Үшінші бөлім. С1.
Неліктен туыстық некеге отырмау керек ?
Мутацияның себептері.
С4. 1-есеп. Шежіренің графикалық сызбасын жаса.
Роза мен Алла туған апалы сіңлі, олар,өздерінің ата- аналары сияқты түнде көрмеу ауруымен ауырады. Олардың бір апасы сау, ал бір апасы мен інісі сол аурумен ауырады.Роза мен Алла қалыпты көретін жігіттерге тұрмысқа шықты. Алланың екі қызы және төрт ұлы болды, олардың барлығы түнде көрмейтін болды. Розада ұлы мен қызы қалыпты көреді, ал бір ұлы ауырады. Алла мен Розаның және барлық отбасы мүшелерінің генотипін анықтаңдар.
2-есеп. Қоңыр көзді Самат, оның әке шешесіде қоңыр көзді көк көзді Вераға үйленді, оның да ата - аналары қоңыр көзді болды. Олардың бір көк көзді ұлы Ернар болды. Барлық отбасы мүшелерінің генотипін анықта.
17-тақырып. Селекция негіздері.
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
Майлылығы 50% жететін күнбағыстың іріктемелерін шығарған ғалым
а) В.Н.Мамонтов; в) И.В. Мичурин; с) В.С. Пустовойт; д) Т.Д.Лысенко.
Туыстық будандастыру: а) инбридинг; в) аутбридинг; с) гетерозис; д) жаппай будандастыру.
Туыстық емес будандастыру неге әкеп соғады: а) гомозиготалар саны артады; в) гетерозиготалардың саны артады; с) екеуіде артады; д) екеуі де кемиді.
Өсімдіктердің Оңтүстік Америкалық шығу орталығына жатады: а) банан, кофе, сорго; в) жүгері, темекі, какао; с) арахис, ананас, картофель; д) мақта, қарбыз, кунжут.
Өзгергіштіктің ұқсас қатарлар заңын ашқан ғалым: а) Н.И.Вавилов;
в) Т.Морган; с) И.В.Мичурин; д) С.С.Четвериков.
Жеке сұрыпталу қолданылады: а) өсімдіктер селекциясында айқас тозаңданатын өсімдіктерде; в) жануарлар селекциясында; с) микроорганизмдер селекциясында; д) өсімдіктер селекциясында өздігінен тозаңданатын өсімдіктерде және жануарлар селекциясында.
Тритикале гибрид: а) арпа мен сұлының; в) бидай мен тарының; с) бидай мен қарабидайдың; д) арпа,сұлы, қарабидайдың.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын, микроорганизмдердің жаңа штаммаларын шығарумен айналысатын ғылым ...
Бірінші ұрпақтың ата- аналарына қарағанда мықтырақ болуы ...
Түраралық гибридтердің ары қарай көбеюін қамтамасыз ететін әдіс ...
Өсімдіктер селекциясында қолданылатын сұрыптау...
Тірі организмдер мен оларда жүретін процестерді өндірісте қолдану.
Жануарлардың қолтұқымдарының сыртқы белгілері ...
Күздік бидайдың іріктемелері...
В2 . Сәйкестікті анықта.1.
Ғалымдар
|
Қосқан үлестері
|
Ю.Н.Барминцев,С.С.Рзабаев.
Д.Н.Пак
Н.С.Бутарин мен А.Е.Есенжолов.
Б.М.Галиакбаров пен Н.З.Мусин
В.А.Бальмонт
|
А) қазақтың биязы жүнді қойы.
Ә) қазақтың ақбас сиыры
Б) алатау сиыры (сүтті бағыттағы)
В) жылқының көшім және мұғалжар қолтұқымы
Г) архармеринос қойы.
|
В2 . Сәйкестікті анықта.2.
Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары
|
Өсімдіктер
|
Жерорта теңізі.
Орталық Америка.
Абиссиния.
Оңтүстік Америка
|
А) картоп,томат.
Ә) жүгері, бұрыш.
Б) сұлы, кофе ағашы.
В) орамжапырақ, қызылша.
|
В4 Микрорганизмдер селекциясының дұрыс ретін анықта.
Индуциялық мутагенез; 2) бастапқы микроорганизмдер штаммаларын таңдап алу; 3) керек белгілері бар микрорганизмдерді сұрыптап алу; 4) зерттеудің мақсаты мен міндетін анықтау; 5) бағалы микроорганизмдерді көбейту.
Достарыңызбен бөлісу: |