2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
Бір геннің әртүрлі аллельдеріне ие даралар:
а) гомозиготалы; в) гетерозиготалы; с) гомологті; д) аллельді.
Организмнің ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы:
а) фенотип; в) кариотип; с) генотип; д) гомозигота.
Альтернативті белгілер:
а) біркелкі белгілер; в) қарама- қарсы белілер;
с) әтрүрлі белгілер; д) балама белгілер.
Дигомозигота беретін гаметалардың типтері: а) бір; в) екі; с) үш) д) төрт.
Будандардың арақатынасы 1:1 болғанда ата аналар:
а) екеуі де гетерозиготалы; в) екеуі де гомозиготалы;
с) біреуі гомозиготалы доминантты, біреуі гетерозигоалы;
д) біреуі гомозиготалы рецессивті, біреуі гетерозиготалы.
Моногибридті будандастыру дегеніміз:
а) бір белгісі бойынша ажырайтын дараларды будандастыру;
в) екі белгісі бойынша ажырайтын дараларды будандастыру;
с) үш белгісі бойынша ажырайтын дараларды будандастыру;
д) тқрт белгісі бойынша ажырайтын дараларды будандастыру.
Көк көзді, қара шашты әке мен қой көзді, ақщыл шашты шешесінен көк көзді, ақшыл шашты бала туы мүмкіндігі: а) 25%; в) 75%; с) 12,5%; д) 50%.
СсВв дарасы қанша тип гамета түзеді, егер белгілер тіркескен болса:
а) екі; в) төрт; с) үш; д) бір.
Мендельдің екінші заңы аталады:
а) белгілердің ажырауы; в) біркелкілік заңы;
с) белгілердің ажырап, бір -біріне тәуелсіз комбинациялануы;
д) гаметалар тазалығы мен тіркесіп тұқым қуалау.
Хромосомада ген орналасқан жер аталады:
а) аллель; в) кадон; с) локус; д) Пеннент торы.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
Егер гендер бір хромосомада орналасса, олардың арасында кроссинговер жүзеге аспаса, онда ол гендер .... тұқым қуалайды.
Екі белгі бойынша адырайтын дараларды будандастыру ...
Гендердің жиынтығы ...
Бірінші ұрпақта көрінетін белгі ...
Жыныстық хромасомалар ...
Ген ұғымын ғылымға енгізген ғалым ...
Доминантты ген рецессивті генді толық баспаса, онда бұл құбылыс ...
Бір геннің бірдей аллельдеріне ие даралар
Бірдей жыныс хромосомалары бар дара...
Ұрпағына берілген белгілердің өзгеру ...
В2. Гаметалардың типтерін анықта.
АаВв - ________________
ааВв - _________________
АаВВСс - ______________
В5 . Мендельдің бірінші және екінші заңы. Талдай будандастыру. Толық емес доминанттылық.
В7. Берілгені: 44ХХ х 44ХУ.
А) Берілген даралар қандай гаметалар түзеді?
Ә) Қайсысы аналық, қайсысы аталық дара?
Б) Қай жыныс гомогаметті, қай жыныс гетерогаметті?
Достарыңызбен бөлісу: |