Дарибаев А. Б., Серікбай Қ. Д., Бекболат С. А. «Электр жабдықтары»



жүктеу 4,75 Mb.
бет3/42
Дата13.10.2023
өлшемі4,75 Mb.
#43808
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Электр-жабдықтары-1

Кернеу импульсі
Кернеу импульсі – кернеу импульсінің көрсеткіштерімен сипатталады.
Электрмен қамтамасыз ететін ұйымның 0.38 кВ кабельдегі желілерде пайда болатын, найзағай импульстері үшін кернеу импульсінің мәні 10 және 6 кВ-тан аспайды. Кернеу өзгеруінің шекті рұқсат етілген мәні жиіліктің қайталануына күрделі функционалды түрде тәуелді.Инфокоммуникационды жүйелер үшін кернеудің таралуы маңызды, себебі дәл солар қондырғыға әсер етеді. Фликкер мөлшері кернеудің таралуына тәуелсіз айнымалы шама. Орнықталған кернеудің ауытқуы және кернеудің өзгеруінің мүмкін болатын шекті мәні, электр желісіне қосылған нүктедегі кернеулер 0.38 кВ номиналдан кернеуден 10%-ке тең.
Ақпараттандыру және телекоммуникация құралдарын элктрмен қамтамасыздандырудың ерекшеліктері
А тобының тұтынушыларының мынадай ерекшеліктері бар – басқа электрқабылдағыштармен салыстырғанда олардың электрмен қамтамасыз етілуі, қосымша қорек көзін қосқан уақыттығы қоректің аз уақытқа үзілуінсіз орындалауы қажет. Мұндай электрмен қамтамасыздандыру – үздіксіз деп аталады, сонымен қатар “синусойданың үзілуінсіз” деген терминді де кейде кездестіруге болады.
А тобының өзінде электрқабылдағыштардың электр тұтынуы бірдей емес. Екілік қорек көздерінің схемотехникасы (қорек блоктары) жағынан қарағанда А тобының электрқабылдағыштарының бірнеше ерекшеліктері бар. Жиілікті түрлендіргіші жоқ “трансформатор – түзеткіш – сүзгі — стабилизатор” сұлбасы бойынша орындалған, электрқабылдағыштардың кейбір бөліктері қорек блогымен жабдықталған (2-сурет, а ). Бұл сұлба трансформатордың бірінші шетіндегі энергияны түрлендіргіштің болмаған жағдайына сәйкес келеді. Трансформатордың екінші бөлігі импульсті қорек блогына ие. Онда массогабаритті көрсеткішті төмендету үшін трансформатордың біріншілік кернеуі жағындағы жиілікті түрлендіру қолданылады (2- сурет, б ). Бұл жүктеменің пайдаланатын тогының сипаттамасын анықтайды. Қазіргі уақытта бұл қорек блоктары кеңінен қолданылады.

Қоректендіру блогы
а) жиіліктің түрлендірілуінсіз; б) импульсті
А тобының электрқабылдағыштарының негізгі бөлігін импульсті қорек блоктармен жабдықталған ақпараттандыру және телекоммуникациялық құралдар құрайды. 3- суретте импульсті қорек блогының тогы мен қуатының диаграммасы көрсетілген.
Электрмен қамтамасыздандыру жүйесі – тұтынушыларды электрмен қамтамасыздандыруға арналған электр құрылғыларының жиынтығын айтады. А, В және С топтарын электрмен қамтамасыздандыру олардың әрқайсысына әдейі арнап жасалынған электрқондырғыларыдың көмегімен жүзеге асырылады.
А тобының электр қабылдағыштары қоректі үздіксіз электрмен қамтамасыздандыру (қоректендіру) жүйесінен — ҮЭҚЖ (ҮЭҚЖ) – ден алады.
Электрмен үздіксіз қамтамасыздандыру жүйесі деп — сыртқы электрмен қоректендіру көздері ауытқыған кезде қабылдағышты электрмен үздіксіз қоректендіру көздерінің аккумуляторында жиналған энергиямен қамтамасыздандыратын электр құрылғысын айтады. Бұл үрдіс сыртқы электрмен қамтамасыздандыру қалпына келтірілгенше немесе кепілдендірілген электрмен қамтамасыздандыру жүйесінің қосымша көздері қосылғанша жүреді. Ол қалыпты режимде электр қабылдағыштарды КЭ – мен қамтамасыздандырады және келесідей функцифналдық мүмкіндіктерге ие:
“Синусойданың үзілуінсіз” электрмен қамтамасыздандыру;
ақпараттық және телекоммуникациялық жүйелерде ақпарат шығынынсыз және қондырғылардың зақымдануынсыз үрдістердің дұрыс аяқталуы үшін қажет автономды жұмыс уақытының болуы;

  1. электр энергиясының сапа көрсеткіштерін қажетсінетін электрмен қамтамасыздандыруды тудырады;

  2. қондырғылардың электромагниттік үйлесімділікті қамтамасыздандырады.

  3. ҮЭҚЖ келесідей компоненттерден тұрады:

  4. үздіксіз қоректендіру көздерінен;

  5. ҮЭҚЖ – ның басты үлестіру щиттерінен;

  6. Үлестіру щиттерден;

Топтық желіден.
В тобының электр қабылдағыштары электрмен қамтамасыздандыру жүйесінің құрамында мынадай түрде ерекшелінеді – қорек негізгі электр көздерінен қамтамасыздандырылмаған жағдайда қоректі автономды көздерден – дизель – электр станциялардан (ДЭС) алу мүмкіндігі. ҮҚК – мен салыстырғанда ДЭС қалыпты режимде өшірулі болады, және В тобының тұтынушылары С тобының тұтынушыларымен қатар негізгі көздерден қоректенеді. ДЭС дизель – генераторлық қондырғылар (ДГҚ) негізінде жасалады. Жалпы жағдайда ДЭС құрамына түрлі қуатты бірнеше ДГҚ кіруі мүмкін.
Кепілдендірілген электрмен қамтамасыздандыру жүйесі (КЭЖ) деп – негізгі қорек көздерінің ауытқулары кезінде тұтынушыларды қосымша ДЭС – тен электрмен қамтамасыздандыруды тудыратын электр қондырғысын айтады.
КЭЖ келесідей компоненттерден тұрады:
Дизель – генераторлық қондырғылардан;
Үлестіру щиттерінен ;
Қорды автоматты түрде қосу (ҚАҚ) қондырғыларынан.
Анықтама бойынша, ортақ электрмен қамтамасыздандыру жүйесі (ОЭЖ) электрмен қамтамасыздандыру мекемелерінің жүйесі болып табылады және түрлі тұтынушыларды электрмен қамтамасыздандыруға арналған.
Бұл жерде “ортақ электрмен қамтамасыздандыру ” термині В және С тобының электр қабылдағыштарын және үздіксіз электрмен қамтамасыздандыру жүйесін электрмен қамтамасыздандыруға арналған тұтынушылар жүйесі ретінде түсіндіріледі.
ОЭЖ келесідей компоненттерден тұрады:
Қоректенуші жолдан;
Трансформаторлық станциядан (ТС) және (немесе) кірмелі – үлестірмелі қондырғылардан (КҮҚ);
Басты үлестірмелі щиттен (БҮЩ);
Үлестіру желісінен;
Үлестіру щиттерден;
Топтық щиттерден;
Топтық желіден.
Қалыпты режимде ОЭЖ барлық электр қабылдағыштарды сыртқы қорек көздері арқылы электрмен қамтамасыздандырады. Ал басқа режимде оның екі жағдайы болуы мүмкін:
Электрмен қамтамасыздандыруда екі тәуелсіз қосымша көздері болған кезде қоректендіру жұмыс істеп қалған көзден жүргізіледі. Егер жүйе екі қорек көздерінен де айырылатын болса, онда С тобының тұтынушылары қоректендіріледі, ал А және В топтарының тұтынушылары қоректі КЭЖ – ден қабылдайды.
Егер жүйеде сыртқы электрмен қамтамасыздандырудың тек бір ғана көзі бар болса, сыртқы электрмен қамтамасыздандыруды өшіретін кез – келген бұзылулар С тобының тұтынушыларын қамтамасыздандырады және А мен В топтарының қоректенуін КЭЖ – не ауыстырады.


жүктеу 4,75 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау