Дениеті мен білімін



жүктеу 5,28 Mb.
Pdf просмотр
бет147/209
Дата09.10.2023
өлшемі5,28 Mb.
#43715
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   209
Дін мен діл

Дін мен Діл
болғаннан кейін яки, жалпы тәуассул жасауды тыйған 
әлсіз де болса ешбір тікелей тыйымы жоқ. Екіншіден, 
Омар өз аузымен қайтыс болған кісімен тәуассул жасауға 
болмайтындығын ашып айқын айтқан емес. Үшіншіден, 
хазірет Омар пайғамбардың немере ағасы Аббаспен 
тәуассул жасау арқылы пайғамбарымыздан басқа да 
жандармен тәуассул жасауға болатындығын білдіруі де 
мүмкін. Төртіншіден, Омардың Аббаспен тәуассул жа
-
сауы, оның Алла елшісіне туысқан болғандығы үшін. 
Яғни, бұл тәуассул бір қырынан Алла елшісімен жасалған 
тәуассулға жатады. Бесіншіден, Омардың Аббаспен 
тәуассул етіп жаңбыр сұрауының себебін Ибн Абдил-
Барр өзінің 
«әл-Истиъаб»
атты еңбегінде былай деп 
түсіндіреді: 
«Рәмада кезінде Омардың заманында қатты 
құрғақшылық болды. Бұл һижри он жетінші жыл еді.
Каъб: «Уа, мүміндердің басшысы! Исрайл ұрпақтары 
мұндай жағдайға тап болғанда, пайғамбарлардың ең 
жақын туысқандарының құрметіне жаңбыр сұраушы 
еді»,-деді. Омар: «Мынау Алла елшісінің немере ағасы, 
әкесінің бауыры, Һәшім ұрпақтарының мырзасы Аббас 
тұр ғой» деп, оған барып жағдайды айтты»
254
.
Тағы бір айта кететін жайт тәуассулға қарсы 
шыққандардың айтқанындай, Омар тек Аббасты 
шақырып алып жаңбыр жаууы үшін дұға жасатумен ғана 
шектелмеген. Өзі де Аббастың құрметі үшін жаңбыр 
сұраған. Себебі, Омар өзінің жоғарыдағы дұға мәтінінде: 
«Пайғамбарымыздың дұғасымен тәуассул жасаушы 
едік, енді оның немере ағасы Аббастың дұғасымен 
тәуассул жасаймыз» 
деп, дұға сөзін қосып айтпаған. 
Сондықтан 
«дұға»
сөзін қосу – бұл жорамалға саналады. 
Ал сөзді тура түсінуге мүмкіншілік бар жерде жорамал 
негіз емес.
254
Мұхаммед Зәһил әл-Кәусари, Мақалатул-Кәусари, 341-бет. 
«әл-
Мәктабутут-тәуфиқия»
баспасы, Каир қаласы.


200
Дін мен Діл
Алтыншыдан, өлген кісіге тәуәссул етуге болмай
-
ды дейтіндей, оның көзі тірісіндегі Алла алдындағы 
қадір-қасиеті мен құрмет-мәртебесі ол кісінің бақилық 
болуымен бірге қоса жойылып кетпейді ғой. Яғни, 
ол тақуа жанның көзі тірісіндегі Ұлы Жаратушы 
алдындағы құрметі дүние салғаннан кейін де жалғаса 
береді. Жетіншіден, өлі адаммен тәуәссул етуге болмай
-
ды дейтіндей біз өз мұқтаждығымызды өлген адамнан 
сұрап тұрған жоқпыз. Тек оның өлмейтін, өшпейтін Алла 
алдындағы мәртебесін шапағатшы етіп: 
«Алла Тағалам, 
пәленше құлыңның Сенің алдындағы ерекше құрметі 
мен мәртебесі үшін менің дұғаларымды қабыл ал»
деп 
дұға етудеміз. Қысқасы, тілегімізді қабыл алушы әрі оны 
орындаушы құдіреті шексіз Алла Тағала болғандықтан
тәуәссул етілген адамның тірі болып-болмауының еш 
айырмашылығы жоқ. 
3. Әбу Сағид әл-Худридан риуаят етілген басқа бір 
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у): 

жүктеу 5,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   209




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау