«Тәуәссул» дегенді қалай түсінуге
болады? Жалпы ол дінде бар нәрсе
ме?
Тәуәссулдің сөздік мағынасы
«белгілі бір нәтижеге
қол жеткізу үшін қандай да бір себеп, құрал қолдану»
дегенді білдіреді. Мысалы, бір жерге бару үшін көлік
қолдану да тәуәссулге жатады. Ал шариғатта тәуассул
деп:
«Дұғаның қабыл болуы үшін Пайғамбарымыздың
(с.а.у.) немесе басқа бір аса тақуа адамның құрметін
себепкер етуге айтылады. Мысалы, «Уа, Алла Тағалам,
соңғы пайғамбар әрі сенің сүйікті құлың Мұхаммедтің
(с.а.у.) құрметіне менің мына дұға-мінәжаттарымды
қабыл ала гөр»
деп тілек тілеу секілді. Шариғатта
тәуассулдің басқа да түрлері бар. Оны төменде арнайы
түсіндіреміз.
Бұл тақырыпқа кірмес бұрын тәуассулға байланысты
мынаны біліп алғанымыз жөн.
Тәуассул – дұға жасаудың, Алла Тағалаға
жалбарынудың бір түрі. Негізгі тілекті қабыл алушы да,
сұрағаныңды орындаушы да – еш күмәнсіз Алла Тағала.
Ал тілекте
«құрметі үшін»
деп тәуассул жасалған
кісі тек себепкер ғана. Яғни, тәуассул жасаған кісі –
тәуассул жасалған тұлғаның тікелей ешкімге пайда яки
зиян келтіре алмайтынын білуге тиіс. Кімде-кім мұны
басқаша ойласа, Алла Тағала серік қосқан болады.
Тәуассулдің түрлері
Ғалымдар тәуассулдың мына түрлерінің шариғатқа
қайшы емес екенін бірауыздан білдірген:
190
Дін мен Діл
1. Алла Тағаланың көркем есімдерін себепкер етіп,
мысалы,
«Рахман есіміңнің құрметіне»
деп тәуассул
жасау. Бұл жайлы Құранда:
«Ең көркем есімдер Алла
Тағалаға тән. Ендеше, Оның есімдерімен дұға
етіңдер»
241
делінеді.
2. Басқа бір салиқалы кісіден өзі үшін дұға етуін
өтіну түрі. Қазақтағы бата сұрау үрдісі де тәуассулдың
осы түріне жатады. Мысалы, сахабалар құрғақшылықта
жаңбыр жаууы үшін пайғамбарымыздың дұға етуін
өтінген. Сондай-ақ, кейбір сахабалар тәніндегі кейбір ау
-
руларынан айығу үшін пайғамбарымыздан (с.а.у.) дұға
етуін сұрағаны жайлы көптеген сахих хадистер бар. Айша
анамыз күнәсінің кешірілуі үшін пайғамбарымыздан
(с.а.у.) Алла Тағалаға дұға етуін өтінген. Тіпті, Құранда
мұсылмандарға жасаған күнәларының кешірілуі үшін
пайғамбарымызға келіп, одан Алла Тағалаға дұға етуін
өтінудің абзалдығы жайлы айтылады
242
.
3. Салиқалы ізгі істерді себепкер етіп дұға жа
-
сау. әл-Бухари және Мүслимде келген сахих хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.у.) үш кісінің жолаушылай бір
үңгірге кіріп, кейіннен ол үңгірдің аузына үлкен тас құлап,
үңгірді жауып қалғанын айтады. Бұл үш кісі үңгірдің
аузындағы тастың ашылуы үшін өздерінің өмірлерінде
істеген ең ізгі істерін айтып:
«Уа, Алла Тағалам, егер менің
істеген осы ісім тек Сенің разылығың үшін болса, бізді осы
мүшкіл жағдайдан құтқар»
деп жалбарынады. Біріншісі
өзінің тек Алланың разылығы үшін әке-шешесіне жасаған
ерекше жақсылығын айтып дұға еткеннен кейін үңгірдің
аузындағы тас азғантай ашылады, екіншісі де өзінің
өмірдегі салиқалы бір ісін айтып жалбарынғаннан кейін
үңгірдегі тас адамның денесі сыймайтындай көлемде
241
«әл-Ағраф»
сүресі, 80-аят.
242
«Ниса»
сүресі, 64-аят.
191
Достарыңызбен бөлісу: |