«Алланың қолы
олардың қолдарының үстінде»
деген секілді аяттар мен
«Адам ұрпақтарының жүректерінің бәрі Алланың екі
саусағының арасында тұрады..»
деген тәрізді хадистерді
тізбектеп тұрып жазғызып, оларды тура мағынасы бой
-
ынша түсіндіріпті. Бұл қазақ жігіті кейіннен өзінің бет
пердесін ашқаннан кейін жұмыстан аластатылды. Менің
айтайын дегенім, бұл күрделі мәселе неліктен алғашқы
дәрісте түсіндіріліп отыр. Себебі, олардың пайымдауын
-
ша, бұл өте өзекті мәселе. Өздері секілді ойламағандардың
бәрі адасушылар. Әйтпесе, Құранның айқын аяттарын
-
да білдірілген Алланың кемел сипаттарын әлі жете та
-
нып, исламның негізгі құндылықтарын біле қоймаған
университеттің табалдырығын жаңа аттаған шәкірттерге
мұны алғашқы дәрісте түсіндірмесе керек-ті. Мысырда
да бұл ағымның өкілдері кездеседі. Оларға
«әл-Әзһар
университетінде оқитын едім десең, онда сенің ақидаң
дұрыс емес болды ғой. Ол жерде Әшғари ақидасы
оқытылады»
деп шыға келеді.
187
Алланы төбеміздегі аспанда деп пайымдау астрономия ғылымы
тұрғысынан да қате. Себебі жер шары домалақ болғандықтан,
аспан да салыстырмалы түрде әр жақта болады. Яғни, жердің
мына бетіндегі адамның аспан деп көрсеткен жоғарғы жағы
жердің арғы бетіндегі адам үшін төменгі жақ болып саналады.
154
Дін мен Діл
Негізінде, бұл мәселені әдейі көтеру, осы төңіректе
сұрақты көбейтіп, қоздату, оны өзекті мәселеге айнал
-
дыру – бидғат. Имам Мәлик бұл мәселені сұрап келген
адамға былай деп жауап бермеп пе еді:
«Истиуа бұл
белгісіз емес. Ал оның қандайлығы ақыл білетін жайт
емес. Басқа риуаятта: қалайлығы (белгілі бір кейіп)
Аллаға жүрмейді. Бұған иман келтіру – уәжіп. Ал бұл ту
-
ралы сұрау – бидғат»
188
.
Иә, имам Мәлік бұл мәселені бір рет сұраған адамның
өзін бидғатшыға балап, оны отырған жерінен шығарып
жіберуді айтқан. Кім білсін, имам Мәліктен бұл мәселені
сұраған адамның жаман ниеті болмаған да шығар. Соған
қарамастан имам Мәліктің берген жауабы осы еді. Ал
енді ешкім сұрамаса да осы мәселені даурықтырып,
мұсылмандар арасындағы тыныштықты кетіріп
жүргендерге не деуге болады? Тіпті реті келсе де, кел
-
месе де, арнайы кітап, аудио, видео өнімдерін халыққа
таратып, мұны өзекті мәселеге айналдырғандарды Имам
Мәлік көрсе не дер еді? Жауабын сіз беріңіз!
Бұл тақырып алғаш түсіндірілер исламның негізгі
тақырыбы емес. Қазақ халқы ғасырлар бойы мұсылман бо
-
лып, намаз оқыса да, бұл мәселелерді көбі әлі күнге дейін
білмейді. Өйткені бұл тақырыпты ғұламаларымыз өзекті
мәселеге айналдырып, халықтың басын қатырмаған.
Сұрақта сұралғандай, бұл тақырып бүгінгі таңда
әлгіндей бауырларымыздың кесірінен өзекті мәселеге
айналып, қарапайым халық арасында бөлінушілік пайда
бола бастаған соң ғылыми тұрғыда ақ-қарасын ажыра
-
тып, мәселені түсіндіруге тура келіп отыр.
188
Мұхаммед Наъим Мұхамед, әл-Қанун фи ъақайдил-фирақи
уәл-мәзаһибил-исламия, 417-бет.
«Дәрус-салам»
баспасы, Еги
-
пет, 2007 ж.
155
Достарыңызбен бөлісу: |