Дениеті мен білімін



жүктеу 5,28 Mb.
Pdf просмотр
бет115/209
Дата09.10.2023
өлшемі5,28 Mb.
#43715
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   209
Дін мен діл

Дін мен Діл
белгілі бір кейіп Аллаға жүрмейді» десе, біз олармен 
келісер едік. Сәлафус-салих ғалымдарына жататын 
Әбу Ханифа өзінің шәкірттеріне қалдырған өсиеттерін 
қамтыған 
«Әл-уасия»
кітабында былай дейді: 
«Біз Алла 
Тағаланың аршқа истиуа еткеніне сенеміз. Бірақ ол ис
-
тиуа аршқа қажеттілік болмастан әрі оған жайғасып, 
орнықпастан жүзеге асқан. Алла Тағала мұқтаж болма
-
стан арштың да, басқаның да сақтаушысы. Егер Алла 
Тағала мұқтаж болғанда, әлемді жаратуға да, әрі оны 
басқаруға да басқа жаратылғандар тәрізді құдіреті 
жетпес еді. Егер ол отыруға, жайғасуға мұқтаж бол
-
са, онда Алла Тағала аршты жаратпас бұрын қайда 
еді? Алла Тағала одан (отыру мен мұқтаж болудан) пәк 
әрі ұлы»
191
.
Байқағанымыздай, табиғинге жататын, яғни сәлаф 
деген атауға анық лайық Әбу Ханифа 
«истиуаны» 
«орнығу, отыру, жайғасу»
мағынасындағы 
«истиқрар»
емес екенін түсіндіріп отыр. Ал бүгінгі біздің ғана 
ақидамыз түзу деп, басқаларын адасуға жатқызатындар 
«истиуаны»
истиқрар деп түсіндіріп жүр. Бұл сонда 
қандай сәлафи ақидасы?
Олар хабари сипатты білдіретін сөздердің тура 
мағынасын жоққа шығармаймыз, қандай мағынада 
айтылғанын да білеміз, тек нендей кейіпте болатындығын 
ғана білмейміз дейді. Олардың 
«Алланың өзіне лайық 
көзі бар, бірақ біздің көзіміз сияқты емес»
немесе 
«Алла 
аршқа орнығып, жайғасты, бірақ біздің орнығуымыз бен 
жайғасуымызға ұқсамайды»
деген сөздеріндегі
 «Алланың 
өзіне лайық»
және 
«біздікіне ұқсамайды»
деген тәрізді, 
бір қарағанда, Алланы пәктеу секілді көрінетін мұндай 
191
Әкмалуд-дин Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-ханафи, Шарху 
уасиятил-имам Әби Ханифати, 52-бет. 
«Дарул-фатх»
баспасы, 
Египет 2009 ж.


157
Дін мен Діл
сөздеріне қарапайым халық алданып қалады. Шынтуай
-
тында, 
«Алланың өзіне лайық көзі бар»
деген кезде мейлі 
ол біздікіне яки кез-келген басқа жаратылыстың көзіне 
ұқсамай-ақ қойсын, Бірақ жалпы көздің тілдегі тура 
мағынасы, жалпы ұғымы көру құралы, арнайы ағза емес 
пе? Ендеше, 
«көз»
сөзінің ағза немесе құрал ретіндегі 
тура мағынасы Алла үшін мүмкін емес. Аллаға мұндай 
мұқтаждықты білдіретін мағынаны таңуға болмайды. 
Себебі, Алла ешбір құрал, ағзасыз-ақ толық көреді, біледі. 
«Һидаяға» «Фатхул-қадир»
атты кең түсіндірме жасаған 
ханафи ғалымы әл-Кәмал Ибнул-Һүмам былай дейді: 
«Саусақ та, қол да Алла Тағаланың сипаты. Бірақ ағза 
мағынасында емес. Керісінше Алланың ұлықтығына 
лайық түрде. Кемшіліктен пәк Алла ең дұрысын 
біледі»
192
. Егер олар Ибнул-Һүмам секілді 
«Алланың 
қолы бар, бірақ ағза мағынасында емес»
десе де келісуге 
болар еді. Алайда олар аяттағы 
«қолдың»
мағынасын 
білеміз, бірақ біздікіне ұқсамайды дейді, өзіне жарасатын 
түрде деп Алланы пәктеген болады. Құранда кәпірлерге 
қаратыла: 

жүктеу 5,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   209




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау