. Қазіргі педагог тұлғасы өздігінен білім алу субъектісі ретінде



жүктеу 202,17 Kb.
бет14/60
Дата12.07.2023
өлшемі202,17 Kb.
#43124
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60
Д ріс 1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы р лі Жоспары

Дәріс 4. Қазіргі педагог тұлғасы өздігінен білім алу субъектісі ретінде
Жоспары: Үздіксіз білім алу тұлғаның кәсіби сұранысқа ие болу және болашақ маманды дайындаудағы құзіреттілік тұрғыда оқытуды іске асыру факторы.
Өздігінен білім алу іс-әрекетіндегі жоспарлау мен мақсаттылық.
Педагогтің өздігінен білім алу тұлғаның еркін, шығармашылық, инститтутан тыс іс-әрекеті ретінде.
Қазіргі ақпараттық қоғам жағдайындағы өздігінен білім алудың рөлі. Қазіргі жағдайда өздігінен білім алу мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің нормасы мен түрі ретінде. Өздігінен білім алу мұғалімнің өз тұлғасын дамыту құралы ретінде. Қазіргі педагог тұлғасы өздігінен білім алу субъектісі ретінде.
Өздігінен білім алу үдерісінің құрылымы. Өздігінен білім алу әдістері. Өздігінен білім алу іс-әрекетіндегі дағдылар мен іскерліктер.
Ақпаратпен жұмыс істеу әдістемесі. Өздігінен білім алу іс-әрекетін ұйымдастыру.
Мұғалімнің өздігінен білім алу құзіреттілігі оның өздігінен білім алу іс-әрекетінің нәтижесі ретінде.
Өзін-өзі тәрбиелеу жеке адам тәуелсіз мақсат қойып, оларға жетуге қабілеті болған кездегі, даму сатысынан бастап өз құқысына енеді. Өмір жағдайларының және тәрбиелеу ықпалымен қалыптасқан жеке адамның өзін-өзі тәрбиелеуге белгілі дайындығы қажет.
Өмір жағдайлары - ол индивид өмір сүретін және оның ойына, сезімдеріне және жалпы мінез-құлқына өз ізін қалдыратын материалдық және мәдени, моральдық және психологиялық шынайы жағдайлар. Яғни өмір жағдайлары жеке адамды біршама өз талаптарына бейімдейді, онсыз адамның әлеуметтік өмірі мүмкін емес болар еді.
Окушыға ата-анасының қылықтары мен өмірі, мектептегі сынып ұжымында оқушылардың өмірі және қылықтары, сондай-ақ мұғалім үлгісі шартты түрде әсер етеді.
Жағдайлар бейнесі - күрделі үрдіс, ол тек қатынас тәжірибесімен ғана емес, индивид қарым-қатынас жасайтын адамдардың бағалауларымен де жанама түрде байланысты.
Сол адамға ықпал ететін әлеуметтік топтың, ұжымның және жеке адамдардың жалпы бағалауына байланысты, бірден материалдық жағдайларды индивид әртүрлі бағалайды. Яғни оқушылардың ұжымдағы қарым-қатынасы, қызығушылықтарын, іс-әрекеттің мәндік бағасын, тұрмыс қалпының және қылықтың беделдігін анықтауға үлкен мәні бар, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу бағытын анықтауда да. Сондықтан оқушылардың ұжымдағы қарым-қатынасы және іс-әрекеті тұлғаны өзін-өзі тәрбиелеудегі дайындықта шешуші роль атқарады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің негізі - тәрбиелеу болып табылады. Кең мағынадағы тәрбиелеу сөзіне оқытуда кіреді, тұлғаның қалыптасуында жетекші роль атқарады. Сонымен бірге В.И.Селивановтың айтуынша, өзін-өзі тәрбиелеуге дұрыс ұйымдастырылған тәрбиелеу жұмысының тіке нәтижесі болып табылады.
Жанұяда және мектепте жүретін тәрбиелеу үрдісінде балалық қылығын, ұжымда және басқа адамдармен қатынасын реттейтін моральдық бейнелер мен түсініктерді қалыптастырады. Моральдық білімдер негізінде, адамның коғамдағы қылығының өнегелік идеясы қалыптасады. Идеяның бар болуы, оқушыға өз дамуындағы кемшіліктерді байқауға және өзін-өзі тәрбиелеудің жоспарын белгілеуге мүмкіндік береді.
Тәрбиелеу, жеке адамды өзін-өзі тәрбиелеуге керекті негіздерді қалыптастырады. Яғни: өнегелік психологиялық, танымдық және еріктік қасиеттерді. Өзін тәрбиелеу үшін белгілі өмірлік позицияға жауап беретін өмір жоспарының болуы; сыртқы талаптарды және өзінің мүмкіншіліктерін білу; қойған мақсаттарына жете білу және өзін басқара алу.
Мектепке дейінгі жастағы балада тәрбиелеу ықпалымен не жақсы, не жаман, нені істеуге болады, нені болмайтыны туралы түсінік қалыптасады. Бұл түсініктер баланың қылықтарын реттейді. Мектептегі оқыту мен тәрбиелеу, нұсқау және білім жүйесін, өмір мәні туралы түсінікті, сенім мен идеялар жүйесін қалыптастырады. Оқуға өз өмірін жоспарлауын, өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын және мақсаттарын белгілеуді жеңілдетеді. Яғни өмір жағдайлары және тәрбиелеу тұлғаны өзін-өзі тәрбиелеуді шынайы мүмкіндігін және қажеттігін түсінуге әкеледі. Сонымен тәрбиелеу мен өзін-әзі тәрбиелеу қатар жүреді. Ал жақсы ұйымдастырылса, әрекеттесіп бір мақсат пен талаптарға бағынып іске асады.
Өзін тәрбиелеу үшін ең алдымен өзіңді танып, бәрін сынап бағалау қажет. Өзіне-өзі риза болу, менмендік тұлғаны регреске жетелейді. Сонымен қатар адам өзіне-өзі сенбеу, наразы болуы да жағымсыз. Өз күшіне сенбеу адамды өзіне-өзі риза болу сияқты регреске әкеледі. Өзін-өзі тәрбиелеу үшін ең жағымды жағдай: адам өз-өзіне, жігерлігіне сеніп, бірақ кемшіліктері бар екенін біліп, өзінің өмірінде жетістікке жету үшін көп нәрсені тәрбиелеу керек екенін білген абзал. Өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілік, еріктері әлсіз, оқушыларда да пайда болады. Бірақ, өзімен жұмыс істеуде еріктілер мәнді жетістіктерге жетеді. А.Г.Ковалевтың мәліметтері бойынша , 16 жас өспірімнен толық және жартылай жетістікке жеткені -10 (63%) еріктің жеткілікті даму деңгейі бар оқушыларға жатады және 6 (37%) еріктері әлсіз оқушылар. Бұл жетістіктер үлкендер көмегімен және басшылығымен орындалған, жақсы ойластырылған жаттығуларға байланысты. Еріксіз оқушылар өздерінің сәтсіздіктерінің себептерін өзін-өзі тәрбиелеуден көреді.
Дәл тәрбиелеу үрдісінде өзімен жұмыс істеуге қажетті ерік қалыптасады. Ерікті тәрбиелеу кезінде оның екі негізгі қызметі пайда болады:
мақсатқа жету жолында сыртқы және ішкі қиыншылықтар мен кедергілерді жеңуге қажеттілік;
сыртқы ықпалдардан және ішкі құштарлықтан болатын әрекеттермен істерді тежеуге қабілеттілік. Бұл екі қызмет тұлғаның екі негізгі еріктік касиеттері: табандылық және өзін ұстай білуде көрінеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу оқытумен тығыз байланысты. Окыту үрдісінде тек сыртқы дүние туралы білімдер ғана емес, адам оның даму шарттары туралы, қалай оқу керек және өзін тәрбиелеу керек екені туралы білімдер қалыптасады. Тәрбиелеп отырып, оқыту үрдісінде тек білуге қажеттілік дамымай, өз бетімен оқуда жетістіктерді қамтамасыз ететін, интеллектуалдық қасиеттер қалыптасады: үй тапсырмасын орындау, өз бетімен білім алу жолымен ой өрісін кеңейту. Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу күрделі ара қатынаста болады. Егер мектепке дейінгі жаста тәрбиелеу негізгі орын алатын болса, бастауыш мектепте тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу біртұтас үрдіс ретінде өтеді, бірақ тәрбиелеу басым болады. Оқушылардың дамуы, ой өрісінің кеңеюіне және тәжірибелік мүмкіндіктерінің өсуіне байланысты, олардың өзін-өзі тәрбиелеуі, тәрбиелеуді тек нығайтпай ғана сонымен қатар толықтырады. Негіз ретінде тәрбиелеу үрдісінде қалыптасқан интеллектуалдық және эмоциялық еріктік қасиеттер қызмет атқарады.
Тәрбиелеу барлық оқушылар үшін жалпы бағдарламада ұсынады. Бұл бағдарлама әр оқушының қызығушылығын, жеке қажеттіліктерін талаптарын, кабілеттерін ескермейді. Сондықтан жас өспірім бұл жағдайда өзін-өзі тәрбиелеудің жеке бағдарламасын белгілейді.
Жоғарғы сынып оқушыларында өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасы өмірлік жол таңдауға, қоғамдағы өзінің орнын белгілеуге байланысты, көлемді бслады. Бірқатар жағдайда өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбиелеу бағдарламасынан озық жүреді. Өйткені бір оқушылар ақыл-ой дамуымен алға шықса, басқалар көркемдік қабілеттерінің дамуымен тағы сол сияқты. Сонымен жастық кезде және ересек адамда өзін-өзі тәрбиелеу тәуелсіз үрдіске айналады.
Үлкендер күнделікті қарым-қатынастағы және іс-әрекеттегі қиыншылықтардың пайда болуына байланысты өздерін күнде тәрбиелейді. Бұл жерде өзін-өзі тәрбиелеу өз қылықтарын түзету формасында, ал кейбір адамдар өзін-өзі қайта тәрбиелеу формасында болады. Сонымен тәрбиелеу өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты және негізі ретінде болады. Өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбиелеу бағдарламасын тек күшейтпей, сонымен қатар дамытады.
Қорыта келгенде тәрбиелеу жұмысының әр қадамы тіке немесе жанама түрде, оқушыда өзін-өзі тәрбиелеу қажеттіліктерінің жандануына бағытталуы қажет.
Әрбір оқушының өзін қоршаған ортасымен тығыз қарым-қатынаста болатынын, солардың әсерімен дамитынын ескере отырып «қиын» балалардың мінезіне отбасы, мектеп және көшенің қалай әсер етеді.
Халық даналығы «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Не ексең соны орасың», десе ұлы Абай «тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі - ақымақшылық» деп түйіндейді. Ал атақты физиолог И.Павлов «әрбір баланың мінез-құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекеттерінен үлгі алу барысында қалыптасады» деп тұжырымдайды.
Бала отбасы жағдайында өмірдегі әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасында бірін-бірі сыйлау, қамқоршы болу, бірлесіп еңбек ету секілді игі дәстүрлер қалыптасқан болса, ол ортадан қоғамға қарсы тұратын тәрбиесіз адам шығуы теориялық жағынан алғанда мүмкін емес. Бұл әңгімеміз, әрине, бірінші топтағы ата-аналарға қатысты.
Моралдік жағынан азғындаған отбасында, әдетте, балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Балалар ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, оларды А.С.Макаренко «ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды» (49),- деген. Сондықтан олар отбасында өздеріне алмаған жылылық пен қайрымдылықты сырттан, көшеден іздейді. Бірақ, көп жағдайда оларды қоғамға жат элементтер өз «қамқорлығына» алады. Олар бұзақылар тобы , нашақорлар, жезөкшелер және тағы басқа әлеуметтік топтар болуы мүмкін.
Отбасы тәрбиесінде ең маңызды мәселенің бірі – ата-аналардың педагогикалық көзқарасының қалай қалыптасуында. Қазіргі кездегі аса бай отбасылардың пайда болуы, оларда бала тәрбиесінің дұрыс тәжірибесі қалыптасты деген сөз емес. Міне, осындай отбасылардың кейбір ата-аналары балаларының кез келген сұрансын мезетте қанағаттандыру, аламын деген нәрсенің бәрін сөзге келмей сатып әперу, үй тірлігіне қатыстырмауы баласының өзімшіл, тек қана тұтынушы, жалқау, басқаның есебінен жақсы өмір сүргісі келетін, арамтамақ болып қалыптасуына әкеліп соқтыратынын ескере де бермейді.
Дәл осыған қарама-қарсы әрекет істейтін ата-аналардың да түсінгі балаларын тура жолдан шығаруға итермелейді.
Мұндай ата-аналар өз балаларын аса қаталдықпен тәрбиелеймін деп әртүрлі қысым мен тыйымдарды қолдану, сәл нәрсеге бола қатаң жазалау, ар-намысын қорлайтын әрекеттер жасау арқылы балаларын өздеріне қарсы қояды. Мұндай жағдай да әрине, балалар ата-анасын сыйламайды, олардың баласына айтқан «ақылы» кері әсер етеді. Осындай отбасында «тәрбие» алған баланың тәрбиелі болуы да екіталай.
Мектептегі оқу-тәрбие жұмысындағы кемшіліктердің де бала тәрбиесіне кері әсер етері даусыз. Олардың бірнеше түрін атап өтсек мына төмендегідей:
1.Тәртіп бұзуға бейім тұратын оқушылардың дер кезінде анықтап, олармен алдын ала жұмыстар жүргізбеу.
2.Мектеп ұжымының осы мәселеде алаусыз болуы немесе жүйелі жұмыстың болмауы. Мектептегі өзін-өзі басқару жұмысының дұрыс жүрмеуі.Сыныптан тыс, мектептен тыс өтілетін іс-шаралардың сапасының төмен екендігі.Тәрбиесі қиын балалардың отбасыларымен қарым-қатынастың нашар ұйымдастырылуы.
3.Девиантты мінезді оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орната білмеу немесе мұғалімдер мен тәрбиешілердің кәсіби деңгейінің төмендігі.
4.Кейбір мұғалімдердің сабақ беру әдісінің төмен болуының әсерінен оқушылардың сабаққа қызықпауы, үлгерімнің нашарлығы, сөз жоқ, оқышылардың тәртібін әлсіреді және ол мұғалімдердің де беделін төмендетеді.
5.Кейбір мұғалімдердің педагогикалық этиканы білмеуі немесе сақтамауы оқушыларды өзіне қарсы қоюға әкеліп соғады да, ұзаққа созылған шиеленісті туғызады.
6.Көшедегі кездейсоқ топтардың оқушының теріс мінезін қалыптастырудағы қосар үлесі де аз емес. Өйткені, қазір көшелерді, аймақтарды белгілі бір топтардың бөліп алып, сол жерлерде билік жүргізілетіні ешкімге де құпия емес.Олар өз түсініктері бойынша өмір сүреді және өз қатарын өзі сияқтылармен толықтырып отырады. Ал олар сол ортада өздерін еркін әрі ыңғайлы сезінеді. Себебі отбасында, мектептегі қағидалары мен адами құндылықтары өздерінше қалыптасқан. Сондықтан қоғамдық мораль мен нормалар олардың түсінігіне сай келмейді. Олардың еліктейтіндері: түрмедегі беделділер, зоршылық пен тонаушылық «ерлік» істері. Ендеше қоғамға жат құмар ойыны, ішкілік ішу, дөрекі сөйлеу, нашақорлықпен, жезөкшелікпен айналысу олардың күнделікті қатардағы тірліктері іспетті. Нәтижеде отбасындағы тәрбиенің нашарлығы мен мектептегі тәрбие беру ісінің дұрыс жолға қойылмауының кесірінен девиантты мінезді балалар тәртіп бұзушылардан «көше» тәртібін қабылдайды. Сөйтіп, ақырында кәдімгі қылмыскерлерге айналады.

жүктеу 202,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау