Дәріс 1 Қазіргі жағдайдағы білім берудің басымдылық рөлі Жоспары: Заманауи мәдениеттегі білім берудің орны мен рөлі. Білімнің әлеуметтік мәні. «Білім берудің»


Пайданомдар- балалардың алғашқы тәрбиешілері, жазуға, оқуға, санауға үйретті. Педагогтар



жүктеу 202,17 Kb.
бет7/60
Дата12.07.2023
өлшемі202,17 Kb.
#43124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
Д ріс 1 азіргі жа дайда ы білім беруді басымдылы р лі Жоспары

Пайданомдар- балалардың алғашқы тәрбиешілері, жазуға, оқуға, санауға үйретті.
Педагогтар- баланы жетелеп жүруші құлдар, ауқатты шенуліктердің баласының тәрбиесімен айналысатын адамдар.
Дидаскалар- Оқыту ісімен айналысқан мұғалімдер.
Педотриб – палестра мектебі мұғалімінің атауы, яғни қазіргі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Педаном – Спарта полисіндегі мемлекеттік тәрбие мекемесінің басшысы.
Ежелгі өркениет орталықтарының бірі – ежелгі Рим. Б.з.б. 2 ғасырда Рим Жерорта теңізі жағалауындағы елдерді жаулап, ол жерлерде мәдениет, ғылым, өнерді дамытуға ықпал етті. Ежелгі Римде мектеп ісінің дамуын императордың өзі бақылап отырды. Юлий Цезарь тұсында мұғалімдер мемлекеттік қызметкер атағын алып, мемлекеттен жалақы алып отырды. Ежелгі Рим жерінде грамматикалық және риторикалық мектептер тарады.
Грамматикалық мектептерде 11-15 жастағы ұлдар оқытылды. Оларға гуманитарлық білім берілді. Бұл мектептің мұғалімдерін грамматиктер, литераторлар деп атады.
Ал, риторикалық мектептер – шешендік өнер мектебі. Оған 13-19 жастағы ұлдар қабылданып, жалпы гуманитарлық білім берілді. Бұл мектеп мемлекет үшін қызмет ететін шенеуліктерді дайындады, оған тек ақсүйектердің балаларын ғана қабылдады. Риторикалық мектеп мұғалімдерін риторлар деп атады.
б) Орта ғасырлардағы мұғалім мамандығының дамуы
Орта ғасырларда білім беру ісінің дамуы батыс және шығыс өркениеттерде әр түрлі деңгейде болды. Батыс елдерінде христиан шіркеуі мемлекеттік істерге араласып, діни тәрбие жүргізілді. Дін өз ықпалын жоғалтып алмау үшін ғылым ісінің дамуына шектеу қойып отырды.
Орта ғасырларда батыс елдерінде келесідей мектептің типтері болды: монастрлік, соборлық, приходтық. Бұл мектептерде мұғалім қызметін монахтар атқарады. Білім беру ісі адамдардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайларына байланысты, таптық сипатта болды. Оқыту жекелей, топтық оқыту арқылы іске асты. Мұғалім әрқашанда оқушыдан жоғары тұрды. Сабақ беру барысында оқушылар қателік жасаған жағдайда оларды жазалауға да жол берілді. Шіркеулік мектептерде «жеті еркін өнер» деген пәндер жүйесі оқытылды. Ол екі бөліктен тұрды: тривиум пәндері, оған грамматика, диалектика, риторика пәндері кірсе, квадривиум пәндеріне арифметика, геометрия, астрономия, музыка кірді.
Орта ғасырлық қоғамда серілік (рыцарьлық) тәрбие ерекше орынды алды. Сері атағын алу үшін 7 жастан 21 жасқа дейін әр түрлі білімдерді игеру қажет болды. Серілік мектебі «Жеті серілік игіліктерден» құралды: өлең құрастырып, ән айту, шахмат ойнай алу, қылыштасу, аң аулау, найза, қылыш, қалқан ұстай алу, жүзу, ат құлағында ойнау сияқты жауынгерге қажетті іскерліктерді меңгеруі тиіс еді. Сері тәрбиесімен феодал және оның әйелі айналысты. 21 жасқа толғанда арнайы сынақтан өтіп, өз атағын алуы тиіс болды.
ХІІІ ғасырдан бастап еуропа жерінде алғашқы жоғары оқу орындары пайда болды (Оксфорд, Кембридж, Сарбона және т.б. университеттер). Орта ғасырлық университетте дін, медицина, заң факультеттері жұмыс істеді.
Орта ғасырлардың соңына қарай қоғамның, сауда ісі мен қолөнердің дамуына байланысты діни сипатағы білім адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан мектептің жаңа типтері - қала мектептері пайда болды. Қала мектептеріне шеберханалық және гильдейлік мектептер бірікті. Шеберханалық мектептер қолөнершілерді дайындап, онда мұғалім қызметін шебер атқарды. Ал гильдейлік мектептер сауда ісімен айналысушыларды дайындады.
Шығыс қоғамында білім мен ғылым ісінің дамуына жақсы көңіл бөлінді. Орта ғасырлық шығыс елдерінде ғылымның әр саласы дамып жетілді. Әсіресе, математика, геометрия, физика, астрономия, география, медицина, биология, философия, тарих, тіл және т.б. салалары дамыды. Шығыс қоғамында да діни сипаттағы білім беру мекемелері болды. Бірақ дін ғылымның дамуына батыс қоғамындағыдай шектеу қоймады.
Қазақстан жерінде мектеп қызметін медреселер атқарды. Қазақстан жерінде мұғалімдік қызметпен орта ғасырларда молдалар, ишандар, ақсақалдар, тәжірибелі оқыған адамдар айналысты. Қазақстан жерінде де басқа мемлекеттердегідей білім беру ісі жолға қойылып, ғылымның дамуына жағдай жасалды. Оған қазақ жерінен табылған әр түрлі археологиялық ескерткіштер дәлел болады (Отырар кітапханасы, ескі қала орындары, көне кітаптар, ғалымдардың еңбектері т.с.с.).

жүктеу 202,17 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау