«Дарынды балаларды тәрбиелеу»



Дата16.04.2020
өлшемі37 Kb.
#29794

«Дарынды балаларды тәрбиелеу»

Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық

мектеп – интернатының тәрбиешісі Туреханова Рахила Жумабековна

Қазіргі таңдағы әлемдік ғылым мен білім беру саласындағы жетістіктер ге негізделген жаңа жүйе еліміздің білім беру саласынат ерең енгізіліп отыр. Бұл өзгерістер өз кезегінде болашақ интеллектуалды ұлтты қалыптастырудың кепілі болмақ.

Қазақстан Республикасының 2030 жылғадейінгістратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып тыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлайалатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындауқажеттігі туындайды.

Халқымыздың «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзіне сүйене келе, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу – мұғалімнің басты міндеті. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы негізгі мақсат – заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлаужүйесі дамыған, адамгершілігі жоғары, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы орайда оқушының шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын арттыру бағдары нақтылануы тиіс. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы бағыт оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Балалар дарындылығын зерттеу мен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы тиіс. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Баланың толық іс-әрекет мүмкіндігін және өз қабілетін белсенді қолдануға қажет әрекет тәсілдерін ашып беру, тұлға болмысында табиғаттан берілген дарындылық ерекшеліктерді жете зерттеп, көрсете білуде, тұлға даму үдерісін өз ғылыми ақыл-ойымен бағыттау әрбір мұғалімнің қоғам алдындағы педагогикалық міндеті. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижесі бойынша дарынды баланың бейнесі анықталады:

1.Интеллектуалды және ақыл- ой белсенділігі бар бала сөйлеу белсенділігінің жоғарылығымен, ойының ұшқырлығымен, байқағыштығымен, мәселені шешуде жан –жақты жолды қарастырумен, тәуелсіздігімен, құрбыларының арасында көсем болумен, есте сақтауының беріктігімен т.с.с қасиеттерімен ерекшеленеді.

2. Бейнелеу өнеріне бейімі бар бала-сурет салуға көп уақыт бөлінуінен, көргенін есте сақтауымен, сурет сабағын жақсы көретіндігімен ерекшеленеді.

3. Әнге қабілеті бар балалар-ән сабақтарына аса қызығушылықпен қарайды, ритмикалы бөліктерді оңай қайталайды, таныс әуендерді бірінш ідыбыстан таниды.

4. Қозғалыстың белсенділігі бар бала жаттығуларды орындауда тепе-теңдік сақтайтын, қозғалысты жақсы көретін, өзінің жасына дене күші күшті болып келеді.

ХХІ- ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған.

Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруы мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттауда ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр түрлі жағдаяттарда, әртүрлі қоғамдық ортада өзін-өзі жақсы жағынан көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса – ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әртүрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әртүрлі адамдармен тіл табыса отырып, әрортада дұрысбағыт – бағдар бере алады.

Сонымен, оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелейді

Баланы пәндік олимпиадаларға, пікірсайыс ойындарға, сырттай өтетін интеллектуалдық сайыстарға дайындау дарындылықты дамыта түседі. Дарынды оқушымен жұмыс жасау барысында оқыту сипатын мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау қажет. Дарынды оқушының алдына нақты бір мақсат қою арқылы оның ерілген тапсырмаға деген қызығушылығын оятуға болады.

Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді әр қырынан дамыта отырып оқыту және білім алушыны интеллектуалды түрде дамыту жолдары негізге алынады.Сол себепті де дарынды оқушылармен жұмыс жасай отырып, танымдық біліктілікті арттыру мен қатар өзіндік ізденімпаздыққа баулиды. Баланың өзіндік көзқарасының қалыптасуына әсер етіп, білімді де тәрбиелі болып шығуына зор әсерін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

« ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы» 2008ж.

«ҚРБілімтуралызаңы» 2007ж .



«Дарынды балалармен жұмыс» Қазақстан мектебі 2008ж

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау