Жалпылай барлық музыканы харам
дейтіндердің дәлелдері
1.
«Адамдардың арасында ешбір (дәлелге
сүйеніп) білімге жүгінбестен елді Алланың жолынан
адастыру үшін бос сөздерді сатып алатын (немесе
ақиқатпен айырбастайтын) әрі Хақ жолын келекеге
айналдыратын адамдар бар. Оларға Алланың
қорлайтын азабы болады»
96
.
Бұл аяттағы қазақша
«бос сөз»
деп аударылып
отырған
«ләһуал-хадис»
сөзі көңіл көтеру үшін ойын-
сауық мақсатында айтылатын әртүрлі хикая, әзіл-оспақ,
ертегі секілді сөздерді, әңгімелерді де қамтиды.
Кейбір ғалымдар
«ләһуал-хадис»
сөзін Ибн Аббас
сияқты кейбір сахабалардың
«ән»
деп тәпсірлегенін
95
әл-Имамул-әкбар Махмуд Шәлтут, Әл-Фәтаауа. 355-бет. Дәруш-
шуруқ, Египет. 2004 ж.
96
«Лұқман»
сүресі, 6-аят.
98
Дін мен Діл
негізге алғандықтан музыканың харамдығын білдіретін
дәлелдердің қатарында қолдануға тырысқан.
Алайда бұл аят жалпылай барлық музыканың
харамдығына дәлел бола алмайды. Себебі, тәпсіршілердің
бәрі бірдей
«ләһуал-хадис»
сөзін тек қана
«ән»
деп
тәпсірлемеген. Бұл аяттың түсу себебіне үңілер болсақ
«ләһуал-хадис»
сөзінің жалпылай барлық музыканың
харамдығын білдірмейтінін түсінеміз.
Надр ибн Харис деген Меккелік мүшрік Иранда
сауда жасап жүріп, сол жақтан қызық дастандар мен
хикаяларға толы кітап сатып алып келеді. Сол кітаптағы
хикаяларды Меккеліктерге оқып беріп отырып былай
дейді:
«Мұхаммед Ад және Сәмуд қауымдары туралы ба
-
яндаса, міне, мен де сендерге Рим және өзге елдердің мы
-
салдарын әңгімелеймін»
деп халықтың көңілін Құраннан
қайтармақ болған. Осы оқиғаға байланысты жоғарыдағы
аят түскен.
Екіншіден, аятқа толықтай үңілетін болсақ,
«...елді
Алланың жолынан адастыру үшін бос сөздерді сатып
алатын әрі Хақ жолын келекеге айналдыратын адамдар
бар...»
делінген. Яғни, бос сөздерді жай сатып алатын адам
-
дар емес, Алланың жолынан елді адастыру мақсатында
сатып алатын және хақ жолын, Құран аяттарын келекеге
айналдыратын адамдар делініп тұр. Ал халықтың көңілін
Құраннан алшақтатып, хақ діннен адастыру мақсатында
атқарылатын қандай да бір істің, тіпті пиғылдың күпірлік
екені айтпаса да түсінікті.
Ендеше, аяттың мұсылман жандармен әрі дұрыс
музыка, пайдалы әуенмен тікелей байланысы жоқ екені
анық. Ал егер музыканы адамдарды адастыру үшін, дінді
келеке ету мақсатында қолданса, онда ол аталмыш аяттың
аясына кіргендіктен, ондай музыканың харамдығында еш
шүбә жоқ.
99
Дін мен Діл
2. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сахихул-Бухари хадис
кітабындағы:
Достарыңызбен бөлісу: |