Тақырып: Ақаулығы бар балалар
Дәріс мазмұны:
1.«Ақаулық» түсінігі.
2.Ақаулығы бар балалардың ерекшеліктері
3.Ақаулықтың болу себептері
“Anomalия”- грек сөзінен алғанда «дұрыс емес» деген мағынаны білдіреді. Ақаулығы бар балалар жалпы денелік және психиқалық жағынан кемшіліктері бар балалар тобына енеді.Ақаулығы бар балалардың дене және психикалық жағынан бұзылып келуі, олардың жалпы дамуына өзіндік өз әсерін тигізеді. Мұндай балалар тобы арнайы оқыту мен тәрбиелеу және түзету жұмысын қажет етеді. Ақаулығы бар балалар тобына:
Есту қабілеті бұзылған;
Көру қабілеті бұзылған;
Сөйлеу тілі бұзылған;
Интеллектілік дамуы бұзылған;
Психикалық дамуы баяу;
Тірек- қимыл аппараты бұзылған;
Күрделі түрдегі бұзылыстар;
Психикалық мінез-құлқы жағынан бұзылған;
Сондай-ақ жоғарыда айтылған ақаулықтарымен қоса, белгілі бір организмге байланысты жалпы жүйелік түрлері де бар.
-денелік ақаулықтар
-сенсорлы бұзылыстар
-ми қызметі бұзылыстары
Мүмкіндігі шектелген балалар күрделі және әртүрлі сипаттағы бұзылыстармен сипатталады. Мұндай балалар тобы оқу танымдық, еңбек іс-әрекеттерінде және әлеуметтік байланыстарда ерекшеленіп байқалады. Әрбір бұзылыстың өзіндік сипат ерекшелігіне қарай балалардың дамуы барысында оқыту мен тәрбиелеу жұмысының жүйелі жүргізілуі нәтижесінде ғана түзелуі мүмкін, ал кейбіреулерінде бұл үрдіс ұзақ уақытты қамтуы ықтимал.Бұл мүмкіндігі шектелген балаларға көмек ету, оларға көмек беру барысында ғана іске асырылады. Ақаулығы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісімен педагогикалық, медициналық, психологиялық, әлеуметтік салалар бірлесе отырып түзету, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу барысында көмек беру және оларды қолдау арқылы ғана жүзеге асырылады.
Балаларда психо- денелік ақаулықтардың болу себептері:
экологиялық әсерлер (өндіріс орындары мен газ-мұнай саласы, қара-түсті металлургияның зиянды заттардың ауаға тарауы.Су қоймасының ластануы,жер асты суларының ластануы;
экономикалық жағдай;
әлеуметтік жағдай;
отбасылық жағдай;
онкологиялық ауру;
жұқпалы аурулар;
эндокриндік жүйке ауру салдары;
генетикалық бұзылыстар;
дүниеге келу сәтіндегі қолайсыз жағдайлар;
даму жағдайының ауыр деңгейде болуы.
Халықаралық қоғам ұйымы даму ақаулықтарының түрлеріне байланысты жүйелілікті жинақтау жұмыстарымен айналысуда.Дамыған елдердің көпшілігі өз еліңдегі денсаулық мүмкіндіктерінің шектелу белгілеріне орай терминалогия және жүйелілік бойынша өз санақтарын жүргізіп жатыр.Статистикалық мағлұмат елдердің дамығандығына, медициналық, әлеуметтік және педагогикалық көмек көрсету сапасына байланысты анықталады Бүгінгі таңда статистика проценттік қатынасын дәлірек анықтап отыр.Ақаулығы бар балалардың арасында бірінші орынды оқытылуы қиын балалар алса, екінші орынды ақыл- ойы баяу дамыған балалар орын алып отыр. Үшінші орында сөйлеу тілі бұзылғандар.Жалпы әлемде 1000 адамның үшеуі соқыр, ал 5 пайыздан астамы есту ақаулығы барлар.Әрбір үш оқушының, яғни 7-15 жас аралығындағы балалардың 4-5 оқушысы ақыл- ойы баяу немесе оқытылуы қиын оқушылар болып табылады.Әрбір 800 жаңа туған нәрестенің біреуі Дауна синдромына шалдыққандар.Ресей Федерациясының білім министрлігінің статистикалық мағлұматы бойынша қазіргі уақытта 1,7 млн балалардың, яғни 4,5 пайызы денсаулығы жағынан мүмкіндігі шектелген балалар қатарына жатады және олар арнайы білім беруді талап етеді.Қазіргі таңда 500мыңнан астам ақаулығы бар балалар арнайы білім беру мекемелерінде оқытылып тәрбиеленуде.
№ 4 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |