Дениеті мен білімін



жүктеу 5,28 Mb.
Pdf просмотр
бет171/209
Дата09.10.2023
өлшемі5,28 Mb.
#43715
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   209
Дін мен діл

Дін мен Діл
тұтынатұғын әдеттерінің сарқынын біз де кей жер
-
де көргеніміз бар: келін түскенде үлкен үйдің отына 
май құйып, «От ана, май ана, жарылқа!» дегізіп, бас 
ұрғызғаны секілді, «өлген әруаққа арнадық» деп шырақ 
жаққан секілді, жазғытұрым әуел бұлт күркүрегенде, 
қатындар шөмішімен үйдің сыртынан ұрып, «Сүт көп, 
көмір аз» деген секілді. Бұған ұқсайтын ырымдар көп 
еді, құдайға шүкір, бұл күнде жоғалып бара жатқанға 
ұқсайды»
292
.
Қазіргі таңда жаңа түскен келін отқа май құярда «От 
ана, май ана, жарылқа!» деп айтпаса да бұл ырымның өзі 
сол шаманизмнің сарқыншағы екендігі сөзсіз.
Қазіргі таңда кейбір ырымдар мен негізсіз 
тыйымдарға бәзбір танымы таяз жандардың құлай 
беріліп, оған қатты сенгендігі соншалық – оны Құранның 
үкімдері мен пайғамбарымыздың тыйымдарынан да 
жоғары қояды. Мысалы, жаңа түскен келіннің жүзіне ұн 
жағылмай қалса, 
«жаман боладыға»
салып, сол ырым
-
ды орындатпай қоймайды. Ал бірақ сол үйлену тойда 
арақ ішіліп, небір харам нәрселер істеліп жатса да, оған 
жаны ауырып, көңілі құлазымайды. Сонда ешбір негізі 
жоқ ырымның Алланың шариғатынан да жоғары болғаны 
ма? Адамға пәлекет пен кесір келсе, мұндай негізсіз 
ырымдардың орындалмай қалуынан емес, әлгіндей харам 
нәрселердің кесірінен болатыны сөзсіз.
Ырым дегенде тағы бір ескере кететін жайт – белгілі 
бір заманның тұрмыс жағдайына байланысты ескерілген 
кейбір гигиеналық тыйымдардың қазіргі таңда ырымға 
айналуы. Мысалы, 
«түнде тырнағыңды алма, жаман 
болады!»
деп жатады. Шын мәнінде, бұл ырым емес. Бұл 
– қазіргідей жарық шамы жоқ әрі ыдыс-аяғы мен жатын 
292
Абай, 2-том, 154-бет. «Жазушы» баспасы, Алматы, 2005


233
Дін мен Діл
орны жақын орналасқан кішігірім қазақы үйде ғұмыр 
кешкен халықтың гигиеналық сақтануынан туындаған 
ұстаным. Себебі, қараңғыда алынған тырнақтың ыршып 
ыдыс-аяққа түсіп, одан әрі адамның ішіне кету қаупі бар. 
Сондай-ақ, бұрынғы кезде тырнақты қазіргідей оңай ала
-
тын құралдар болмағандықтан, қараңғыда тырнақ алған 
кісі тырнағымен бірге саусағын кесіп алуы ықтимал. Ал 
енді қазіргідей жарығы мол, ыдыс-аяғы бөлек тұратын 
бірнеше бөлмелі үйде мұндай тыйымға қажеттіліктің жоқ 
екені рас. Ендеше, мұны түсініксіз ырымға айналдырудың 
қажеті де жоқ. 
Тағы бір мысал, қазақта: 
«Үйге қарай жүгірме, не
-
месе, атпен шаппа, жаман болады!»
деп жатады. Бұл 
сөз де әсілінде ырым емес, үлкен этикадан туындаған 
тәлімі терең тыйым болмақ. Олай дейтініміз, көбіне жау 
шапқанда, немесе басқа да суық хабарды жеткізерде 
хабаршы жай жүріске салмай шауып келеді. Міне 
сондықтан тыныштық уақытта үйге қарай шауып келу 
– елдің жүрегіне үрей салу болғандықтан, бабаларымыз 
«үйге қарай жүгірме, яки, атпен шаппа»
деп этикалық 
астары қалың тыйымдарды айтып отырған. Әйтпесе, үйге 
қарай жүгіру мен шабудың нәтижесінде жаманшылық 
болмайтыны ақиқат. Алайда аулада ойнап жүрген бала
-
ларды басып кетпеу, есік алдын шаңдатпау, үй иелерінің 
жүрегіне үрей салмау үшін қазіргі таңда да бұл тыйым
-
ды ұстанған дұрыс. 
Көз тимесін деген ырыммен сәбидің омырауына 
тағылатын көз моншақ та негізінде ырым емес, сақтанудан 
туындаған ғылыми ақиқат болуы мүмкін. Себебі, көз тию 
деген нәрсенің бар екені рас. Пайғамбарымыз (с.а.у.): 

жүктеу 5,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   209




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау