Дениеті мен білімін


«Тәуәссул» дегенді қалай түсінуге



жүктеу 5,28 Mb.
Pdf просмотр
бет139/209
Дата09.10.2023
өлшемі5,28 Mb.
#43715
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   209
Дін мен діл

«Тәуәссул» дегенді қалай түсінуге 
болады? Жалпы ол дінде бар нәрсе 
ме?
Тәуәссулдің сөздік мағынасы 
«белгілі бір нәтижеге 
қол жеткізу үшін қандай да бір себеп, құрал қолдану»
дегенді білдіреді. Мысалы, бір жерге бару үшін көлік 
қолдану да тәуәссулге жатады. Ал шариғатта тәуассул 
деп: 
«Дұғаның қабыл болуы үшін Пайғамбарымыздың 
(с.а.у.) немесе басқа бір аса тақуа адамның құрметін 
себепкер етуге айтылады. Мысалы, «Уа, Алла Тағалам, 
соңғы пайғамбар әрі сенің сүйікті құлың Мұхаммедтің 
(с.а.у.) құрметіне менің мына дұға-мінәжаттарымды 
қабыл ала гөр»
деп тілек тілеу секілді. Шариғатта 
тәуассулдің басқа да түрлері бар. Оны төменде арнайы 
түсіндіреміз.
Бұл тақырыпқа кірмес бұрын тәуассулға байланысты 
мынаны біліп алғанымыз жөн.
Тәуассул – дұға жасаудың, Алла Тағалаға 
жалбарынудың бір түрі. Негізгі тілекті қабыл алушы да, 
сұрағаныңды орындаушы да – еш күмәнсіз Алла Тағала. 
Ал тілекте 
«құрметі үшін»
деп тәуассул жасалған 
кісі тек себепкер ғана. Яғни, тәуассул жасаған кісі – 
тәуассул жасалған тұлғаның тікелей ешкімге пайда яки 
зиян келтіре алмайтынын білуге тиіс. Кімде-кім мұны 
басқаша ойласа, Алла Тағала серік қосқан болады.
Тәуассулдің түрлері
Ғалымдар тәуассулдың мына түрлерінің шариғатқа 
қайшы емес екенін бірауыздан білдірген: 


190
Дін мен Діл
1. Алла Тағаланың көркем есімдерін себепкер етіп, 
мысалы, 
«Рахман есіміңнің құрметіне»
деп тәуассул 
жасау. Бұл жайлы Құранда: 
«Ең көркем есімдер Алла 
Тағалаға тән. Ендеше, Оның есімдерімен дұға 
етіңдер»
241
делінеді.
2. Басқа бір салиқалы кісіден өзі үшін дұға етуін 
өтіну түрі. Қазақтағы бата сұрау үрдісі де тәуассулдың 
осы түріне жатады. Мысалы, сахабалар құрғақшылықта 
жаңбыр жаууы үшін пайғамбарымыздың дұға етуін 
өтінген. Сондай-ақ, кейбір сахабалар тәніндегі кейбір ау
-
руларынан айығу үшін пайғамбарымыздан (с.а.у.) дұға 
етуін сұрағаны жайлы көптеген сахих хадистер бар. Айша 
анамыз күнәсінің кешірілуі үшін пайғамбарымыздан 
(с.а.у.) Алла Тағалаға дұға етуін өтінген. Тіпті, Құранда 
мұсылмандарға жасаған күнәларының кешірілуі үшін 
пайғамбарымызға келіп, одан Алла Тағалаға дұға етуін 
өтінудің абзалдығы жайлы айтылады
242

3. Салиқалы ізгі істерді себепкер етіп дұға жа
-
сау. әл-Бухари және Мүслимде келген сахих хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) үш кісінің жолаушылай бір 
үңгірге кіріп, кейіннен ол үңгірдің аузына үлкен тас құлап, 
үңгірді жауып қалғанын айтады. Бұл үш кісі үңгірдің 
аузындағы тастың ашылуы үшін өздерінің өмірлерінде 
істеген ең ізгі істерін айтып: 
«Уа, Алла Тағалам, егер менің 
істеген осы ісім тек Сенің разылығың үшін болса, бізді осы 
мүшкіл жағдайдан құтқар»
деп жалбарынады. Біріншісі 
өзінің тек Алланың разылығы үшін әке-шешесіне жасаған 
ерекше жақсылығын айтып дұға еткеннен кейін үңгірдің 
аузындағы тас азғантай ашылады, екіншісі де өзінің 
өмірдегі салиқалы бір ісін айтып жалбарынғаннан кейін 
үңгірдегі тас адамның денесі сыймайтындай көлемде 
241
«әл-Ағраф» 
сүресі, 80-аят.
242
«Ниса» 
сүресі, 64-аят.


191

жүктеу 5,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   209




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау