U3,4(ω)≈ U1,2ωСR
жоғары жиілік облысында (1/Сω<) U3,4(ω) тәуелділігі тұрақты шекке ұмтылады, яғни
U3,4(ω)≈ U1,2
R резистордың кедергісін анықтау үшін оған параллель (3,4 клеммаларына) r кедергісі белгілі резистор қосуға және U'3,4(ω) тәуелділікті қайта түсіріп алуға болады. 63 суретте бұл тәуелділік 2 қисығына сәйкес келеді. Төмен жиіліктер облысында
U'3,4(ω)≈ U1,2 ωС(Rr/R+r)
ω=0 кезінде U3,4(ω) және U'3,4(ω)-ге жанама сызықтардың көлбеу бұрышының тангенстер қатынасын қолданып, алтынымыз:
Бұл қатынастан R-ді есептеуге болады.
Конденсатордың С сыйымдылық шамасын анықтау мақсатында U3,4(ω) үшін U3,4(ω)/ U1,2 ≈ 0,7 В қатынасы орындалатын ω1 жиілікті таңдауға болады. Бұл жағдайда сыйымдылықтың реактивті кедергісі шамамен резистордың R кедергісіне тең болады. ω1 жиілігі үшін келесідей жазуға болады
U3,4(ω1) / U1,2 қатынасын, ω1 мен R-ді біле отырып, С сыйымдылықты анықтауға болады.
Тапсырма 20. Метал өзек үстінен жіп өткізілген, оның бір шетіне жүк ілінген. Жүкті ұстап тұрған Т күші мен жіптің өзекті қоршап алу бұрышы арасындағы қатынасты табыңыз. Алынған мәндер бойынша үйкеліс коэффициентін анықтаңыз.
Құрал-жабдықтар: тіреуіші бар штатив, метал өзек (лайка), жүк, нить, динамометр, инженерлік калькулятор (немесе Брадис кестесі), миллиметрлік қағаз.
Шешуі:
1. Жіптің басқа шетіне динамометрді бекітеміз.
2. φ қоршап алу бұрышын дискретті түрде π/2 арқылы алмастырамыз. Динамометрдің көмегімен минимал күшті, яғни, оны азайтқан кезде жүк төмен қарай қозғала бастайтын күшті өлшейміз. Т күштің φ қоршап алу бұрышына тәуелділігінің кестесін аламыз. Бұндай тәуеділіктің графигіне шамалас график 64 суретінде көрсетілген (жұлдызшалар).
Алынған графиктен көріп тұрғанымыздай, тәуелділік сызықты емес, бірақ көрсеткіші теріс экспонентаға ұқсайды. Жүктің салмағын өлшейміз Mg = 4H және ln(Mg/T)-нің φ арқылы графигін саламыз. 64 суретте бұл график дөңгелекшелер арқылы салынған.
Алынған тәуелділік сызықты, сондықтан
ln(Mg/T)= µg
деп болжамдауға болады.
Бұл түзудің көлбеу бұрышының тангенсі арқылы үйкеліс коэффициентін табамыз µ=0,21 ± 0.02.
Тапсырма 21. Тізбектей қосылған «қара жәшік» пен конденсатордан тұратын электрлік тізбек айнымалы кернеу көзіне қосылған. «Қара жәшік» жұмсайтын қуатты анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |