«Дарынды балаларға-талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу туралы



жүктеу 63,3 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі63,3 Kb.
#15244

«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасын ұйымдастыру және өткізу туралы

Ереже (бұдан әрі Педагогикалық олимпиада)
Педагогикалық олимпиада – жоғары оқу орнына дейінгі, жоғары оқу орны, жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейлерінде дарынды балалармен жұмыс істейтін ұстаздарды дайындау формаларының бірі болып табылады.

Педагогикалық олимпиаданың басты шарты – педагогикалық идеялар, жобалар, педагогикалық шығармашылықтың қорытындысымен тәжірибе алмасу болып табылады.

Педагогикалық олимпиада педагог тұлғаның шығармашылық жұмыста еркіндігі, зерттеу бағытын таңдауы, педагогикалық өзін-өзі көрсету әдістері, кәсіптік және тұлғалық жолының одан әрі шоғырлануына бағытталған.

Ереже Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының жаңа формациядағы педагог үздіксіз педагогикалық білім беру Тұжырымдамасына сәйкес құрастырылған.



1. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері
Педагогикалық олимпиаданың тұжырымдамалық мақсаттары :

- жоғары сынып оқушылары мен студенттердің педагогикалық қызметте өзін-өзі кәсіби айқындауға бағдарлануы;

- педагогтар мен студенттердің білім беру мекемелерінің даму перспективасына бағдарлануы;

- оқытушылар мен студенттердің білім беру мекемелерінде қазіргі жаңару жағдайындағы педагогикалық қызметті дамыту процесіне енуі;

- нақты білім беру барысында жас педагогтардың педагогикалық бастамаларын жинақтау және тарату;

- педагогикалық саладағы ең шығармашыл жастарды қолдау.


Педагогикалық олимпиаданың негізгі міндеттері:

1) педагогикалық мамандыққа ерекше қабілетті жастарды анықтау;

2) жоғары сынып оқушылары мен студенттердің шығармашылық дербестігін, олардың жеке тұлғалық және педагогикалық мәдениетін өздігінен қалыптастыруға, кәсіби педагогикалық қызмет тәжірибесін байытуға жағдай жасау;

3) жоғары сынып оқушылары мен студенттердің кәсіби-педагогикалық ой-өрісін және шығармашылық әлеуетін өздігінен жүзеге асыру мүмкіндігін кеңейту;

4) жеке кәсіптік міндеттерді шешу үшін студенттердің ақпараттық- білімдік кеңістігін кеңейту;

5) кәсіби педагогикалық білім беру және педагогикалық мамандықтың маңызын арттыру, педагогиканың беделін көтеру;

6) білім беру саласындағы педагогтардың мақсаты мен ұстанымдарын келісіп шешу, қазақстандық педагогикалық ғылыми мектептің ең үздік дәстүрлерін сақтау және дамыту;

7) педагог кадрлардың дайындық сапасын жақсарту мақсатында дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің нақты білім беру процесінде жас педагогтардың педагогикалық бастамаларын жинақтау және тарату.


2. Олимпиада құрылымы және қатысушылар.
Педагогикалық олимпиада мынадай сатылық құрылымнан тұрады:

І саты – оқуды педагогикалық жоғары оқу орнында жалғастыруға бағытталған білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушылары.

Оқушылар конкурс тапсырмаларын орындау барысында педагогикалық мамандықты таңдау дайындығын, жеке тұлғаның педагогикалық бағыттылығын, педагогикалық білімдарлығын, интеллектуалдық және жалпымәдени даму деңгейін көрсете алады.


ІІ саты – педагогикалық университеттер мен институттардың студенттері (ІІ – ІV курстар), педагогикалық (гуманитарлық) колледждердің жоғары курс студенттері.

Олимпиада мазмұнында студенттердің педагогикалық білімді игеруі және оны кәсіби-педагогикалық міндеттер мен жағдаяттарды шешуде пайдалануы, тұлғаның өзін-өзі кәсіби айқындау деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурстық тапсырмалар қарастырылған.


ІІІ саты – магистранттар.
Олимпиада мазмұны магистранттарға кәсіби педагогикалық қызмет деңгейін, оның ішінде педагогикалық зерттеу қызметін, кәсіби педагогикалық оқыту деңгейін және оларға тән педагог тұлғасының басты қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурстық тапсырмаларды қарастырады.
ІV саты – жас педагогтар, психологтар және тәлімгерлер.
Олимпиада мазмұны нақты білім беру процесінде кәсіби педагогикалық шеберлігін, кәсіби педагогикалық қызмет саласында өзін-өзі шығармашылық дамыту және педагог тұлғаның қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік беретін конкурстық тапсырмаларды қарастырады.
Педагогикалық олимпиаданың әрбір сатысы белгіленген әдістемеге негізделеді, сондықтан конкурстық педагогикалық тапсырмаларды іріктеуде төртсатылық жүйедегі жалпы кәсіби дағдылардың күрделігі қарастырылады:

1-деңгей – аудитория жағдайында оқу материалдары, жаттығулар, мәтіндік тапсырмалармен және т.с.с. жұмыс жасауда педагогикалық міндеттерді шеше білу.

2-деңгей – рөлдік ойын элементтерін пайдалана отырып, педагогикалық қызметтің фрагменттік үлгілерін көрсетуде және педагогикалық тәжірибе процесінде педагогикалық міндеттерді шешу.

3-деңгей – мектептің жаттықтыру сабақтары, педагогикалық практиканы (студенттер, магистранттар) өткізу процесінде педагогикалық міндеттерді жобалау және шешу.

4-деңгей – білім беру процесінде педагогикалық міндеттерді жобалау және шешу (жас педагогтар, психологтар, тәлімгерлер).
3. Олимпиада кезеңдері

Педагогикалық олимпиада бірнеше кезеңдерден тұрады:

I кезең – аймақтық;

II кезең – іріктеу (сырттай), ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді;

III кезең – қорытынды, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы өткізеді.

4. Педагогикалық олимпиаданы ұйымдастыру
Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізуге жоғары оқу орындары, колледждердің жетекші мамандары, Астана мен Алматы қалалары білім басқармалары және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарының мамандары тартылады.

Олимпиаданы ұйымдастырып дайындау үшін жоғары оқу орындарының әртүрлі қызметкерлері тартылады: ғылыми-зерттеу бөлімі, маркетинг бөлімі, мұражайлар, өз базасында психология және педагогика кафедралары бар факультеттер. Педагогикалық олимпиаданы өткізу қорытындысы бойынша бірлескен педагогикалық жобалар және оларды өмірге енгізуде бірлескен шешімдер жасалады, республиканың педагогикалық қоғамдастығымен байланыстар кеңейеді.




5. Олимпиаданы басқару

Педагогикалық олимпиаданың қорытынды кезеңін дайындау және оны өткізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.



6. Педагогикалық олимпиаданың қорытындысын шығару

Педагогикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша қазылар алқасы олимпиаданың әр сатысының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды. Олимпиаданың қорытындысы салтанатты жағдайда өтеді. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері естелік сыйлықтармен марапатталады. Салтанатты марапаттау рәсіміне жоғары оқу орындарының, гуманитарлық колледждердің басшылары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.



7. Қаржыландыру
Олимпиаданың шығыны бекітілген сметаға сәйкес жасалады.

Смета мекеме-ұйымдарының ерікті және демеушілік жарналарынан тұрады.



Олимпиада қатысушыларының іссапар шығындары жіберуші жақтың есебінен төленеді.
жүктеу 63,3 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау