Оқыту әдісі - оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары - деген де пікір айтылады.Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады. Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным үдерісін жетілдіру.
"Әдіске" қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: "белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет".
Олай болса оқыту әдістері- оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Оқу құралдарынаоқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады.
1.Оқу кітаптары - оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептержинағы т.б.
2. Көрнекі құралдар - кестелер, сызбалар, чертеждар, суреттер, фотосуреттер,альбомдар, тарихи, экономикалық-географиялық карталар т.б.
3.Техникалық құралдар - үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б.
Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана білуі оқыту үдерісінің дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Бұл турасында Л. Н. Толстой былай дейді: "Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп білуге тырысуға, оларды көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Оқушының сабақ түсінуіндегі қиыншылығының қандайын болса да, оны оқушының кемшілігі емес, қайта өзімнің сабақ оқытудағы кемшілігім деп қабылдауға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті".
Сондықтан, әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс.
Оқыту үдерісінде оқушыларға ғылым негіздеріне сай терең де тиянақты білім беру, оларды адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешудегі мұғалімнің басшылықету тәсілдері, амалдары мен құралдарының біртұтастығын оқыту әдістері демекпіз.
Достарыңызбен бөлісу: |