Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет73/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   363

149 

 

 



ЗАМАНАУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БАЛАНЫ 

ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 

 

 

Бекболатова С.К. 

«Алтынай»   б/б КМҚК қазақ тілі мұғалімі Қарағанды қаласы 

 

 



Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау,  жаңашылдыққа жаршы 

болу  үзіліссіз  тәрбие  негізінің  бастау    бұлағы-мектепке    дейінгі  ұйымдардан  басталған 

орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен 

берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе, балабақшадан басталып, жан-жақты педагогикалық өрісін 

табады.  Әсіресе,  балабақшадағы  тәрбие  бала  табиғатына  ерекше  әсер  етіп,  оған  өмір  бойы 

ізгілікті, өшпейтін із қалдырады. Баланы мектеп алды даярлау үздіксіз білім беру жүйесіндегі 

маңызы мен өзектілігі ерекше мәселелердің бірі болып саналады. 

Қазіргі  кездегі  қоғамды  толғандыратын  мәселелердің  ең  негізгі-еліміздің  болашағы. 

Еліміздің өркен жайып құлашын кеңге сермеуі үшін басты мәселе – жас ұрпақтың  білімді де 

тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.Балабақша – келешек елді басқарар, жер суына иелік етер, 

ел – халқын  гүлдентер, мерейін  өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап, 

өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя.  

«Ауылына қарап, азаматын таны », - дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иман жүзді, 

білімдар  азамат    болып  өсуі,  ең  алдымен  ата-анасы,  одан  соң  білім  алар  алтын  ұясы  және 

қоршаған    ортасына    байланысты.  Балабақша-бұл  бала  тұлғасы  мен  санасының  қарқынды 

дамитын  құнды,  қайталанбайтын  кезеңі.  Сондықтан  балабақша-баланы  тұлға  етіп 

қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.  

Елбасымыздың  жолдауында:  «Ұлттық  бәсекеге  қабілеттілік  бірінші  кезекте  білім 

деңгейімен  айқындалады»  делінген.  Тәуелсіз  ел  тірегі-  білімді  ұрпақ.  Қазіргі  балабақша 

жағдайындағы  білім  берудің  ұлттық  моделіне  өту  оқыту  мен  тәрбиелеудің  соңғы  әдіс- 

тәсілдерін,  жаңа  инновациялық  педагогикалық  технологияны  игерген,  психологиялық 

диагностиканы  қабылдай  алатын,  педагогикалық  жұмыста  қалыптасқан  бұрынғы  ескі 

сүрлеуден  тез  арада  арылуға  қабілетті  және  нақты  тәжірбиелік  іс-әрекет  үстінде  өзіндік 

даңғылы жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші болуын қажет етеді.  

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы  заңының    оқыту  формасын,  әдістерін, 

технологиясын  таңдауға  көпнұсқалық  қағидасы  бекітілген,  білім  мекемелерінің 

педагогтарына  өзіне  оңтайлы  нұсқаны    тиімділігіне  қарай  пайдалану,  педагогтен  үлкен 

шеберлікті талап етеді.  

Сол себептен балабақша педагогтарының кәсіби дамып өсуі жаңа техниканы меңгеруі, 

адамгершілік, рухани , азаматтық және басқада көптеген адами қабілеттің қалыптасуы, өзін-

өзі дамытатын оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруда басты мақсаттардың бірі болуы тиіс 

Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқыту, білім беруге арналған инновациялық қызмет 

мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының  ең басты факторы 

болып отыр. 

«Инновация» термині латын тілінен алған, ол- жаңарту, өзгерту, дегенді білдіреді. Бұл 

түсінік  XXI  ғасырдағы  зерттеулерде  пайда  болып,  белгілі  бір  мәдениеттің  кейбір 

элементтерінің бірінен екіншісіне ену дегенді білдіреді.  

Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен 

мазмұны педагог пен бала бірлескен қызметін ұйымдастыру, жаңалық енгізуді  білдіреді.  

Инновациялық  технологиялар  –  заманауи  әлеуметтік-мәдени  жағдайда  баланың 

тұлғалық дамуында динамикалық өзгерістер есебінен позитивті нәтижет жетуге   бағытталған 

тәрбиелеу    құралдарының,  оқыту  тәсілдері  мен  әдістерінің  жүйесі.  Оқытудағы  жаңа 




150 

 

технологиялар,  әдістер,  балалардың    психологиясы  мен  педагогикасын  терең  білуде 



педогогтарға  нақты бір жетістіктерде көмектеседі.Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда 

инновациялық технологияны ендіруге көптен күш жұмсалуда.  

