Деѕгейлеп оќыту технологиясы


Зат есімдерді қатыстырып «Біздің сынып » тақырыбына эссе жаз



жүктеу 1,1 Mb.
бет3/4
Дата23.05.2018
өлшемі1,1 Mb.
#16651
1   2   3   4

Зат есімдерді қатыстырып «Біздің сынып » тақырыбына эссе жаз.



Қазақ тілі . 3 «a»- сынып .

Сабақтың тақырыбы: Етістік .

Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Етістік сөз табы туралы толық теориялық білім беру.

Етістіктің негізгі лексикалық мағынасы мен қызметі

туралы ұғымдарын кеңейту.

Дамытушылық: сөйлемді жүйелі құруға , өзінен қорытынды шығара

білугі дағдыландыру , ойлау жүйесін дамыту ,

сөздік қорын молайту.

Тәрбиелілік : әдемі жазуға , мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу .

ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі : аралас сабақ.

Сабақтың әдісі : әңгімелеу , түсіндіру, , сұрақ – жауап , ауызша ,

жазбаша жазу жұмыстары .

Деңгейлеп оқыту технологиясы , «Қыз қуу» ойыны .

Көрнекі құралдар : тақырыпқа байланысты суреттер , сызба ,

ойын , деңгейлік тапсырма , тиым сөздер .



С а б а қ т ы ң б а р ы с ы :

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды қазақ тілі сабағына даярлаймын.

Қазақ тілім -өз тілім- ана тілім,

Абай , Мұхтар сөйлеген дана тілім .

Қастерлейді ұл қызың мәңгі сені .

Болашағым , бақытым , дара тілім !

-міне , балалар кемеңгер , ғұлама ақындарымыз тілі – туған тіліміз қазақ тілі .

II.Өткенді пысықтау.

а)Үй тапсырмасын тексеру .

ә)Өтілген материалды пысықтау.
-Ал, балалар үйге қандай тапсырма берілді ?

а)Үйге 350 – жаттығу , ереже жаттауға берілді .



350 – жаттығу.

/Көп нүктенің орнына асықпа болымсыз етістігін өзгертіп жаз/.

Мен асықпадым. Мен асықпаймын.

Сен ................ Сен ..................

Сіз ................. Сіз ...................

Ол .................. Ол ....................


ә) «Қыз қуу » ойыны .

- Кәне , балалар ойын ойнайық . Ойын «қыз қуу » деп аталады. Ол жайында кім не біледі?

-«Қыз қуу» бұл үлкен тойларда ойналатын ойын түрі . Ержігіт қызды қуып жетіп бетінен сүюі керек , ал жете алмаса қамшы жейді . Бұл ойын көбіне қазақтың кең даласында ойналады және «Наурыз мерекесінде » көптеп ойналады.

-Ал , енді осы ойынды біз сыныбымызда да ойнап көрейік!

- Балалар сендер қыздарды қуып жетер ме екенсіңдер , әлде қамшы жейсіңдерме осыны тамашалайық.

Ойын шарты :

Тақтадағы плакка салынған «Қыз қуу» ойынының суреті . Суреттің

(атың үстінде қыз бен бала) астында конвертте тапсырмалар. Берілген тапсырмаларды алып , осыған жауап береміз. Егер жауап бере алмасақ, сіздің атыңыз жылжымай қалып отырады . Іске сәт!

1- тапсырма .

Жаңылтпашты жатқа айт.

Ұл балаларға:

Біздің ел күрішті , Күрішті оруға

Рысты - күрішті Рысты кірісті.

Қыздарға :

Шежіреші кісі шежіре айтты,

Ішіндегі шежіресін шешіле айтты.

2 – тапсырма.

Қыздарға: Батыр туралы 3- мақал айт.

Батыр туса ел ырысы,

Жаңбыр жауса жер ырысы.

Ұл балаларға: Қыздарға байланысты 3- мақал айт.

Қыз өссе елдің көркі ,

Гүл өссе жердің көркі.

3- тапсырма.

Қыздарға:

1.Етістік дегініміз не?

2.Зат есім дегеніміз не?

Ұл балаларға:

1.Етістік негізгі және туынды болып бөлінеді . Ережесін айт.

2.Етістік болымды және болымсыз болып бөлінеді Ережесін айт.

Ш.Жаңа сабақ .

- Ал, балалар енді етістік туралы біз қаншалықты игергенімізді ары қарай жаттығулар және түрлі сұрақтар арқылы білеміз.



* Кітаппен жұмыс.

354 – жаттығу.

1.Өлеңді мәнерлеп оқы. Етістіктерді тап , олардың болымды , болымсыз

екенін айт. Өлеңнің болымсыз етістігі бар шумағын көшіріп жаз.

Ойыншықты шашпаймын,

Терезені ашпаймын.

Сыртқа шығып ойнасақ,

Қаздан қорқып қашпаймын.


  • Өздік жұмыс.

Берілген етістіктерге тиісті жұрнақтарды жалғап болымсыз етістік жаса.

Жібер, шақыр, ал, жап, төк, шық.
*Есіңде болсын! Тиым сөздер.

Көргенді жас , пәк бала, Құр бекерден ер................

Дастарханнан аттама! Бос бесікті тербетпе

Жоқ әдетті шығарма. Тұзды баспа

Түнде көлден су алма. Шоқты шашпа

Мәнді сөзді тыңда Дастарханға егілме ,

Малдың басын ұрма . Көп алдында керілме.
Деңгейлік тапсырма.

1-деңгей.

1.Етістік дегеніміз не?

2.Етістік түрлерін ата.

3.Негізгі және туынды етістік дегеніміз не?

4.Болымды және болымсыз етістік дегеніміз не ?

2-деңгей.

1.Сөйлемді көшіріп жаз. Етістік пен зат есімнің астын сыз.

Үйректер көлге қонды.

Олар жүзіп жүр. Болат үйректерге жақын келді.Үйректер оны көріп ұшып кетті.

2. Көп нүктенің орына ы, і әріптерінің тиістісін қойып , көшіріп жаз. Жұмбақтың шешуін тап .

Көтеріліп тең ..зден,

Аспанға бес...к барам... н.

Би... ктеп қайта түскенде,





















Өң... к...рер далан ... ң .

3. Болымды етістіктен , болымсыз етістік жаса.

Жаз – жазба айт- ...................

Ойна- .................... бар-.....................

Күл -........................ кел-......................

3- деңгей.

1. Берілген сөздерден 4- сөйлем құрап жаз.

Адамға , шыдамды , шөлге , түйе , өте, пайдалы , шипалы , шұбат , ол, сусын , ыстықта , суықта , жүре береді.

2. Ребусты шеш.



4- деңгей.

Берілген сурет бойынша әңгіме құра., тақырып қой.



IV. Сабақты бекіту .

Сөзжұмбақ шешіп көрейік «Етістік».



1. 9 –мамыр қандай күн.
2.Біреуді қарату мағынасында айтылған сөз.
3. Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі .
4.Бастауыш та, баяндауышта зат есімнен болса не қойылады?
5.Кім ? не? Деген сұраққа жауап беретін сөйлем мүшесі.
6.Зат есім түрі.
7.Дина Нұрпейісова кім?












 

 

 

 

 







 

 

 

 

 

 

 













 

 

 

 

 

























 

 

 

 

 

 




 

 

 

 

 

 

 

 







 

 

 

 

 

 

 






















 

 

 

 

 



V.Сабақты қорыту .

Оқушылардың білімін бағалау.



VI. Үйге тапсырма .

360- жаттығу. 124- бет.

362 жаттығу.125- бет.

2.3. Деңгейлеп – саралап оқыту технологиясының тиімділігін анықтау

бойынша эксперимент нәтижесі.

Бастауыш мектеп пәндерінде деңгейлеп оқыту технологиясының мүмкіндіктеріне сүйену оның тиімділігін арттырып, маңыздылығын ескеру жөніндегі біздің болжамымыз .

Зертттеу кезеңінің бірінші кезеңінде ең алдымен сыныптағы оқушылардың бірін- бірі таңдауды (симпатия) бақылаудан бастадық. Бақылау жұмысын мынандай міндетті алға қойды.

1.Партада кіммен отырғың келеді? Тапсырмасы арқылы оқушылар өз деңгейіне байланысты екіншісін таңдайды.

2.Қазақ тілі сабағын алдымен стандартты бағамен жүргіздік.

3.Осы пәндерден алған білімдерінің көрсеткіш үлгерім сапасын анықтап алдық.

25 оқушыға жүргізген тест жауаптарын талдай келе оқушыларды міндетті деңгейдегі мүмкіндіктерін бастапқы кезеңді анықтадық. Мұнда эксперименттік тобының жоғары деңгейі 25,6 % , орта 30,8 % , төмен 43,6 % көрсетсе оқушылардың тек стандартты деңгейде жұмыс істеулері пәндік білім беру мазмұнының өз деңгейінде болмай, тек бір дарынды тұрғыда ғана берілмеуі, балалардың шығармашылық әрекетіне көңіл бөлмеуі ескерілді.

Эксперимент жүргізудің екінші кезеңінде білім берудегі инновациялық технологиялар әдістерін басшылыққа ала отырып , деңгейлеп оқыту технологиясының негізіне сүйендік.

-Бастауыш мектеп оқушыларына сабақ беру процесінде деңгейлеп оқыту технологиясын үйрету.Бұл дегеніміз деңгейлік тапсырмаларды әрбір өтілген сабақ тақырыбына құру;

-Арнайы тест, сауалнама жүргізу арқылы білім мониторингін базалау, реттік көрсеткіштерін алып отыру;

-Әрине, оқушыда алгоритмдік , эвристикалық және шығармашылық деңгейдің қалыптасуы қарастырылды. Ол үшін әрбір оқушымен сабақта деңгейлеп оқыту технологиясының элементтерін қолданудан бастадық;

- Әрбір деңгей тапсырмасын оқушы үшін бір мәселе тудырды;

-Әрбір сабақта түрлі тәсілдерді ұйымдастырдық;

Біріншіден сұрақ қою арқылы ,екінші арнайы даярланған жаттығулар , сызбалар , логикалық тапсырмалар беру арқылы . Үшіншіден , пікір айту тапсырмаларын талдау , өз пікірлерін қолдау , шешім қабылдау . Төртіншіден ,тапсырма бойынша немесе оқыған тақырып бойынша деңгейлік тапсырма жасау қарастырылады. Нәтижесінде бастауыш мектептегі әрбір сабақта деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі ескеріліп отырудан технология әрбір сабақтың мәнін – маңыздылығын алуда сапаны көтеруде өз әдісімнің пайдасын көрсетті.Экспериментті топтарда бастапқы кезеңде жоғары 25,6 %, орта 30,8 % , төмен 44,3 % құрса .Эксперимент жұмысынан кейін жасалынған бақылауымыздың нәтижесі : жоғары 44,3 % , орта 48,5 % , төмен 12,7 % көрсетті .Бұдан технология негізінде өткізілген сабақтар , жүргізілген эксперименттік топты бақылау тобы мен салыстырғанда бақылау тобында деңгейлеп оқытудың тиімділігі біршама ғана болса , эксперимент айқын айырмашылығын көреміз.

(кесте )


Топтар

Экспери

менттік

топ жоғары

Бақы

лау тобы

жоғары

Экспери

менттік

орта

Бақы

лау тобы

орта

Экспе

римент

тік топ

төмен

Бақы

лау тобы

төмен

Бастапқы

(эксперименке

дейінгі )

кезең.


25,6%

25,2%

30,8%

30,5%

43,6%

44,3%

Экспери

менттен


кейінгі кезең

38,8%

28,1%

48,5%

32,6%

12,7%

39,3%

Бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында деңгейлеп

оқыту технологиясын қолданудың тиімділігі ( эксперимент топ)

Экспериментке дейінгі кезең


Эксперименттен кейінгі кезең:


Алынған нәтиже бойынша бастауыш мектептің барлық пәндерінде деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша сабақ жүргізудің толық мүмкіндіктері бар . Себебі: бұл технологияға сүйене отырып сабақта жеке тұлғаны шығармашылық тұрғыда дамытатын көрсеткіштер талданып маңыздылығы анықталған. Бастауыш сыныпта деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі мен маңыздылығын анықтау жұмысымызды жасап қорытындыға келдік .Эксперимент нәтижесі бойынша мұндай модельді сабақтар технологиясының басты деңгей + оқыту әдісінің жағдайы + оқытудың әр түрлі формасы + әр түрлі тексеру + дидактикалық материал жеке қима қағаздар ретінде тапсырма :

1.Оқушының танымын , қызығушылығын, ойлау қ

абілетін ояту.

2.Өз бетінше жұмыс істеуге жол берді.

3.Оқушылардың тақырыпты түсінуге құлшынысының пайда болуы .

4.Оқушының жеке дара қасиетін дамытады.

5.Психологиялық процестердің барлық түрін дамытады.

6. Өздіндік жұмыс жасауға әсер етеді.

7.Мәтінді түсінуге , естуге , көруге оқушыларды дамытады.

Сондықтан , мұндай сабақ моделін оқушының білімдерін дамытады деп есептеуге болады деген қорытындыға келдік. Деңгейлеп оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушылардың оқуға , білімге деген көзқарастарын және де қызығушылығын ояттым.



Қорытынды.
Қазіргі заманғы техникалық тізбекті технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын орындаушының тұлғасын қалыптастыру .ХХ ғасырдағы білім беру жүйесі қандай ? деген мәселе американдық мұғалімдер ассоциациясының вице – президенті Альфред Уртански білім берудің болашақ мұратын былайша сипаттады: «Оқыту ойлауға, үйретуге негізделуі тиіс . Осыған байланысты оқу үрдісіндегі өте маңызды кезең – рефлексті емес , басымдылықтан ойлау әдістері мен амалдарын саналы түрде шешуге көшу».

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.Бұл процес білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орында баланың білім білігі мен дағдысын емес , оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі педагогиканың ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылу.

Қазақстанның қоғамдағы түбірлі өзгерістеріне сай үздіксіз білім берудің бастауыш білім беру жүйелерінде елеулі жаңарулар туындауда .

Білім беру дамыта отырып , деңгейін анықтау және оны саралау мүмкіндіктерін туғызуға бағытталған . Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсаты өз жауапкершілігін сезіне алатын , өздігінен әрекет етуге және әрекеттің шешімін таба білуге қабілетті барлық істе сауатты (іскер) тұлғаны тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Ал осы мәселелерді шешуде бастауышта білім беру , оқытудың және әлемдік тәжірибеде қалыптасып өз қызметін жаңаша атқарып келе жатқан білім мазмұнының негізгі құрылымын , жобасын жүзеге асыруда қолданылатын педогогикалық технологиялар арқылы жету көзделеді.

Қазіргі Қазақстан бастауыш мектептері жаңа өзгерістерді әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшінің дамуын қамтамасыз етеді.Жаңа педагогикалық іздену және оларды қолдануға бағытталған жеке тұлғаның қалыптасу деңгейінің сапасына, үнемі өсіп отыруына сәйкес, педагогикалық құралдарды да тұрақты жаңарту қажет деп есептейді . Бүгіндері мұндай жаңарту педагогикалық ғылым мен мектеп тәжірибесінің үздіксіз сабақтастығы арқылы көрінуде. Мұнда педагогикалық технологиялар көмегімен күнделікті оқытуда педагогикалық жағдайларды оқу – тәрбиені үздіксіз алдын – ала жобалау жолына ауыстыру, оларды күнделікті сыныпта қолдану көзделеді. Мұғалім үшін жазылатын дәстүрлі сабақ жоспарларынан өзгеше жұмыс ретінде педагогикалық технологияда оқушылардың оқу танымдық әрекетінің құрылымы мен мазмұнын ашатындай оқу – тәрбие үрдісінің жобасы жасалынды.Бұдан әрбір тұлғаның деңгейіне сәйкес деңгей тиімділігі мен оқытудың маңыздылығының қажеттілігі байқаймыз.

Білім берудің жаңа мазмұнын оқу үрдісіне енгізуде Қазақстандық ғалым Ж.А. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясына » сүйеніп, сыныптағы әрбір тұлғаның танымдық қабілетін дамытуға деңгейлік тапсырмалар дайындап , шығармашылық деңгейге дейін жетелеуге болатын оқушыларды анықтауға болатындығына көз жеткіздік. Деңгейлік тапсырмалар барлық оқушыларға жеңілден ауырға , қарапайымнан күрделіге қарай әзірленіп, «қабілетті», «қабілетсіз» деген ұғымдардан арылуға көмектесіп, өзіне де өзгеге де пайдасын тигізетін тұлғаны тәрбиелеуге әсерін тигізді. Оған қоса, оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру , білім дәрежесінің жоғарылауына септігін тигізді.Сыныпта үздік оқитын оқушылар терең білім алып , үлгермеушілерге көмектесіп мүмкіндік жасауы ізгіленген тұлғаның кейбір қажеттерінің пайда болғандығын байқатты.

Қорытындысы тест – оқушылар білімінің бақылау түрі болды. Тест ағымының (испытание) сынау , өлшеу деген сөзінен шыққан . Барлық өтілген тақырыптың нәтижесі берілген білім қорытындысы тест әдісі бойынша бекітіліп , бағаланып отырды.

Қорыта келе жаңа оқыту технологиясы материал сипаттамалы түрде емес , шынайы проблема негізінде берілуі тиіс . Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму кезеңі оқу – ағарту саласын техникалық жаңа әдістерді кең көлемде қолдануды қажет етеді.

Әрбір сабақ тақырыбын меңгерту барысында жеке тұлғаның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне сай білім беріліп , ол орталарға көмектесіп , қабілетті жоғарыларға ерекше назар аударылуы керек . Мұнда деңгейлік технологиясының маңызы ерекше. Адам бойындағы қабілетті шыңдауға оның деңгейі ескеріліп, сараланып , дараланып отыруы тиіс. Қазақтың асқан жұлдызы Ш. Уәлиханов «Халықтың кемеліне келіп , өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек » деуі өте көрегендікпен айтылған. Осынау асыл сөздің мәні мен мағынасы бүгінгі күнмен үндесіп – ақ тұр.

Оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейтіп , білім аясының мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай деңгейленіп, сараланып оқытудың ықпалы зор.

Педагогика ғылымының докторы , профессор Ж.Қараевтың әдістемесі негізінде деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - өз бетімен дами алатын , әр түрлі өмірдің қиыншылықтарына төзе білетін , белсенді , білімді тұлға тәрбиелеу. Мұнда аладымен , дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік берсе , ол оқушының ойлауын , елестету мен есте сақтауын ынтасын , белсенділігін дамытып, білім сапасының артуына көмектеседі. Әр тұлғаның мемлекеттік – стандартты деңгейінен көтерілуіне кепілдік береді. Оған қоса мұғалімнің де ,оқушының да шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған .

Қорыта айтқанда, деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі осы тәжірибе барысында байқалып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығы мен қатар шығармашылық деңгейі де көтерілді. Әр оқушы өзінің деңгейіне , білім дәрежесіне байланысты тапсырмалар орындай отырып , әлсіздер білім алуға ұмтыла түседі , мықтылардың өзіне тән деген сенімділіктері арта түсті. Нәтижесінде : жан – жақты шығармашылық іс - әрекеті бар тұлға болып қалыптаса алады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. // Қ.М, 2/6 шілде , 1999ж.

2. Қазақстан Республикасы «Білім» мемлекеттік бағдарламасы .

// Қ.М,28 қазан , 2000ж.

3. Қазақстан Республикасының 20158 жылға дейінгі білім беруді дамыту

тұжырымдамасы. //Қ.М, №1, 2004 ж.

4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологий. –

М.: «Педагогика»,1989ж. 21-38 бет.

5. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения. –

Ақтөбе : РИПК:СО, 1999ж.

6. Таубаева Ш. Т. , Лактмонова С.Н. , Педагогическая инновация как

теория и практика нововедений в системе образавания : научный фонд

и перспективы развитие . /Книга 1/- Алматы: Научно –

издательский центр «Ғылым » 2001.

7. Мұхамбетов С.Қ. Педагогика .Ақтөбе, 2001.

8. Педогогика . Дәріс құралы . Алматы: «Нұрлы әлем », 2003, /Абай

атындағы қазақ ұлттық Педагогикалық Университеті/ .

9.Әбиев Ж . , Бабаев с. , Құдиярова А. Педагогика . – Алматы : Дарын , 2004.

10. Қоянбаев Ж. Б. , Қоянбаев Р. М. Педагогика , -Алматы ,2000.

11.Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология . Тараз : ТарМу , 2003.

12. Ахметова А. К. Принципы технологий и содержание образовательной

программы . – Алматы , 1995.

13. Инновационное обучение : Стартегия и практика . / Под . ред.

В.Я. Ляудие. – М. , 1994.

14. Керимбаева М. Р. Инновационные процесс в школе : проблемы ,

перспективы , поиск, - Алматы, 1995.

15.Сабыров Т.А Оқушылардың өз белсенділіктерін арттыру жолдары.

Алматы «Мектеп»,1978ж. 110-бет.

16. В.А.Рахматшаева . Психология взаимоотношений .

Алматы,Оқу әдебиеті.1996ж.

17.Шаталов В.Ф. Эксперимент продалжается. М «Педагогика » 1989.

18.Лысенко. С.Н. Методика дифференцированного обучения .

М, «Просвещения»,1988.

19.Қараев Ж.А. Педогогическая технология дифференцированного

обучения.Алматы, 1999.5-17 бет , 17-21 бет.

20.Кларин М.В. Технология обучения :идеал и реальность.

Рига, Эксперимент , 1999,180-бет.

21. Кобдикова Ж.У. Педагогическое технология уровневой дифференциаций обучения в средней школе. Алматы, 2001.

22.Пидкасистый П.И. Самостоятельная дейтельность школьника в обучении. М, 1980.

23.Кобдикова Ж.У.Оқыту процесін технологияландыру .Алматы, 2000,11-15б

24.Мейірманқұлова Т. Білім берудегі инновациялық технологиялар – Алматы, «Үш Қиян», 2005 , 12-бет.

25.Баймаханова С. Деңгейлеп саралап оқыту. //Қазақстан мектебі.

№10, 2004, 63-67 бет.

26. Кемелжанова М. Деңгейлеп оқыту . //Бастауыш мектеп .

№9 , 2005, 45-46 бет.

27.Мұханмедина Ж. Деңгейлеп саралап оқыту .(тест) //Қазақстан мектебі.

№9 ,2005, 70-бет.

28.Мұхитанова С. Деңгейлеп оқыту тәсілімен // Қазақстан мектебі .

№ 12, 2004 ,51-52 бет.

29. Ахметова Г. Мониторинг және бағалау. // Қазақстан мектебі.

№ 2 ,2005 ,38-45 бет.

30. Дьяченко В.К. Новая педагогической технологии.М : Педагогика .-1989.

31.Әбдіғалиева Қ. Осы заманғы педагогикалық технология.

//Қазақстан мектебі – 2001 №2 8-13 бет.

32.Фирсов В.В Дифференциация обучения на основе обязательных результатов обучения.-М: -1984.

33. Таубаева Ш.Т. Барсай.Б.Т. Оқытудың қазіргі технологиялары . //Бастауыш мектеп №3-4 ,1999.

34. Оқытудың жаңа технологиялары.//Халық тәлімі арнайы басылым.

№1 2002 , 3-7 бет.

35.Кобдикова Ж.У . Оқытудың жаңа технологиясы .

//Бастауыш мектеп №3 2000 , 25-30 бет.

36. Амоношвили Ш.А. Воспитательная и образовательная функция оценки учения школьников. М;- 1984.

37.Уәйісова Г.И.; Балақаева М.Б.; Жұмабаева Ә.Е.; Қазақ тілі : / Жалпы білім беретін мектептің 3- сыныбына арналған оқулық /. – Алматы : Атамұра , 2003.- 192 бет.



Қосымша .

1. Білім берудегі инновациялық технологиялар.



2. Деңгейлеп оқыту технологиясы




.

3 Ж. Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы бойыша деңгейлік тапсырмалар дайындауға қойылатын талаптар.




4. Деңгейлеп оқыту технологиясында рейтингтік жүйемен мониторинг бойынша оқушылар білімін бағалау.


Білім рейтингісі



сұрақ

ұпай

барлығы

I

4

2

8

II

3

3

9

III

2

5

10

IV

1

10

10

Баға мониторингі





Ұпай

бағалау

I

2-8

3- қанағат

II

8-15

4-жақсы

III

15-25

5- өте жақсы

IV

25-35

5- өте жақсы



Пән : қазақ тілі.

жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау