4 сынып
Барлығы – 102 сағат (аптасына 3 сағ.)
Бағдарлама бойынша жылдық сағаттар санын
тоқсандарға бөлу
Бағдар-лама түрлері
|
Бағдарлама бөлімдері
|
Оқу тоқсандары
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Σ
|
Базалық
|
1. Жеңіл атлетика
|
8
|
-
|
-
|
8
|
16
|
2. Қозғалмалы ойындар
|
13
|
9
|
8
|
6
|
36
|
3. Гимнастика
|
-
|
8
|
8
|
-
|
16
|
4. Шаңғы*
|
-
|
-
|
10
|
-
|
10
|
5. Жүзу**
|
-
|
-
|
-
|
8
|
8
|
Базалық компонент бойынша сағаттар саны
|
21
|
17
|
26
|
22
|
86
|
Вариативті
|
1. Аймақтың климаттық жағдайына байланысты
|
6
|
4
|
4
|
2
|
16
|
2. Мұғалімнің таңдауы бойынша (ұлттық спорт түрлерін қолдану)
|
Вариативті компонент бойынша сағаттар саны
|
6
|
4
|
4
|
2
|
16
|
Оқу жылы бойынша сағаттар саны (Σ )
|
27
|
21
|
30
|
24
|
102
|
Ескерту:
* Қарсыз аудандарда (оңтүстік өңірлер) шаңғы дайындығының орнына таза ауада қозғалмалы ойындарды өткізу ұсынылады.
** Жүзу сабағын өткізу мүмкін болмаған жағдайда, оның орнына гимнастика сабағын өткізу ұсынылады.
Білім негіздері
Қимыл-қозғалыс тәртібі және оның оқушы денсаулығы мен жұмыс істеу қабілеті үшін маңызы. Шынығу тәртібі.
Гимнастика
Алдыңғы сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау.
Саптық жаттығулар. «Сапқа тұр!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!» пәрмендері. Мұғалімге мәлімдеме жасау. Сан бойынша саналу. Бір қатардан үш қатарға сан бойынша сап құру. Жүріп келе жатып бір колоннадан үш және төрт колоннаға сап құру.
Спорттық құралдармен және құралдарсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары. Гимнастикалық таяқпен, шығыршықпен, үлкен және шағын доптармен орындалатын жаттығулар. Сабаққа дейінгі гимнастика. Дұрыс дене бітімін (мүсінді) қалыптастыруға арналған жаттығулар.
Акробатикалық жаттығулар. Үйретілген тәсілмен 3-4 мәрте алға аунау. Жинақталып отырған қалыптан артқа аунау. Артқа аунап жауырынға тұру. Төменгі сыныптарда үйретілген жаттығулардан құрылған комбинациялар.
Тепе-теңдік жаттығулары. Бөрене үстімен алға ұмтыла жүру. Артқа аяқ ұшымен жүру; аяқты тіркестіре көлденең және тігінен жүру. Тізерлеп тұрып таяну қалпына түсу. Гимнастикалық орындықтың үстінде аяқ ұшымен 90º и 180º бұрылу (қол екі жақта).
Өрмелеу және асып түсу. Тапсырма бойынша еңіс орнатылған гимнастикалық орындықпен өрмелей келіп, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу (аяқ-қолдың бір мезгілді және аралас тәсілімен). Гимнастикалық қабырғаға жоғары, қиғаштап, аяқ-қолдың бір мезгілді және аралас тәсілімен өрмелеуден соң 30° бұрышпен еңіс орнатылған гимнастикалық орындықпен өрмелеп түсу. Биіктігі 1 м кедергіден асып түсу. Қатарынан қойылған 3-4 кедергіден өту. Аяқты қайшылау тәсілімен арқанға өрмелеу. Арқанға үш тәсілмен өрмелеу (2,5 м).
Асылу және таянулар. Тізені бүгіп асылу. Аяқты іліп асылу. Қолды және аяқты бүгіп асылу. Таянып жату. Тізерлеп тұрып таяну.
Секірулер. Бір орында тұрып қысқартылған секіргішпен секіру, бір аяқтан екіншісіне ауысып секіру. Жұмсақ төсеніш төселген 60 см биіктікке секіріп міну және секіріп түсу. Таянып секіру (кіші ағаш ат); ағаш атқа ырғып мініп тізерлеп отыру; жүрелей отырған қалыптан қолды алға сермей жұмсақ төсенішке секіріп түсу.
Би жаттығулары. Төменгі сыныптарда үйретілген ырғақты қимылдар, балалар мен ұлттық билерден құрылған кешен. Қазақтың ұлттық билеріндегі жаттығулар және ұлттық ырғақты қимылдардан құрылған жаттығулар.
Күрес элементтері. «Қазақ күресі» (ұлдар).
Жалпы дамыту жаттығуларынан құрылған қозғалмалы ойындар. Гимнастика элементтерінен құрылған қозғалмалы ойындар. Гимнастикалық кедергілерден өту.
Қозғалмалы ойындар
Үлкен доппен өткізілетін жаттығулар (баскетбол ойынының элементтері). Баскетболшының орташа тұру қалпында аяқты аяққа тіркестіре қозғалу. Арқамен жүгіру әрекеттерін қарапайым жүгірумен кезектестіре орындау. Кедергілерді айнала допты оң, сол қолмен және екі қолмен кезектестіре еденнен серпе қозғалу. Допты еденнен серпе алып жүріп қозғалудан құрылған қозғалмалы ойындар мен эстафеталар. Допты қағып алу мен беру түрлері: төменнен екі қолмен, кеудеден, бастан асыра, иықтан бір қолмен, еденнен серпе. Тиімді биіктікке орнатылған себетке допты кеудеден екі қолмен (төменнен екі қолмен) лақтыру. «Допты жетекшіге берме!», «Доп капитанға!» және т.б. ойындар.
Футбол ойынының элементтерінен құрылған жаттығулар. Тік бағытпен кедергілерді айнала доппен қозғалу. Жұптасып орналасып бір-біріне аяқтың ішкі жағымен доп беру. Доппен қозғалып келіп қарсы келген ойыншыға беру (қарама-қарсы эстафета). «Футбол қуыспағы», «Шеңберде өткізілетін аяқ добы» және т.б. ойындар.
Жеңіл атлетика
Алдыңғы сыныптарда үйретілген оқу материалдарын қайталау. 3 минут бірқалыпты екпінмен жүгіру. 30 м, 60 м жүгіру. Уақытты есепке алмай 2000 м жүгіру. Әр оқушы 60 м қашықтыққа жүгіретін қарама-қарсы және алаңды айнала жүгіру эстафеталары.
Секірулер. Бір орыннан ұзындыққа секіру. Жүгіріп келіп «тізені бүгу» тәсілімен ұзындыққа секіру. Жүгіріп келіп «аттап өту» тәсілімен биіктікке секіру.
Лақтыру. Шағын допты нысанаға және алысқа лақтыру.
Жүгіру, секіру және лақтыру әрекеттерінен құрылған қозғалмалы ойындар.
Дала жарысы. Ойлы-қырлы жерлері аз далада табиғи кедергілерден өтіп жүгіру (1,5-2 шақырым).
Шаңғы
Алдыңғы сыныптарда үйретілген оқу матетиралдарын қайталау. Алма-кезек екі адымды жүріспен қозғалу. Тік бағытта 100 м қашықтықты жылдам жүгіріп өту. Қозғалыс кезінде адымдап бұрылу. Аласа дөңге «шырша» тәсілімен көтерілу. Шаңғымен 2 шқ қашықтықты бірқалыпты екпінмен жүріп өту. 1 шқ қашықтықты уақытқа жүгіру. Шаңғымен өткізілетін ойын түрлері: «Нөмірлерді шақыру», «Шаңғы сайысы», «Секіргіш шаңғышылар» (секіріп бұрылу), «Қақпадан өту» және т.б.
Жүзу
Алдыңғы сыныптарда үйретілген оқу матетиралдарын қайталау. Етпеттеп кроль тәсілімен жүзу кезіндегі қол мен аяқтың қимылдарын үйлестіру. Етпеттеп кроль тәсілімен жүзу кезіндегі қолдың қимылы мен тыныс алуды үйлестіру. Етпеттеп кроль тәсілімен жүзу. Етпеттеп кроль тәсілімен жүзу кезіндегі бұрылулар. Суда өткізілетін ойын түрлері: «Теңіздегі шайқас», «Бәріміз бірге», «Допты жүргізушіге бер», «Ұшқыр дельфин».
4-сынып оқушыларының қимыл-қозғалыс сапаларын игеру дағдыларын анықтауға арналған оқу нормативтері
№
п/п
|
Қорытынды жаттығулар
|
ұлдар
|
қыздар
|
«5»
|
«4»
|
«3»
|
«5»
|
«4»
|
«3»
|
1.
|
30 м жүгіру, с
|
5,5
|
6,0
|
6,8
|
5,6
|
6,1
|
7,0
|
2.
|
2000 м жүгіру
|
уақыт есептелмейді
|
3.
|
Ұзындыққа секіру (см)
|
300
|
260
|
220
|
260
|
220
|
180
|
4.
|
Биіктікке секіру (см)
|
100
|
90
|
80
|
95
|
90
|
80
|
5.
|
Доп лақтыру (150 гр), м
|
27
|
22
|
18
|
17
|
15
|
12
|
6.
|
Биік кермеде тартылу (рет)
|
5
|
3
|
2
|
-
|
-
|
-
|
7.
|
Асылып жатып аласа кермеде тартылу (рет)
|
-
|
-
|
-
|
14
|
9
|
7
|
8.
|
Шаңғымен 1 шақырымға жүгіру (мин, с)
|
7,00
|
7,30
|
8,00
|
7,30
|
8,00
|
8,30
|
9.
|
Шаңғымен 2 шақырымға жүгіру (мин, с)
|
уақыт есептелмейді
|
10.
|
25 м жүзу
|
уақыт есептелмейді
|
11.
|
Қарсыз аудандарда 2000 м жүгіру
|
уақыт есептелмейді
|
Ескерту: Білім беру саласының аймақтық және жергілікті жердегі органдары климаттық және экологиялық жағдайларға байланысты оқу нормативтерін өзгертуге құқықтары бар.
4 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
ұлдар
Сынақ түрлері
|
Дене дайындығының деңгейі
|
Х
|
төмен
|
орташадан төмен
|
орташа
|
орташадан жоғары
|
жоғары
|
30 м жүгіру
|
5,8
|
6,7
|
6,6 – 6,3
|
6,2 – 5,4
|
5,3 -5,0
|
4,3
|
Бір орыннан ұзындыққа секіру
|
145
|
122
|
123 -132
|
133 – 156
|
157– 166
|
167
|
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру
|
317
|
214
|
215 - 265
|
266 – 368
|
369 – 419,
|
420
|
3х10 қайталап жүгіру
|
9,7
|
10,6
|
10,5 – 10,2
|
10,1 – 9,4
|
9,3 – 9,0
|
8,9
|
Қолдың білезік буынының динамометриясы
(оң қолмен)
|
14,7
|
10,0
|
11,0 –12,0
|
13,0 -17,0
|
18,0 – 19,0
|
20,0
|
4 сынып оқушыларының дене дайындықтарын бағалау кестесі
қыздар
Сынақ түрлері
|
Дене дайындығыныңдеңгейі
|
Х
|
төмен
|
орташадан төмен
|
орташа
|
орташадан жоғары
|
жоғары
|
30 м жүгіру
|
6,0
|
6,9
|
6,8 – 6,5
|
6,4 – 5,6
|
5,5 -5,2
|
5,1
|
Бір орыннан ұзындыққа секіру
|
135
|
114
|
115 -125
|
126 – 146
|
147 – 157
|
158
|
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру
|
301
|
208
|
210 - 255
|
254 – 348
|
349 – 395
|
396
|
3х10 қайталап жүгіру
|
10,0
|
10,7
|
10,6 – 10,4
|
10,3 – 9,7
|
9,6 – 9,4
|
9,3
|
Қолдың білезік буынының динамометриясы
(оң қолмен)
|
13,6
|
8,5
|
9,0 –11,0
|
11,5 -15,5
|
16,0 – 18,0
|
18,5
|
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙЛЕРІНЕ
ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Пәндік нәтижелер
Бастауыш сыныпты бітіруші оқушылар:
– салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесі мен спорттың рөлін;
– қимыл-қозғалыс әрекеттерін қалыптастыру және қимыл-қозғалыс сапаларын дамытудың негіздерін;
– ағзаны шынықтыру тәсілдерін;
– күн тәртібіндегі дене жаттығуларының рөлін білуі/түсінуі тиіс;
– негізгі дене сапаларын дамытатын жалпы дамыту жаттығуларының кешенін, таңертеңгілік гимнастика жаттығуларының кешенін орындауды;
– гимнастикалық, акробатикалық, жеңіл атлетикалық жаттығулар кешенін, спорт ойындарының техникалық-тактикалық әрекеттерін орындауды;
– дене жаттығуларын орындау кезінде қаіпсіздік ережелерін сақтауды меңгере білуі тиіс;
2 сынып оқушылары дене қимылдарының мына қасиеттерін көрсетуі тиіс:
Дене сапалары
|
Дене жаттығулары
|
Ұлдар
|
Қыздар
|
Жылдамдық
|
Жоғарғы сөреден 30 м жүгіру, (с)
|
7,3
|
7,3
|
Күш
|
Бір орыннан ұзындыққа секіру (см)
|
109
|
100
|
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру
|
170
|
135
|
Төзімділік (ұсы-нылып отырған жаттығулардың бірін таңдау)
|
1 шқ дала жарысы (кросс)
|
уақыт есептелмейді
|
Шаңғымен 1 шқ қашықтықты өту
|
уақыт есептелмейді
|
1000 м жүгіру
|
уақыт есептелмейді
|
Қимыл-қозғалыс үйлесімділігі
|
3×10 м қайталап жүгіру (с)
|
11,4
|
12,0
|
3 сынып оқушылары дене қимылдарының мына қасиеттерін көрсетуі тиіс:
Дене сапалары
|
Дене жаттығулары
|
Ұлдар
|
Қыздар
|
Жылдамдық
|
Төменгі сөреден 30 м жүгіру (с)
|
7,0
|
7,0
|
Күш
|
Бір орыннан ұзындыққа секіру (см)
|
117
|
105
|
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру
|
175
|
150
|
Төзімділік (ұсы-нылып отырған жаттығулардың бірін таңдау)
|
1,5 шқ дала жарысы
|
уақыт есептелмейді
|
Шаңғымен 2 шқ қашықтықты өту
|
уақыт есептелмейді
|
1500 м жүгіру
|
уақыт есептелмейді
|
Қимыл-қозғалыс үйлесімділігі
|
Алға бірізділікпен домалау, аунау (рет)
|
2
|
2
|
3×10 м қайталап жүгіру (с)
|
11,0
|
11,5
|
4 сынып оқушылары дене қимылдарының мына қасиеттерін көрсетуі тиіс:
Дене сапалары
|
Дене жаттығулары
|
Ұлдар
|
Қыздар
|
Жылдамдық
|
Төменгі сөреден 30 м жүгіру (с)
|
7,0
|
7,0
|
Жылдам қарқында секіргішпен секіру (с)
|
уақыт есептелмейді
|
Күш
|
Бір орыннан ұзындыққа секіру (см)
|
117
|
105
|
Нығыздалған допты екі қолмен бастан асыра лақтыру
|
175
|
150
|
Төзімділік (ұсы-нылып отырған жаттығулардың бірін таңдау)
|
2 шқ дала жарысы
|
уақыт есептелмейді
|
Шаңғымен 2 шқ қашықтықты өту
|
9.00
|
9.30
|
2000 м жүгіру
|
уақыт есептелмейді
|
Қимыл-қозғалыс үйлесімділігі
|
Алға бірізділікпен домалау, аунау (рет)
|
3
|
3
|
3×10 м қайталап жүгіру (с)
|
10,3
|
10,5
|
Тұлғалық нәтижелер
Бастауыш білім беру бағдарламасын игеру кезінде пайда болатын тұлғалық нәтижелер мынаны айқындауы керек:
- патриотизмді, өз Отанына, көпұлттық Қазақстан Республикасының өткені мен келешегіне деген құрметті тәрбиелеу; жауапкершілік және Отан алдындағы борышты сезінуді тәрбиелеу;
- оқу-үйренуге жауапкершілікпен қарау, оқушылардың үйрену мен танымға деген қызығушылықтарын ояту арқылы дербес дамуға және өз беттерімен білім деңгейлерін көтеруді қалыптастыру, сонымен қатар еңбекке деген құрметті қалыптастыру арқылы әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға белсенді ат салысуды дамыту;
- өз құрбыларымен, өзінен кіші және үлкендермен қарым-қатынас орнатуда, ересектерден білім алуда, қоғамдық маңызы бар жұмыстарды орындауда, ғылыми, шығармашылық және өзге де іс-әрекеттерді орындау кезіндегі құзіреттілікті қалыптастыру;
- қауіпсіз және салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыру; адамдардың өміріне және денсаулығына нұқсан келтіретін төтенше жағдайларда жеке және ұжым болып әрекет ету ережелерін, көлікке мінгенде және жолда жол ережелерін сақтауды игеру.
Жүйелік-әрекеттік нәтижелер
Бастауыш білім беру бағдарламасын игерудің жүйелік-әрекеттік нәтижелер мынаны айқындауы керек:
- жұмыс істеу қабілетін жоғарылату, денсаулықты сақтау мен нығайтуды;
- жеке, ұжымдық және отбасылық демалысты ұйымдастыру және өткізу, бұқаралық-спорттық көпшілікке арналған жарыстарға қатысуды;
- белсенді шығармашылық жұмыстар, салауатты өмір салтын таңдау және қалыптастыруды;
- өзінің оқуға деген мақсатын дербес анықтап, оқу және танымдық іс-әрекеттер кезінде жаңа міндеттер жүктей және құра білу, өзінің танымдық қызығушылықтарын дамытуды.
Достарыңызбен бөлісу: |