Сол  себепті  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  педагогтардың  негізгі  міндеті: 

технологияларды  дұрыс  қолдана  білуі  және  жаңа  бағыттар  мен  технологияларды  таңдауда 

мұғалім бірінші кезекте оның балаларға берер тиімділігіне  жас ерекшеліктеріне қарай назар 

аударған дұрыс. 

Қазақтың  біртуар  перзенті  Ж.Аймауытов  өз  кезегінде  «Сабақ  беру  үйреншікті  жай 

шеберлік емес, ол-үнемі жаңадан-жаңаны табатын өнер»-дейді.Сол өнер,тәсіл,шеберлік, әдіс- 

дегеніміз-Технология.  

Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін өзге ұлт балаларына қызықтыра үйрету үрдісін 

тиімді  ету  мақсатында    техникалық  оқу  құралдарын  пайдаланудың  маңызы  зор.Тіл  үйрету 

барысында ақпараттық техналогияларды қолдану мүмкіндігіне тоқталайық. 

Шығыс даналығы былай былай дейді:»Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде 

қалар.Ал,істеуін  көрсетіп  берші,үйреніп  аламын».  Демек  бұл  баланың  ынтасын  жетелеу 

арқылы оқыту,үйрету қажет деген сөз. 

«Мен  тұратын  қала»,  «Қазақстан-біздің  Отанымыз»,  «Мемлекеттік  рәміздер»т.б 

тақырыптарды  өткенде  өзім  дайындаған  слайдтарды  пайдаландым.Слайдтағы  суреттер 

арқылы  балаларға  жүйелі,толық  сөйлем  құрау,әңгімелеу  оңайға  түседі.Біріншіден,уақыт 

үнемдейсің,екіншіден  суретін  көру  арқылы  балалардың  есінде  тез  сақталумен  бірге  

тақырыпты  дамыта  сөйлесе  отырып  баланың  тілін  дамытасың.Тіл  үйретуде    қазақша 

мультимедия  технологиясын  қолданудың  да  пайдасы  көп.Тыңдап,көре  отырып  «Таныс 

заттарды ата» «Аудармашы»т.б ойындарды ойнауға болады. 

Компьютердің  көмегімен  дыбыстық/құстардың  дауыстары,табиғат  құбылыстары  т.б/ 

және бейне фрагменттерді демонстрация жасап көрсету балаларға өте қызықты.М:  

«Үй құстары»  

1.Мынау қандай құстар? 

2.Әтеш қандай ? 

3.Балапанды сана 

4. Неше тауық? 

Тіл үйретуде аудиовизуальдық әдістерді пайдаланудың да пайдасы мол. 

Құлақтандыру әдісі бойынша тілдік материалдар ауызша тыңдалып,сосын техникалық 

құрал пайдаланылады.Әсіресе қазақша өлең тақпақ,ертегі тыңдап оны үйреніп жаттап алуға 

сиқырлы киіз үйдің пайдсы көп. 

Презентациялық  әдісте  көрсетілімнен  кейін  тақырыпты  қайталау  және  тақырыптарды 

еске сақтау балаларға жеңілге түседі. Уақытты тиімді,ұтымды пайдалануға осындай әр түрлі 

тиімді әдіс-тәсілдерді көптен қолдансақ, балалардың да тіл үйренуге деген қызығушылығы да 

арта түседі деп ойлаймын 

Өмір  талабына  сай  жаңа  технологияларды  оқу  процесі  мен  тәрбие  аясында  шебер 

қолдана  білу-мұғалімнің  міндеті  болса,  оны  оқу  іс-әрекетінде  өз  ретімен  қолдана  білу 

тәрбиеленушілерді жан-жақты дамытуда аса зор мәні бар екенін айқындайды. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.ҚР Білім беруді дамытудың  2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы 

2.Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2012  жылғы  желтоқсандағы 

«Қазақстан-2050» стратегиясы: akorda.kz. 

3.  Бала мен балабақша журналы № 2. 2012ж 

 

 



 


жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау