Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



жүктеу 29,2 Mb.
Pdf просмотр
бет3/363
Дата15.01.2020
өлшемі29,2 Mb.
#26709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   363

 

 



Қазіргі  кездегі  елімізде  жүргізіліп  жатқан  білім  саясаты  әлемдік  білім  кеңістігімен 

ықпалдасуға  бағдарланған.  Әлемдік  білім  кеңістігінен  жалпы  білім  берудің  басымдылық 

мақсаты  –  өзгермелі  өмір  жағдайына  тез  бейімделетін,  өз  жолын  дұрыс  таңдай  білетін,  оң 

шешім  қабылдай  алатын  тұлға  даярлау.  Қай  кезеңде  болмасын  білім  мен  тәрбие  егіз  ұғым 

екендігін  ескерсек,  отбасынан  бастау  алған  бала  тәрбиесі  мектепке  дейінгі  тәрбие 

ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі 

тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, 

бала  денсаулығын  сақтаудың  жолдарын  қарастыру  заман  талабынан  туындап  отырған 

жағдайлардың бірі. 

Мектепке  дейінгі  білімде  баға  жетпес  гигиеналық  тәрбиенің  тәжіриебиесі  мол 

болғанымен, қазіргі заманда  баланың денсаулығының нашарлап бара жатқандығын көрсетіп, 

әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты 

меңзейді.  Ұлттық  денсаулық  сақтау  ұйымында  баланың  салауатты  өмір  салтына  тәрбиелеу 

негізігі міндеттердің бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек 

психологиялық жеке-дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап 

отыру қажет. 

Қазақстандағы  салауатты  өмір  салтын  дамытудың  бастамасы  мектепке  дейінгі 

ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша 

жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды. 

Осыған орай жұмыстың обьектісі – мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығын қорғау 

болып саналады. 

Дені сау ұрпақ тәрбиелеп өсіру әрбір адамның міндеті. Сондықтан, кез келген ата-ана, 

ұстаз сәбидің дене саулығына – дұрыс-өсіп дамуына, психикалық саулығына – ақыл-ойының 

дұрыс жетілуіне назар аударып, қадағалап отыру керек. Адамның денсаулығы бала күнінен 

қалыптасады.  Денсаулықты  қаншалықты  сақтап,  шынықтырса,  ол  соншалықты  мықты 

болады.  Балалар  ауруларын  төмендетуге  мүмкіндіктер  жасау    үшін  педагогтардың  кәсіби-

шеберліктерін өрлету  және де ата-аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді 

ұйымдастыру.  Бұл  іс-шаралар  барлық  білім  салаларымен  байланыстырып,  әрекеттестіріп 

жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады. 

Дені сау баланы өсіруде бірнеше бағыттар алынды. 

Баланың  тұлғалық  ерекшелігін  ескере  күш-қайраттарын  қалыптастыру  және 

денсаулығын шынықтыруды жүзеге  асыру. Бұл міндеттерге, тек шынықтыру шараларынын 

кешенді түрде өткізгенде ғана нәтижеге қол жеткізді, яғни балабақшадағы баланың болған бір 

күні - оның ағзасына пайдалы дәрумендерді енгізіп ас мәзірін  түрлендіріп, оны балаға жеткізу, 

қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы жоспарланған шараларды,  қимыл-әрекеті үйлесімді 

ұйымдастырылады. 

Баламен    шынықтыру    шараларын  ұйымдастыру  алдында  бірнеше  ережелерді  сақтау 

керек: 


Дені сау баламен шынықтыруды жүйелі жүргізу, оның теріс эмоциясын (үрей, жылау, 

мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үдетіп, ұзартылып, медбике мен педагогтың қатаң 

қадағалауында болуы қажет. 

Оқу тәрбие үрдісін бала денсаулығына жүктеме болмайтындай, керісінше оны нығайтуға 

көмектесетіндей етіп ұйымдастыру керек. Балабақшаның жұмыс ерекшелігін ескере отырып, 

бала денсаулығын нығайту мәселелері, мектепалды балалардың физикалық дамуы – мектепке 

дейінгі мекеменің жұмысының негізгі бағыты болып табылады.  

Балабақшада  оқу-тәрбие  жұмыстарын  заман  талабына  сай  жүргізу,  баланың 

денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық 

қызметкерлердің  бірлескен  нәтижелі  еңбектеріне  байланысты.  Осындай  мәселені  шешу 

барысында  біздің  анықтағанымыз,  баланың    денсаулығын  нығайтуда  және  аурудың  алдын-

алуда  тек  қана  баланың  қимыл  белсенділіктерін  көтеру  өте  аз,  сонымен  қатар  шынықтыру 




 

шараларын жүйелі өткізу керек. Ол үшін педагог дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс жұмыс 



түрлерінің жүйесін тудыруы жөн. 

Мысалы,  жалаң  аяқ  жүру  табан  мен  буындарды  бекіту  әдісі  болып  табылғандықтан 

барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады. 

Ертеңгілік жаттығуда әртүрлі формаларды қолдану: 

 

Тыныс алу жаттығулары 



 

Жалпақтабандылықтың алдын-алу жаттығулары 



 

Сымбатты түзету жаттығулары 



 

Созылу(стретчинг) жаттығулары 



 

Йога жаттығулары 



 

Көзге арналған жаттығулар 



Таңертеңгі жаттығудан кейін тыныс алу немесе тұзды жолмен жүру өте тиімді. Сонымен 

қатар дене тәрбие сабақтарында дәстүрден тыс құрал-жабдықтарды қолданған жөн.   Баланың 

дені сау, салмақты, дене дамуы мықты, тәбеті жақсы, ұйқысы толыққанды болып өсуі үшін 

күн тәртібін қатаң сақтау қажет. Бұл балаға балалық шақтан бастап ағзасын кез-келген ауруға 

қарсы  тұруына  көмектеседі.  Себебі  ағзада  барлық  өмірлік  әрекеттер  белгілі  бір  тәртіппен 

жүріп отырады. Жүрек ырғақты жұмыс жасайды,  жиырылуы-босауы, тыныс алу, дем алумен 

-дем  шығару  кезектеседі,  асқазандағы  аста  белгілі  уақытта  қортылып  отырады.  Міне, 

сондықтан  мектепке  дейінгі  мекемелерде  күн  тәртібі  сақталуға  қатаң  көңіл  бөлінген. 

Шынықтыру-сауықтырудыңда тәртібі болған жағдайда ғана баланың ағзасына тиімді болады. 

Баланың  денсаулығын  қалыптастыратын  бірнеше  факторлар  бар.  Солардың  ішіндегі 

бала  денсаулығын  қалыптастыруға  жол  ашатын  негізгі  шаралардың  бірі  –  бала  ағзасын 

шынықтыру.  

Шынығу  дегеніміз  ағзаның  қоршаған  орта  факторларына,  әсіресе,  метерологиялық 

факторларға  қарсы  тұру  мүмкіндігін  арттыратын  ем  шаралар  (процедуралар)  жүйесін 

айтамыз.Сонымен,  табиғаттың  өзінің  табиғи  факторларын  қолдана  отыра  (  ауа,  су,  күн  ), 

ағзаның қорғаныс қабілетін арттыруға, патогенді микроорганизмдерге қарсы тұру қабілетін 

күшейтуге,  және  ағзаның  функционалды  жағдайының  жоғарлауына  жол  ашады:  жүрек-

қантамыр, тыныс алу жүйесінің қызметі жақсарып, терморегуляция үрдісі жетіліп, бұлшықет 

тонусы, негізгі алмасу күшейе түседі. 

Баланың  көңіл-күйінің  дұрыстығы,  яғни  шынығуды  бала  өз  еркімен  қалауы  қажет 

(баланы күштеуге болмайды, ондай іс-әрекет бала денсаулығына кері әсер бермесе, пайдасы 

болмайды).  Сондықтан  денсаулықты  нығайту  технологиялары  жауапкершілікпен  ойын 

әдістері  арқылы  кешенді  түрде  өтуі  керек.  Жас  ерекшеліктеріне  байланысты  жаттығу 

түрлерінің кешені ойластырылып және де күрделі түрде топтастырылады.  

Бала ағзасын шынықтыру мақсатында әр-түрлі терапияларды пайдалану өте пайдалы деп 

ойлаймыз.  Мысалы,  ароматерапия  балалардың  шаршағандығын  басады  және  жүйкелерін 

тыныштандырады.  

Музыкатерапия балалардың жүйке-жүйелерін бекітеді және балалардың қиялға беріліп, 

өз әсерлерін жеткізуге көмектеседі. Осы екі саланы қосқанда жақсы үйлесім табады.  

Суреттер  терапиясы  (арттерапия)  бұл  өте  әсерлі  бөлім.  Балалар  сурет  салу  арқылы 

шындықты, өзіне оң немесе теріс әсер еткен жайттарды жеткізе алады.  

Ертегітерапиясы 

 

балалардың 



жүрек 

түбіндегі 

арман-қиялын 

дамытады. 

Ертегітерапиясын  пайдалана  отырып,  балалардың  ішкі  дүниесіне  үңіліп,  олардың  танымын 

оятып, оның жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесуге болады.  

Құм терапиясын пайдалану баланың табиғи ортаға тез бейімделуіне көмектеседі.  

 



жүктеу 29,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   363




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау