Дәріс 1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі Жоспары: Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі. Білімнің әлеуметтік мәні. «Білім берудің»


Модуль 3. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы



жүктеу 202,17 Kb.
бет22/60
Дата12.07.2023
өлшемі202,17 Kb.
#43124
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60
Д ріс 1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы р лі Жоспары

Модуль 3. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы
Дәріс 7. Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы
Жоспар: «Мұғалімнің іс – әрекет объектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары (П.Ф.Катеров, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин және т.б.).
Педагогикалық үдеріс мұғалім қызметінің объектісі ретінде.
Педагогикалық үдерістің белгісі, сапасы және мазмұны.
ТПҮ-тің жүйелі бейнесінің компоненттері. П
едагогикалық үдерістің заңдылықтары және қозғауыш күштері.
Тұтас педагогикалық үдерімтің қызметтері (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық). Педагогикалқы үдерімтің оқу жіне оқудан тыс саласының бірлігі жеке тұлғаны қалыптастырудың шарты.
Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. Мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.
Бірақ, негізінен, тек XX ғасырдың 60 жылдарында ғана мұғалім іс-әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде алынып, қарастырылып, еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс-әрекеттің нақтылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу-тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді.
Міне, сондықтан да мектептегі педагогикалық үдерісте мұғалім және оқушы іс-әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық үдерісс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұндай бағыттың қажеттілігі бір қатар зерттеулерде дәлелденген:

  • біртұтас тұлғаны қалыптастыру проблемасын, БПҮ-тің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін емес;

  • мұғалім іс-әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға бағытталушылықпен жету мүмкін емес;

  • егер оқушының іс-әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес;

  • мектеп әкімшілігі іс-әрекетінің тиімділігі тек қана БПҮ-тің ұйымдастыру негізінде болады;

  • БПҮ-тің теориясын жасамайынша, басқару шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру, одан әрі дамыту үте күрделі болады.

Мұғалім іс-әрекетінің объектісін оқып-үйрену БПҮ-тің мәнін анықтау керектігін қажет етеді.
Бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес. «Педагогикалық үдеріс» деген сөздік ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болады.
Жекелік абстрактылықтан нақтылыққа көшу күрделі құбылыстарды теориялық талдау әдісі болады, ал оны бірінші К.Маркс өзінің еңбектерінде бірінші болып қолданды. Затты теориялық қарастырудың объектісі болып заттың басқалармен байланысы мен дербес өздері емес, белгілі бір нақтылықтың басқа заттармен заттың бірі байланысы, оған қатынасы бар. Бірақ бұл мұндай мүмкіншіліктің болуы, егер эмпирикалық зерттеулерде алдын ала теориялық қорытынды жасалып, ұғымдар мен анықтамаларда тұтастықтың жалпы жақтары мен байланыстары көрсетіліп белгіленсе ғана мүмкін. Онда тұтастыққа теориялық талдау заттық нақтылықтың ішіндегі қатынастарын анықтау болады.
Жүйелілік бағыттағы көзқараста педагогикалық үдерістің элементарлық бірлік «кереге көз» арқылы қарастыру арқылы оны моделсіз ретінде қарастыруға болады, негіз болатын абстракция ең аз дегенде екі қасиеті болуы керек: өз нәрсенің мәнін, себептерін аша алуы және басқалармен шегіне жеткен, жанама түрде емес. Басқаша айтқанда, көрсетілген абстракция осы нақтылы көп нақтылықтың абстракциялаудың шегі соңы болады, бұдан әрі құбылысқа сай кеселсіз көрсету мүмкін емес.
Элементарлық бірлікті марксистік педагогика негіздеуге көптеген зерттеушілер және оның әр түрлі объектілеріне қатысты және ат салысты. Бірақ та бұл істелген жұмыстар нәтижесі жеткілікті дәрежеде емес еді, себебі оны жасаушылар қойылатын методологиялық абстракцияны анық көрсету мен оны қолдану жағдайында қойылатын талапты бұзған еді. Белгілі бұл бағыттардың әлсіздігі мынадан байқалады, авторлардың ойларын белгілі бір дәрежеге жеткізе алмады, онда педагогикалық теория өзінің дамуының ғылыми негізделген логикасына ие бола алмады.
2. Тұлғаны қалыптастыру ұзақ үдерісс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен, бұл іс-әрекеттегі ересектердің, мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің әрекеттік қабілеттеріне өзгерту мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуының бірлігі. Демек, егер педагогикалық үдерістің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогикалық үдерістің элементарлық бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» болуы керек.
Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жөн-ересектер (ұстаздар, ата-аналар) распердмечиванияның қызметін алады, яғни, әлеуметтік тәжірибеде алынған іс-әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуы жүзеге асады. Тұлғаның іс-әрекет субъектісіне алмасуы, оқушының даму үдерісінде қалай болатындығы көрінеді.
Барлық мәдени байлықтарды және іс-әрекеттер түрлерін меңгеру пәндік оқыту арқылы жүргізген тиімді. Бұнымен тағыбір жүйенің пайда болуы байланысты, оған мұғалім «сынып ұстаздары» элементі ретінде кіреді.
Қоғамдық өмірге оқушылардың қатысу тәжірибесін қалыптастыру, педагогикалық үдерістің оқудан тыс кеңістігінде көптеген іс-әрекеттер түрлерін меңгеру барлық оқушылардың өзара әрекеттерін және ұстаздар тарапынан басшылық болуын қажет етеді. Сондықтан да мектеп үшін макро жүйе «мектеп ұстаздары – мектеп оқушылар коллективі» қалыптасады. Қоғам бұл жүйеге қатысты жүйе ретінде болады, сонымен, «мектеп оқушылар» жүйесінің өмір сүру қызметі мектептің педагогикалық үдеріссі болады.
Педагогикалық үдерістің қысқаша абстрактылықтан бірінші деңгейдегі жүйеге «адам» көтерілу арқылы сипаттау және одан әрі, одан да жоғары деңгейдегі жүйелерге көтерілу жалпы білім беретін мектептің олардың типтерінен тәуелсіз педагогикалық үдерістің жүйе ретінде бірқатар белгілерін көрсетеді:

  • бұл әлеуметтік жүйе адамдардың өзара әрекеттері есебінен өмір сүреді;

  • мектеп педагогикалық үдеріссі көп деңгейлі және полиқұрылымдық құбылыс, себебі ол өзінің кейінгі деңгейдегі жүйелерді жинайды;

  • педагогикалық үдерісте мұғалімнің басқару объектісі оқушылардың іс-әрекеті болады;

  • іс-әрекеттің барлық элементтері (мақсат, міндеттер, мазмұны және т.б.) жүйелі компоненттері бөліктері сыңары болады, себебі іс-әрекеттің элементтерін, бөліктерін баланың меңгеруі үшін әрине, үлкендердің, ата-аналардың, ұстаздардың іс-әрекеті осыған бағытталуы керек.

«Педагогикалық үдеріс» объектісінің сапасы оның қасиеті ретінде көрінеді, оларсыз педагогикалық үдерісс өзіндік ерекшеліктерінен айырылады:

  • белсенділік пен қатынастың бірлігі, үдеріске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған, бірлескен дербес іс-әрекеттері;

  • әр түрлі сатыдағы жүйелердің қызметінің арнайы мамандануы;

  • субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әр түрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.

Педагогикалық үдерістің сапалары мен қасиеттерін, қызмет ету жағдайларын объективті талап етеді. Сонымен, педагогикалық үдерісс өзін біртұтас ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса, онда «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің тұрақтылығымен өзін-өзі дамыту мәселесі шешіледі.
3. Біртұтас педагогикалық үдерістің өзіне тән бөліктері бар. БПҮ-тің мәнін терең және жан-жақты түсіну үшін тек қана бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың ерекшеліктерін білу керек. БПҮ бөлікерінің ерекшеліктерін түсіну мүмкіншіліктер береді. Бұл бөліктер бір-бірімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, сонда ғана БПҮ-тің жемісін көре алуға болады.
БПҮ-тің субъектісі ретінде педагог және оқушы. Педагогтың басшылығымен «педагог-оқушы» деген динамикалық жүйені құрайды.
Педагог БПҮ-тің субъектісі ретінде арнайы педагогикалық дайындықтан өтіп, жаңа ұрпақты дайындау міндетін алады.
Педагог БПҮ-тің «субъектісі» ретінде үздіксіз білім беру, өзін-өзі тәрбиелеу, балалармен қарым-қатынас жасау барысында білімі мен тәрбиесін жетілдіреді.
Оқушы БПҮ-тің «объектісі» ретінде педагогикалық мақсатзқа орай дамып, өзгеріп отыратын жеке тұлға.
Оқушы БПҮ-тің «субъектісі» ретінде өзіндік табиғи қажеттіліктерін, қызығушылықтарын өтеуге бағытталған, педагогикалық ықпалды қабылдайтын немесе оған қарсы тұратын жеке адам.
БПҮ-тегі субъективтік-объективтік қатынас, оның екіжақтылық мәнін сипаттайды.
БПҮ-тің екінші құрылымдық компоненттерінің бірі – БПҮ-тің мазмұны. БПҮ-тің мазмұны қандай да болмасын бір мақсатқа сай, мұқият ойластырып, мақсатқа саналы қозғалыс туындатады. БПҮ-тің мазмұны мақсатқа сай таңдалуы, іріктелінуі, қорытындылануы, дүниетанымдық көзқарас тұрғысынан бағаланып, объектінің жас ерекшеліктеріне сай болуы алғы шарттарының бірі.
БПҮ-тің компоненті – ұйымдастыру және басқару кешенінің тетігі – оқыту мен тәрбиенің формалары мен әдістері. БПҮ-ті жүзеге асыру барысында педагог әр түрлі формаларды, әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы ғана жан-жақты үйлесімді жеке адам тәрбиелей алуы мүмкін.
Педагогикалық диагностика – БПҮ-тің төртінші компоненті болып есептеледі. Педагогикалық диагностика арнайы әдістер арқылы БПҮ-ті толық және бөліктерін зерттеуге бағытталған. Диагностиканың әдіс-тәсілдеріне: білімді, іскерлікті, дағдыны; оқушылардың еңбек және қоғамдық іс-әрекеттеріне; өмірдің әр жағдайындағы оқушылардың мінез-құлқын, адамгершілік қасиеттерін, өзіндік іс-әрекетінің жемісін зерттеулер жатады.
БПҮ-ті іріктеу критерийіне – білімге, іскерлікке, дағдыға, жеке басқа, мінез-құлық ерекшеліктеріне, сенімге баға беру, нәтижелеу.
Қоғам және табиғатпен әрекеттенуді ұйымдастыру – қоғамдық өмір-тәрбиенің басты факторларының бірі. БПҮ жүйелі, арнайы ұйымдастырылатын үдерісс ретінде қоғамнан бөліп алып қарастыруға болмайды. БПҮ-тің басты мақсаты жеке адамды қоғаммен үйлесімді әрекеттенуін, қоршаған ортаның ықпалына педагогикалық дұрыс тәрбиелік мән беру.
Тәрбиелік мәні бар орта деп педагогикалық мақсатқа сай ұйымдасқан іс-әрекет жасайтын отбасын, еңбек ұжымын, бейресми бірлестіктерді айтамыз.
4. Педагогикалық ғылымда XX ғасырдың 20-жылдарында тәрбиенің заңдылықтары зерттеле бастады (Гончаров Н.К., Колашников А.Г., Грехтенберг С.В.). Біршама кейін педагогикалық үдерістің оқудан тыс уақыттарды (заңдылықтарды зерттеуді), (Болдырев Н.И., Щукина Г.И., Петухова Н.Н.) және оқу үдерісінің (Загвязинский В.И.) ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында пайда болған жұмыстарда толық шолу жасалынғанымен біртұтас педагогикалық үдерістің заңдылықтарынашолу жасалған (Данилов И.А., Бабанский Ю.К, Лихачев Б.Т., Сластенин В.А.).
Педагогикалық үдерістің заңдылықтары дегеніміз «ұстаздар-оқушылар» жүйе байланысын көрсету болады: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы одан басқа жоғары сатыдағы жүйелер (мектептегі қоршаған әлеуметтік орта, қоғам).
Сондықтан педагогикалық үдерістің негізгі мынадай заңдылықтары болады:

  • оқу орнының педагогикалық үдерісі қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігіне сай болады;

  • педагогикалық үдерістің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын көрсетеді, әлеуметтік тапсырыс ретінде білім беру заңдары арқылы талап етіледі;

  • педагогикалық үдерісс – екіжақты үдерісс, ол ұстаздар мен оқушылардың өзара тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екіжақты іс-әрекет;

  • оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырған және ұйымдастырылған іс-әрекетінің нәтижесі;

  • педагогикалық үдерістің қызметі оның жасалуы мен ұйымдастырудың оқушылар коллективі, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты;

  • педагогикалық бір қас қағым сәтте емес, ұзақ мерзімге бағытталған;

  • педагогикалық үдерістің ішіндегі қосымша жүйелерінің ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қалыптасады.

Заңдылықтар педагогикалық үдерістің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді. Олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егер ұстаз нақтылы педагогикалық үдерісс негізгі жағдайда заңдар мен заңдылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оқу-тәрбие жұмысының сапасынан бағалауына әкеледі.
Барлық педагогикалық үдерістің заңдары мен заңдылықтары айқындалғандарды ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін мұғалімнің басшылыққа алуға тиісті сол анықтамалық принциптері.


жүктеу 202,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау