Дарындылық бұл адамның басқа адамдарға қарағанда бір немесе бірнеше қызметтегі жоғары нәтиже мүмкіндіктерімен анықталатын психикалық сапа, біріккен қабілеттіліктің көрсеткіші. Дарындылықтың 100-ге жуық анықтамасы бар


ЖАЛПЫ ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ



жүктеу 1,32 Mb.
бет3/6
Дата14.12.2017
өлшемі1,32 Mb.
#4317
1   2   3   4   5   6

ЖАЛПЫ ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

Әдістеме мамандарға арналған әдістемелер кешеніне қосымша ретінде қарастырылуы тиіс.

Нұсқаулық

Сізге дарынды балалар бойындағы тоғыз сипаттың қалыптасу деңгейін бағалау ұсынылып отыр. Оларды тиянақты қарап шығып, төмендегі шкаланы пайдалана отырып, әрбір көрсеткіш бойынша балаңызға баға беріп шығыңыз:

5 - Тұлғаның бағаланып отырған сипаты жақсы, анық байқалады да, түрлі іс-әрекет барысы мен мінез-құлқынан жиі көрініс табады;

4 - Қарастырылып отырған сипат айтарлықтай анық байқалады, бірақ тұрақты көріне бермейді, соған қарамастан оған қарама-қарсы қасиет сирек байқалады;

3 - Тұлғаның бағаланып отырған сипаты мен оған қарама-қарсы қасиеті оның әрекеті мен мінез-құлқында бірдей теңдікте көрініс табады;

2 - Бағаланып отырған сипатқа қарама-қарсы қасиет неғұрлым нақты әрі жиі байқалады;

1- Бағаланып отырған сипатқа қарама-қарсы қасиет нақты әрі жиі байқалады да, мінез-құлық пен барлық іс-әрекет барысында көрініп отырады;

0 - Бұл қасиетті бағалау үшін еш мәлімет жоқ.



Білімпаздық (танымдық қажеттілік). Ой-өрістік ынталану мен жаңалыққа құмарлық әдетте білімпаздық деп аталады. Бала дарынды болған сайын, оның жаңа, белгісіз нәрсені танып-білуге деген ұмтылысы да арта түседі. Жаңа ақпаратты, жаңа білімді игеру көп сұрақтар қою және тынымсыз зерттеушілік белсенділіктен көрініс табады (ойыншықтарды шашып-жинау, зат, өсімдік, адам іс-әрекеті, жануарлар және т.б. құрылымын зерттеу).

Туындаған мәселелерге аса сезімталдық.

“Танып білу әдетте қарапайым, күнделікті нәрселерге таңданыстан басталады” (Платон) Өзгелерге қарапайым, күнделікті болып көрінген нәрседен мәселе туындату-шығармашыл адамға тән маңызды сипаттама болып табылады. Оларға мәселені табу, сұрақ қою сияқты қабілеттер де тән. Болжау жасауға қабілеттілік-мәселенің шешілуіне алдын ала көрегендік жасау, іс әрекетті жүзеге асырмас бұрын мүмкін болатын салдарын алдын ала болжау. Оқу мәселелерін шешуде ғана емес, сондай-ақ нақты өмірдің түрлі көріністерінде байқалады. (яғни уақытқа байланысты салдарға болжау жасау, салыстырмалы, қарапайым жағдаяттардан бастап, әлеуметтік құбылыстарды дамытудың мүмкін болатын болжауларына дейін).



Сөздік қоры.

Мол сөздік қоры – баланың ақыл-ой қабілеттерін дамытудың нәтижесі мен белгілері. Сөйлеуде падаланған сөз санымен ғана емес, сондай-ақ дарынды балаларға тән күрделі синтаксистік құрылымдарды жасай алу, өздері енгізген жаңа сөздерді қолдану немесе ойындағы жағдаяттарды сипаттайтын жаңа сөздер ойлап табу.



Бағалау қабілеттілігі.

Ең алдымен, сын тұрғысынан ойлау. Тек өзінің ғана емес, сондай-ақ өзге адамдардың ойы мен іс-әрекетін түсіну мүмкіндігі. Проблемалық мәселелерді, адамдар қылығы, құбылыстар мен жағдаяттардың шешілуін шынайы сипаттай алу қабілетімен сипатталады.



Өнертапқыштық.

Түрлі іс-әрекет пен мәселелерді шешуде тосын, жаңа жолдарды таба алу қабілеттілігі. Бала мінез-құлқында, ойындар мен түрлі іс-әрекет барысында көрінеді.



Логикалық ойлау мен тұжырымдау қабілеті- құбылыс пен жағдаяттарды, процестерді жіктей алу, талдау және синтездеу қабілеті, өз ойын анық жеткізе алу. Түсінік қалыптастыру мен өз ойын жеткізе алу қабілетімен сипатталады.

Табандылық (мақсаттылық) – алға қойған мақсатқа талмай ұмтылу, кедергілерге қарамай іс-әрекет барысында өз мүмкіндіктерін жинақтай алу қабілеті. Баланың барлық іс-әрекеті мен мінез-құлқынан байқалады. Өз қызметінің нәтижесінде талап қоюшылық.

Перфекционизм - өз іс-әрекетінің түпкі өніміне, жоғары талаптарға жеткізуге ұмтылыс. Бала өзі істеп жатқан жұмысын жоғары деңгейде орындамайынша тыным таппайтындығымен сипатталады.
Нәтижелерді өңдеу

(Бағаларды кестеге енгізіңіз. Әрине, бағалар баланы жақсы білетін басқа үлкен кісілер бағасымен салыстырылып, қорытылып қойылғаны дұрыс.)





Сапасы

Бағасы

1

Білімпаздық




2

Туындаған мәселелерге аса сезімталдылық




3

Болжау жасай алу қабілеті




4

Сөздік қоры




5

Бағалау қабілеттілігі




6

Өнертапқыштық




7

Логикалық ойлау мен тұжырымдау қабілеттілігі




8

Табандылық




9

Перфекционизм



Қойылған бағаларды (немесе бірнеше ересек адам қойған бағалардың нәтижесін есептей келе, ортақ сандық көрсеткішті) графикке енгіземіз. Мүлтіксіз нәтиже – дұрыс тоғызбұрыш. Алайда нақты баланы дұрыс, жан-жақты бағалаған жағдайда күрделі конфигурациялы жұлдызша пайда болады. Сол графикке қарап, тәрбие жұмысын болашақта қай бағытта жүргізу керектігі туралы мәлімет алуға болады.


Баланың «графикалық профилін» құру үлгісі



ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТІ* ҚИЯЛМЕН ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУЫН ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ТЕСТ

Зерттеуге дайындық. Әр балаға фигуралар: заттардың контурлық бейнесі салынған, мысалы, бұтақтың діңі, шеңбер – екі құлағы бар бас, т.б. және қарапайым геометриялық фигуралар (шеңбер, квадрат, үшбұрыш, т.б.) салынған альбом парақтарын дайындау керек. Түрлі-түсті қарындаш, фломастерлер дайындау.

Зерттеуді жүргізу. 7-8 жасар балаға осы фигуралардан қандай да бір картина шығарып, салып шығу тапсырылады. Алдын-ала қиялдау туралы әңгімелесу жүргізуге болады (аспандағы бұлт неге ұқсайды, т.б.).

Мәліметтерді өңдеу. Бейнелердің ерекшелік, таңғажайыптық, қайталанбастық дәрежесі айқындалады.



Бастапқы (нөлдік) тип. Бала берілген элементті пайдаланып бейне құрастырмайды, ол соның қасына өзі бір нәрсенң суретін салуы мүмкін (еркін қиялдау).

Бірінші тип. Бала парақтағы фигураны жекелеген нысан ретінде аяқтап шығады, дегенмен бейне контурлық, детальдары жоқ, сызба түрінде болады.

Екінші тип. Тура сондай жекелеген нысан пайда болады, дегенмен саналуан детальдері болады.

Үшінші тип. Жеке нысанды бейнелей отырып, бала қиялдан желі (сюжет) қосады (жай қыз емес, жаттығу жасап тұрған қыз).

Төртінші тип. Бала бірнеше нысанды қиялындағы сюжет бойынша бейнелеп шығады (қыз күшігімен серуендеп жүр).

Бесінші тип. Берілген фигуралар жаңа сапада қолданылады. Егер 1-4 типтерде ол бала салған картинаның негізгі бөлігі болып табылса, енді ол фигура бала қиялындағы бейнені жасаудың көмекші элементі болып қалады (үшбұрыш үйдің шатыры емес, бала сурет салып отырған қарындаштың ұшы ғана).
Ескерту.

*мәліметтер алынған кітап: Клименко, В. В. Психологические тесты таланта. – Харьков, 1996.




ЖОҒАРЫ САТЫДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР

Көптеген жоғары сынып оқушылары оқуын жалғастыруға мүдделі және өзін кәсіби әрекетке дайындауға тырысады, сондықтан да оқытуды дербестендіру идеясын жүзеге асыратын және оқушының шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуына мүмкіндік беретін технологиялар тиімді болып табылады. Бұған проблемалық оқыту технологиясы мен «кіші топтарда» оқыту әдістемесі үйлесімде қолданылатын жобалап оқыту технологиясы жатады



1. Проблемалық оқыту технологиясы. Бұл технологияны базалық деп қарастырамыз, себебі оқушының өнімді әрекеті проблемалық сипаттағы тапсырмаларды орындау барысында анағұрлым тиімді жүзеге асырылады. Проблемалық мазмұндағы тапсырмаларды орындау оқушылардың танымдық белсенділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететінін тәжірибе көрсетіп отыр.

Проблемалық оқыту үдерісінің құрылымы өзара байланысты және күрделендірілген жағдаяттар кешені болып табылады. Проблемалық оқыту технологиясын жүзеге асыру барысында мұғалім көбінесе танымдық міндеттер формасында проблемалық сауалдарды пайдаланады. Проблемалық міндетті (тапсырманы) шешу алгоритмі төрт кезеңнен тұрады:

1) проблеманы ұғыну, сұрақта берілген қайшылықты анықтау, себеп-салдарлық байланыстар тізбегіндегі үзікті анықтау;

2) гипотеза жасау және болжамды дәлелдеу жолдарын іздеу;

3) гипотезаны дәлелдеу, оның барысында оқушылар сұрақтар мен тапсырмаларды қайта жасап шығады;

4) жалпы қорытынды, мұнда оқылатын себеп-салдарлық байланыстар тереңдетіледі және танымдық құбылыс пен нысанның жаңа жақтары айқындалады.

Осылайша, проблемалық жағдаят жасайтын, мақсатты түрде құрастырылған тапсырмалар проблемалық оқытудың басты функциясын - өзарабайланыстар мен өзаратәуелділіктер деңгейінде ойлау білігін дамытуды қамтамасыз етеді. Бұл оқушыларға зерттеу жұмысын жүргізуге қажетті нақты шығармашылық әрекет тәжірибесін игеруге мүмкіндік береді.

2. Кіші топтарда оқыту әдістемесі. Бұл әдістеме семинар сабақтарда анағұрлым тиімді қолданылады. «Кіші топтарда» оқыту сыныпты 4-5 кіші топтарға бөлуге негізделеді. Оның әрқайсысының құрамында 5-7 адамның болғаны абзал, сонда оқу барысындағы өзара әрекет нәтижелі болады.

Әрбір кіші топ семинарда талқыланатын сұрақтардың біреуіне жауап дайындайды. Талқылау барысында әр топтың қатысушылары сөйлейді, қарсы пікір білдіреді, қосымшалайды. Дұрыс жауапқа оқушы дербес бағасын алады, ал «кіші топтар» - нақты ұпайлар жиынтығын.

Ойын жағдаяты семинарда қажетті эмоционалдық көңіл күй тудыруға мүмкіндік береді және оқушыларды алуан түрлі жұмысқа ынталандырады.

3. Жобалап оқыту технологиясы. Жобалап оқыту жүйесінің негізіне оқушылардың өздігінен іздену әрекеті барысында білімді шығармашылықпен игеруі жатады. Жобалаудың өнімі – баяндама, рефераттың, т.б. мәтіні ретіндегі оқу жобасы.

Жобалап оқытудың негізі тұлғалық бағдарлы болып табылуы маңызды, яғни бұл оқушыларға өзінің және өзгенің тәжірибесіне сүйене отырып оқуға мүмкіндік береді. Бұл оқушылардың танымдық қызығушылықтарын ынталандырады, өз еңбегінің нәтижесіне қанағаттану мүмкіндігін береді, оқудағы жетістігін сезінеді.



Жобаны педагогикалық басқару

№ р/с

Педагогикалық басқарудың функциялары

Мұғалімнің қызметі

1

Ақпараттық-сараптаушылық

Оқушылар әрекетінің өнімін сұраудың, бақылаудың және зерттеудің негізінде олардың танымдық қызығушылықтары, сыныптың оқу мүмкіндіктері деңгейінде жеткен жетістіктері туралы мәліметтер базасы жасалады.

2

Мотивациялық-мақсаттық

Оқушылармен бірлесе отырып, жобалау әрекетінің мақсатын, жоба тақырыбының өзектілігін анықтайды; оқушыларды оны жасауға ынталандырады.

3

Жоспарлы-болжамдық

Оқушылармен бірге мақсатқа жетудің тәсілдері мен жолдарын жоспарлайды; жобамен жұмыс істеудің кестесін құрастырады.

4

Ұйымдастыру-атқарушылық

Белгіленген жоспардың жұмыс кестесіне сәйкес орындалуын ұйымдастырады, оқушыларға кеңес береді, ізденіс әрекетіне қызығушылығын оятады.

5

Бақылау-диагностикалық

Оқушылардың әрекетіне ағымдық бақылау жасайды және олардың ізденіс жұмысының нәтижесін талдайды.

6

Жүйелеу-түзетушілік

Оқушылардың әрекетін түзетеді, олардың жұмысын регламенттейді, өзін-өзі басқару тәсілдеріне үйретеді, рефлексия жүргізеді.

Жобалау әрекеті оқушылардың зерттеу жұмысының нәтижесі рецензиялануын, ал жобаны қорғаудағы баяндамасы бағалануын қажет етеді.

Оқушының жобасын рецензиялаудың алгоритмі:

1) Жоба мазмұнының толықтығын бағалау.

2) Жобаның тұтастығын бағалау (проблемалардың өзара байланысы, жобалау әрекеті нәтижесінің мақсаты).

3) Қорытындының, ұсыныстар мен болжамның негізділігіне баға.

4) Жоба бойынша кемшіліктер, қателіктер, ескертпелер.

5) Жобамен болашақ жұмысқа арналған жаңа идеялар мен ұсыныстар.

6) Қорытынды (проблема қаншалықты толыққанды ашылған).

4. Арнайы курс. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың бір формасы ретінде арнайы курс мазмұны оқушыларға зерттеу жобасын орындауға, мектеп бағдарламасының жекелеген бөлімдерін тереңдете оқуға немесе өздерін қызықтыратын білім саласы бойынша білім алуға мүмкіндік беретін оқу сабақтарының жүйесі болып табылады.

Арнайы курстың өзіндік ерекшелігі сол – оның мазмұнының негізін сабақта қарастырылмайтын, дегенмен оқушылар үшін қызық та жеңіл тақырыптар құрайды; ол қосымша әдебиетпен көп жұмыс жүргізуді, проблеманы өздігінен ұғынуды талап етеді.

Оқу материалын ірі блоктарға топтастыруға болатындықтан, арнайы курсты жоғары сыныптарда өткізу анағұрлым маңызды. Оның үстіне жоғарғы сыныптықтар өздігінен шығармашылық жұмыс істей алады.

Арнайы курс кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезеңде мұғалім оқушылардың оқу мүмкіндіктерінің деңгейіне, танымдық қызығушылықтарына, әрекет ету уәждеріне диагностика жүргізеді. Содан кейін, екінші кезеңде педагог арнайы курс аясында орындауға болатын зерттеу жобаларының тақырыптарын жасайды, ал үшінші кезеңде мұғалім топтық кеңес өткізеді, оның мақсаты – оқушыларды зерттеу жобасымен жұмыс істеу тәсілдерімен таныстыру, арнайы курстың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Төртінші кезең – анықталған оқу сабақтарының жиынтығынан тұратын арнайы курс. Сабақтың көп бөлігі жаңа материалды проблемалық түрде мазмұндауды көздейді. проблемалық семинар аса маңызды, оның мақсаты – алынған білімді тарату және жүйелеу. Арнайы курсты оқып-үйренудің бесінші кезеңі – жоба және қорғауға шығармашылық жұмысты дайындау. Ал алтыншы кезеңде зерттеу жобаларын қорғауға арналған оқушылардың ғылыми конференциясы өткізіледі.

ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ

Оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың тәсілі ретінде оқыту әдістері білімді жемісті игерудің, сонымен қатар танымдық бейімділіктері мен тұлғалық сапаларын дамытудың маңызды факторы болып табылады. Интеллектуалдық дарынды оқушыларды оқытуда қолданылатын шығармашылық сипаттағы әдістердің негізгісі – проблемалық, ізденіс, эвристикалық, зерттеу, жобалау болып табылады, оларды өзіндік, дербес, топтық әдістермен үйлестіре қолданған жөн.



ДАРЫНДЫ БАЛАМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ПЕДАГОГТЫҢ КӘСІБИ-ТҰЛҒАЛЫҚ БІЛІКТІЛІГІ

Дарынды баламен жұмыс істейтін мұғалімнің кәсіби біліктілігінің базалық компонентін құрайды:

а) жалпы кәсіби педагогикалық дайындық – пәндік, психолог-педагогикалық және педагогикалық, әдістемелік білім, білік, дағдылар;

б) педагогтың негізгі кәсіби мәнді тұлғалық сапалары.

Дарынды баламен жұмыс істейтін мұғалімнің кәсіби біліктілігінің арнайы компонентін құрайды:

а) дарындылық педагогикасы мен психологиясын (дарындылық, оның түрлері, психологиялық негіздері, анықтау критерийлері мен принциптері, дарынды баланың дербес даму ерекшелігі, дарынды баламен жұмыстың бағыттары мен түрлерін білу, т.б.) белсенді игерудің нәтижесі болып табылатын психолого-педагогикалық білім, білік, дағдылар;

б) педагогтың кәсіби-тұлғалық позициясы:

– дарынды баламен дәстүрлі жұмыс түрлерін жүзеге асырғанша, бала дарындылығын мейілінше дамытып, белсендіруге көңіл бөлу;

оқу процесін басқарып, бақылап қана қоймай, оқушыларға оқуға еркіндік беру.

в) педагогтың кәсіби мәнді сапалары: танымдық және ішкі кәсіби мотивациясының жоғары деңгейі; ішкі бақылау; өзін-өзі бағалау; тұлғалық өсуге ұмтылу және т.б.





Ата-аналар мен мұғалімдерге балалардың зерттеушілік бейімділіктері мен өздігінен білім алу біліктілігін тәрбиелеуге арналған нұсқаулық

  • Нұсқау бермеңіз, тәуелсіз жұмыс істеуіне жәрдемдесіңіз.

  • Балалардың бастамасына кедергі болмаңыз, олар өздері жасай алатын нәрсені жасамаңыз.

  • Оқушылардың пәнаралық байланысқа үнемі назар аударып отыруын және өзге пәнде алған білімін екінші пәнде қолдануын талап етіңіз.

  • Оқушыларды жағдаятқа зерттеу жасауға, проблеманы дербес шешу дағдыларына үйретіңіз.

  • Оқушыларды білімді меңгеру процесін басқаруға үйретіңіз.

  • Бәріне шығармашылықпен қараңыз.



.ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН САУАЛНАМА




Сауалдар

Жауаптар

Иә

Жоқ

1. Мен баланың бар сауалына барынша шыдамдылықпен, шынайы жауап беремін.







2. Мен балаға жұмысының нәтижесін жақсарту үшін жәрдемдесемін.







3. Мен баланы сүйікті ісіне қажетті кітаптармен, материалдармен қамтамасыз етемін.







4. Мен баланы қиялдауға, ойдан қиыстырып, құрастыруға ынталандырамын.







5. Мен баланы проблеманы айқындап, оны шешуге ынталандырамын.







6. Сабақ үстінде балаға лайықты мақтау табамын.







7. Мен балаға шын мәнінде шешім қабылдауға мүмкіндік беремін.







8. Мен баланы өздігінен ойлануға үйретемін.







9. Мен баланың бастаған жұмысының негізгі бөлігін, нәтижесіне сенімді болмаса да, өзі орындауы дұрыс деп есептеймін.







10. Мен балада оның бейімділіктерін жағымды қабылдауды дамытамын.








ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ЖАЛПЫ ОҚУ АРҚЫЛЫ ЫНТАЛАНДЫРУ



өзіндік жұмыстың репродуктивті біліктері

– материалды құрамдас бөліктерге бөле білу;

– ауызша баяндағанда мәтіндегі негізгі ойды айқындай білу;

– жоспар құру;

– тезис құру;

мәтіннің конспектісін жасау;

– түсіндірме конспект жасау;

– сөзбе-сөз баяндай білу;

– мақала, кітап материалдары бойынша реферат құрастыра білу;

– анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасай білу;

– үлгі бойынша түсінік пен ережелерге нақты мысал келтіре білу (дерексізді деректіге айналдыра білу);



өзіндік жұмыстың шығармашылық біліктері

– проблеманы көре білу;

– проблеманы жеткізе білу;

– болжам ұсына білу;

– проблеманың, міндеттердің шешілу жоспарын құра білу;

– қорытынды жасай білу;

– материалды жүйелей білу;

– тақырып бойынша баяндама жасай білу (түрлі ақпарат көздеріне сүйене отырып);

– материалды қайта жасай білу (сызба, сурет, диаграмма, кесте түрінде бейнелей алу);

– міндетті шеше білу;

– алдын ала болжай білу.



Ұйымдастыру-рефлексиялық біліктер

– өз әрекетін жоспарлай білу (мақсат қою, жоспар жасау);

– өз әрекетін талдай білу (жемісті және тиімсіз әдіс-тәсілдерді анықтай білу, нәтижені мақсатпен салыстыра білу);

– өзі мен өзгенің танымдық және коммуникативтік іс-әрекетін, психикалық жай-күйін бағалай білу.





ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ЫНТАЛАНДЫРУ ТӘСІЛДЕРІ

Оқытудың сыртқы құралдарын қолданатын тәсілдер

Мазмұнға қатысты тәсілдер

Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына қатысты тәсілдер

Оқушылар мен мұғалімдердің қарым-қатынас сипатына қатысты тәсілдер

Мазмұндылық

Тарихи мәліметтер

Оқу білігі

Сабақтағы эмоционалдық әрекеттің тонусы

Көрнекілік

Белгілі білімнің жаңа аспектілерін көрсету

Оқу проблемаларын қою және шешу

Мұғалімнің мейірбандығы

Оқытудың техникалық құралдары

Өмірмен байланыс

Шығармашылық жұмыстар

Оқушыларға оптимистік көзқарас

Сабақтың дәстүрлі емес түрлері (рольдік ойындар, іскерлік ойындар, т.б.)

Жаңашылдық

Зерттеушілік амал

Мұғалімнің ашықтығы мен табиғилығы

Жұмысты ұйымдастыру түрлері (жұпта, топта жұмыс жасау, т.б.)

Мазмұнды құрастыру

Оқушылар оқылатын мазмұнның пәні болып табылатын дидактикалық ойындар

Мұғалімнің эмпатия мен рефлексияға бейімділігі



ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТЫҢ ТИПТЕРІ ЖӘНЕ ОҚУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ СӘЙКЕС ТҮРЛЕРІ

Өзіндік жұмыстың типтері

Оқушылардың танымдық әрекеттерінің ерекшеліктері

Оқу тапсырмаларының түрлері

1. Үлгі бойынша өзіндік жұмыстар (репродуктивті ойлау)

Тану, білу, анықтау, ұқсасты нақтылау, мәтіндік қайталау, белгілі түсініктің аясында жаңа факторды ұсыну.

– үлгі бойынша типтік тапсырмаларды орындау;

– үлгі немесе алгоритм бойынша жаттығуды орындау;

– үлгі бойынша талқыланатын мәселеге иллюстрация жасау;

– үлгі және нұсқаулық бойынша бақылау, тәжірибе, зертханалық жұмыс жүргізу;

– үлгі және нұсқау бойынша пәндерді, олардың бөліктерін жасау;

– сөзбе-сөз түсінгенін айту;

– фактілерді, белгілерді, сапаларды атап беру;

– мәтіннен дайын жауапты табу;

– үлгі және мысалдар бойынша материалдарды топтастыру, таңдау;

– ұғымға нақты мысалдар келтіру, берілген үлгі бойынша ережелер құрастыру.



2. Трансформативті (реконструктивті) жұмыстар, шығармашылықтың І деңгейі

Нысанның ішкі құрылымын ой елегінен өткізу және түрін өзгерту, суреттеу және әрекетті талдау, мүмкін жолдарын көре білу.

– мәтіндік құрылымдарды басқа үйлесімде қолдану;

– мәтінді логикалық тұрғыдан өңдеп қайталау;

– түрлі ақпарат көздерінің негізінде сауалға жауап құрастыру;

– материалдағы негізгіні қосымшадан бөліп алу (мәтін түрінде немесе сызба түрінде);

– тақырып бойынша жоспар құру;

– конспектілеу;

– дәстүлі емес жағдаятта белгілі ережелер мен заңдылықтарды өзгерте отырып, тапсырманы орындау;

– тапсырма, тезис құрастыру;

– толық емес нұсқаулық бойынша тәжірибе, бақылау, зертханалық жұмыс жүргізу;

– өтілетін материалды иллюстрациялаудың жаңа құралдарын табу, іздестіру;

– сызба, кестелерді интерпретациялау (түсіндіру);

– салыстыруға тапсырмалар.



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау