«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы


Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайлары мен жабдығын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



жүктеу 1,99 Mb.
бет2/7
Дата15.05.2018
өлшемі1,99 Mb.
#13576
1   2   3   4   5   6   7

3. Денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайлары мен жабдығын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Ескерту. 3-бөлімнің тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 450 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

112. Үй-жайларды ылғалды жинау (еденді, жиһазды, жабдықты, терезе алдын, есіктерді) Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, тәулігіне кемінде екі рет (операция жасалатын орындарда операциялар арасында) жүргізіледі.

Жинау мүкәммалында үй-жайлар және жинау жұмыстарының түрлері көрсетілген анық таңбасы болуы, қатаң түрде тағайындалуы бойынша пайдаланылуы, дезинфекциялануы тиіс.

Ескерту. 112-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 450 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

113. Медицина жиһазының сыртқы және ішкі беті тегіс болуы және жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалдардан жасалған болуы тиіс.

114. Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып палаталы бөлімшелердің үй-жайларын, функционалдық үй-жайларды және кабинеттерді күрделі жинау қабырғаны, еденді, жабдықтарды, мүкәммалды, шамшырақтарды өңдей отырып, айына бір рет және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Күрделі жинау жүргізу үшін персонал арнайы киіммен, жеке қорғаныш құралдарымен, таңбаланған жинау мүкәммалымен және таза шүберекпен қамтамасыз етіледі.

Ескерту. 114-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 450 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

115. Науқас ауруханадан шығарылғаннан кейін, ауыстырылғаннан, қайтыс болғаннан кейін босатылған палатада қорытынды дезинфекция типі бойынша жинау жүргізіледі, төсек жабдықтары (матрастар, жастықтар, көрпелер) камералық дезинфекциялауға және дезинфекциялау ерітіндісімен өңдеуге жатқызылады.

116. Операциялық блокты, таңып-байлау, босандыру залдарын, емшара, манипуляциялық, стерилдеу үй-жайларын, қарқынды терапия палаталарын, асептикалық режимді үй-жайларды ауқымды жинау жабдықты, жиһазды, мүкәммалды өңдеу және дезинфекциялау арқылы аптасына бір рет жүргізіледі.

117. Операциялық бөлмелерде, таңу бөлмелерінде, босандыру залдарында, реанимация палаталарында, жаңа туған және шала туған нәрестелер мен бір жасқа дейінгі нәрестелер палаталарында, емшара бөлмелерінде, инфекциялық бокстарда, асептикалық режимі бар үй-жайларда әрбір ағымдық жинаудан кейін отыз минутқа, ал күрделі жинаудан кейін екі сағатқа ультракүлгін сәулелегіштер қосылады.

Ауаны зарарсыздандыру үшін басқа қондырғыларды қолдану кезінде есептеу пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 450 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

118. Экрандалмаған жылжымалы бактерицидті сәулелендіргіш үй-жайдың бір текше метріне (бұдан әрі - м3) 2,0-2,5 вт қуат есебінен орнатылады. Экрандалған бактерицидті сәулелендіргіштер үй-жайдағы адамдарға сәуленің бағытталмауы жағдайында үй-жай көлемінің 1 м3-не 1,0 вт қуат есебінен еденнен 1,8-2,0 метр биіктікте орнатылады. Қарқынды үздіксіз жүктемесі бар үй-жайларда ультракүлгін рециркуляторлар орнатылады.

Шамдарға арналған ажыратқыш үй-жайға кіреберісте орналасады және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі «Кіруге болмайды, бактерицидті сәулелегіш қосылып тұр!» деген жарық берілетін тақтамен блокталады.

Ауаның тұқымдалуын қауіпсіз деңгейге дейін төмендету үшін мынадай технологияларды қолдануға рұқсат етіледі:

адамдар жоқ кезде қолданылатын ашық және аралас бактерицидтік сәулелегіштердің және жабық сәулелегіштердің, оның ішінде адамдар бар кезде ауаны зарарсыздандыру жүргізуге мүмкіндік беретін рециркуляторлардың көмегімен ультракүлгін сәулемен әсер ету;

бактериялық сүзгілерді, оның ішінде электрлі сүзгілерді қолдану.

Сәулелегіштер мен сүзгілер пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес пайдаланылады.

Ескерту. 118-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 450 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

119. Науқастардың киім-кешегін ауыстыру жеті күнде бір рет және ластануына қарай жүргізіледі.

Стационарлық емделіп жүрген туберкулезбен ауыратын науқастар аурухана киімімен қамтамасыз етіледі.

Босанған әйелдердің төсек жабдығын ауыстыру әрбір үш күн сайын және ластануына қарай жүргізіледі.

Ескерту. 119-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 450 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

120. Операциялық, босандыру блоктарында, асептикалық режимдегі үй-жайларда ауруханалық стерилді немесе бір реттік киім-кешек пайдаланылады.

121. Пайдаланылған киім-кешекті жинау тығыз арнайы ыдыста (клеенка, полиэтилен қаптар, жабдықталған киім-кешекке арналған арбалар) жүзеге асырылады. Бөлімшелерде лас киім-кешектерді бөлуге жол берілмейді.

122. Бөлімшелерде лас киім-кешектерді уақытша сақтау (он екі сағаттан асырмай) санитариялық бөлмелерде, осы мақсат үшін арнайы бөлінген үй-жайларда жууға және дезинфекциялауға жеңіл (металл, пластмасса бөшкелер) жабық ыдыста жүзеге асырылады. Лас киім-кешектермен жұмыс істеу үшін персонал ауыстырылатын санитариялық киіммен қамтамасыз етіледі.

123. Таза киім-кешектер арнайы бөлінген үй-жайларда стеллаждарда, шкафтардағы сөрелерде сақталады.

124. Киім-кешектің ауруханадан тыс киім-кешекпен жанасу мүмкіндігін болдырмайтын арнайы технологиялық желілер бөлінген жағдайда, барлық меншік нысанындағы кір жуу орындарында киім-кешекті жууға жол беріледі. Инфекциялық, іріңді хирургиялық және патологиялық-анатомиялық бөлімшелердің киім-кешектері жуу алдында дезинфекцияланады.

125. Таза және лас киім-кешекті тасымалдау қаптамаланған күйде («таза», «лас» киім-кешек) таңбаланған жабық ыдыста жүзеге асырылады.

Ескерту. 125-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 450 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4. Медициналық қалдықтарды жинауға қойылатын талаптар
126. Медициналық қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және шығару денсаулық сақтау объектісінде қабылданған, қалдықтармен жұмыс істеу схемасына сәйкес орындалады, ол мынаны көздейді:

1) пайда болатын қалдықтардың сандық және сапалық құрамы;

2) қалдықтарды жинау тәртібі;

3) қалдықтарды зарарсыздандыру (залалсыздандыру) мен жоюдың қоданылатын тәсілдері;

4) персоналды қалдықтармен жұмыс істеу кезінде эпидемиялық қауіпсіздік қағидаларына гигиеналық оқыту.

127. Персонал алдын ала және мерзімдік медициналық тексеруден өтеді және В вирустық гепатитіне қарсы егіледі. Қалдықтармен жұмысқа 18 жасқа толмаған адамдар жіберілмейді.

128. Персонал арнайы киіммен және жеке қорғаныш құралдарымен (халаттар, комбинезон, қолғап, бетперде, респираторлар, арнайы аяқ киім, алжапқыштар, жеңқаптар) жабдықталады.

129. Қалдықтарды жинау үшін бір рет қолданылатын, су өткізбейтін қаптар, пакеттер, металл және пластикалық сыйымдылықтар, жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнерлер (бұдан әрі – ЖҚКЖК) пайдаланылады.

Қалдықтардың әрбір сыныбын жинауға арналған қаптардың, пакеттердің түсі әртүрлі (А сыныбы қалдықтары - ақ, Б сыныбы - сары, В сыныбы - қызыл, Г сыныбы – қара), контейнерлерде, сыйымдылықтарда таңба болуы тиіс. Қауіпті қалдықтарды жинауға арналған металл және пластикалық сыйымдылықтар, контейнерлер тығыз жабылуы тиіс.

130. А сыныбының қалдықтарын жинау көп рет қолданылатын сыйымдылықтарда немесе бір рет қолданылатын пакеттерде жүзеге асырылады.

Бір рет қолданылатын пакеттер арнайы арбаларда немесе көп рет қолданылатын контейнердің ішінде орналасады. Қалдықтарды жинауға арналған сыйымдылықтар мен арбалар таңбалануы тиіс.

Арнайы бөлінген тоңазытқыш жабдығы болмаған жағдайда тағам қалдықтарын жиырма төрт сағаттан асырмай уақытша сақтауға жол беріледі.

131. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 450 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

132. Б сыныбының қалдықтары түсі сары немесе сары түсті таңбасы бар бір рет қолданылатын жұмсақ (пакеттерге) немесе қатты (тесілмейтін) контейнерлерге жиналады.

133. Шанышпалы және үшкір заттар алдын ала бөлшектелмей және дезинфекцияланбай, тесілмейтін және ылғалға төзімді ЖҚКЖК-ға медициналық қалдықтардың басқа түрлерінен бөлек жиналады.

ЖҚКЖК үшкір заттармен жарақаттануды болдырмайтындай сенімді және бір рет жабылады.

Ескерту. 133-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 450 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

134. Б сыныбының органикалық, сұйық қалдықтарын жинау үшін олардың герметикалығын қамтамасыз ететін қақпағы бар бір рет қолданылатын, тесілмейтін, ылғалға төзімді контейнерлер пайдаланылуы тиіс.

Сұйық биосубстраттар (қан, сары су, жұлын сұйықтығы) міндетті түрде зарарсыздандыруға (дезинфекциялауға) жатады, содан кейін су бұру жүйесіне төгіледі.

Ескерту. 134-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 450 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

135. ЖҚКЖК көлемінің үштен екісінен асырмай толтырылады және пайда болған орындарында тәуліктен асырмай сақталады.

ЖҚКЖК-ы көлемінің үштен екісінен асырмай толтырылады және қақпақпен тығыз жабылады және үш тәуліктен асырмай сақталатын медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайға жіберіледі.

Ескерту. 135-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 450 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

136. Аппараттық тәсілдерді пайдалана отырып қалдықтарды зарарсыздандыруды ұйымдастырған кезде, эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптары қамтамасыз етілген жағдайда Б сыныбының қалдықтарын алдын ала зарарсыздандырмастан, пайда болған орындарында жинауға, уақытша сақтауға, тасымалдауға рұқсат етіледі.

137. Б сыныбының паталогиялық-анатомиялық және органикалық операциялық қалдықтары (ағзалар мен тіндер) термикалық тәсілмен залалсыздандырылуы тиіс.

Зираттарға қалдықтарды көмуді қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаты бар ұйымдар жүзеге асырады.

Ескерту. 137-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 450 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

138. В сыныбының қалдықтары міндетті зарарсыздандыруға (дезинфекциялауға) жатады. В сыныбының қалдықтары түсі қызыл немесе қызыл түсті таңбасы бар бір рет қолданылатын жұмсақ (пакеттерге) немесе қатты (тесілмейтін) контейнерлерге жиналады. Сұйық биологиялық қалдықтар, пайдаланылған бір рет қолданылатын шанышпалы (кесетін) аспаптар мен басқа да медициналық мақсаттағы бұйымдар (бұдан әрі – ММБ) қатты (тесілмейтін), ылғалға төзімді тұмшаланған контейнерлерге салынады.

139. Пайдаланылған люминесценттік шамдар, құрамында сынабы бар аспаптар мен жабдық қара түсті тығыз жабылатын қақпағы бар сыйымдылықтарға жиналады. Сыйымдылықтар толтырылғаннан кейін тығыз жабылады және медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған жайда сақталады.

140. Қысқа мерзімдік айналымы бар (қатты, сұйық және газ түріндегі) Д сыныбының радиоактивті медициналық қалдықтары тиісті сақтау қоймаларында олар толық ыдырағанға дейін сақталады, содан кейін олар А сыныбының медициналық қалдықтары тәрізді жойылады. Д сыныбының «ұзақ мерзімдік» радиоактивті медициналық қалдықтары арнайы полигондарға (қорымдар) көмуге жіберіледі.

141. Медициналық ұйымның жауапты адамы осы Санитариялық қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық қалдықтарды күн сайын есепке алу журналын жүргізеді.
5. Денсаулық сақтау объектілерінде медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға қойылатын талаптар
142. Б, В, Г сыныбының медициналық қалдықтарын уақытша сақтау үшін денсаулық сақтау объектісінде жеке үй-жай бөлінеді.

143. Тамақ қалдықтарын, Б сыныбының зарарсыздандырылмаған қалдықтарын жиырма төрт сағаттан артық сақтау тоңазытқыштарда немесе мұздату камераларында жүзеге асырылады.

Медициналық ұйымдарда (денсаулық сақтау пункттері, кабинеттер, медициналық пункттер) Б және В сыныбының қалдықтарын қосалқы үй-жайларда орналасқан сыйымдылықтарда уақытша сақтауға (жиырма төрт сағаттан артық сақтаған кезде тоңазытқыш жабдығы пайдаланылады) жол беріледі.

144. А сыныбының қалдықтары бар контейнерлер арнайы алаңда сақталады.

145. Контейнерлер объектіден жиырма бес метр қашық орналастырылуы тиіс. Мұндай контейнерлерге арналған алаң үш жағынан 1,5 м биіктікте қоршалуы тиіс.

146. Медициналық қалдықтарды сақтауға арналған бөлме сору желдеткішімен, биологиялық қалдықтарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдығымен, стеллаждармен, медициналық қалдықтары бар пакеттерді жинауға арналған контейнерлермен, ыстық және суық су келтірілген раковинамен, бактерицидті шаммен жабдықталады.

147. А, Б, В сыныбының қалдықтары пайда болған орнында бір тәуліктен асырылмай, арнайы алаңдардағы контейнерлерде немесе қалдықтары бар сыйымдылықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайларда үш тәуліктен асырылмай сақталады. Б сыныбының биологиялық қалдықтары +5оС-тан аспайтын температурада сақталады.

148. Уақытша сақтау үй-жайынан медициналық қалдықтарды автокөлік құралына тиегеннен кейін, үй-жай, пайдаланылған мүкәммал және жабдық дезинфекцияланады.

149. Медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жай шығаруға арналған кіретін жолдары бар денсаулық сақтау объектісі корпусының шығатын жеріне тікелей жақын жерде орналастырылады.
6. Медициналық қалдықтарды тасымалдауға қойылатын талаптар
150. А сыныбының медициналық қалдықтарын тасымалдау кезінде қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдауға арналған автокөлік құралы пайдаланылады.

151. Сұйық медициналық қалдықтарды зарарсыздандырмай кәріз желісіне құюға жол берілмейді.

152. Патогенді биологиялық агенттердің қалдықтары, пайдаланылған ыдыс, зертханалардың «жұқпалы» аймағының қатты медициналық қалдықтары сыйымдылықтарға жиналады және автоклавтарда немесе дезинфекциялау құралдарымен зарарсыздандырылады.

153. Медициналық қалдықтарды тасымалдауға арналған автокөлік құралы жеңіл дезинфекциялық өңделетін, су өткізбейтін жабық кузовпен жабдықталады.

Автокөліктің «Биологиялық қауіпті қалдықтар» деген халықаралық таңбасы болуы тиіс.

Ескерту. 153-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 450 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

154. Медициналық қалдықтарды тасымалдауға тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөніндегі орган берген оң санитариялық-эпидемиологиялық қортындысы бар автокөлік құралына рұқсат етіледі.

Ескерту. 154-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 450 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


7. Медициналық қалдықтарды жоюға қойылатын талаптар
155. Денсаулық сақтау объектілерінің аумағында қалдықтарды өртеуге жол берілмейді. Қалдықтарды термиялық әдіспен залалсыздандыру (өртеу) медициналық қалдықтарды +800-10000С төмен емес температурада термиялық әсер ету жолымен жүргізіледі.

155-1. Денсаулық сақтау объектілерінің аумағында медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бойынша арнайы қондырғыларды орналастыру және пайдалану оң санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды және экологиялық сараптама болған кезде рұқсат етіледі.

Қондырғыны орналастыру үшін мыналар көзделеді: ауданы кемінде 10,0 мқалдықтарды уақытша сақтау үй-жайы, ауа ағымын сору қасиеті бар сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталған, су бұру жүйесіне ағылатын және су келтірілген ауданы кемінде 20,0 м2 қондырғыны орналастыру үй-жайы (егер өзгесін өндіруші көздемеген болса), қызметтік-тұрмыстық үй-жай (персоналдың бөлмесі, санитариялық торап, себезгі).

Ішкі әрлеу үшін үй-жайлардың функциялық мақсатына сәйкес материалдар пайдаланылады.

Ескерту. Санитариялық қағида 155-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 450 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

156. А сыныбының медициналық қалдықтары пайда болған орындарынан денсаулық сақтау объектісінің аумағында орналасқан контейнерге жіберіледі және контейнерлердің толуына қарай, үш күнде бір реттен сиретпей қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады.

157. Қалдықтарды кәдеге жаратудың ақырғы өнімдері қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына шығарылады.
8. Денсаулық сақтау объектілерінде науқастарды тамақтандыруды ұйымдастыруға, медицина персоналының еңбек жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
158. Денсаулық сақтау объектісінің ас блогын инфекциялық бөлімшелерден басқа корпустармен және бас корпуспен қолайлы жер асты және жер бетіндегі көлік байланыстарымен қосылған, бөлек тұрған ғимаратта орналастырады.

159. Тағамдарды дайындау кезінде өндірістік үдерістің ағымдылығы қатаң сақталады. Шикізат пен дайын өнімдердің қарама-қарсы ағымына жол беруге болмайды. Шикізатты, тағам өнімдерін тауар көршілестігі қағидаларын сақтай отырып сақтайды. Тоңазытқыш жабдығы болмаған жағдайда тез бұзылатын тағам өнімдерін сақтауға жол берілмейді.

160. Күнсайынғы таратылатын ас мәзірін жасау кезінде «Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тамақтанудың заттай нормаларын және жұмсақ мүкәммалмен жабдықтаудың ең төменгі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысымен бекітілген тамақ нормалары ескеріледі.

161. Ас мәзiрiн әзірлеген кезде өнімдер мен тағамдарды ауыстыру күндерінде емдәмнің химиялық құрамы мен тағамдық құндылығын (құнарлылығын) есептеу жүзеге асырылады.

162. Күнсайын ас блогында дайын тағамның тәуліктік сынамасы қалдырылуы тиіс. Тәуліктік сынама үшін бірінші тағамның жарты үлесі қалдырылады, үлесті екінші тағамдар кемінде 100 грамм (бұдан әрі – гр) мөлшерінде толығымен алынады, үшінші тағамдар кемінде 200 гр мөлшерінде алынады. Тәуліктік сынамалар тоңазытқышта арнайы бөлінген орында +2 - +6 градус Цельсий (бұдан әрі – оС) температурада қақпақ ары жабылған банкаларда сақталады. Жиырма төрт сағат өткеннен кейін тәуліктік сынама тағам қалдықтарына тасталады. Тәуліктік сынаманы сақтауға арналған ыдыс (сыйымдылықтар, қақпақтар) бес минут бойы қайната отырып өңделеді.

163. Дайын тамақты аурухананың буфет бөлімшелеріне жеткізген кезде термостар немесе қақпақтары тығыз жабылатын ыдыс пайдаланылады. Тасымалдау арнайы таңбаланған арбалардың көмегімен жүзеге асырылады.

164. Дайын тағамды таратуды буфетшілер және бөлімшенің кезекші мейірбикелері «тағам таратуға арналған» деп таңбаланған халаттарда жүргізеді. Тағамды таратуды бақылауды тағайындалған диетаға сәйкес аға мейірбике жүзеге асырады.

165. Тарату кезінде бірінші тағамдар мен ыстық сусындарда температура +75оС, екіншілерде +65оС төмен болмауы, салқын тағамдар мен сусындарда +7-ден 14оС дейiн болуы тиіс. Тарататын сәтке дейін бірінші және екінші тағамдар дайындалған сәтінен бастап eкi сағатқа дейін ыстық плитада тұруына болады. Тамақты бір күн бұрын дайындалған тамақтың және сол күнi ертерек мерзімдерде дайындалған тамақтың қалдықтарымен араластыруға жол берілмейді.

166. Буфет бөлімшелерінде: тамақ таратуға арналған және үш ұялы ванна қондырғысы бар ыдыс жууға арналған екі үй-жай көзделеді.

167. Буфеттерде жуу ванналарына су келтірілген резервтік су ысытқыштар, инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы бөлімшелерінің буфеттерінде асхана ыдысын өңдеуге арналған ауа стерилизаторлары орнатылады.

168. Ыдысты өңдеуді мынадай тәртіппен жүргізеді: тамақты механикалық алып тастау және бірінші жуғышта майсыздандыру құралдарымен жуу, екінші жуғышта ыстық сумен шаю және ыдысты арнайы сөрелерде, торларда кептіру.

169. Инфекциялық, тері-венерологиялық, туберкулезге қарсы стационарлардың (бөлімшелердің) буфеттерінде, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша басқа бейін бөлімшелерінде:

1) ыдысты тамақ ішкеннен кейін буфеттерде бөлек үстелде жинайды, тамақтың қалдықтарынан босатады, зарарсыздандырады, жуады және кептіреді. Зарарсыздандыру химиялық (дезинфекциялық құралдардың ерітіндісімен, оның ішінде жуғыш машинада) немесе термиялық тәсілмен (қайнату, ауа стерилизаторында өңдеу арқылы) жүргізіледі;

2) тамақ қалдықтарын қақпағы бар арнайы таңбаланған бакқа тастайды және бестен бір ара қатынасындағы (экспозициясы бір сағат) құрғақ дезинфекциялық құралды себу тәсілімен тиісті инфекцияға арналған режим бойынша зарарсыздандырады. Пайдаланылған ыдысқа арналған үстел, щеткалар, ысқыштар әрбір қолданыстан кейін дезинфекцияланады. Үстелдер мен ыдысты жууға арналған шүберекті дезинфекциялық ерітіндіге батыру арқылы зарарсыздандырады, шаяды және кептіреді.

170. Науқастарға арналған сәлемдемелер науқастың тегі, аты, берiлген күнi көрсетілген целлофан пакеттерде беріледі. Сәлемдемелерді беру орындарында, бөлімшелерде беруге рұқсат етілген (олардың саны көрсетіле отырып) және тыйым салынған өнімдердің тізімдері iлiнеді.

171. Бір жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсету кезінде, балалар бөлімшелерінің құрамында балаларға арналған қоспаларды дайындауға және құюға арналған үй-жай көзделеді. Құрғақ сүт қоспаларында қаптамасы ашылғаннан кейін ашылу күні және уақыты көрсетілген таңбасы болуы тиіс. Қоспаларды араластыру стерилді ыдысты қолдана отырып жүзеге асырылады.

172. Персоналға арналған тұрмыстық үй-жайлар санитариялық өткізгіш типі бойынша жабдықталады және олардың құрамына мыналар кіреді: киім ілетін орын, себезгі бөлмесі, қол жуғыштар, дәретхана, арнайы киім мен жеке қорғаныш құралдарын сақтауға арналған үй-жай. Киім ілетін орындар арнайы және жеке киімді сақтауға арналған жеке шкафтармен жабдықталады.

173. Персоналды тамақтандырумен қамтамасыз ету үшін асханалар мен буфеттер көзделуі қажет, барлық бөлімшелерде ауданы 12,0 м2 (инфекциялық бөлімшелер үшін – 14,0 м2), тоңазытқышпен, су жылытуға арналған құрылғымен, қол жууға арналған раковиналармен жабдықталған персоналға арналған бөлме бөлінеді. Жұмыс орындарында тамақ ішуге жол берілмейді.

174. Медициналық персонал ауысымдық жұмыс киімінің үш жиынымен: халаттармен, қалпақтармен (орамалдармен), ауысымдық аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Санитариялық киімді ауыстыру күн сайын және ластануына қарай жүзеге асырылады. Санитариялық киімді жуу бір орталықтан, науқастардың киім-кешегінен бөлек жүзеге асырылады.

175. Консультациялық көмек көрсететін медициналық персонал, стационарлардың бөлімшелерінде уақытша жұмыс атқаратын техникалық, әкімшілік-шаруашылық персоналы ауысымдық киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі.

176. Көптеген дәрі-дәрмекке тұрақтылығы бар микобактериялар бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастармен жұмыс жүргізген кезде қорғау дәрежесі жоғары қорғаныш бетперделері мен респираторлар пайдаланылады.

177. Туберкулезге қарсы ұйымдардың басшылары персоналды халықаралық стандарттарға сәйкес келетін кемінде 94% қорғаныш дәрежесі бар респираторлармен мынадай жағдайларда қамтамасыз етуі керек:

1) инфекциялық аэрозольдің пайда болу тәуекелі жоғары ем-шара кезінде (бронхоскопия, трахея интубациясы, қақырық жинау рәсімі, бактериоскопия, бактериялық егу);

2) тексерулер, консультация, тәрбие жұмысын жүргізу кезінде туберкулезбен ауыратын науқастар немесе күдікті науқастар бар палаталарға (секциялар, камералар) барған уақытта науқастармен тікелей байланыс кезінде.

Ескерту. 177-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 № 450 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


жүктеу 1,99 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау