Дарыныңды дәлелде



жүктеу 26,44 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі26,44 Kb.
#13864
түріКонкурс

Дарыныңды дәлелде
Дегенмен дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының ұстаздары жұмыс барысында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану мақсатында ғылыми-практикалық тұрғыда өз бағдарламаларын жасауда. Оқытуда жаңа әдістемелер жасап, оның тиімділігін жан-жақты дәлелдеп жүрген ұстаздар аз емес. Бұл орайда, жыл сайын өткізілетін «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурстың алар орны ерекше.

Дәстүрлі байқау биыл Бурабайдағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар аясында Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Еліміздің барлық аймағынан жиналған ең үздік педагогтар мен психологтар дарынды балаларға білім беру мәселелерін талқылап, үздік әдістемелер мен оқыту бағдарламаларын ұсынды.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Шолпан Қирабаеваның айтуынша, байқаудың қорытынды кезеңіне 162 жұмыс ұсынылған, оның 85-сі қазылар алқасының сараптауына өткен. «Бұл жұмыстардың 10-ы республикалық, 68-і қалалық, 8-і ауылдық білім ордасында жұмыс істейтін ұстаздардың еңбегі. Біздің орталық қарапайым мұғалімдерге үлкен қолдау көрсетіп келеді. Екі жылда бір рет инновациялық идеялар фестивалін өткізіп тұрамыз. Онда авторлық бағдарламалар ұсынылады. Сондай-ақ, мектеп психологтарының отырысын өткізу арқылы көптеген мәселелерді талқылап, ертеңгі күннің бағыт-бағдарын айқындауға мүмкіндік жасалуда. Дәстүрлі «Үздік авторлық бағдарлама» байқауына биыл Шығыс Қазақстан, Қостанай, Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының, Астана қаласы, республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған білім беру ұйымдарының ұстаздары ерекше белсенділік танытты. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің еңбектері бойынша арнайы кітапшалар дайындаймыз. Ол орталықтың сайытында жарияланып, мектеп мұғалімдерінің өз жұмыстарында пайдалануына мүмкіндік жасалады», дейді Шолпан Ақашқызы. Биыл сегізінші рет өткізіліп отырған байқауға қатысушылар саны да арта түсуде екен. Осы уақыт аралығында еліміздің 1223мұғалімдері қатысып, өз авторлық бағдарламаларын ұсынған. Ал, ең үздік 28 авторлық жұмыс республиканың дарынды балаларға арналған арнаулы мектептерінде қолданылып келеді. Оқытуды мейлінше жаңа сапаға көтеру мақсатындағы мұғалімдер ұсынып отырған идеялар да тың әрі ауқымды, терең ізденістен туған еңбек. Мысалы, Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы ОММГИ оқытушысы Исаханова Гүлназ ұсынған бағдарламаның басты мақсаты – оқушыларға Елбасын таныту. «Бұл бағдарламаны жасауда өз шәкірттерім көп комек көрсетті. Елбасының өз еңбектерін, халықтың шешендік сөздерін, Сөз оралымдарын теріп, сөздік құрастырдық және шығармашылық тапсырмалар жүйесін жасадық», - дейді Г. Исаханова. Ал, Батыс Қазақстандық ұстаз Арайлым Мағзұмова Алаш тарихын факультативтік сабақта тереңдете оқытудың тың әдісін ұсынып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы №4 Дарынды балалар мектебінің мұғалімі Сұлтан Сүлейменов оқушыларын журналистикаға баулып, қиын да қызықты мамандықтың әліппесін меңгеруіне мүмкіндік жасауда екен. Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша, Ә. Бірмағамбетов (Астана қаласының дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебі), С. Жекебаев («Дарын» Қарағанды облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты), Г. Исаханова (Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты), С. Түсіпов (Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп) сынды үздік педагог-авторлар жеңімпаз атанды. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен және «Дарын» РҒПО-ның номинациялары бойынша алғыс хаттармен марапатталды.

Конкурс бағдарламасында «Мұғалім жетістігінің формуласы» педагогикалық қонақжайда ғалымдармен жүздесу өткізіліп, шараға қатысушылар Бурабай тарихи және табиғи ескерткіштер аймағына саяхат жасады.

«Дала мен қала» газеті,

Әлеумет / №14 бет.



Еркін Досымбай
жүктеу 26,44 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау