Дениеті мен білімін


күні жайып жүрген қойларының біреуін қасқырдың



жүктеу 5,28 Mb.
Pdf просмотр
бет102/209
Дата09.10.2023
өлшемі5,28 Mb.
#43715
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   209
Дін мен діл

күні жайып жүрген қойларының біреуін қасқырдың 
сүйреп бара жатқанын байқадым. Адам баласымын 
ғой, ел секілді мен де ашуланып, қайғырамын. Әлгі 
күңімді бір қойдым. Сосын пайғамбарымыздың жаны-
на келдім. (Болған жайды айтып бердім). Ол маған бұл 
істің үлкен күнә екенін айтты. Мен: «Уа, Алланың 
елшісі! Күңіме азаттығын берейін бе?», – дедім. Ол 
маған: «Күңіңді алып келші», – деді. Сөйтіп мен күңімді 
Пайғамбарымызға алып келдім. Пайғамбарымыз оған: 
«Алла қайда?», – деп еді, ол: «Аспанда», – деп жауап 
берді. Пайғамбарымыз: «Мен кіммін?», – деді. Ол: «Сен 
Алланың елшісісің» деп жауап қайырды. Содан кейін 
пайғамбарымыз (с.а.у.) маған: «Басына азаттық бер, 
мұсылман екен», – деді». 
Имам ән-Нәуауий осы хадиске қатысты былай деп 
түсіндірме берген:
Бұл хадис 
«ахадисус-сифатқа»
(Алланың сипатына 
қатысты хадистер) жатады. Мұндай мәселеге қатысты 
екі көзқарас бар. Бұл екі көзқарас жайлы
«иман»
тара-
уында талай рет айтылды. Біріншісі, Алла Тағалаға еш 
нәрсенің ұқсамайтынын әрі Оның жаратылғандарға тән 
ерекшеліктерден пәк екеніне сене отырып, айтылған 
сипаттың мағынасына кірместен жалпылай иман келтіру. 
Ал екіншісі, Аллаға лайық келетін кейіпте жорамалдау. 
Бұл көзқарастағылар былай дейді: 
«Пайғамбарымыз 
«Алла қайда?» деуі арқылы оның бір Аллаға сеніп, 
сенбейтінін анықтағысы келді. Яғни, барлық жара
-
тылысты басқарып әрі барлық істі істеп тұрған 
жаратушының жалғыз Алла екендігіне, намаз оқығанда 


141
Дін мен Діл
кісінің қағбаға бет бұратыны секілді, дұға жасаушының 
тілек тілегенде қолын аспанға көтеру арқылы мінәжат 
жасалатын бір Аллаға сеніп, сенбейтіндігін білгісі 
келді. Жүзді қағбаға бұрған уақытта Алланың қағбаның 
ішінде болмайтыны секілді, қолды аспанға жайған кезде 
де Ол аспанның ішінде болмайды. Керісінше қағба намаз 
оқушылардың құбыласы болғаны тәрізді, аспан да дұға 
етушілердің құбыласы. Немесе пайғамбарымыз оның 
жердегі пұттарға табынушылардан болып, болмағанын 
білгісі келді. Ол: «Аспанда» деп жауап бергеннен кейін 
оның пұтқа табынушы емес, бір Аллаға сенетіндігін 
айқындады».
Имам ән-Нәуауий бұл мәселеге қатысты сөзін 
мәшһүр ғалым әл-Қади Ъиадтың былай деген сөзімен 
жалғастырды: «
Мұсылмандардың фақиһтері мейлі хадис 
ғалымдары уа һәм кәлам саласының мамандары бол
-
сын, тіпті діни үкімді басқалардан алатын қарапайым 
мұқаллидтері болсын бәрі «Аспандағының сендердің 
үстеріңе жерді төңкере салуынан қорықпайсыңдар 
ма?» деген аяттар секілді мұндай «Алла аспанда» 
делінген сөздердің тура мағанасының мұрат еместігін 
бірауыздан айтқан. Мұндай сөздердің тура мағынасы 
мұрат болмағандықтан, барлық ғалымдар бойынша 
жорамалданған...»
155
.
Мүслимнің хадис жинағына түсіндірме жасаған 
ғалым әл-Мазири де жоғарыдағы хадис жайлы былай 
дейді:
«Пайғамбарымыз 
күңнің 
мұсылман 
болып, 
болмағандығын білдіретін қандай да бір белгісін білгісі 
келді. Өйткені кәпірлердің табынатын құдайлары са
-
налатын от пен пұт жерде орналасқан. Әрқайсысы 
155
Мұхиддин ән-Нәуауий, әл-Минһәәж Шарх сахих Мұслим ибнил-
Хажжаж, 5-6 том, 26-27 бет.
«Дарул-мағрифа» 
баспасы, 2007 ж.


142

жүктеу 5,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   209




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау