Дениеті мен білімін



жүктеу 5,28 Mb.
Pdf просмотр
бет158/209
Дата09.10.2023
өлшемі5,28 Mb.
#43715
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   209
Дін мен діл

Пайғамбарымыз 
Мұхаммедтің 
(с.а.у.) туылған күнін – қасиетті 
мәулітті мереке ретінде атап өтудің 
дінімізде үкімі қандай? Кейде мәуліт 
мерекесінің «бидғат», яғни, дінімізге 
кейіннен қосылған қате, тіпті күнә амал екендігі 
айтылып жатады. Осының ара-жігін ажыратып 
берсеңіз.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) туылған күнін қасиетті 
мереке ретінде атап өту үрдісі ислам әлемінде һижри 
IV-V ғасырлардан басталады. Ислам ғұламалары бұл жай
-
лы көптеген құнды еңбектер жазып, мәуліттің дініміздегі 
орнын анықтауға тырысқан. Қазіргі таңда бұл мерекені 
бір-екі мемлекеттен тыс барлық ислам әлемі ерекше 
атап өтеді. Мерекеде Алла Тағаланың кәламы – қасиетті 
Құран оқылып, пайғамбарымыз жайлы мадақ өлеңдер 
мен жырлар, салауаттар айтылып, сәлем жолданады. 
Пайғамбарымыздың өнегелі өмір жолы барынша қыр-
сырымен насихатталып, үмбетінің Алла елшісіне (с.а.у.) 
деген сүйіспеншілік сезімдері одан әрі күшейтіле түседі. 
Мүмкіндікке қарай қасиетті мәуліт күнін себеп етіп 
жұртқа сусын, тамақ таратып, сыйлықтар беріп, басқа да 
игі шаралар атқаруға болады. Мәуліт мерекесін атап өтуді 
дұрыс деген ғалымдардың бәрі бірауыздан бұл мерекені
атап өту барысында шариғатқа қайшы іс-әрекеттердің 
орын алмауын шарт қосуда. 
Мәуліт 
мерекесіне 
байланысты 
дәлелдерді 
жазбас бұрын бұл мерекені арнайы атап өтудің 
пайғамбарымыздың хадисіндегі
«...Кейіннен (дінде) 


214
Дін мен Діл
шығарылған барлық жаңа нәрселер – бидғат, ал барлық 
бидғат – адасушылық»
269
, – деп ескерткен адастырушы 
бидғатқа қатысы бар-жоқтығын анықтап алайық. 
Иә, мәуліт мерекесін тойлау пайғамбарымыздың за
-
манында болмағаны рас. Пайғамбарымыздың заманында 
болмаған істі ғибадат ретінде тұрақты жасау бидғатқа 
жатады. Бірақ бидғат түсінігі – ғұламалар арасында әр 
түрлі түсіндірмеге ие күрделі мәселе. Бір топ ғалымдар 
бойынша бидғат;
«бидғат хасана», «бидғат саййа»
яғни, жақсы және жаман бидғат болып екіге бөлінеді. 
Шариғатқа қайшы емес әрі мұсылмандарға пайдасы бар, 
құлды сауапқа жетелер барлық істер кейіннен қосылса 
да жақсы бидғатқа жатады. Бұл жайлы Имам Науауйи: 
«Пайғамбарымыздың заманында болмаған барлық істер 
бидғатқа жатады. Бірақ бидғаттың жақсы мен жа
-
маны бар»
деп бидғатқа түсінік берсе, Имам Шафиғи: 
«Кейіннен шығарылған істер екі түрлі болады. Біріншісі, 
Құранға, сүннетке, әсаарға яки ислам ғұламаларының 
ортақ ижмағына (үкімдегі ортақ көзқарас) қайшы 
келетін бидғаттар, бұл адастырушы бидғат. Ал екіншісі 
оларға ешкімнің қарсылығы жоқ жақсылық істер. Бұл 
дұрыс бидғат»
270
деп бидғатты екіге бөліп қараған.
Пайғамбарымыздан кейін қалыптасқан кейбір 
жақсы істер мен үрдістердің ғибадатта болса да жақсы 
бидғатқа жататындығына Омардың заманында болған 
мына бір оқиға дәлел бола алады: Абдур-Рахман ибну 
Абдил-Қаридан риуаят етілді. Ол былай деді: 

жүктеу 5,28 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   209




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау