Деѕгейлеп оќыту технологиясы



жүктеу 1,1 Mb.
бет1/4
Дата23.05.2018
өлшемі1,1 Mb.
#16651
  1   2   3   4


Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................3-5

I-тарау. Инновациялық педагогикалық технологияның

теориялық негіздері.
1.1.Оқытудың педагогикалық теориялық негіздері мен инновациялық

педагогикалық технологияның ерекшеліктері....................................................6-8

1.2.Деңгейлеп оқыту технологиясы..........................................................................9-14
1.3. Деңгейлеп оқытудағы деңгейлік тапсырмалар мен оқушылардың даму

мониторингі.........................................................................................................15-22

II – тарау. Бастауыш мектептің оқу- тәрбие үрдісінде деңгейлеп

оқыту технологиясын пайдалану жолдары.

(оқушылардың даму мониторингі, бағалау рейтингісі).................23-26
2.1.Бастауыш сыныптардағы тіл сабақтарында деңгейлеп оқыту

технологиясын қолданып жүргізу жолдары..................................................27-30

2.2.Бастауыш мектептегі қазақ тілі сабағын деңгейлеп

оқыту технологиясына сүйене жүргізудің мүмкіндіктері........................31-40

2.3.Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігін анықтау

бойынша эксперимент нәтижесі.......................................................................41-44


Қорытынды...............................................................................................................45-46

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................47-48

Қосымша...................................................................................................................49-60



Кіріспе.
Зерттеудің өзектілігі.

Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзілік білім әлеміне кіру мақсатында Қазақcтанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда . Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласына жаңаша қарауда: мұғалімнің оқу –тәрбие үрдісін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды , оқушылардан танымдық , шығармашылық потенциялдық дамытуды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар , ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау , оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімде күнделікті ізденіс арқылы , барлық жаңалықтармен қатар тұру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға , жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттілі туындайды. [1].

Ғылым өзін-өзі түзете отырып , үздіксіз ілгері жылжи береді. «Ғылым – саты »,- деп В .Гюго айтқандай ғылым мен техниканың дамуы білім жүйесіне тың сепіліс әкеледі. Мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жаңа бағыт , жаңа мазмұн жүріп жатыр. Білім білік дағдысын механикалық түрде емес , танымдық қабілетті дамыған өзін - өзі көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға оқыту технологиясының маңызы зор .

Түсіндірмелі сөздік технологиясы амал – тәсілдердің жиыны , іс – қимыл , қызмет пен әрекеттегі адамның шеберлігі өнері десе , Б.Т. Лихачев «Педагогикалық технология - оқу үрдісіне алдын- ала ықпал жасау»,В.П.Беспалько «Педагогикалық технология - оқу үрдісін жүзеге асырудың технологиясы педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс – тәсілдер», деп көрсеткен. Бүгінгі таңда Қазақстандық педагог ғалымдар:

Ә . Жүнісбек, А. Таубаева , Ж. Қараев , М. Жанпейісовалардың еңбектері білім беру үрдісінде кең қолданылады. [ 5].

Педагогика ғылымдарының докторы , профессор Жауынбай Амантұрұлы Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан – жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Мұнда баланың таным қабілетіне сай төрт деңгейлік тапсырмалар даярлауда жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерін ашуға болатындығы ескеріледі.

Ал, В.П.Беспалько деңгейлік технологиясы :

1. «Міндетті», «оқушылық».

2. Алгоритмдік .

3. Эвристикалық .

4. Шығармашылық ,- деп төртке бөлді. Ж. А. Қараевтың технологиясында төрт деңгейлік тапсырмалар кездеседі.Онда:

1. Жаңа өтілген тақырыпты қайталау, пысықтау , ереже жаттау.

2. Ойлау қабілеттерін жетілдіру.

3. Танымдық іздену.

4. Ұғым , түсінік , қиялын тәжірибеде қолдану талаптарын қояды.

Деңге йлеп оқыту технологиясының төрт деңгейлік тапсырмаларын барлық оқушылардың толық орындауы талап етіліп, әр деңгей ұпаймен белгіленіп, рейтингті жүйелеп есептелінеді , мониторинг бойынша баға қойылады. Деңгейлеп оқыту технологиясы әр оқушының қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқытуды көздейді . Яғни мықтылар өз қабілеті мен икемдігін бекіте түседі. Әлсіздер өзіне сыни көзбен қарауға дағдыланып сенімсіздіктен арылып , белсенділігі артады. Күшті топтарда оқуға деген құлшыныс ұлғайып , білім дәрежесі деңгейлес топтарда оқу жеңілдейді.[4]



Н.Ә. Назарбаев : «Қазақстан Республикасын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгерту – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы», деп көрсетті.

Осыған орайда , филология ғылымдарының докторы Әлімхан Жүсіпбектің «Қазақ тілін меңгерту үшін оның грамматикасын ескеруіміз қажет » деген пікіріне сүйенуіміз қажет . Ал , қазақ тілін терең білім беруде деңгейлеп оқытудағы грамматикалық тапсырмалар мұғалімнің де , оқушының да шығармашылық пен ғылыми ізденуіне жол көрсетеді.

Сол себепті зерттеу жұмысымыздың мәнділігі Ж.А.Қаревтың деңгейлеп оқыту технологиясындағы оқушылардың білім деңгейіне қарай жұмысты ғылыми түрде қалыптастыру қажеттілігіне назар аудару болып табылады[19].

Зерттеудің мақсаты: жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу- тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық технология әдіс- тәсілдерін соның ішінде «Деңгейлеп оқыту технологиясын» пайдалануды теориялық және практикалық жағынан негіздеу және эксперименттік жұмыста тиімділігін тексеру.

Бастауыш мектептің білім мен тәрбие беру ерекшелігіне сай әрбір пәндерінің жаңа сапалық деңгейге көтерілу мүмкіндігін анықтау.


Зерттеудің міндеттері:

1.Деңгейлеп оқыту технологиясының теориялық әдістемелік негізіне сүйену.

2.Бастауыш мектептің қазақ тілі пәнінде деңгейлеп оқыту технологиясының элементтерін қолдана отырып , оқушыларға деңгейлік тапсырмалар дайындау жүйесін жасау, шеңберін кеңейту.

3.Білім берудегі педагогикалық инновациялық әдістемеліктерге сүйене отырып , сынақ (тест) , сауалнама және сабақ жоспарының үлгілерін жасау.


Зерттеудің ғылыми болжамы : егер деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігін бастауыш мектеп пәндерінің ерекшелігіне , мақсатына сай қолдансақ, онда сабақтың жетілуі мүмкіндігі көрініп , яғни оқушының сабаққа қызығушылығы арта түсуі, мұғалімнің шебер ұйымдастырушылығынан оқушыда психологиялық – педагогикалық жүйе тәрбиеленеді, білім жүйесі күрделенеді , себебі деңгейлеп оқыту бастауыш мектеп пәндерінің деңгейінің жоғары болуына әсерін тигізеді.
Зерттеудің объектісі: Бастауыш мектептің оқу –тәрбие үрдісіндегі

қазақ тілі пәні.



Зерттеудің пәні: Бастауыш мектептің 3- сыныбындағы өтілетін

қазақ тілі пәні.


Зерттеудің деректі көздері : Педагогтардың , психологтардың таным ,білім жеке тұлғаның шығармашылық әрекеті туралы еңбектері , инновация туралы ғылыми еңбектер, деңгейлеп оқыту технологиясы туралы ғылыми еңбектер , Қазақстан Республикасы Конститутциясынан «Білім туралы заңы » және «Білім берудің мемлекеттік бағдарламасы », «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы», озат мұғалімдердің іс тәжірибелері .
Зерттеудің әдістері: бастауыш мектептердегі пәндерде деңгейлеп оқыту технологиясының принциптеріне сүйене отырып әр сабақты жан – жақты жетілдіріп маңыздылығын арттыру.
Зерттеудің негізгі кезеңдері :

I- кезеңде (2003-2004ж.)зерттеу жұмысының мәселесі бойынша «Бастауыш сынып оқу үрдісінде инновациялық педагогикалық технологияны қолдану » тақырыбына курстық жұмыс жазылып ,«өте жақсы » деген бағаға қорғалды.

II - кезеңде (2005- 2006 ж) (12.09- 22. 10) зерттеу тақырыбы «Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімділігі мен мазмұндылығын » ашуда қазақ тілі пәнінде деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың практикалық –эксперименттік жұмыстары жасалынды.

III- кезеңде (2005- 2006) (13. 02- 12. 06) жұмыстың даярлығы анықталынып алдын –ала қорғауға жіберіліп отыр.


Зерттеудің жаңалығы:мектептің оқу –тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқытудың инновациялық әдіс –тәсілдерін пайдаланудың негіздемесі жасалынды.

Мектептің оқу тәрбие үрдісінде деңгейлеп оқытудың әдіс –тәсілдерін пайдаланудың ерекшеліктері, мүмкіндіктері мен жолдары бағыттары көрсетілді.



Зерттеудің базасы : Тұрар Рысқұлов атындағы №48 қазақ орта мектебі.

I-тарау. Инновациялық педагогикалық технологияның

теориялық негіздері.
1.1.Оқытудың педагогикалық теориялық негіздері мен инновациялық

педагогикалық технологияның ерекшеліктері.
Еліміздің егемендік алып , қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектептің осы күнге дейін дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда . Бұл педагогика теориясы мен оқу -тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді , білім берудің мазмұны жаңарып , жаңа көзқарас, басқаша қарым-қатынас , өзгеше менталитет пайда болуда. [1].

Білім беру мазмұны жаңа үрдістік біліктермен , ақпараттарды қабылдау қабілетінің дамуымен ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламасының нақтылануымен байланысқа түсуде.

Ақпарат дәстүрлі әдістері: ауызша және жазбаша , телефон және радио байланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде.

Баланың жеке басын тәрбиелеуде оның жан дүниесінің рухани баюына , азамат , тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлуде.Есте сақтау , ақыл –ойын дамытатын оқуға көшу;

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Бастауыш мектептің алдында тұрған негізгі мәселе оқушуларды дамыта оқыту, яғни оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту ,қызығушылығын ояту.

ХХІ ғасыр табалдырығында тұрған азамат дамуының жаңа кезеңі білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезең [2].

Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі мектептер:

-практикалық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы ;

-қоғамның интелектуалды қуатын жетілдіру;

-еліміздің материалдық –қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;

-орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту тағы сол сияқты міндеттерді көздейді.

Ғылыми -педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс-тәсілдері , түрлері көбінде жаңашыл инновация деп аталады.

«Инновация » ұғымы педагогикалық сөздік қорына ежелден енген екен. Ол кейбір ғалым дардың еңбектерінде «жаңа»,«жаңалық енгізу » деп көрсетіледі. Кейбіреулері оны «өзгеріс »деген терминмен анықтайды.Біздің ойымызша, бұл түсініктер кең мағынадағы терминдермен білім беру жүйесіндегі кез-келген өзгерісті сипаттайды [6].

Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен практикасында кеңінен қолданылуда. Инновация ұғымы ең бірінші ХІХ- ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бір мәдениет түрлерін екінші ел мәдениетіне енгізу дегенді білдіреді және бұл, ұғым этнографиясында әлі күнге дейін сақталған.

Инновация (латын сөзі in – в, novis- жаңа)- жаңа , жаңалық , жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И. Ожегов сөздігі бойынша : инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық. [9].

«Ғылымның қайнар көзі» -Ресейде «инновация» ұғымына өте үлкен күдікпен қараған.: ХІХ-ХХ ғ. басындағы бірде- бір білім реформаларында бұл термин кезікпейді. «Инновация » ғылымына берілген ең ескі емес анықтама , бұл салада американдықтар мен европалық көлемді зерттеулер иесі Э.М.Роджерстің анықтамасы болып есептеледі. Э. М. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».Кейіннен «инновация »ұғымы «білім беру жүйесіне жаңаны енгізу » мағынасында педагогикалық еңбектерде кездесе бастады.

«Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың –«инновация » «нововедение» новшество» «новое» т.б. қазақша аудармаларын жасаған

Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми зерттеу институты әдіскері К.Құдайбергенов болып табылады. Өз еңбектерінде «инновацияны » - нақты қойылған мақсатқа сай жасалынған жаңа нәтиже деп есептеді. Демек, инновация мақсат пен нәтижеге – жаңалыққа бет бұрудың кілті.[11]

Қоғамдағы қазіргі кезде қайта құрулар экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар қоғамның алдағы , оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологиялары, оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды –машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі ізденіп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемде болып жатқан өзгерістермен онша үндеспен отыр , Қазіргі педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа модулін құрудың , сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеттері тұр. Оның жүйесінің негізгі ұстанымдары: «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында » көрсетілген. [3]

Қазіргі кезде әлемдік қауымдастық Қазақстанды нарықтық экономика елі ретінде танып отыр. Тәуелсіздік алған қысқа тарихи кезең ішінде Қазақстан экономикада сілкініс жасады, әлемдік өркениетпен ықпалдасуда жаңа прогресшіл технологияларды пайдалануда . Елдің әлеуметтік- экономикалық даму перспективалары айқындалған.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруді мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы Н.В.Горбунова ,М.В,Кларин, А.В.Лоренсов, М.М.Потащник, В.И.Загвязинский , Т.И.Шамова, Н.Р.Чосуорбекова және т.б. зерттеулерінде қарастырылған. [4]

Бүгінгі таңда Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы , Ш.А.Амоношвилидің ізгілікті тұлғалық теориясы , В.А.Шаталовтың оқу материалының тірек белгілерімен тірек конспектілері (сызба үлгілері)негізінде қарқынды оқыту технологиясы , П.И.Третьяковтың , К.Вазинаның , М.М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы , В.М.Монаховтың , В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал. Сонымен қатар Лысенкованың «Перспективті дамыта оқыту технологиясы », Н.П.Гузиктің «Сынып ішіндегі деңгейлеп –саралап оқыту технологиясы », В.В.Фирсовтың «Міндетті нәтижелер негізіндегі саралап оқыту технологиясы », Н.Н.Пиканның «Саралап деңгейлеу технологиясы»,В.Дьяченконың «Жобалап оқыту технологиясы », М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы », В.М. Монахавтың технологиясы , Д.Б. Эльконин ,В.В Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы» , В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі , И.П.Волковтың «Шығармашылық пен дамыта білім беру технологиясы» , Ш.Амоношвилидің «Ізгілікті – тұлғаны оқыту технологиясы », В.Д.Шадриков «жеке бағытталған оқу жоспары негізінде оқыту технологиясы », «Ұжымдық тәсілмен оқыту технологиясы » «Ақпараттық оқыту технологиясы » (Дьяченко) , «Проблемалық оқыту технологиясы », «Ойын арқылы оқыту технологиясы » В.В . Гузив т.с.с. жаңа технологиялық оқыту түрлері зерттелді.[34]

Яғни оқу процесін технологияландыру дегеніміз- білім беру бағыттарына сай оқыту процесін құрастыру. Педагогикалық технологияның өзіндік ерекшелігі –қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту процесін құрастыру және оны жүзеге асыру . Оқылатын пән мазмұны мұғалім мен оқушының өзара байланысты іс- әрекеті. Оқушының ішкі даму процесі негізінде анықталған нақты мақсат қана педагогикалық технология құрылымын түсіну кілті бола алады. (Қосымша №1 кесте).

Қазақстанда Ж.А.Қараевтің, Ш.Т.Таубаева, Қ.Қ.Қабдықайыров, С.Н.Лактионова, М.М.Жанпейісованың және басқа да ғалымдардың оқытудың жаңа технологиялары белсенді түрде қолдануда.

Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М. Монаховтың , Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі , сондай-ақ , прфессор Ж.Қараевтың оқытудың дербестендіру мен дифференциялау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданысқа ие болуда. [6].

Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі- баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып , біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқыту – тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізілуі керек.

Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.

Қазіргі білім беру саласында проблема- әлеуметтік- педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру , оны өмірде пайдалану.Әр заманның ұсынары бар және қалай болғанда да заман ағымынан қалмай, ілгеру жүру- ұлы мұрат.[11]
1.2.Деңгейлеп оқыту технологиясы.

ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі педагогикалық ой –тұжырымдардағы гуманизм идеялары , еркін білім беру , оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту үшін мектептің алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып , жеке тұлғаның дамуына мектеп ортасында қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындайды.Мектептің педагогикалық құрылымында негізгі құндылық - оқушы және оның жеке тұлғасы.[8].

Педагогика ғылымының докторы Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде. Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласында оқытудың деңгейлік жүйесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғаммыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз , бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыны жаңаша оқытудың , жаңа оқу әдістерін , жаңа мазмұнды қажет етеді. [19].

Оқытудың жаңа технологиясының бірі – жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады.Оқушыларды деңгейге бөліп оқытуға бола ма, оның қандай тиімді жолдары бар , деңгейге бөліп оқытудың өзіндік ерекшелігі қандай және жеке тұлға тәрбиелеуде қандай көмегі бар деген сауалдарға тоқталсақ , деңгейге бөліп оқытудың кезінде оқушылардың тәжірибелік- теориялық дайындығын , оқуға деген ынтасын , дара қасиетін әлеуметтік- психологиялық танымал , сұранымын ескеру талап етеді.Сондықтан да тиімді дәрежеге жету үшін оқушының білім мен деңгейіне байланысты жұмысты ғылыми түрде ұйымдастыру қажет.

Қазіргі базалық білім беру – жеткілікті білімнің төменгі шегі. Мұғалім баланы оқыту барысында оқушыға тақпақ жаттатып , ережелерді оқытып, жаттығулар орындатып әр түрлі жұмыстар жүргізеді. Оны талап етеді. Ол мұғалім үшін қиын жұмыс емес . Оқушы мұғалімнің айтқанын кітаптан оқып, тақпақты жаттап (тіпті оларды қызықтырмаса да), ережені айтып беруі мүмкін. Бірақ, оқушы сол оқыған материалдың ішкі дүниесін түсінді ме , міне, негізгі мәселе осында жатыр. [1].

Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей бағалауға болады: 1 деңгей (төмен) –эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға көшіру мұғалім көмегімен жүзеге асырылады; 2- деңгей –түсініктерді жүйелеу деңгейі . 70% ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды.; 3- деңгей (жоғары) бастапқы ғылыми ұғымға өту (ауысу) деңгейі деп белгілейді.[19].

Мектеп оқушыларына берілетін тапсырмалар оқушылардың ойлауына әсер етеді,тапсырманы орындау үшін бала жауапты өзі іздестіреді, оны шешуде ақыл –ойы дамиды, ойлауына жан-жақты әсер етеді деп түйіндейді. Бірінші деңгей тапсырмалары жаттап алуға лайықты,алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілетін өңін өзгетпей қайталап , пысықтауына мүмкіндік береді, екінші деңгей тапсырмалары материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар, үшінші деңгей танымдық – іздену түрдегі заңдылықтар шығару қорытынды жұмыстары.

Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар - өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарын арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер , сөзжұмбақтар, қызықты грамматика , тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесін қамтиды. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы , әрі оқу бағдарламасы оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып , оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі.

Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыралатыны тексеріледі. Өз бетімен жұмыс орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып , шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді. [19].

Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің мимималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын , оқушының жас ерекшелігіне сай болады. Сынып бағдарламасына байланысты лексикалық тақырыптар мен грамматикалық тапсырмалар , тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орындайды. Кейіннен жоғарғы сыныптарда оқыған кезде де есінде тұрақты қалатындай бағытта сөздік минимумдарды меңгереді. Тыңдап , түсініп оқу , аударып, жаза алады. Айналадағы адамдардың айтқанын түсінеді , естігені бойынша сұрақтарға жауап береді. Естігенін қайталап айтады. Жеңіл ережелерді жаттап алады. Фонетиканы толық меңгереді.Грамматикалық, лексикалық тапсырмалар орындайды. Мәтін мен жұмыс жасайды.

Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп , күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық бағдарламасымен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтерді қанағаттанарлық дәрежеде . Ықыласы жоғары. Оқушының сөйлеуі , хабарды түсінуі , қабылдауы , жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлде қайда жоғары болады. Бірінші деңгейден бастау алған сөйлеу үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінен жоғары болумен , өз жеке басының белсенділігімен , ісіне талдау жасай білуімен , білімді жаңа жағдайда пайдаланумен сипатталады. Хабарлау, суреттеу, , бейнелеу тапсырмаларын орындайды. Ситуацияға байланысты әр түрлі нұсқада диолог құрады. Мәтін бойынша сұрақ қояды. Талдау , жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық-«іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды ізденіп өз бетімен орындайды.

Төртінші деңгей дарынды , іздемпаз , қабілеті жоғары , талапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді , оқушының өз мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижеге жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды.

Оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттарының көлемінің ұлғаюы , оқушыларға түсетін «салмақтың»артуы басты себеп болады.

Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес , оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінің оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.[4].


жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау