ǶǴLJȁǾȈǴǟƅơȄǴǏƅơÈDZȂÉLJÈǁōǹÈƗǾǼǟƅơȆǓǁŏȅÊǁƢ ÈǐÌǻÈÌȋơÈƧÈƽƢÈƬÈǫĺƗǺǟ
ǾȈǧōȆÈǴÈǟÈDZÊDŽÌǻÉƗȁƗ ÉƪÌưÊǠÉƥÆǵÌȂÈȇÈȁǾȈǧ ÉƩÌƾÊdzÉȁÆǵÌȂÈȇÈǭơÈƿDZƢǫśǼƯȍơÊǵÌȂÈȇÊǵÌȂ ÈǏǺǟÈDzÊƠÉLJ
Сахих Муслимде Әбу Қатададан мынандай ха
-
дис риуаят етілді. Ол былай деді:
Пайғамбарымыздан
(с.а.у.) дүйсенбі күнгі ораза жайлы сұралған еді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Бұл күні мен дүниеге
келдім әрі елші болып жіберілдім немесе
277
бұл күні
276
Али Жум’а, әл-Баян лима иашғалул-әзһан, 166-бет, Каир, 2005 ж.
277
Пайғамбарымыздың елші болып жіберілдім дегенін яки Құран
түсе бастады деп айтқанын хадисті риуаят етуші кісі нақты есіне
сақтай алмағандықтан осылай риуаят еткен.
218
Дін мен Діл
маған Құран түсті»-деп жауап берді
278
.
Хадисте
пайғамбарымыздың дүниеге келген күнінің ерекшелігі
мен қасиеттілігі, тіпті, бұл күнде Ұлы Жаратқанға
шүкір ниетімен ораза ұстаудың сауаптылығы айтылған.
Иә, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дүниеге аяқ басуы Ұлы
Жаратушының ғаламға сыйлаған ең үлкен нығметі
мен жақсылығы екені сөзсіз. Құранда:
«Біз сені күллі
ғалам үшін рақым етіп қана жібердік»
279
деп осы
ақиқатты меңзеген. Сондықтан оның дүниеге аяқ ба
-
сып, ғаламды нұрға бөлеуі – артынан ерген үмбеті үшін
үлкен қуаныш. Ол дүниеге келмей тұрып, барша ғалам
қараңғылыққа тұншығып жатқан-ды. Адамзат небір
меңіреу пұттарды құдай танып, ес-түссіз құлшылық
ұрды. Ақ қара саналып, асыл құнсызданды. Небір
сорақы істер мен арсыз қылықтар игілікке бағаланып,
иелері атақ-абыройға кенеліп жатты. Осы бір сұрапыл
да қараңғы заматта Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.)
дүниеге қадам басты. Оның құтты қадамы осынау
қараңғы дәуірге нұр боп шашылды.
Иә, біздер пайғамбарымыз (с.а.у.) арқылы Ұлы Жара
-
тушыны қатесіз танып, оның тура жолын түсіндік. Ақ пен
қараны ажыратып, жұмақ пен тозақты білдік. Ақыреттің
сырларына үңіліп, небір тылсым дүниелерден хабардар
болдық. Адамдық борышымыз бен асыл міндетімізді
аңғарып, дүниенің мәні мен жаратылыстың мағынасын
ұқтық. Ендеше, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) дүниеге келуі
– мұсылмандар үшін зор қуаныш, Ұлы Иеміздің құлдарына
жасаған ұлы жақсылығы. Ал қуанышты бөлісудің,
оны белгілі бір жүйемен көрсетудің, Алла Тағаланың
жақсылығы мен нығметіне шүкір мақсатында жария етудің
278
Сахих Муслим, 2-том, 819-бет, «Дәру Ихиа’ит-турасил-
араби баспасы», Бәйрут. Сахих ибни Хиббан, 8-том, 403-бет,
Муәссатур-Рисалә, Бәйрут, 1993 ж.
279
«Әнбия»
сүресі, 107-аят.
219
Достарыңызбен бөлісу: |